Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана



жүктеу 26.92 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі26.92 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> sir
sir -> Шағырлой ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 751 Кітап берілімі: 15100 дана
sir -> Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 515 Кітап берілімі: 10276 дана
sir -> Оқырман саны: 752 Кітап берілімі: 8907 дана. Кітап қоры: 200025 дана
sir -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
sir -> Оқырман саны: 850 Кітап берілімі: 13069 дана. Кітап қоры: 16465 дана
sir -> Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 271 Кітап берілімі: 5361 дана
sir -> Аудандық балалар кітапханасы шежіресі Оқырман саны: 1912 Кітап берілімі: 43034 дана
sir -> Көздіғара ауылдық кітапхана шежіресі
sir -> Талдыбұлақ ауыл кітапхана шежіресі Оқырман саны: 650 Кітап берілімі: 16171 дана
sir -> Оқырман саны: 185 Кітап берілімі: 4708 дана. Кітап қоры: 7293 дана
Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 527

Кітап берілімі: 6155 дана.60-70 016

Кітап қоры: 12480 дана.

Елтай ауылдық округінде Тасқұдық елді мекені және Алатау елді мекені бар. Окргуте барлығы 164 тұрғын үй, 900 тұрғын бар.

Елтай ауылдық округі әкідігінің кеңсесінің ішінде мемлекеттік қызметкерлердің бөлемелерінен басқа ауылдық байланыс торабы бөлмесі, пошта мекемесі,учаскелік полиция қызметкерлерінің бөлмелері орналасқан.

Тасқұдық орта мектебінде бүгінгі күні 130 оқушы білім алып, 25 ұстаз білім беру жолында еңбек етуде. Осы мектепке қарасты мектеп жанынан мектеп-балабақшасы жұмыс істейді. Мектеп-балабақшасында 18 бала тәрбиеленіп, 6 қызметкер еңбек етуде.

Сондай-ақ Тасқұдық ауылында ауылдық аурухана жұмыс істейді.

Тасқұдық ауылдық кітапханасы ауыл ішінде ауылдық клубтың бір жақ жанында орналасқан.

1966-1968 жылдар аралығында Роза Вали қызы кітапханашы болып жұмыс атқарды.

1968-1972ж Сариева Жаңыл кітапханашы болып жұмыс атқарды.

1970-1971 жылдары жаңа типтік мәдениет үйі салынып,сол мәдениет үйінің ішінен кітапханаға орын берілді.

1972 жылдың қараша айында Тасқұдық ауылдық кітапханасы Ақтөбе мәдениет- ағарту училищесін бітіріп келген,кітапхана ісінің маманы Аманғалиева Қазира Төлеуқызы кітапханашы болып еңбек етті.Жаңа типпен салынған кең де, жарық кітапханада 8 мыңға жуық кітап қоры,600-ге тарта оқырман болды. Үш жерде көшпелі кітапхана қызмет көрсетті.Айына екі рет диханшылар, малшылар бригадасына шығып,әр түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрды.1980 жылдан кітапханаға орталықтандырылғын кітапхана жүйесіне ауыстырылды. Кітап қорында ескі кітап қорынан шығарылып,заман талабына сай жаңа әдебиеттермен толықтырылды.

1980-1985 жылдар аралығында кітапханада оқырмандар саны берілген жоспардан артығымен орындалып кітапханашы Қ.Аманғалиева «Үлгілі кітапханашы» атағын жеңіп алды.

1984-1985 жылдар аралығында Алатау,Тінәлі кітапханалары заман талабына сай жабылып,орталықта бір ғана кітапхана жұмыс жасады.

1996-1998 жылдар аралығында салауатты өмірді насихаттау бағытында өткен аудан орталығындағы конкурсқа «Қарттарым-алтын қазынам» атты аталар мен әжелер сайысына Молдагериев Орынғали мен Карменова Роза қатысып,аудан бойынша 8-шаруашылықтан қатысып,солардың ішінен І-ші орынға ие болды.

1999 жылы шілде айында өткен «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылының құрметіне өткізілген ақындар мүшайрасына Ойшыбаева Айнагүл қатынасып, ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

1999 жылдың тамыз айында кітапханашы Аманғалиева Қазира 33жыл кітапханашы болып бір салада еңбек етіп, білім қазынасы кітапханашы халық арасында насихаттап, халыққа мәдени қызмет көрсетуде қол жетістіктері мен табыстары үшін облыстық мәдени басқарманың құрмет грамотасымен марапатталды.

1999 жылдың қыркүйек айында Тасқұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып Ойшыбаева Айнагүл тағайындалды. 2001ж қараша айында Тасқұдық ауылдық кітапханашысы болып Ибрашева Гүлмира қызмет істеді. Кітап қоры-11302 дана кітап.

2003 жылы Ибрашева Гүлмира өз мамандығы бойынша жұмысқа ауысуына байланысты кітапханашы болып Акмулдиева Махаббат еңбек етті.Қазіргі кезде кітап қоры 11961 кітап,оқырман саны-440 оқырман.

2005 жылы Акмулдиева Махаббат әкімшілік жұмысқа ауысуына байланысты, кітапханашы болып, 2006жылы Джаналиева Зайда Серікқызы қызмет етті.Кітап қоры 12018,оқырман саны 570.Оқырмандарды кітапханаға тарту бағытында көптеген іс шаралар өткізілді. Солардың бірі, Тіл мерекесіне «Тілге құрмет-елге құрмет», «Ертегілер мерекесі», «Кітап- біздің досымыз», «Сағындырған көктем-ай»атты іс –шаралар аудандық «Қайнар» газетінде шығуда.Сондай-ақ Алатау елді мекеніне көшпелі кітапханалық қызмет көрсетуде.2007 жылы Жаналиева Зайда өз мамандығы бойынша мектепке ауысуына байланысты мектеп оқытушысы болып ауысып,орнына Есенжанова Айша Есмырзақызы кітапханашылық қызметке тағайындалды. Кітап қоры 12532.оқырман саны 570.Оқырмандармен кітапханаға тарту мақсатында жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп жүр.



Кітапханадағы қызықты кештерден көріністер



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет