«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 4.49 Mb.
бет2/20
Дата01.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
: files -> umo
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Глоссарий по микробиологии
umo -> Абсцесс ограниченное гнойное воспаление. Агаммаглобулинемия

5.Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын оқытудың ерекшеліктері.

Пән және курс мақсаты, негізгі оқу материалы. Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы. Көшпенді дала өркениетінің мәнін ашып көрсету. Қазақ халқының материалдық жағынан дамуы. Мемлекеттік және тарихи тұлғалардың тарихтағы орны. Қазақстанның ежелгі тарихының хронологиялық шеңбері. Кіріспе «Тарихқа саяхат», «Қазақстанның орта ғасыр тарихы». Негізгі түсіндірмелік аппарат. Негізгі икем. Хронологиялық рамка. Сабақ жүргізудің интерактивті түрлері. Қосымша мәліметтер. Хрестоматиялар. Қазақстан тарихын оқыту әдісінің қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы. Көп ұлтты мемлекеттегі жергілікті, аймақтық және ұлттық тарих аралық баланс. Фольклорлық материал. Мұражайлар мен көрмелердің мүмкіндіктерін пайдалану. Салыстырмалы- тарихи әдістерді пайдалану.



6. Жаңа және жаңаша тарихты оқытудың ерекшеліктері.

Негізгі идеялар мен түсініктер. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері.Курстың оқушыларды адамгершілікк тәрбиелеудегі ерекшеліктері. Мектепте 8-9 және 10 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні. Олардың сипаттамасы. Курстардың хронологиялық шеңбері, кұрылымы және кезеңдерге бөлінуі. Окушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, тарихи фактілердің жүйесі. Курстардың негізгі ұғымдары мен әлемдік көзқарастарының идеясы. Қазақстан тарихы курсының оқушыларды, жастарды ұлт аралық қатынас мәдениетіне, азаматтану мен гуманистік мораль нормаларына тәрбиелеудегі мүмкіндіктері. Өлкетану материалдарын оқьггудың әдіскерлік жүйесі.


Қазақстан тарихын оқытудағы тарихи білімді қалыптастыру. Мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұнына құрылымдық әдістемелік.
МАЗМҰНЫ


  1. Типтік бағдарлама .....................................................................

  2. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы ........................................

  3. Силлабус......................................................................................

  4. Лекция сабағының жиынтығы..................................................

  5. Көмекші және көрнекілік материалдар....................................

  6. СОӨЖ тапсырмалары................................................................

  7. СӨЖ тапсырмалары...................................................................

  8. Аралық қорытынды бақылауды өткізуге арналған

материалдар.................................................................................

  1. Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздануының картасы.................


I.ПӘННІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасының Президентінің 2030 жылға дейінгі елді дамытуға арналған стратегиясы табыспен жүзеге асуда. Елбасының бастамасымен Қазақстанның дүние жүзінің таңдаулы елу елінің қатарына кіру жоспары жасалды.

Еліміздің өркендеу, халқымыздың әл- ауқатын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқаруда әрине, алдымызға қойған жоспарлы бағыт- бағдар, белгілі бір межеге жетудің жан- жақты ойластырылған тетіктері болу шарт. Нақ осы тетік – «Қазақстан-2030» даму стратегиясымен ұштасып жатқан, ел Президентінің жыл сайынғы халыққа арнайтын Жолдауы.

«Қазақстан-2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен белгілі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.Демек, Қазақстан тарихы білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты студенттерді адамзат баласының оқыту әдістемесінің жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік оқыту әдістемесінің шығармашылық шеберліктерін өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.


Тарихты оқыту әдістемесі пәнін игеру барысында алға қойылған

мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттер туындайды:

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Сондықтан студент бойында жоғарғы идеялдық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайныдауға оқытудың негізі формасы сабақтың, әрбір сыныпта тарих пәнін оқыту әдістемесі мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануымыз керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу- тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында студентрдің дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр ХХІ- ғасыр компьютер мен интернет жүйесіндегі білім қалыптастыру ғасыры екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Яғни, шегініс жасай беру басқа елдермен білім деңгейіндегі жетістіктеріміздің терезесі тең ел саналуына кері ықпал етеді.


Ұсынылып отырған бағдарламада Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тарих, этноло-гия, саясаттану, антропология, психология, педагогика философия, сияқты гуманитарлық ғылымдармен байланысына баса назар аударылды.


Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тақырыптық жоспары.

/ Күндізгі оқу бөлім /






Тақырыптар

Дәріс

1

Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

2

2

Мектептегі тарихи білім білім берудін қазіргі жүйесі.

2

3

Тарихты оқыту процесінде оқушылардың іскерлігінің қалыптасуы

2

4

Мектептегі тарихи білімнін қалыптасуы.

2

5

Тарихи құбылыстарды тудыру

2

6

Тарихи түсініктердің қалыптасуы.

2

7

Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінің қалыптасуы.

2

8

Оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер.

2

9

Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсәлдері.

2

10

Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері.

2

11

Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінің байланыстыра оқытуды жетілдірудің ғылыми әдістемелік жолдары.

2

12

Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.

2

13

Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

2

14

Тарихты оқыту процессіндегі білімді бағалау мен баға беру жүйесі.

2

15

Тарих мұғалімі

2




Барлығы:

30



Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тақырыптық жоспары

/Сырттай бөлім/






Тақырыптар

Дәріс

1

ТОӘ курсының міндеті мен мақсаты

2

2

Қазіргі кездегі мектептік тарихи білім жүйесі.

2

3

Мектептік тарих оқулықтарына мінездеме беру.

1

4

Оқушыларға тарих білімін қалыптастыру

1

5

Тарихи көріністерді сабақ барысында құрастыру.

2

6

Тарихи түсініктерді қалыптастыру.

1

7

Оқушылардың тоқсандық білім сапсының көрсеткіштерін есептеу.

1

8

Әдіс және оқыту әдістемесі.

2

9

Көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар.

1

10

Тарих сабағында баспа мәтіндермен қолдану әдісі.

2

11

Мақсат қою технологиясы

2

12

Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар

4

13

Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау.

2

14

Тарих сабағына тыс жұмыстар

2

15

Тарих Мұғалімі.

1

16

Сабақтың талдауы.

2

17

Оқу процессін ұйымдастыру. Жұмыс құжаттарын қорғау және жобалау.

2




Барлығы

30


Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің дәріс

сабақтарының тақырыптары мен жоспары
1 Дәріс: Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі.

Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеме-нің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.

Жоспары:

1. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.

2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.

Мазмұны

1. Тарихты оқыту әдістемесі, даму ерекшеліктері. Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніндегі танымдық қабілетін дамытуда және білімін сыныптан тыс жүмыстың ролі. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері. Кейбір оқушылардың тапсырманы орындаудағы жекелеген өздік жұмыстары.

2. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты.Тарихты оқыту әдістемесі - мектептегі тарих курсьшының мазмүлын, мақсатын, оқыту кұралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайтын ғылыми педагогикалық пән. Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту методикасының орны. Тарихты оқытудың методикалық жүйесінің пайда болуы. Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуын анықтайтын факторлар. Тарихты оқыту әдістемесінің тарихи және саяси - әлеуметгік пәндермен байланысы. Тарихты оқытудың зерттеу әдістері. Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесіндегі тарихи пәндердің ролі. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің казіргі кұрылымы.
Бекіту сұрақтары:

1. ТОӘ курсының пайда болуы мен осы пәннің міндеті мен мақсаты қандай?

2. «Революцияға дейінгі мектептерде оқыту әдісі» қалай жүрді?

3. Оқыту әдісінің қалыптасу сатылары қандай?



Әдебиет:

1. Тұрлығулов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары А., 1984

2. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.– Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.
2 Дәріс: Мектепте тарихи білім берудін қазіргі жүйесі.

Негізгі түсініктер:Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.

Мақсаты: Тарихи білім беру құрылымын құрастыра отырып, Қазақстанда мектептерде тарихи білім берудін қазіргі жүйесінің ерекшеліктерін көру.
Жоспары:

1. Мектептерде тарихи білім берудің қалыптасуы мен дамуы.

2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі жүйесі.

3. Тарих бойынша мектеп бағдарламасына сараптама жасау.

а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме,

б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты


Мазмұны

1.Бұл бағдарламада мектептерде тарихты оқытудың негізгі Мәселелерін қамтиды.

Тарих - жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық курстардың өзегін құрайды.

1965 жылғы 14 мамырда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір дәрістер туралы» Қаулысына сай, КСРО тарихын 7-10 сыныптарына дейін жүйелі курс болып енгізілсе ал «Жаңа және «Қазіргі әлем тарихы» 8-10 сыныптарда оқытылатын болды Мектептегі бағдарламадан шамадан көп, қосьмша материалдың тым күрделі болуы оқу процесінде формализмге әкеліп, оқушылардың ұғынуына қиындық туғызды.

КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1959 ж. 8 қазандағы «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысына сәйкес, республика мектептерінде «Қазақстан тарихы» алғаш рет КСРО тарихының құрамында курс болып оқытыла бастады. Пәнді оқыту бағдарламасы мектептерге арнап біркелкі етіп жасалып келді.

1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарға жауап бере алмайтыны түсінікті.

Ал қазіргі күнде мектепте тарихты оқыту жайындағы көзқарас өзгертумен сипатталады. Оны өзгертудегі басты бағыттар мыналар:

-Тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы;

-оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдегі процесстің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік моделді қалыптастыруға бағытталуы;

-мектепте үзіліссіз білім беру жүйесінде тарих пәнінің білімдік,


танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту;

Авторлар оқыту әдістемесінің бұл типтік бағдарламасын жоғары оқу орындарында білікті маман дайындауға көмегі бар деп сенім артады.

3.Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары.Мемлекеттік стандарт. Бағдарлама жасаудың концентратты принципі.Хронологиялық принцип. Негізгі базалық компонент. Білімділік компоненті. Мазмұндылық компоненті. Жас ерекшеліктерінің есебі. Тарихты оқыту түрлілігі. 5-9 сыныптардың және 10-11 сыныптардың оку бағдарламалары.
Бекіту сұрақтары:

1. Мектептерде тарихи білім беру қалай қалыптасты?

2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі

жүйесі қандай?


Әдебиет:

1.Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2.Тарих бағдарламасы 5-11 сынып А., 1993 А., 2000

3. Отан тану курсының бағдарламасы. Отан тану курсын оқыту туралы әдістемелік ұсыныстар). А., 1992


3 Дәріс: Тарихты оқыту процесінде оқушылардың іскерлігінің қалыптасуы. (2 сағат)

Негізгі түсініктер: Оқу іскерліктері, біліктер, оқыту әдісі.,тарихты оқыту процесі.

Мақсаты: Оқушыларды оқыту процесінде дамитын іскерлігін бекіту.
Жоспар:

1.Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту.

2. Тарихты оқыту процесінде ақыл-ойлық біліктерінің дамуы.

3. Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасы.

4. Оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуының методикасы мен кезеңдері.

Мазмұны

1.Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту. Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану.Тарихты оқытудағы белсенді әдістің бірі - ойын сабақ. Тарихты оқыту процесінде ақыл-ойлық біліктерінің дамуы. Ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциялы, ойын сабақ жариялылығы. Іскерлік ойындар, тарихи шайқастар, театрлік қойылымдар мен байқаулар. Оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуының методикасы мен кезеңдері


Бекіту сұрақтары:

1.Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері дамыту әдістері қандай?

2. Тарихты оқыту процесінде ақыл-ойлық біліктерінің дамуын қалай түсінесің?

3. Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасын айтыңыз?.

4. Оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуының методикасы мен кезеңдері

туралы не айтасыз?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Қазақстан тарихының оқулықтары 5-11 сынып таңдап алу.

3. Қазақстан тарихы курсы бойынша қолданатын қосымша құралдар (хрестоматия, әдебиет, техника құралдары) дидактикалық материалдар.

4. Тарих бағдарламасы.

5. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д. Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.


4 Дәріс: Мектептегі тарихи білімнін қалыптасуы.

Негізгі түсініктер: білім; факт; тарихи білім структурасы; тарихи түсініктер; тарихм заңдылықтар.

Мақсаты: Тарихи білімнің негізінің функцмясын анықтау, тарихты білімнің құрылымын көрсету, оқушылардың қабілетіне байланысты, тарихты оқыту барысында білімді меңгеру процесін бақылау.
Жоспар:

1. Тарихи білімнің құрлымы мен функциясы.

2. Тарихты оқытуда фактілердің ролі.

3. Тарихты оқыту процессінде білімнің қалыптасу сатылары.



Мазмұны

І.Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи білімді қалыптастыру.Әдіскерлік талдау - мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұны. Тарихи білім мен фактілер.

Оның Қазақстан тарихын оқыту процесі деп тарихи ұғымды қалыптастыру. Оқушылардың тарихи процес желісін түсінуіне негіз жасау.
Бекіту сұрақтары:

1.Қазақстан тарихы курсының мазмұнына талдау бер?

2.Тарихи білім мен фактілердің білімдік маңызы неде?

3.Қазақстан тарихын оқытудағы тарихи фактілердің ролі қандай?

4.Тарихи заңдылықтарды қалай түсінесің ?
Әдебиет:

1. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д. Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.

2. Гора П.В. Повышение эффективности процесса обучения истории. М., 1989

3. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

4. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
5 Дәріс: Тарихи құбылыстарды тудыру

Негізгі түсініктер: көріністер; тарихта болған фактілер жөнінде көріністер; тарихи кезеңдерді бейнелеу.

Мақсаты: Білімді дамытуға жәрдем жасау, тарихи білім құрылымында қажетті элемент ретінде тарихи құбылыстарды тудыру.

Жоспар:

1. Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесін-дегі ролі.

2. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістер.

3. Тарихи кеңістікпен уақыттағы, өткен практикалар жөніндегі құбылыстарды тудыру жолдары.



Мазмұны

1. Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесін-дегі ролі. .Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері.2. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістер. 3.Тарихи кеңістікпен уақыттағы, өткен практикалар жөніндегі құбылыстарды тудыру жолдары. Білімді дамытуға жәрдем жасау, тарихи білім құрылымында қажетті элемент ретінде тарихи құбылыстарды тудыру.


Бекіту сұрақтары:

1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлерін айтыңыз?

2. Тарихи білімнің қалыптасуының кезеңдері қалай жүзеге асады?

3. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістерді атаңыз?

4. Тарихи кеңістікпен уақыттағы құбылыстарды тудыру жолдары қандай?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.


6 Дәріс: Тарихи түсініктердің қалыптасуы.

Негізгі түсініктер: термин; тарихи түсініктер; жалпы тарихи түсініктер; дара тарихи түсініктер; әлеуметтану түсініктері.

Мақсаты: Білім алу процессінде тарихи түсініктердің қалыптасуының мағынасын көрсету. Түсініктердің әр түрлері тобын қарастыру.
Жоспар:

1. Тарихи түсініктердің қалыптасуының әдістемелік аспектілері.

2. Тарихи түсініктерді топтау

3. Тарихи түсініктерді анықтаудағы тәсілдер мен жағдайлар.



Мазмұны

І.Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи білімді қалыптастыру. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, шығыстық өркениеттің қайталанбас қожайыны үлгілерінен ұрпақтарына қалдырған бабалар даналығы мен бейбіт жасампаздық құндылықтарына қызығушылығын арттыруы және құрметпен қарауды қалыптастыру. Тарихи түсініктерді топтау

Әдіскерлік құрылымдық талдау - мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұны. Тарихи білім мен фактілер. Оның Қазақстан тарихын оқыту процесі деп тарихи ұғымды қалыптастыру.Оқушылардың тарихи процес желісін түсінуіне негіз жасау.
Бекіту сұрақтары:

1. Тарихи түсініктердің қалыптасуының әдістемелік аспектілері қандай?

2. Тарихи түсініктерді қалай топтауға болады.

3. Тарихи түсініктерді анықтаудағы тәсілдер мен жағдайлартуралы не білесіз?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3.Ө.И.Исенов. Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары 3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб.


7Дәріс Тақырып: Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінін қалыптасуы.

Негізгі түсініктер: тарихи құбылыстар, жұмыс тәсілдерінің қалыптасуы, Қабілеттін қалыптасу әдісі,тарихи материялдарды талдау және синтездеу.

Мақсаты: Тарихты оқыту процесінде оқушыларда дамитын білімнің негізін меңгеру. Алған білімді іс жүзінде көрсете алу қабілетін дамыту.
Жоспар:

1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдерінің қалыптасуы.

2. Мектепте тарихты оқыту процессінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.

3. Қабілеттін қалыптасу әдісі:

а/ тарихи материялдарды талдау және синтездеу.

б/ тарихи құбылыстарды салыстыру.

в/ қорытынды жасау.

г/ тарихи материалды түсіндіру.



Мазмұны

Сабақ -. Қазіргі тарих сабағына қойылатын талаптар. Тарих бойынша сабақ түрін тандауға шартты түрде өткізілетін сабақ түрлері мен факторлар. Оқыту процесінде барлық сыныптарды қамтитын, жан - жақты сабақты өткізу ерекшеліктері. Мұғалім баяңдаған жаңа материалды түсіну сабақтары. Дағды мен шеберлікті қалыптастыру білімділікті тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама- жалпылау сабақтары. Білімділік пен шеберлікті тексеру сабақтары. Семинар сабақтар. Ықпалдастық сабақтар. Тарих сабағының дидактикалық жабдықтары. Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы. Тақырыптық сабақты жоспарлау. Сабақтың жұмыс жоспары мен оның негізгі компоненттері.



Бекіту сұрақтары:

1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдері қалай қалыптасады?

2. Мектепте тарихты оқыту процессінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.

3. Қабілеттін қалыптасу әдісінеден құралады?

4.Қорытындыны жасаудың маңызы қандай?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Ө.И.Исенов. Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.


8Дәріс: Оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер.

Негізгі түсініктер: Оқыту әдісі, оқыту әдіс классификациясы.

Мақсаты: Оқыту әдісі түсінігін анықтау, оқыту әдіс классификациясын қарстыру.
Жоспар:

1. Оқыту әдісі туралы түсінік.

2. Тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдер, оларға қысқаша

мінездеме.

3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігі.

4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс

істеу әдісі.

Мазмұны

1 .Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері.Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар. Оқыту әдістерін таңдау критериі. Оқытудың "әдісі" мен "тәсілдер" ұғымдарының қатынастылығы. Тарихты оқыту процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі. Ауызша материал рөлі: әңгіме, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық және аналитикалық сипаттау, түсіндіру , талдау.


Бекіту сұрақтары:

1.Оқыту әдісіне түсінік беріңіз?

2. тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдерін қандай?

3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігін қалай түсінесіз?

4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі туралы не түсіндіңіз?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » // Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.


9Дәріс: Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсілдері.

Негізгі түсініктер: шартты-графикалық, бейнелеу көрнекілік, көрнекілікәдісі.

Мақсаты: Көрнекілік оқыту әдісіне мінездеме беру. Оқыту рпоцесіндегі бұл әдістің қажеттігіне көңіл аудару. Көрнекілік әдісті пайдаланудағы оқушылар қабілетінің өсуі.
Жоспар:

1. Көрнекілік оқыту әдісінің мағынасы. Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі.

2. Жұмыс істеу тәсілдері:

а/ бейнелеу көрнекілік құрамымен.

б/ шартты-графикалық

в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі.



Мазмұны

Тарихты оқытудағы көрнекті құралдардың рөлі мен мәні. Шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін оқытудағы техникалық құралдарды пайдалану тәртібі. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің ролі. Тарих пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар қарастыру. Окушыларға тарихи мағлұматтарды жүйелеу және оны тиімді меңгеруге көмек беру. Тарихи процестер альтернативасы проблемасына деген кызығушылықтың артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу. Мұғалімнің сабақта көтерген мәселелерге қатысты мағлұмат беру. Бағдарламалық материалды меңгеру қарқыны мен әдістерін оқушының өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру.


Бекіту сұрақтары:

1. Көрнекілік оқыту әдісінқалайтүсінесің?

2.Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жолы туралы небілдіңіз?

3.Көрнекі құралдармен тарих сабақтарында жұмыс істеу тәсілдерінатап беріңіз?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

3.Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.


10Дәріс: Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері.

Негізгі түсініктер: Оқулық текстермен жұмыс, баспа текстермен жұмыс, тезис және конспект құру.

Мақсаты: Студенттерге тарих сабақтарында баспа текстермен жұмыс істеудің қажеттігін түсіндіру.

Жоспар:

1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процесснде оның маңызы.

2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:

а/ негізгі көрсету.

б/ жоспар көрсету

в/ тезис және конспект құру және басқа тәсілдер.

3. Тарихи документтер түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы.

4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету.



Мазмұны

Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен кұжаттарды пайдалану.Тарихты оқытудағы құжаттардың ролі мен мәні. Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық-материалдық негізгі түрлері. Окушылардың тарихи құжаттармен жұмыс істеу тәсілдері. Құжаттық материалдың жіктелуі. Актілік құжаттар, баяндауышы - сипаттаушы құжаттар, көркем сөз естеліктері. Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу әдісі. Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау. Тарихи мәліметтермен, кұжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.


Бекіту сұрақтары:

1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету,

2. Оқыту процессінде оқулық текстерімен жұмыс істеудің маңызы қандай?

3. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдерін атап беріңіз?

4. Тарихи документтер түрлерінатап беріңіз?

5. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы қандай?

6. Құжаттармен жұмыс істеуді қалай талап етуге болады?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Сарсекеев Б.С. «Задания для самостаятельной работы учашихся по истории Казахстана», Алматы, 1991.


11 Дәріс: Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінің байланыстыра оқытуды жетілдірудің ғылыми әдістемелік жолдары.

Негізгі түсініктер: Пән аралық байланыс,ғылыми байланыс.

Мақсаты: Оқушының кітап оқуға құмалығын арттырудың бір тәсілін пайдалану. Оларды сабақ барысында қызықтыра білу.
Жоспар:

1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдалану.

2. Көркем шығармашылық арқылы сабақ үстінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

Мазмұны

1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдалану. Тарихи көркем әдебиетті пайдалану мен мәліметтерді зерттеу әдісі. Мәліметті конспектілеу. Тарихи көркем әдебиетті: авторы, уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау. Тарихи мәліметтермен, кұжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.2. Көркем шығармашылық арқылы сабақ үстінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.


Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдаланудың тәсілдері қандай?

2. Көркем әдебиеттің оқушылар үшін тарих сабағында пайдаланудың маңызы неде?

3. Тақырыпқа байланысты көркем әдебиетті таңдауға мысал келтір?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.


12Дәріс: Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.

Негізгі түсініктер: Дәріс-сабақ, Семинар сабағы, Реферат.

Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үйрету.
Жоспар:

1. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс.

2. Семинар сабағы. Оны өткізу жолдары.

3. Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы.



Мазмұны

1. Сабақты бағалау критериясы. Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары- факультативтер, тарихи үйірмелер, тарихи олимпиадалар "КӨО" (кеңілді өнертапқыштар отауы), конференциялар, пікірсайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинарлық және практикалық сабақтар.Негізгі идеялар мен түсініктер. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс.2. Семинар сабағы. Оны өткізу жолдары. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі және олардың байланысы.Тарихты оқытудың екі түрлі әдістері ауызша және оқу материалын түсіндіру,әрі оқу (оқушылардың таным қызметі).Танымдық қызмет түрлері – варианттары.3. Мектеп лекциясы. Лекция ұғымы. Лекция сабақтарында оқушыларға берілетін тапсырмалыр. Мектептегі лекцияның түрлері:Нұсқама, лекция - диалог, ғылыми кұрылымдық, проблемалы, ақпаратты, пресс-конференциялар, телелекция, жалпы пәндік лекция, визуальды лекция түрлері. Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы.


Бекіту сұрақтары:

1. Дәріс-сабақ оқытудағы қандай әдіс болып табылады?

2. Семинар сабағы қандай сабақ түрі ?

3. Семинар сабағын өткізудің тәсілдері қандай?

4. Реферат жазу, оған қойылатын талаптар туралы небілесіз?
Әдебиет:

1.С. Тайшығанова, Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№ 5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 15-18 б.

2.Т. Хазіретәлі Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары //№3.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.
13Дәріс: Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

Негізгі түсініктер: ұлтжандылық, отаншылдық, ертеңгі маман,

Мақсаты:Қазақстандық отаншылдыққа,ұлтжандылыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу. Қазақстандағы барлық халықттарды достық қатынасқа тәрбиелеу.
Жоспар:

1. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман

2. Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары

Мазмұны

1. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері. Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні. Олардың сипаттамасы. 2. Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары Қазақстан тарихы курсының оқушыларды, жастарды ұлт аралық қатынас мәдениетіне, азаматтану мен гуманистік мораль нормаларына тәрбиелеудегі мүмкіндіктері.


Бекіту сұрақтары:

1.Бүгінгі оқушы ертеңгі маман дегенді қалай түсінесің?

2.Ел боламын десең бесігіңді түзе дегенді қалай түсінесің?

3.Жастар жөніндегі еліміздің саяси ұстанымы қандай?

4.Балапан ұяда некөрсе ұшқанда соны іледі деген халықымыздың аталы сөзінің мектеп-тегі бала тәрбиесіне қатысы бар ма?
Әдебиет:

1.Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.// № 2.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.

2.Толеубаева К. М. Отаншылдық рухы әлсіремесін десек.//Қазақ тарихы, Алматы, 1998.

3.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. //Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб


14Дәріс: Тарихты оқыту процессіндегі білімді бағалау мен баға беру жүйесі.

Негізгі түсініктер: Білімді бағалау формалары, бағалау жүйесі,бағалау тәсілдері

Мақсаты: Оқушылар білімін бағалау мен баға беру жүйесіне мінездеме беру. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың әдістері мен танысу.
Жоспар:

1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты мен мағынасы.

2. Тексеру мен бағалау тәсілдері.

3. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме.

4. Білімді бағалау формалары.

Мазмұны

1. Оқу саяхаттары, кеңестері, сынақтар. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты мен мағынасы.2. Білімді тексеру мен бағалаудың әдістемелік тәсілдері. Оқушылар білімін бағалау мен баға беру жүйесіне мінездеме беру. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың әдістері мен танысу.3.Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға берілетін мінездеме.4. Білімді бағалаудың формалары.


Бекіту сұрақтары:

1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты неде?

2.Баға үшін оқыма білім үшін оқыны қалайтүсінесіз?

3. Тексеру мен бағалау тәсілдерітуралы некайтасыз?

4. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме.

5. Білімді бағалау формалары қандай?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.


15 Дәріс: Тарих пен қоғамдық ғалымдар пәндерін мұғалімінін жоспарлау моделі.

Негізгі түсініктер: дамыту функциясы, тәрбиелік функциясы, педагогикалық білім.

Мақсаты: Студенттерге тарих пен қоғамдық ғылымдар мұғалімінің жоспарланған моде-лін көрсету. Мұғалім қызметінің оқытылатын, дамытатын, тәрбиелік пен ұйымдастыру-шылық функцияларды ашып көрсету.
Жоспар:

1. Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратын функциясы.

2. Қоғамтану мен тарих мұғалімінің дамыту функциясы.

3. Қоғамтану мен тарихты оқып үйренудің тәрбиелік функциясы.

4. Ұйымдастырушылық- педагогикалық білімдері мен іскерліктері.
Мазмұны

1. Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратын функциясы менміндеттері. Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратынкәсіби міндеттері. 2. Қоғамтану мен тарих мұғалімінің дамыту функциясы оны жүзеге асырудың жолдары. 3. Қоғамтану мен тарихты оқып үйренудің тәрбиелік және білімдік функциясы. 4. Пән мұғалімінің ұйымдастырушылық педагогикалық біліктілік шеберлігі мен іскерліктері.


Бекіту сұрақтары:

1. Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратын функциясын атап берсеңіз?

2. Қоғамтану мен тарих мұғалімінің дамыту функциясын қалай түсінеміз?

3. Қоғамтану мен тарихты оқытып үйретудің тәрбиелік функциясы қандай?

4. Тарих пәні мұғалімінің ұйымдастырушылық- педагогикалық қабылеті қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

5.Тарих пәні мұғалімінің оқытудағы іскерліктері дегенді қалай түсінеміз?


Әдебиет:

1.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

2.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

3. Толеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студентінің оқу тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама.// Алматы, 1997.

4.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясының материялдары.//Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.

/ Күндүзгі оқу бөлім /






Тақырыптар

Семинар

сағаты

Апта

1

Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

1

1 апта

2

Оқу процессінде тарихи білімді қолдану.

1

2апта

3

Тарихи көріністі қалыптастыру.

1

3 апта

4

Тарихи термин; түсініктермен жұмыс жасау.

1

4 апта

5

Әдіс және оқыту әдістемесі.

1

5 апта

6

Көрнектілерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар

1

6 апта

7

Тарих сабағында баспа мәтіндерін қолдану әдісі

1

7 апта

8

Мақсат қою технологиясы.

1

8 апта

9

Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар

1

9 апта

10

Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау.

2

10-11 апта

11

Тарих сабағынан тыс жұмыстар.

1

12 апта

12

Тарих мұғалімі

1

13 апта

13

Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

1

14 апта

14

Сабақты талдау

1

15 апта




Барлығы

15





Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.
Семинар №1 Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі.

Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Жоспары:

1.Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.

2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, Қазақстан тарихын оқыту процесінің ғылыми зерттеу әдістері. Тарихты оқыту әдістемесінің ғылыми негізінде теориялық және әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер - тарихшылардың қосқан үлесітеріне тоқталу керек. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы оның кезеңдеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, ТОӘ курсының пайда болуы мен осы пәннің міндеті мен мақсаты. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі курсының құрылымын анықтап беру мен қатар пәнің білімдік атқаратын функциясына тоқталып өту қажет.
Жеке тапсырмалар:

1. Педагогикалық білімге сүйене отырып оқыту процесінің сатыларын анықтау.

2. «Революцияға дейінгі мектептерде оқыту әдісі» тақырыбы бойынша баяндама жазу.

3. Оқыту әдісінің қалыптасу сатыларын анықтау.



Әдебиет:

1. Тұрлығулов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары А., 1984

2. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.
Семинар № 2 Оқу процессінде тарихи білімді қолдану.

Мақсаты : Тарихи білімді қолдану; жүйелі түрде оқушыларға түсіндіру.
Жоспар :

1. Тарихи фактілер арқылы тарихты оқыту

2. Тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолдану

3. Тарихи материалды құрастыру.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша,тарихи фактілер арқылы тарихты оқытуәдістері мен тәсілдерінің жолдарына тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолданудың тәсілдерін қалай пайдалануға болатынына мысалдар келтіру қажет. Үшінші мәселе бойынша, тарихи материалды құрастыру жолдарының тәсілдері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйену арқылы тиімді әдіс жолдарын қалай таңдауға болатындығы туралы нақты дәлелдер келтіре кеткен жөн.

Әдебиет:

1.Ө.И.Исенов .Орыс патшасының қазақтарды "сауаттандыру қамқорлығы" саясатының тарихи мәні (XVIII ғ. II жартысы). //Материалы республиканской научно-практической конференции. "Творческое наследие Ахмета Байтурсынова и современность" посвященная 130 летию со дня рождения А.

2. Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » //Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.


Семинар № 3 Тарихи көріністі қалыптастыру.

Мақсаты : Тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу.

Жоспар :

1. Тарихи көріністер анықтамасы.

2. Тарихи көріністерді қалыптастыру түрлері.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу мәселесі бойынша тарихи көріністер әдісіне анықтама беру қажет. Екінші мәселе бойынша, тарихи көріністерді қалыптастыру түрлері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып, тарихи көріністерді қалыптастырудың нақты бір түріне тоқталу керек.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 4 Тарихи термин; түсініктермен жұмыс жасау.
Жоспар:

1. Терминалогиялық сөздіктер түрлері.

2. Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерін анықтау, талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу мәселесі бойынша тарихи терминалогиялық сөздіктер түрлеріне анықтама беру қажет. Екінші мәселе бойынша, тарихи Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерін бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып, тарихи түсініктерді анықтап талдаудың қалыптастырудың нақты бір түріне тоқталу керек.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

3. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987. № 1


Семинар № 5 Әдіс және оқыту әдістемесі.

Негізгі түсініктер: Оқыту әдістері; Оқыту әдіс түрлері; көрнекілік әдістері; проблемалық әдістер; ізденіс әдістері.

Мақсаты : « Әдіс» деген түсінікпен танысу, әдіс түрлерін анықтау.

Жоспар :

1. «Әдіс» түсінігі.

2. Ауызша оқыту әдіс түрлері, қысқа мінездемесі.

3. Ауызша әдісті қолданып оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

4. Тарих сабғында проблемалық оқыту әдісін қолдану.

а) Баспа мәтіндермен танысу (оқу, өзіндік оқу, жоспар құру, негізгіні белгілеу бойынша тарихи қателікті табу).

ә) Көрнекілікпен жұмыс жасау (карта, сурет, портрет т.б.).
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, «әдіс» түсінігіне оның анықтамасына тоқталып өту керек. Әдіскер – тарихшылардың тарихты оқыту әдіснамасын дамытудағы қосып жатқан үлестеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, ауызша оқыту әдіс түрлеріне және оның тәсілдеріне мінездеме беріп кету қажет. Үшінші мәселе бойынша, ауызша әдісті қолданып оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың тәсілдерін қарастырып өту керек. Төртінші мәселе бойынша, тарих сабғында проблемалық оқыту әдісін қолданудың тәсілдері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып тиімді тәсілдердге таңдау жасау жолдары туралы қамту қажет.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 6 Көрнектілерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар

Мақсаты : Көрнектілерді қолдану жөніндегі әдістерге мінездеме беру.

Көрнекілік әдісінің тиімділігі.


Жоспар:

1. Көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар.

2. Қолдану түрлері:

а) Сурет көрнекілігі

б) График көрнекілігі

с) Жоғарғы сыныпта көрнекіліктердің түрлері.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру қажет. Көрнекіліктердің түрлеріне жеке – жеке талдау жасау керек:

а) Сурет көрнекілігі

б) График көрнекілігі

с) Жоғарғы сыныпта көрнекіліктердің басқа да түрлерін пайдаланудың тәсілдерімен көрінекіліктің тиімділігіне тоқталу керек.


Жеке тапсырмалар : Тарих сабағында көрнекіліктердің түрлерін қолдану әдісін көрсету.

а) Оқулық суреттерімен, репродукциялармен қолдану

б) Портрет, фотосуретті қолдану әдісі

c) Схема, таблицаларды қолдану әдісі

д) Аппликацияларды қолдану әдісі
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 7 Тарих сабағында баспа мәтіндерін қолдану әдісі

Мақсаты : Тарих сабағында оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға үйрету. Тарихи мәтіндердің ғылыми қажеттілігін студенттерге жеткізу. Мәтіндердің түрлерімен танысу.

Жоспар:

1. Оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптар.

2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:

а) Негізгіні белгілеу

б) Жоспар құру

с) Тезис пен конспект жасау

3. Тарихи деректер түрлері. Тарихи деректердің маңыздылығы.

4. Студенттердің деректермен өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Тарихи құжаттармен жұмыс жасау әдісі.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптарға әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша тоқталып өту қажет. Екінші мәселе бойынша, оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:

а)Негізгіні белгілеу

б)Жоспар құру

с)Тезис пен конспект жасау т.б. қойылатын талаптармен әдіс тәсілдердің өзіндік ерекшеліктеріне мән беру қажеттігін дәлелдеу керек.

Үшінші мәселе бойынша, тарихи деректер түрлері мен тарихи деректердің маңыз-дылығына тоқталып кету қажет. Төртінші мәселе бойынша, оқушылардың деректермен өзіндік жұмысын ұйымдастырумен тарихи құжаттармен жұмыс жасау әдісінің өзіндік тә-сілдерінің ерекшеліктеріне сипаттама жасау керек.
Әдебиет:

1. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

2.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

4.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

5.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб
Өзіндік тапсырма :

1. Тарихта жоспар құрастыруға алгоритм құрастыру.

2. Тарихи құжат бойынша сараптамалық сұрақтар құрастыру.
Семинар № 8 Мақсат қою технологиясы.

Негізгі түсінктер : үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері, білімділік аспекті, дамушы аспект, тәрбиелік аспект.

Мақсаты : Студентердің сабққа мақсат қою жолдарымен таныстыру. Сабақ мақсатының маңыздылығы, мақсаттың тереңдігі. Оқушыларға қойылатын мақсаттың қажеттілігі мен тиімділігі.

Жоспар:

1. Сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптар.

2. Үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері,

а) білімділік аспекті

а) дамытушылық аспект

а) тәрбиелік аспект


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптарға тоқталу керек. Мақсат қоюдың тарих сабағын оқыту әдістемесіндегі негізгі функциясының маңызына тоқталу қажет.

Екінші мәселе бойынша, үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері,

а) білімділік аспекті

а) дамытушылық аспект

а) тәрбиелік аспектілерінің өзіндік ерекшеліктерімен міндетін нақтылау жолдарымен тәсілдеріне назар аударуға үйрену дағдыларын қалыптастырудың тәсілдеріне тоқталу керек.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

3. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989,9 б, 40-43 б.



Өзіндік жеке тапсырмалар:

1. Үш бағыттағы дидактикалық мақсатты құрастыру (5;6 сыны оқулығына сүйене отырып).

2. Қойылған мақсаттарды сараптау (оқулық материалдарын қолданып) және сабақтың түрін талдай отырып.
Семинар №-9 Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар

Негізгі түсінктер: Сабақ; сабақтың этаптары; сабақтың түрі; типі; семинар – сабағы; дәріс – сабағы: диспут – сабағы; сот - сабағы; технологилық карта; сабақтың жоспарлық конспекті.

Мақсаты : Сабақтың маңыздылығы мен қажеттілігін студенттерге жеткізу. Сабақтың – негізгі білім беру формасы екенін түсіндіру.

Жоспар :

1. Тарих сабағына қойылатын талаптар

2. Тарих сабағының түрлері

3. Жаңа сабақтар түрі

4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтың – мектепте негізгі білім беретін ұйымдастырушы формасына тоқталу керек. Сабаққа қойылатын талаптармен сабақтың – үш бағыттығы мақсаттарына түсінік беру қажет. Сабақтың құрал-жабдықтары. Жоспар. Екінші мәселе бойынша, сабақтың түрі типі. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Күнделікті жоспар. Үшінші мәселе бойынша, жаңа сабақ түрлері т.б. негізгі оқыту процесінің элементтеріне жеке – жеке тоқталу арқылы функциялық маңыздарын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша талдап беру қажет. Төртінші мәселе бойынша, мұғалімнің сабаққа дайындығының оқыту талаптарына сай деңгейлігін талдау.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 10-11 Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау.

Негізгі түсініктер: білім бағалау жүйесі; күнделікті баға; қорытынды баға; саралық баға.

Мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру барысында әділетті мінездемелік баға қоюға үйрету. Баға түрлерімен таныстыру. Білімді бағалаудағы мұғалімнің эстетикалық әдебі мен педагогикалық принцптерді ұстануға баулу.
Жоспар :

1. Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексерудің мақсаты мен міндеті.

2. Бағалау жүйесі.

3. Сұрақтардың түрі.

4. Баға түрі, критериилер.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылардың білімін бағалаудың мақсаты мен міндеттерін әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып талдау. Екінші мәселе бойынша, оқшылардың – тарихи заңдылықтармен тарихи терминологияның меңгеруін тексеру. Оқушылардың тарихи білімінің тереңділігін жүйелендіру. Үшінші мәселе бойынша, білімді тексеру түрлері: ауызша; жазбаша; қорытынды; компьютерлік түрі және т.б. Білімді тексеру мен бекіту. Қорытынды білім тексеру жүйесі: тоқсандық; жарты жылдық; жылдық. Емтиханға дайындық. Емтиханға дайындық. Емтихан нәтижелерінің бағаларының білімдік көрсеткіштерін есептеу арқылы сапалық үлгерімдерін анықтау жолдарының тәсілдерін меңгерудің жолдарын үйрену. Төртінші мәселе бойынша, баға түрімен білімді бағалаудың критериилерімен педагогтік принцп мәселелері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне нақты мысалдар беру арқылы талқыға салу.
Өзіндік тапсырмалар:

1. Үй тапсырмасын тексерудің түрлерін көрсету (карточка; ауызша; тест; т.б.).

2. Баға критериилерін қарастыру.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 12 Тарих сабағынан тыс жұмыстар.

Негізгі түсініктер : сабақтан тыс жұмыстар; өлкетану жұмысы; экскурсия; олимпиада; тарихи кеш.

Мақсаты : Студенттердің сабақтан тыс уақытта оқушыларды тарихқа үйрету тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Жоспар :

1. Сабақтан тыс тарихи жұмыстардың негізгі ерекшелігі (сабақтан айырмашылығы).

2. Оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролі.

3. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері.


Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың оқушыларға қажеттілігімен тарихи білімге деген қызығушылықты арттыру жолдарының тәсілдеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролімен тарихи танымдық маңызын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйеніп дәлелдеу қажет. Үшінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың түрлеріне мінездеме беру қажает. Өлкетану жұмыстары. Тарихи кештер мен тарихи ұйымдарды жүргізу. Тарихи олимпиадалар. Тарихи ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың әдістеріне тоқталып, қамтып кету қажет.
Әдебиет :

1. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1

2. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1

3. Толеубаев К.М. 10-11 сыныптар үшін «тәрбие сағаттарын өткізу». «Қазақ тарихы», А. 1998 ж № 13

4 . Құсайынов Р. «Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті қандай болуы керек», Қазақстан мектебі, 1991 № 12 3-5 бет.
Семинар № 13 Тарих мұғалімі

Негізгі түсініктер: маманданған талаптар; мұғалімге жеке тұлғалық талаптар; педагогикалық еңбек; педагогикалық шеберлік; біліктік.

Мақсаты: тарих мұғалімінің мінездемесі. Жалпы қойылатын талаптар. Тарих мұғалімінің мамандық қасиеттерін қалыптастыру жолдары.

Жоспар :

1. Педагогикалық еңбектің структуралық мінездемесі:

а)Құрама компонет;

б)Жорамалды компонент;

с)Сараптамалы компонент;

д)Ақпаратты компонент;

е)Ұйымдастырушы компонент;

ф)Байланыс компоненті.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, педагогикалық еңбектің структуралық мінездемесі:

а)Құрама компонет;

б)Жорамалды компонент;

с)Сараптамалы компонент;

д)Ақпаратты компонент;

е)Ұйымдастырушы компонент;

ф)Байланыс компоненті;

Аталған алты компанентің әр қайсысына жеке – жеке әдіскер – тарихшылардың тә-жірибелерімен еңбектерінің негізінде нақты мысалдар келтіріп, жауап берумен қатар мә-селеге қатысты өзіңнің пікіріңді білдіре кеткен жөн.


Семинар №14 Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

Мақсаты:Қазақстандық отаншылдыққа,ұлтжандылыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу.Қазақстандағы барлық халықттарды достық қатынасқа тәрбиелеу.

Жоспар:

1.Бүгінгі оқушы ертеңгі маман

2.Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары

3.Оқушылардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастырудағы қоғамдық пәндердің ролі


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сон-дықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толык пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталу.

Екінші мәселе бойынша, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.

Үшінші мәселе бойынша, жастар-қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді» – деген ұлағатты сөздердің мәнін аша оты-рып, тарих пәнінің тәрбиелеушілік мол мүмкіндігінің әдіс-тәсілдерінің озық тәжірибеле-рін таңдаудың жолдарын ұсына отырып, өз пікіріңді білдіре кету жөн.
Әдебиет:

1. Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие. № 8.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.

2. Ө.И.Исенов .Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб

3. «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

4. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

5. Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов. Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

6. Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб
Семинар № 15 Сабақты талдау.

Мақсаты: Сабақты талдауға үйрету, өзіндік талдау жасай білу.

Жоспар:

1. Педагогикалық сараптама функциясы мен түсінік түрі

2. Педагогикалық сараптаманың түрлері.

3. Сараптама әдісі.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, педагогикалық сараптама функциясы мен түсінік түріне тоқталып кету қажет. Екінші мәселе бойынша, педагогикалық сараптаманың түрлерін анықтап оларға сипаттама беру керек. Үшінші мәселе бойынша, сараптама әдісі бойынша Әбдіғұлова Бағлан Қапарқызы сияқты әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып,сараптама әдісі оған қойылатын талаптар мен жаднамалар хақында түсінік берумен қатар мәселеге қатысты өз пікіріңді білдірген де жөн.
Әдебиет :

1. Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

3. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1


Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша мултьимедиялар:
Видеокассеталар:

1. Овчинникова В.И. «Продуктивное обучения» 70 мин.

2. Артемова Е.И. «Модульное обучения на уроках истории» 45 мин.
Компьютерлік оқулық:

1. Қазақстан тарихы 2 бөлім


Практикалық сабақ:

1. 5-7 сыныптағы аралас сабақтың 1,2 этапын талдау.

2. Жоғарғы сыныпта өткізілетін сабақ түрлерін талдау.

3. Жаңа сабақ түрін дайындау.



Негізгі әдебиеттер:

1.М. Қозыбаев, т.б. Қазақстан тарихы. 9 сынып. Алматы «Мектеп»2005,-248 бет.

2. Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

3.Тұрлығұлов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984.

4. Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

5. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1

6. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабороторным занятиям по методике преподования истории казахстана, Алматы,1997.

7. Аманжалов Қ. «Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиет пайдалану», Алматы, 1971 8. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987. № 1

9. Қасымбаев Ж.К. «Тарихты талғаммен оқыт».//«Ленин жас», 1990. 18 қазан.

10. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989,9 б, 40-43 б.


Қосымша әдебиеттер:

11. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.

12. Толеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студентінің оқу тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама.// Алматы, 1997.

13. Сарсекеев Б.С. «Задания для самостаятельной работы учашихся по истории Казахстана», Алматы, 1991.

14. Толеубаева К. М. Отаншылдық рухы әлсіремесін десек.//Қазақ тарихы, Алматы, 1998., № 2.

15. Толеубаева К. М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу, «Қазақ тарихы», Алматы, 1998. №3.

17.А.А. Бейсенбаева. Пәнаралық байланыс негізінде оқу працесін ұйымдастыру. Алматы,1995,-117бет.

18.А.А. Бейсенбаева. Мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пән аралық байланыс. Алматы, 1991,-16 бет.

19.Н.А. Оразақынова. Пәнаралық байланыс оқу- тәрбие жұмысын жетлдірудің бір жолы. Кандидаттық диссертация. Алматы,1993.

20.Ж.Қасымбаев. Қазақстан тарихы.8- сынып.Алматы «Мектеп»,2004,-248 бет.

22.Г. Шолпанқұлова. Пәнаралық байланыс негізінде оқыту тиімділігі.//Ұлағат.2002,№6, 17-18 бет.

23.Г. Шолпанқұлова. Педагогика ғылымында пәнаралық байланыс дамуының теориялық негізі.// Ұлт тағылымы. 2005,№3,102-106 бет.

24.Е. Әуелбеков. Пәнаралық байланыс және оқушылардың дүниетанымы.// Қазақстан мектебі. 2004,№2,49-51 бет.

25.І.Есенберлин. Көшпенділер. Алматы «Атамұра»,2003.

26.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясының материялдары.//Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

27.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. //Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб

28.Ө.И.Исенов . Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб

«Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

29.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

30.Ө.И.Исенов .Орыс патшасының қазақтарды "сауаттандыру қамқорлығы" саясатының тарихи мәні (XVIII ғ. II жартысы). //Материалы республиканской научно-практической конференции. "Творческое наследие Ахмета Байтурсынова и современность" посвященная 130 летию со дня рождения А.

31.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » //Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

32. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.

32.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

33.Т. Хазіретәлі Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары.// №3.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.

34.Е.Қайкенов. Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.//№ 8 . 2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 бб.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті



Тарихты оқыту әдістемесі

пәні бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы



(SILLABUS)
050114 “Тарих” мамандығы
оқыту формасы – күндізгі

кредит саны – 3 (135 сағат)

Қостанай 2009



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет