«Тауарлар экспорты және импорты кезінде тасымалдауға және сақтандыруға арналған шығыстар туралы кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын



жүктеу 37.16 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі37.16 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің



Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының

міндетін атқарушының

2010 жылғы 21желтоқсандағы №351

бұйрығына 46-қосымша

«Тауарлар экспорты және импорты кезінде тасымалдауға және сақтандыруға арналған шығыстар туралы кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7602204, индексі Сауалнама, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Тауарлар экспорты және импорты кезінде тасымалдауға және сақтандыруға арналған шығыстар туралы кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы» статистикалық нысанын (коды 7602204, индексі Сауалнама, кезеңділігі жылдық) толтырудың тәртібін нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар және методологиялық түсініктемелер осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

1) ФОБ (FOB – Free On Board) – «Франко Борт» жеткізу шарты;

2) ДАФ (DAF – Delivered At Frontier) – «шекараға дейін жеткізу»;

3) СИФ (CIF – Cost, Insurance and Freight) – «құн, сақтандыру, фрахт»;

4) СИП(CIP – Carriage and Insurance Paid to) «фрахт (тасымалдау) және сақтандыруға дейін төленген»;

5) ФОБ бағасындағы тауар құны – кеден шекарасында экспорттаушы елдің тауар экспортының құны (экспорттаушы елдің шекараға дейін тасымалдау және сақтандыру бойынша шығыстарын қосады);

6) СИФ бағасындағы тауар құны – кеден шекарасында импорттаушы елдің тауар экспортының құны (экспорттаушы елдің шекарасынан импорттаушы елдің шекарасына дейін тасымалдау және сақтандыру бойынша шығыстарын қосады).


Бұл зерттеу елдің төлем балансының жекелеген баптарын қалыптастыру мақсатында сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде жүктерді тасымалдау мен сақтандырудың құнын сипаттайтын орташа көрсеткіштерді айқындауға арналған.


А бөлігіне қатысты кәсіпорын тауар номенклатурасы түрлері бойынша есепті жылы нақты экспорттаған (импорттаған) тауарлардың құндық көлемін көрсетеді.

Б және В бөліктерінің 1-бағанында келісімшартта көрсетілген экспортталатын (импортталатын) тауардың атауы көрсетіледі.

Б және В бөліктерінің 2-бағанында жүк-кеден декларациясында (ЖКД) көрсетілген экспортталатын (импортталатын) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтердің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) коды қойылады.

Б және В бөліктерінің 3-бағанында жеткізу пунктін көрсете отырып, келісімшартқа сәйкес жеткізу талаптары көрсетіледі, мысалы: Санкт-Петербург ФОБ-ы.

Б және В бөліктерінің 4-бағанында жасалған келісімшартқа сәйкес экспортталатын (импортталатын) тауардың жалпы құны көрсетіледі. Б және В бөліктерінің 5-14-бағандарында есепті кезеңде нақты жүргізілген операциялар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Б және В бөліктерінің 5-бағанында өткен жылы экспортқа тиеп жөнелтілген (импорт бойынша алынған) тауардың келісімшарт құны көрсетіледі. Есепті жылы жасалған келісімшарттар толық орындалған жағдайда 4-баған бойынша деректер 5-бағанның деректеріне сәйкес келуі керек.

Б және В бөліктерінің 6-бағанында Қазақстан Республикасының шекарасында тиеп жөнелтілген (алынған) тауардың құны, яғни Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдауды және сақтандыруды есепке ала отырып көрсетіледі. (ФОБ қазақстандық порт немесе Қазақстан Республикасы шекарасының ДАФ-ы – тауарлар экспорты кезінде) қазақстандық порт СИФ-і немесе Қазақстан Республикасы шекарасының СИП-тауарлар импорты кезеңінде).

Б бөлігінің 7-бағанында тауар жеткізілетін ақырғы межелі пункт (ел (қала)) көрсетіледі. Соңғы межелі орын келісімшартта көрсетілген жеткізу пунктіне сәйкес келмеуі мүмкін. В бөлігінің 7-бағанында бастапқы тиеп жөнелту пункті көрсетіледі (тауар жеткізілетін ел(қала)).



Б және В бөліктерінің 8-12-бағандарында жүктерді тасымалдаудың құны, осы шығыстарды кімнің төлегеніне қарамастан (респонденттің немесе респондент әріптесінің келісімшарты бойынша), тасымалдау кезінде пайдаланылған көлік түрлері бойынша шығыстар көрсетіледі. Нақты деректер болмаған жағдайда жүкті ақырғы межелі пунктке дейін жеткізуді (экспорт кезінде) немесе бастапқы тиеп жөнелту пунктінен жіберуді(импорт кезінде), жүкті тасымалдауға арналған шығыстардың болжамды сомасын көрсете отырып, тасымалдау құны бойынша сараптамалық бағалау жүргізіледі.

Б және В бөліктерінің 13-бағанында қазақстандық тасымалдаушылар жүзеге асырған (бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты келетін орны бар шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын қоса алғанда), 8-бағанда көрсетілген тасымалдаудың жалпы құнынан бөліп көрсетілген жүктерді тасымалдау құны (нақты немесе болжамды) көрсетіледі. Б және В бөліктерінің 14-бағанында респондент немесе келісімшарт бойынша респонденттің әріптесі төлеген жүктерді сақтандыру құны көрсетіледі. Нақты деректер болмаған жағдайда жүкті ақырғы межелі пунктке дейін жеткізуді (экспорт кезінде) немесе бастапқы тиеп жөнелту пунктінен жіберуді (импорт кезінде), жүкті сақтандыруға арналған шығыстардың болжамды сомасын көрсете отырып, сақтандыру құны бойынша сараптамалық бағалау жүргізіледі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет