Тас ғасыры (Б. зд 2 млн б. з д 3м ж)



жүктеу 40.94 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі40.94 Kb.
: 2ACE8FABA1113980
2ACE8FABA1113980 -> Халықаралық спид-ке қарсы күрес күні
2ACE8FABA1113980 -> Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары
2ACE8FABA1113980 -> -
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың тақырыбы: 10 саны. 10 санын жазу Сабақтың мақсаты
2ACE8FABA1113980 -> Үйірмелердің іс-қағаздарының жүргізілуін бақылау. 2010-2011 о ж
2ACE8FABA1113980 -> Сабақ көрнекілігі: Кроссворд, плакаттар Сабақ түрі: Дәстүрлі Сабақ әдісі: Пікірлесіп-түсіндіру
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың тақырыбы: «Допты әріптесіне беру»
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың түрі: Пікірталас. Көрнекілігі: Слайд-шоу. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе жердің көркі»
Тас ғасыры

(Б.зд 2 млн.-б.з.д 3м.ж)

1. Палеолит (б.з.д 2 млн-б.з.д12 м.ж ежелгі палеолит, орта палеолит, кейінгі палеолит):

Ежелгі палеолит (б.з.д 2 млн-140 м.ж)

Орта палеолит (мустьер кезеңі ) б.з.д 140-40 м.ж

Кейінгі палеолит (б.з.д. 40-12 м.ж)



2. Мезолит. (б.з.д. 12-5 м.ж)

3. Неолит. (б.з.д. 5-3 м.ж)
1938-ж Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар баланың сүйегі табылған. Оның бет әлпетін антрополог М.Герасимов қалпына келтірген.

1958-ж археолог Х.А.Алпысбаев Тараз қаласының маңындағы Қаратау жотасынан тас ғасыры адамдарының тұрақтарын тапты.



Ежелгі палеолит. (б.з.д 2 млн-140 м.ж)

Қазақстан жеріндегі алғашқы адамның іздері ерте палеолитке жатады (800-140 м.ж бұрын). Ежелгі адамның тұрақтарына қарай отырып, оның питекантроп және синантроппен замандас болғанын анықтады. Ежелгі адамдар тобыр болып өмір сүрген.

Еңбек құралдарын жасау үшін шақпақ тасты, кварцит, тақтатас пайдаланған.

Шабақты, Бөріқазғаннан 5000-нан аса құралдар табылған.

Қарасу тұрағынан 15 мыңға жуық зат табылған.

Тас құралдар:



Чоппер-кескіш құрал. Чоплинг. Қол шапқы.

Орта палеолит. (мустьер кезеңі ) б.з.д 140-40 м.ж

Ауа-райы суиды. Страустар өлді. Мустьер кезеңінде өзендердің қазіргі аңғарлары қалыптасады.

Мустьер кезеңінде от жаға алды. Баспана тұрғызды. діни-наным қалыптаса бастады.. Тәсілі – нуклеустік. Қырғыш негізгі құрал. Мустьер дәуірінің адамдары неандертальдықтар. Мустерьліктер өлген адамның аяғын бүгіп бір қырымен жерлеген.

1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандертальдық бала табылған.

Археологиялық ескерткіштер: Топалы шатқалы, Қызылрысбек тұрағы (Оңт.Қаз); Арыстанды, Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ; Үшбұлақ, Обалысай (Жез); Мұзбел (Сарысу өзені); Қанай

Кейінгі палеолит. (б.з.д. 40-12 м.ж)

Адамзаттың тарап қоныстанған, нәсілдердің құрылған кезеңі.. Адамдары-кроманьон. Аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Тасты түзету (ретушь) арқылы өңдейтін болды. Болас пайдаланылды Мамонттар мен мүйізтұмсықтар басым болды. Бурет тұрағын тапқан. Үңгірге суреттер салды. Тайпаның пірі әйел-ананың мүсінін жасады.

Ескерткіштер: Ащысай (Шолаққорған). Үшінші Қарабас тұрағынан (Орт.Қаз)172 порфириттен жасалған заттар. Батпақ (Орт.Қаз).

Мезолит. (б.з.д. 12-5 м.ж)

Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанда аз табылған. Мұздықтар ериді. Мамонттар өледі. Садақпен, бумеранг ойлап табылды. Уланған және өртегіш жебелер пайдаланылды. Балық аулау жақсы дамыды. Аулау құралдары мен қайық пайдаланылды. Адамдар Еуропа, Азия, Америка құрлықтарын игерді. Пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнатты.



Неолит. (б.з.д. 5-3 м.ж)

Аңшылық аз топтар мен жеке аңшылардың кәсібіне айналды. Мал шаруашылығымен және қарапайым егіншілікпен айналыса бастайды. Өндіруші шаруашылық пайда болды. Жабайы жануарларды қолға үйретеді. Адамдар азық қорын жинай бастады. Бұл неолит революциясы деп аталды. Тас өңдеу әдісі жетілдірілді. Тас өңдеудің жаңа әдістері пайда болды. Тас сыналар (микролиттер) жасайды. Өткір жебелі гарпундер пайда болды. Саз балшықтан қыш ыдыстар жасады (керамика), оған геометриялық өрнектер салды. Мата тоқып, киім тігіуді үйренді. Метал өңдеудің ең алғашқы әрекеттері басталды. Аналық ру пайда болды. Қауымдық меншік сақталды. Мәселелерді рулық кеңес шешті.

Неолит тұрақтары: Қазақстан жерінде 600-лен астам неолиттік және энолиттік ескерткіштер бар.

Сексеуіл тұрағы (Қызылорда) тұрғындары малшылар мен аңшылар болған. Ботай (Қостанай) мал сүйектері табылған. Железинка (Солт.Қаз) мәйітті өртеу болған.
Палеолиттегі ең көп тараған жануар мамонт. Орта палеолит мұз басты. Осы кезеңнен бастап өзендердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Кейінгі палеолитте жылылықты жақсы көретін жан-жануарлар жоғалды. Мезолитте ауа-райы күрт жылынып, мұздар еріді. Неолитте табиғат қазіргі бейнеде болды

Қола дәуірі (б.з,д II-I м.ж)

(мыс+қалайы=қола)

Қола дәуірінің ерекшеліктері:

-Рулық қатынастар ыдырап, тайпалық бірлестіктер құрылды.

-Алғаш рет адамдар түсті металдар мен алтынды игеруді үйренді.

-Үй жануарларының саны және түрі көбейгендіктен, шаруашылықтың жаңа саласы көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.

-Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі нәтижесінде, еңбек бөлінісі пайда болды.

-Ауыр еңбекті қажет ететін шаруашылықтардың пайда болуы нәтижесінде, аналық рулық қатынасытың орнына аталық рулық қатынас орнады.

-Жеке меншік пайда болып, әлеуметтік теңсіздік пайда болды.

Қола дәуірінің негізгі мәдениеті - Андронов мәдениеті және Беғазы-Дәндібай (Орт.Қаз). 1914 ж Оңт.Сібірдегі Ачинск қаласы маңынан Андронов селосынан табылған. Андронов мәдениетінің негізгі орталығы-Орт.Қаз. Бұл жерден 30 аса қоныстар мен 150 ден аса қорымдар табылған.

Ескерткіш орындары:

Арқайым қонысы (Қостанай).

Шикі кірпіштен салынған Түгіскен кесенесі (Сырдарияның төменгі сағасы).

Тамғалы қонысы. петроглифтер табылған.

Алексеевка қонысы. (Қостанай).

Қола дәуірі 3 кезеңге бөлінеді:

ерте-б.з.дXVIII-XVI; орта-б.з.дXV-XVII; кейінгі-б.з.дXII-VIII



«Теселі егіншілік» дамыды. Біртіндеп мал шаруашылығы басты орынға шықты. Негізінен сиыр мен жылқы өсірді. Түйе бактриан өсірген. Мал өнімдерінен жасалған бұйымдар Атасу, Қанай, Алексеевка қоныстарынан көп табылған.

Қола дәуіріндегі табиғат қазіргі кезеңдегідей болған.

Қыш ыдыстар жасау дамыды,оны көбінесе әйелдер жасаған. Оның шикізаты балшық болды. Әр түрлі геометриялық суреттер салды.

Балқыту пештері болған (Атасу, Суықбұлақ, Қанай).



Тоқыма кәсібі дамыды. Киім: теріден тігілген құлақшын б.з.д II м.ж-да зергерлік өнер

Діні және өнері

Адамдар табиғат күштеріне табынған және андроновтықтарда өлген адамның рухына табыну болған. Андронов мәдениетінің ерте кезінде өлікті өртеген. Бұл оттың культіне байланысты. Кейіннен өлікті жерлеу дәстүрі болған. Өлікті жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік батысқа қаратқан. Өліктің қол-аяғын бүгіп жатқызған. Ошақ қасиетті саналған.

Құдайлары: Күн құдайы- Митра; От құдайы- Агни; Өлім құдайы-Яма;



Тасқа салынған суреттер (петроглифтер): Таңбалы, Ешкіөлмес жерлерінен табылған. Суреттерде белгіленген бейнелер:жабайы бұқа; күнбасты адамдар,екі аяқты арба, қос өркешті түйе (түйе ежелгі ирандақтарда соғыс және жеңіс құдайы-Веретрагна; үнділіктерде – күн күркірету мен найзағай құдайы-Индраның бейнесі болып табылған).



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет