«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 4.49 Mb.
бет13/20
Дата01.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
: files -> umo
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Глоссарий по микробиологии
umo -> Абсцесс ограниченное гнойное воспаление. Агаммаглобулинемия

2. Тарихы материалды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдер, оларға қысқаша мінездеме. Сабақта мұғалім ауызша әңгімелеудің сан алуан түрлерін: сюжетті әңгіме түрінде хабарлау, картина бойынша суреттеп айту, тарихи оқиға, құбылыс және жеке қайраткерлерге сипаттама беру, конспект, тезис түрінде баяндау, түсіндіруді пайдаланады. Дидактар мен әдіскерлердің айтуынша, сюжетті әңгіме түрінде баяндауға белгілі тарихи сюжеті бар, кебінесе шиелініскен, кайшылықка толы жағдайды толыкканды және әсерлі түрде хабарлап беру жатады (1; 2; 3). Мұндай әңгімелеп беру әдісі Отан тарихының аса маңызды, шиелініскен окиғаларын, кұбылыстарын, мысалы, Аңырақай шайкасын, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісін, «Ақтабан шұбырынды, Алкакөлсұлама» жылдарындағы батырлар мен билердің ерлігі туралы тақырыптар баяндалған кезде қолданған тиімді. Сюжетті әнгімелерге қызыкты эпизодтар, қайраткерлерге берілетін сипаттамалар, тарихи оқиғаға қатысушы адамдардың диалогтары мен монологтарын кірістіру, мәтінге назар аударатын қанатты, мәнерлі сөздер, салыстырмалар, эпитеттер, афо-ризмдер т.б. жатады Мәселен, «Қазақстанның Жоңғар басқыншыларына қарсы соғысы» тақырыбын оқып үйренуде мұғалім әңгімесіне Төле би мен Бұқар жыраудың мына сөздерін пайдалануға болады:

«Уа, косіле шабар жерің бар,

Ту котерер ерің бар.

Қол боларлық елің бар,

Атадан қалған жолыңбар...

Құлдық ұрсаң дұшпанға,

Еркек болып туды деп.

Мына сені кім айтар!»

Төле би (4, 273).

Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған,

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қайтпаған,

Қазақ деген халқынан.

Батыр шыққан даңқыңнан,

Қарсыласқан асылдар,

Қорғасындай балқыған,

Батырың өтті Бөгембай»

Бұқар жырау.

Озат мүғалімдердің тәжірибелері, әдістемелік зерттеулері жоғары сынып оқушыларының қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмір-тұрмысының тұтас көрінісін картина бойынша суреттеу, «өткенге саяхат» түрінде құрылған театрландырылған сабақтарды, сюжетті әңгімелерді едәуір жақсы меңгеретіндіктерін көрсетіп отыр.

Әдіскер Г.Р. Косованың кітабында «саяхатты» суреттеп беру үлгісі келтірілген. Суреттеу, сондай-ақ жеке елдердің табиғаты мен оны мекендейтін халықтардың коғамдык өмірі мен тіршілігін суреттеп беру үшін де пайдаланылады. Мәселен, 8 сыныпта «XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті» сабағында Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі, олардың еңбектеріндегі еліміздің жағырафиясы, тарихы және этнографиясы туралы мәселені қарастырғанда қазақтын кеңбайтақ жерін, табиғи ерекшелігін сөзбен шынайы сипаттаған, суретпен бейнелеген поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің альбом кітабын пайдаланған тиімді (7, 121). Автор «Қазақ сахарасына саяхат» еңбегінде керуен жолдарының маңызы, ондағы жолбасшының атқаратын айрықша рөлі туралы әңгімелейді. Бұл қосымша материалды пайдалану жолбасшының атқарған маңызды да жауапты міндетін көрсетумен қатар, кен-байтақ еліміз, оның өмір тынысы, тіршілігі мен сыры туралы оқушыларда әсерлі сезім қалдырады. Керуен жолы жәй жол емес, қиын да қауіпті, қатерлі. Өйткені, ол адамнан шыдам-дылықты, төзімділікті, тапқырлықты, батылдыкты, табиғаттың қыр-сырын жақсы білуді талап етеді. Қазақ халқының табиғатпен етенеты-тызғыз байланысты болғанын, оның қыр-сырын жақсы білгенін айқын-яайтын Б. Залесскийдің «Казақ сахарасына саяхат» еңбегінен төмендегідей қосымша материал-қолданса, сабақтың әсерлілігін арттыруға едәуір ықпал жасайды.

«Жабырқау жатқанына қарамай осынау өлкенің өз сұлулығы да бар. Құдай өзі жаратқан әр түкпірге әр түрлі әдемілікті еншілеп беруді әсте ұмытпайды. Еуропалық тіршілікті еске салар мұнда ештеңе болмаса да, тағдыр тәлкегі қуалап батыстан әкелген адамды осынау сұлулыктыи өзі-ақ тәнті етер еді.

Арнайы салған жолы жоқ, құдыктары да сирек ұшырасар маң далада бағытыннан сан жанылсан, бір тамшы су таппай күні бойы адасуын мүмкін, сондықтан жолбасшысыз жол жоқ. Қазақтар дала сырықа жетік, түн баласы жұлдыздарға қарап бағдар алады. Ал жат жерлік болса жергілікті жұрттың әдеп-ғұрыптарымен танысу үшін де жолбастаушы жалдауға мәжбүр. Ауыз су табу, аттар мен түйелерге жайылым қарау, төте жол іздеу, көбіне қой етінен әзірленетін тағамды тауып, оны пісіру — міне, мұның бәрі де жолбасшының міндеті. Әдетте, ол керуеннен өн бойы алда жүріп, жол нұскап отырар еді.

Әнеки, ол кеңістіктегі жалғыз нокаттай болып алыста кетіп барады. Басқаларға қарағанда тезірек қимылдайтын жолбасшы демалар орынды тауып берген соң, шеп үстіне тыныстауға кисаяды. Керуен тоқтаған кезде ол тағы да атына мінеді. Әдетте, екі жолбасшы болады да, бірі керуеннің жанында қалғанда, екіншісі жан-жакты шарлай кезіп жүріп, не бір құдык, не бір іркінді су болса іздеп табады. Содан соң жолбасшы ежелгі телеграфтардын белгілеріне ұқсас бір-біріне алыстан кол сермесіп, хабар берер еді. Алғашқы жолбасшы атын желе жорттырып, шығыстан батыска қарай бірнеше шеңбер сыза немесе бірден бетін шығыска беріп жүрер еді, кейде бағдар бағаны сияқты орнынан қозғалмай сіресіп тұрған оның тұлғасы көкжиектен көрінер еді.



3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігі.

Өзіндік жұмыс тәрбиелеу мен оқыту процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру мақсат болып отырған казіргі кезенде өздік жұмыс оқушылардың белсеңділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың ой-өрісін, қиялын дамытады. Эмоция туғызуға бұрын алған білімдерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өздік жұмыс окушының баспасөз материалдарын өзінше ізденіп оқуға, сол арқылы танымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жауапкершіліке дағдыландырады. Өзіндік жұмыс қушының сабақта алған білімін кеңейте түседі.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сабақтың бүкіл уақытын қамтымай, оқушылардың жұмысына өзім бақылау жасаймын. Бастамасы сыныпта орындалып, қалғанын үйде орындайды. (Сабақтан тыс).

Өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызды шарты, өтілген курстардағы біліміне сүйене отырып жүзеге асыру. Өзіндік жұмысқа тарих курсы окытыла бастағаннан-ақ дағдылаңдыра бастау керек. Курсты жаңа бастаған окушылар пәнді оқып мазмұндауға алғашқыда дағдылана алмайды. Тарихи материалды меңгеруге дайын болмайды. Себебі, оларда қоғамдық өмірдің құбылыстары туралы ой әлі қалыптаса қоймаған. Оның үстіне сөздік қорларыда аз болады. Тарихи оқиғалардың кейбір мәліметтері ғана таныс. Сондықтан тарих курсын жаңа бастаушы 5-сыныптарда өтілетін алғашқы сабақтарда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ынталандыру керек.

Білім беру процесінде оқушылардың өзіндік жұмысының қандай түрлері қалай жүзеге асырылып жүр? Күнделікті сабақта оқытудың басқа әдістері тәрізді сабақтың барлық уақытын қамтып алмайтындай етіп, көбінше сабақты бекіту кезеңінде өзіндік тапсырмалар орындалады. 5-ші, 6-сыныптарында оқулық материалдарына сүйеніп мәтіннің тақырыбын онын негізгі сұрақтарын ойлап табудан бастаймыз.

Мысалы: 1. Андронов мәдениетін жасаушылар қай дәуірде өмір сүрген? ола).



  1. Андронов тайпалары шаруашылықтың қандай түрімен шұғылданған? (Балық аулау)

  2. Адамзат дәуірінің басталу кезеңі неліктен тас ғасыры деп аталған? Бұдан соң қарапайым жоспарлар құру оқушыларға тапсырылады. Бесінші сынып оқушылары «Көне дүние куәлары» тақырыбы бойынша төмендегідей жоспарлады.

  1. Тас құралдар дәуірі.

  2. Егіншіліктің басталуы.

  3. Тарихи деректер.

Ал кейбір оқушылар кесте түріңде көрсетті.

Тас құралдар дәуірі

Егіншілік

Тарихи деректер

Тастан жасалған құрал-саймандар

Соқа, кетпен

Жазбадеректер, заттай деректер

Мұнан соң тексті өз бетінше мәнерлеп оқу.

Оқушы мәтін сөзін бұзбай мәнерлеп оқуға жаттығады. Тақырып соңында берілген таным арттыратын топтама, құжаттар, жеке тұлғалар өмірімен өздік жұмыс. Берілген материалдарды мазмұңдауға немесе дәптерге қажеттісін жазу, тапсырмаларды орындау ұғымына байланысты мысалдар келтіру. Сөйлем құрау тапсырылады. Жаңа сабақты бекіту кезеңінде алдын-ала даярланған кестені беріп соған байланысты қоғам өмірінің қырларын анықтауға жетелеуге болады. Өзіндік жұмыстың мұндай түрлерін орындай отырып, оқушы өз бетімен қоғам өмірінің экономикалық, саяси әлеуметтік, таптық, мәдени жағын ажырата білуге дағдыланады. Осылайша оқушылар үшін проблемалардың күрделілігі біртіңдеп өсіп отырады. Бұл орайда 5-6 сынып оқушыларына арналған қосымша құралдарды пайдалануға болады. (Жұмыс дәптерлері, т.б.) Оқушының жаңа білімді қалай меңгергенін білу мақсатында жабық тест түрінде өздік жұмыс тапсырылады. Сонымен бірге, сөз жұмбақтар немесе ребус жасау тапсырылады. Ойлауды қажет ететіндіктен көбінесе үйге беріледі. Әр оқушы әр түрлі етіп даярлайды.

Мұндай жұмыстар оқушылардың қабілетіне қарай тапсырылады. Мысалы, 6-сыныпта оқушылар мынадай топтарға бөлінген.Поэзияға аздап болса да бейімділер «Жас Мұқағалишылар» то6ы. Бұл тұрғыдағы өзіндік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге шығармашылық қабілетін де жетілдіруге көмектеседі.

Бір оқушы Кұлтегін ескерткішін былайша жұмбақтады:

Бұл қандай тас он бойына құпиясын жасырған,

Кеше ғана мәлім болып шежіресі ашылған.

Бұрынғы өткен көне түркінің баян еткен тағдырын

Батыры мен бағланының жайып салған жан сырын — десе,екінші оқушы:

- Биіктегі үш метрден асады,

Үшбұрышты тастан оны қашады.

Бір метрден ұзынырақ ені бар,

Тапшы соны кімдер оны жасады?—деп өлең жолдарымен өрнектейді.

Ал Хаммурапи заңдарын:

Екі жүз сексен екі баптан тұрған,

Патшасы Вавилонның мұны құрған.

Жер мен қарыз, кепілдің, дәрігерлік

Табасың не керектің бәрін бұдан.

Береді мол мәлімет ежелгідей,

Ұрлық үшін өлімге үкім қылған.

Бұл қандай заң? (Хаммурапи заңы) деп жұмбақтайды. Мұндай өлеңдер мен жұмбақтаудың қайсы біреулері ұйқасы жоқ, тек мазмұнын қара сөз арқылы төрт жол етіп жазып келетіндері де кездеседі. Ондай оқушыларды өз бейіміне қарай бағыттауға болады. «Қастеевшілер» тобы тақырыпқа сай өз суреттерін салып келіп, сол суреттің мазмұнын ашады. Әңгімелеу барысында оқушылардың өнерін мадақтаумен бірге сол суретті көрсету арқылы білуге тиісті сұрақтарға оқушылар жауап береді. Суретті салған оқушы оның сырын қысқаша баяндайды, суреттегі негізгі ойды ашуға көңіл бөлінеді. Өзіндік жұмыс атқаратын келесі топ «Жас Әуезовшілер» тобы. Олар көбінесе оқулықтағы суретке карап шағьш көркем әңгіме жазып жүр. Әңгімелер өте қысқа, ал кейде шұбалаңкы көркемдік жағы әлсіз болып келеді.



4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі.Сабаққа талдау жасау немесе қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Әрбір мұғалімнің және мектеп басшысының сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарға қатысып, тексеру, талдау жасау және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп отыруы — педагогикалық іс-тәжірибені жетілдіру мен сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды факторы. Қатысу мақсаты қандай болмасын сабаққа қатысушы (тексеруші) адам сабаққа талдау жасау барысында мұғалімнің төрт бағыттағы жұмысын ескеру керек:

  1. Мұғалімнің ұйымдастырушылық қызметі;

  2. Мұғалімнің білімділік (оқытушылық) қызметі;

  1. Мұғалімнің тәрбиелік қызметі;

  1. Оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы.

Ұйымдастыру қызметіндегі талаптардың ішінде ең алдымен, сабақты ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне көңіл болу керек. Көптеген практиктердің тәжірибесі мен педагогикалық жұмысты зерттеудің нәтижесінде дәлелденген деректерге сүйенсек (В.П.Симонов "Мектеп директорына оку-тәрбие процесін басқару туралы") оқушылар сабақтың 1-4 минутында мағлұматтың 60 пайызын игереді. 5-23 минут аралығында 80 пайыз, 24-34 минут аралығында 45-50 пайыз, 35-ші минуттан сабақ соңына дейін 6 пайыз шамасында игереді. Яғни, осы көрсетілген деректерге сүйене отырып, сабақтың кезеңдері мен түрлілігін және әдістерін үйлестіру керек. Психологтардың анықтауы бойынша адам баласы естігенінің 10 пайызын, көргенінің 50 пайызын, өз қолымен жасағанының 90 пайызын игереді. Бұдан шығатын қорытынды — сабақтың көрнекілігі мен практикалығының жүзеге асуына көңіл бөлу керек.

Сабақты ұйымдастыруда мұғалімнің мынадай талаптары дұрыс орындауы сабақтың сапасын арттырады:



  1. Белгіленген сабақ жоспарын орындау;

  2. Оқытудың көрнекілігі және техникалық құралдарын мақсатқа сай және нәтижелі пайдалану;

3.Негізгі психологиялық және гигиеналық талаптарды іске асыру;

4.Барлық оқушылармен нәтижелі кері байланыста болу;



  1. Оқу пәнін білуі, педагогикалық тәжірибесінің дәрежесі;

6. Сабаққа қажетті құжаттарды дайындаудағы ұйымдастыру дәрежесі;

7. Мұғалімнің сөйлеу мәнерінің сапалылығы, үйлесімді карқыны,


екпіні, дикциясы, бейнелілігі, сезімділігі, эмоциясы;

  1. Сабақта уақытты ұтымды пайдалануы;

  2. Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті, тартымдылығы, сыртқы көрінісі;

10.Енбекті корғау және кауіпсіздік техникасы.

Сабақта әрбір баланы (барлығын) белсенді жұмысқа тарту шеберлігі аса маңызды болып табылады. Мұғалім оқушылардың аз ғана тобымен жұмыс істеп, жоғары жетістіктерге жетуін емес, барлық баланың өзіне лайықты; жетістігінің болуын қамтамасыз етуі керек.

Мұғалімнің белсенділік (оқытушылык) қызметін талдағанда ескерілетін мәселелер:

1. Оқытудың ғылымилық принципін іске асыру;



  1. Көрнекілік принципінің жүзеге асуының айқындығы;

  2. Білімінің және икем-дағдыларының беріктігі;

  3. Оқытудың мүмкіндікке және шамаға қарай жүргізілуін қамтамасыз ету;

5. Сабақтың проблемалық принципін жүзеге асыру;

  1. Оқу мен өмірді, теория мен практиканы байланыстыру;

  2. Басты дидактикалық мақсаттың айқындалуы мен оның орындалуы дәрежесінің үйлесімділігі;

  3. Оқыту әдісін дұрыс таңдау және оның оқушылардың жасы мен даму ерекшеліктеріне лайықты болуы;

  4. Оқушылардың білім, икем-дағдыларын тексеру мен бағалауға қойылатын талаптардың деңгейін білу дәрежесінің қалыптасуын бақылау;

10.Үй тапсырмасы көлемінің үйлесімділігі және оны оқушыларға жеткізу әдісінің тиімділігі.

Оқу материалдарының игерілуі сабақтағы уақыттың тиімді пайдалануына тікелей байланысты болады және білімнің дұрыс меңгерілуі мен үй тапсырмасының шамадан тыс көп берілмеуі үшін жаңа материалды меңгеру мен оны қолдана білу жұмыстарының 80-85 пайызы сабақ үстінде орындалғаны дұрыс.

Қай пәннің мұғалімі болмасын, ол оқытумен бірге тәрбиелік мақсаттағы жұмысты қатар алып жүруі керек. Бүгін оқытып, ертең тәрбиелеуге болмайды. Бұл мәселелер кешенді түрде шешілуі, яғни оқытуды тәрбиелей отырып жүргізу — әрбір мұғалімнің міндеті.

Ой еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеп отыру көбінесе фор-мальды жүргізіледі. Яғни оқушылардың сабақты үлгермеуінің негізгі себебі — олардың оқығысы келмейтіндігінде, — деп жауап береді көп мұғалімдер.

Шындығына келсек оқушылардың үлгере алмауының негізгі себептерінің бірі — оқу еңбегін неден бастап, қалай жүргізу керек, қандай басты мәселе-лерге басты назар аудару керектігін білмейтіндігінде. Сондықтан да оқушылардың ой еңбегін ұйымдастыру дағдыларын бағыттай отырып, дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу керек.

Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру үшін мына бағыттағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын жүзеге асыру қажет:



  1. Сабақтың өнегелі ой мен әлемге көзқарасын қалыптастыру бағытында болуы;

  2. Оқушылардың оқу және еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;

3. Экономикалық тәрбие мен кәсіптік бағдар беру үшін мүмкіндіктерді пайдалану;

4. Сабақтың оқушылардың дамуы мен ақыл-ой тәрбиесіне әсері;

5. Гигиеналық және дене тәрбиесіне қойылатын талаптар;

6. Сабақтың оқушыларға эстетикалық әсері;



  1. Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру үшін сабақтың практикамен және өмірмен байланысын пайдаланудың тиімділігі;

  2. Ауызша және баллдық бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану;

9.Мұғалімнің оқушыларға қатынасының бағыты мен оларды басқару стилінің дұрыс-тығы;

10. Сабақтағы мұғалімнің жеке басы мен оның іс-әрекеттерінің тәрбиелік мәні.

Осы орайда 5-сыныпта тарих пәнінен "тарихи хронология" тақырыбында өткен сабағынан мысал келтіруге болады. Ғасырда неше жыл бар? Т.б., есептер үшін алған мысалдары сол сыныптың ішінен, оқушылардың өздері мен заттарын қатыстыра отырып алынуы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырса, есепті шешу жолдарының бірізділігін сақтауы, жауапты толық беруді талап етіп, өзін-өзі және бірін-бірі тексеруді ұйымдастырып отыруы — оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және оқушыға қойылатын талап дәрежесін меңгере білуіне тәрбиелеп отырады.

Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы сабақтың негізгі мақсаттарының жүзеге асуының негізі.

1.Танымдык белсенділігінің деңгейі;

2.Сабақ пен оқу пәніне қызығушылығының дәрежесі.

3. Өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

4. Білім маңыздылығы (оқу материалдарынан алдыңғы қатарлы, негізгі, озық идеяларды айыра білу);

5. Талдау дағдысы мен шеберлігінің деңгейі;


  1. Сабақ барысында сөйлеу, жазу, графикалық және арнайы икем-дағдыларының дамуы;

  2. Ұжымдық (топтық) жұмыс дағдыларын дамыту;

  1. Тақтада жұмыс істей білу;

  1. Ұйымшылдығы мен тәртіп тілігі;

  2. Оқушылардың сыртқы көрінісінің бірыңғай талапқа сай болуы.

Оқушылардың оқу белсенділігінің мысалы "Алғашқы қауымдық құрылыс" тақырыбында өткен сабақтарында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, тарихи мұражайдағы алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінен мысалдар келтіре отырып жүргізуі оқушылардың белсенділігінің артуына, оларды бағыттай отырып, өз бетінше талдау жасай алуына дағдыландырып, оқушылардың өз бетінше сөйлеу, талдау жасау қабілеттерін арттырып отырады .
Бекіту сұрақтары:

1.Оқыту әдісі туралы түсінік беріңіз?

2. Тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдерне қысқаша мінездеме бер?.

3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігін қалай түсінесіз?

4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі туралы не түсіндіңіз?

Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » // Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.


9Дәріс Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсілдері.

Мақсаты: Көрнекілік оқыту әдісіне мінездеме беру. Оқыту рпоцесіндегі бұл әдістің қажеттігіне көңіл аудару. Көрнекілік әдісті пайдаланудағы оқушылар қабілетінің өсууі.
Жоспар:

1. Көрнекілік оқыту әдісінің мағынасы. Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі.

2. Жұмыс істеу тәсілдері:

а/ бейнелеу көрнекілік құралымен.

б/ шартты-графикалық

в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі.


1. Көрнекілік оқыту әдісінің мағынасы. Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі.

2. Жұмыс істеу тәсілдері:

а/ бейнелеу көрнекілік құралымен. Тарихты оқытуда техникалық құралдарды пайда-лану. Оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) білім берудің конспектілігін, бейнелігін, әсерлігін күшейтіп, оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады.

Оқытудың техникалық құралдарының арасынан тарих сабағында экрандық құралдар (диафильм, дианозитив, кодонозитив) оқу кинофильмдері, телебағдарламалар, компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады.

Мектеп оқулықтарының бағдарламасына сай дайындалған диафильм, дианозитивтерді қазіргі кезде мектептерде өте сирек қолдануда. Олардың көпшілігі жаңа бағдарламаның мазмұнына сай келмегенімен, оларды саралап пайдалану тарих сабағының тиімділігін арттыруға көп септігін тигізеді.

Мектеп практикасында көп қолданылатын ОТҚ түрінің бірі — кодоскол. Ол экранға немесе сынып тақтасына мөлдір пленкаға салынған сурет, сызба, диаграмма, жазба мәтінді көрсетуге арналады. Оны қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. Оған қажетті сызбаларды мүғалім немесе оқушы оңай әзірлей алады, оларды бірізділікпен пайдаланып, тақырып мазмұнына икемді сипат беруге болады, әрі кодоскопты пайдалану үшін бөлмені қараңғылаудың қажеті жоқ.

Тарихты оқытуда кинофильм, оқу фильмдері мен телебағдарламаларды қолданудың ұқсастықтары көп. Оларда оқушыларға сөз бен бейне түрінде ұсынылады. Қысқа мерзімде оқушылар аса мол акпаратпен таныса алады. Фильмдер арқылы оқушылар алыс күндердегі драмалық оқиғалардың ортасында болып, тарихи тұлғалардың, кейіпкерлердің жанды дауысын естиді. Жалпы тарих сабағының тиімділігін арттыруда бұл оқу түрінің болашағы зор.

Компьютерлік багдарламалар тарихи оқиғаларды имитациялауға үлкен мүмкіндік береді. Өткен кезең туралы қомақты да жарқын түсінік бере отырып, компьютерлік бағдарламалар оқулығының тарихи оқиғаға араласып, оған ықпал жасай алуы арқылы қызығушылығын арттырады. Сол сияқты компьютер мүмкіндігін пайдаланып, тарихи процестерді ілгерлетуге болады. Тарихты оқытуда компьютерді қолдану алдағы уақытта кең өріс алады, бұл баланың жан- жақты білім алуына көмектеседі.Бұл рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Керіп отырсыздар, мұғалім окушыға күнделікті сабақтыңтапсырмасына қарағанда күрелі, ез бетінше жұмыс жүргізуге ба-ғыт-бағдар беріп отыр. Оқушы бұл тапсырмаларды орындағанда оқулық материалын толық біліп қана крймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жүргізуі қажет.

Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабак жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Қалыптан тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазақстан Республикасының орта білім дамыту тұжырымдамасыңда көрсетілгендей, бүгінгі білім міндетін тек негізгі үш мақсат шеше алады: олар - дүниетанымдылык, шығармашылық, терең білімділік.

«Инновация», жаңа технология ұғымдары бүгіңде педагогика саласыңда жиі қолданыскатүсіп отыр. Ол дегеніміз, білім саласына үнемі ізденіс және білім мазмұнын емір талабына сай жақсарту, оқытудың әдіс-тәсілдерін жасау деген сөз.



б/ шартты-графикалық. Тарих сабағында тірек схемаларын пайдаланудың тиімділігі 9 сыныпта «Абылай хан» тақырыбы бойынша «Қазақ тарихындағы маңызды оқиғалардың жылын көрсетіңіз» деген тапсырма беріледі сабақ суретті тірек схема арқылы түсіндірілді.

Абылайдын шығу тегі туралы шежіре интернеттен алынған материал арқылы түсіндіріледі.

8 сыныпта «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбын өткенде оқушылар топқа бөлінеді. Оларға мынандай тапсырмалар беріледі.


  1. Картамен жұмыс жүргізу (топпен жұмыс);

  2. Тест сұрақтары арқылы білімді тексеру;

3.Тірек схема арқылы Казақ хандығының мемлекеттік кұрылысын анықтау;

4 Хронологиялық тапсырма;

5. Сөзжұмбақ арқылы қорытындылау, бекіту.
6. Пікір сайыс, проблемалык сұрақтарға жауап беру.

Осылайша өз сабақтарымда тірек кестелерін пайдалану аркылы уақьпты үнемдеу мәселесі, бөлінген уақыт ішінде біраз мәселелердін басын ашып, мазм ұнын түсінуге мүмкіндік жасауға болады.

Оқулықтағы тұтас тарауды қамтитын көлемді дүниенің басты мәселелерін бір кестеге шоғырландыру окушы ойын жинактауга, кенейтуге, жаттаңдылық сиякты жаман әдеттен сактандыруға, салыстырмалылыкка үйретуге, тарихи кұбылыстарға талдау жасай білуге тағы баска үлкен кемек берері сөзсіз «Көп білген кеменгер емес, білімін пайдалана білген кеменгер» демекші, адам үнемі біле түсуге ұмтылып, білімін молайту қажет.

Жаңа технологияларды, оның ішінде электронды оқулықтарды пайдалану, оқу шыларды ақпаратпен жұмыс істей білуін калыптастыру, оқу жүйесінің сапасын арттырады. Жаңа технологиядағы басты мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны калыптастыру, оқушыны мұғалім дайындап әкелген жана материалды жай кабылдаушыдан оны іздеп табушыға айналдыру. Сабақты үнемі түрлендіріп, схемалар, сауалнама сұрақтар, жаңа технологияны пайдалану ар-қылы өткізу үлкен нәтиже береді.

Оқу пәнінің мазмұнын көрнекілік түрінде құрылымдау оқушылардын кабылдауын оңайлатады. Егер оқушы сызбаны өздері жасаса, жана мағлұматты меңгеру дәрежесі жоғары болады. Соңдықтан, оқушылар шығармашылығын дамыту мақсатында тірек схемаларды өздері орындап келуге тапсырма беремін.

Сабақ құрылымын жиі өзгертіп отыру олардын ойлау кабілетіне, өз ойын қорыта айтуға, тарихи деректермен жұмыс істеуіне козғау салады. Пәнге деген кызығушылығын туғызады. Пән бойынша жақсы нәтиже көрсеткішіне жеткізеді.




1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет