Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама



жүктеу 76.52 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі76.52 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
cont -> Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама

Қазақстан Республикасы «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі- Заң) сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су жолы, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.

1. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жолаушыларды және олардың мүлкін, сақтанушы (тасымалдаушы) және сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) арасында, сақтандыру полисін тапсыруымен жасалған шарт (бұдан әрі –Шарт) негізінде тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша сақтандырылуға жатады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті саќтандыру шартын жасамаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына жол берілмейді.

     Сақтандыру ұйымының міндетті шарт жасасудан бас тартқан үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 175-бабы талаптарымен әкімшілік жауапкершілік көзделген.

2. Шарт жасасқан кезде тасымалдаушы сақтандырушыға, Заң талаптарына сәйкес, шартқа енгізу үшін мәліметтер беруге, Шартпен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндетті Сақтандыру сыйлық ақысын төлемеуі немесе дер кезінде төлемеуі, тасымалдаушының басқа міндеттерін орындамағаны Шарттың жарамсыз болуына әкеледі.

3. Тасымалдау барысында жолаушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкерішілігінің болу факты тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болып анықталады.

4. Шарт жәбірленуші деп анықталған барлық жолаушыларға қатысты қолданылады. Яғни Шарт бойынша жәбірленуші (оның қаза болған жағдайында – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленуші қаза табуына байланысты зиянды өтеуге құқылы тұлға) пайда алушы болып табылады.

5. Тасымалдаушы дереу, бірақ сақтандыру жағдайы басталғаны туралы мәлімделген күннен үш жұмыс күнінен асырмай, ол туралы сақтандырушыны қол жеткен тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабардар етуге міндетті. Ауызша берілген хабарлама кейіннен (72 сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс. Егер сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болмаса сақтандырушыны хабардар ету міндеті сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) себепті жағдайлармен аталған әрекеттерді орындауға мүмкіндігі болмаса, ол оны құжатпен куәландыруға тиісті.

6. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушы мыналар үшін міндетті:

– ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қол жетімді және ақылға қонымды шаралар қабылдауға, оның ішінде жәбірленген адамдарға көмек көрсету және мүлкін құтқару бойынша шаралар қолдануға.

– құзыретіне орай тиісті органдарға (жол полициясының бөлімшелеріне, ішкі істер органдарына, өртке қарсы қызметі органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтеріне) хабарлауға;

– көліктегі сақтандыру жағдай туралы кесім жасау;

– сақтандыру жағдайының басталғанына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз ету.

Осы міндеттер, сақтандыру кесімін жасаудан басқа, сақтандыру жағдайы басталған сәтте көлікті жүргізген тұлғаға жүктеледі.

7. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушы мен жәбірленуші құқылы:

– денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиян мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы қызметін пайдалануға;

- сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған, келтірілген зиян мөлшерін бағалаудың қорытындыларымен және сақтандыру төлем мөлшерінің есебімен танысуға;

– Заңмен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру төлемін алуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, сақтандырушының сақтандыру төлеуден бас тартуы немесе оның мөлшерін азайту жөніндегі шешімін даулауға.

Жәбірленуші сақтанушының мынадай міндеттерін жүзеге асыруға құқылы:

– сақтанушы (сақтандырылушы) жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдаған кезде сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;

– сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, сақтанушымен (сақтандырылушымен) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған сақтандырушыға табыстауға;

– тасымалдаушыға келтірілген зиян мөлшерінің алынған сақтандыру төлемінен асқан мөлшерінде келтірілген зиянды өтеуге талап қою.

Жәбірленушінің құқықтары басқа тұлғаларға – пайда алушыларға ауысуы мүмкін.

8. Сақтандыру төлемін алу жөніндегі талап сақтандырушыға жазбаша нысанда келесі құжаттармен қоса ұсынылады:

– сақтандыру полисі (оның дубликаты);

– сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиян мөлшерін растайтын құжат;

– көліктегі сақтандыру жағдайы туралы тасымалдаушы жасаған кесім;

– жолаушыға билет берген жағдайда – жол жүру билеті немесе оны алмастыратын құжат (билеттерді сату ведомосының немесе билет түбіртегінің тасымалдаушы растатқан көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ресімделген куә айғақтары;

– жәбірленушіге еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасы- ның немесе мамандырылған мекемелердің мүгедектік белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі – ол белгіленген жағдайда;

– жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариатта куәландырған көшірмесі және пайда алушының зиянды өтеу құқығын растайтын құжат (көшірмесі)- жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;

– жәбірленушінің жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің тізбесі – мүлікке зиян келтірілген жағдайда.

9. Сақтандырушының, атап айтқанда жәбірленушіден, басқа да қосымша құжаттарды талап етуіне жол берілмейді. Жәбірленушіден құжаттарды қабылдаған сақтандырушы, ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және олардың қабылданған күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.

10. Сақтандырушы, сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама алған күннен бастап, жеті жұмыс күн ішінде келтірілген зиян мөлшерін анықтап, сақтандыру төлем мөлшерінің есебін көрсетуімен сақтандыру кесім жасауға және оны пайда алушыға таныстыру үшін ұсынуға міндетті.

Мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы, жасаған бағалаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жәбірленуші зиянның мөлшерін бағалау үшін басқа тәуелсіз сарапшыға жүгінуге құқылы. Бұл орайда, жәбірленуші шеккен шығындарды, егер жүргізілген бағалаудың негізділігі мен объективтілігін сақтандырушы мойындаса немесе сот белгілейтін болса, сақтандыру төлемінің жүзеге асырылғанына қарамастан, сақтандырушы өтеуге тиіс.

11. Заңнамамен белгіленген құжаттар тізілімінің соңғысы қабылданғаннан кейін және сақтандырушымен келтірілген зиян мөлшері анықталған соң, сақтандыру төлемі жеті жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Сақтандыру сомасы келтірілген зиянды толығымен өтеу үшін жеткіліксіз болса, тасымалдаушының өзі жәбірленушіге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмасын өтейді.

12. 2006 жылы 1030 теңгеге тең бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі айлық есептік көрсеткішпен мынаны құрайды:

1) теңіз және әуе тасымалы бойынша:

әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:

қайтыс болуға - 2 000;

мүгедектіктің I тобы белгіленсе - 1 600;

ІI тобы белгіленсе - 1 200;

ІII тобы белгіленсе - 800;

мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына – амбулаторлық және стационарлық емдеуге жұмсаған нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 200 аспауға тиіс. Бұл ретте, сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін 1,5 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс;

Әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – 250-ден аспайтын келтірілген зиян мөлшерінде.

2)Темір жол, ішкі су жолы және автомобиль тасымалы бойынша:

Әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірген зиян үшін және ол мыналарға әкеліп соқса:

қайтыс болуға - 1000;

мүгетектіктің I тобы белгіленсе - 800;

ІI тобы белгіленсе - 600;

ІII тобы белгіленсе - 400;

мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 200-ден аспауға тиісті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс;

Әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін- келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден аспауға тиіс.

13. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген, қайтыс болуына немесе мүгедектік белгіленуіне әкеп соққан зиян үшін сақтандыру төлемі осы жадынаманың 17 тармағында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің шекті мөлшерінде жүзеге асырылады.

14. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша франшиза бір сақтандыру жағдайы бойынша және әрбір жәбірленуші бойынша айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерін құрайды. Келтірген зиянның мөлшері белгіленген франшиза мөлшерінен асып кеткен жағдайларда, сақтандыру төлемі толық мөлшерде жүзеге асырылады.

Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі франшиза қолданылмай жүзеге асырылады.

15. Пайда алушы сақтандыру төлемі мөлшеріне дау айтқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемінің жеті жұмыс күн ішінде қарсылық білдірмеген бөлігін дереу жүзеге асыруға міндетті. Сақтандыру төлемінің дау айтылған бөлігін сақтандырушы, бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап, үш жұмыс күн ішінде, не, егер сот шешімді шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиісті.

16. Жоғарыда айтылғаннан басқа:

Сақтанушы құқылы:

1) сақтандырушыдан міндетті сақтандыру шарттың талаптарын түсіндіруді талап етуге;

2) сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға;

3) сақтандыру шартын мерзімнен бұрын тоқтатуға;

Сақтандырушы міндетті:

1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) тасымалдаушының жауапкершілік міндетті сақтандыру талаптарымен таныстыруға, Шарт бойынша оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

2) Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін беруге;

3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезде оны шұғыл түрде тіркеуге;

4) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру кезіндегі шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсалған шығындарды өтеуге;

5) сақтаныру құпиясын қамтамасыз етуге.



17. Сақтандыру төлемі дер кезінде төленбеген жағдайда сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353 бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

18. Даулы жағдайлар туындағанда, оның ішінде сақтандыру төлемі мәселесі бойынша сақтанушы (сақтандырылушы) және жәбірленушілер сақтандыру ұйымына, уәкілетті органға (ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне) және сот органдарына талап қоюымен жауапкер (сақтандыру ұйымы) тұрған жері бойынша жүгінуге құқылы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет