Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»



жүктеу 78.6 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі78.6 Kb.
: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі
uploads -> Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»
Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы

«Таушық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы,мемлекеттік бағдарламалар, облыстық және аудандық әкімдіктердің іс-қимыл жоспарын және тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, атқарды.


Аппарат құрамы: ауылдық әкімшілікте 4 мемлекеттік қызметкер, 7 техникалық қызметкер жұмыс жасайды.
Таушық селосы бойынша халық саны жылдан жылға өсіп көбеюде. Бүгінгі статистикалық есеп бойынша селодағы тұрғындар саны былтырғымен салыстырғанда 50 адамға артып, 2836 - ға жетті. 2013 жылы 20 некеге отыру рәсімі тіркеліп, 110 сәби дүниеге келсе, 2014 жылы 29 некеге отыру рәсімі тіркеліп, 125 сәби дүниеге келді. «Алтын» алқа иегері 46 және «Күміс» алқа иегері 52.
Мемлекеттік қызмет көрсету:

-мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі:балабақша кезегіне тіркеу; малдәрігерлік паспорттар мен анықтамалардың есебін жүргізу; жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтамалар беру.

2014 жылдың қорытындысы бойынша 128 бала балабақша кезегіне тіркеліп, 3867 ветеринарлық паспорт, 2 жеке қосалқы шаруашылығы бары жөнінде анықтама берілді.
-Ауыл әкімінің жеке қабылдауына 2 өтініш келіп түсті.1 өтінішке түсінік жұмысы жүргізіліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.
Білім беру саласы. Ауылда орта білім беретін бір мектеп-Шахта орта мектебі 2014 – 2015 оқу жылын 629 оқушымен бастады.

Өткен оқу жылын 99,4% - үлгеріммен, 46,8% - сапамен аяқтады. Үздіктер саны – 84 оқушы, екпінділер саны – 171 оқушы. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда үлгерім – 0,6 – ға кеміген, сапа – 2,8 ге артқан. Ал үздік оқушы саны – 5 оқушыға және екпінді оқушы саны – 12 оқушыға жоғарылаған.

Мектепте 32 сынып комплексі бар, барлығы 58 мұғалім дәріс береді.Мектеп кадрлармен толық қамтылған.

Ыстық тамақпен 158 оқушы қамтылған.

Жыл ішінде «Мектепке жол» акциясы өткізіліп,52 оқушы 686,0 мың теңгенің мектеп формасымен, құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Шахта орта мектебі бойынша 2013-2014 оқу жылында жалпы орта мектеп бітіруші түлектердің саны 38. ҰБТ ұпайы-73,1.Бұл көрсеткіш өткен 2013 жылғымен салыстырғанда -10,1%-ға артты. (2013 ж-63 ұпай)



«Айгүл» бала бақшасында қазіргі таңда 100 бүлдіршін тәрбиеленуде.38 қызметкер жұмыс жасайды. Балабақша кезегінде 168 арыз тіркелген,оның ішінде 3-6 жас аралығында 46 бала.Ауыл бойынша 0-6 жаста 554 бала бар. Балабақшамен 18% қамтылған.

2013 – 2014 оқу жылында 9 педагог өз білімін көтерді. Мемлекеттік білім сатысы оқуларына 4 педагог өз білімін көтерді. Біліктілікті арттыру курстарынан және қайта даярлаудан өткен педагогтар саны: 6

Балабақша кезегінде бала санының артуына байланысты жеке кәсіпкер А.Қосуақовқа ауыл ішінен 80 орындық жеке балабақша құрылысын салу үшін жер телімі берілді. Құрылыс материалдары түсіріліп жатыр. 2015 жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Денсаулық саласы бойынша ауылдық емханада 3 жоғары білімді дәрігер, 8 мейірбике қызмет көрсетеді.492-ден аса адам күндізгі емханада жатып тегін ем алып шықты. Ауылдық емхана 2010 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

2014 жылы барлығы 124 жүкті әйел босанып, 125 – сәби өмірге келді. Ана өлімі және бала өлімі болған жоқ. Осы жылы көктем айында емханаға «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүрмелі поезд келіп, 400 ауыл тұрғынына тегін қызмет көрсетіп кетті. Сонымен қатар жыл бойы әр – түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін дәрі – дәрмектер таратылып отырды.

Әр ай сайын мал ауылдар араланып, онда тұратын малшы отбасыларына дәрі – дәрмектер таратылып, екпе жұмыстары жүргізіліп отырылды.

Жеке кәсіпкер Б.Төлешовке медициналық пункт құрылысын салу үшін жер телімі берілді. Осы жылдың 1 жартыжылдығында қолданысқа беріледі.



Әлеуметтік сала. Жыл басында 83 адам жұмыссыздықта тіркеуде болды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында: «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының 1 жылдық жұмысында 12 адам; әлеуметтік жұмыс орындарында 4 адам; жастар іс-тәжірибесінде 12 адам, 6-айлық ақылы қоғамдық жұмыста 7 адам, әр түрлі жұмыстарда 26 адам, орталық саябақта 5 адам; жүн өңдеу цехында 6 адам, «жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 7 адам оқытылып, 3 адам жұмысқа тартылды.Барлығы 75 адам жұмыспен қамтылды.

Жазғы мезгілде жағдайы төмен 5 отбасының балалары «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмысқа тартылды. Шағала емдеу сауықтыру орталығына 3 әйел адам барып, демалып қайтты.

Жер қатынастары бойынша. Таушық селосында 2007 жылдан бері жеке тұрғын үй салу үшін 510 өтініш тіркелді.Тұрғын үй салуға жер телімін беру кезегін азайту мақсатында 465 тұрғын үйге бас жоспар жасақталды. Бүгінгі таңда тұрғын үйге жер беру мәселесі тоқтап тұр. Себебі, жер телімдеріне электр энергиясы толық тартылғанмен, газ желісі тартылған жоқ.Газ желісінің құрылысы биыл басталады.Газ желісін тарту үшін 150 153 000 теңге қаражат қарастырылды.Бүгінгі таңда 20 000 000 теңге бөлініп, 200-дәне бетон стойкалары дайындалды.Мердігер «СМК-4» ЖШС.

2014 жылғы қорытынды бойынша барлығы 25 шешім: оның ішінде кәсіпкерлік мақсатта 18 шешім, тұрғын үйге қосымша жер беру туралы 3 шешім, ЖСҚ жасақтауға 2 шешім, 2 мекемеге 2 шешім шығарылды.

Кәсіпкерлік саласы бойынша ауылда «Өркен» тігін шеберханасы және 13 –сауда нүктесі қызмет көрсетеді. Жеке кәсіпкер А.Медиманова 1,5 млн теңгені пайызсыз қайтару жөніндегі несиені жеңіп алды. «Кездесу» жерінде орналасқан «Казмунайгаз» АҚ газдың тұрақты бағасын- 37 теңгеден сатып келеді.Баға тұрақтылығын ұстау мақсатында тағам және газ бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Азық – түлік бағасы тұрғындарға қол жетімді бағамен сатылуда.

Ауыл орталығында салынған жиһаз цехы жұмысын бастап кетті. Халықтың сұранысына орай шкаф, шифонер, сандық, диван отырғышымен жасап шығарады. Жеке кәсіпкер Д.Телегусова шаштараз құрылысын аяқтап, 2 жұмысшыны жұмыспен қамтып, халыққа қызмет көрсетуде.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жылы 29 қарашада жүн өңдеу цехы ашылды. Жүн өнімдерін өңдейтін құрал – жабдықтар «Темірбанк» АҚ – нан 22,5 миллион теңге несиеге алынды. Халыққа қажетті бұйымдар, яғни киіз, көрпе сапалы дайындалып, арзан бағамен сатылуда.

Жеке кәсіпкер М.Буранкулова автокөлік жуатын және жөндейтін шеберхана ашып, 2 жұмысшы жұмысқа тартылды.

Ауыл ішіндегі бұралқы 85 бас иттер ауланып, атылды.

Мәдениет үйі жылдық жоспарға сәйкес 18 шара өткізді. Ақылы қызметтен 295,0 мың теңге пайда тапты.

Жыл ішінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сүмбілшаш» ауыл тұрғындарына арналған Наурыз мерекесінде «Абысын тату болса, ас көп» байқаулары көрермендер көңілінен шықты. Кітап мерекесіне арналған «Мен болашақ оқырманмын» атты мектеп оқушыларымен оқырмандар сайысы да өз дәрежесінде өтті.

Жастармен жұмыс бағытында еліміздің бас қаласы Астана қаласының 16 жылдық мерекесіне арналған «Арман қала – Астана!» атты концерт, «Таушығым – құт мекенім!» атты студент жастар кеші мазмұндылығымен есте қалып, жастардың белсенділігін көрсетті.

Биылғы жылы Таушық мәдениет үйі 7 аудандық байқауға қатысты. «Жігіт сұлтаны», «Жайдарман», «Жастардың көрме - жәрмеңкесі», «Сырлы әлем» мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы, «Шұбат», «Есірткісіз есті әлем», «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер». Оның ішінде 3 байқаудан І – орын алды.

2014 жылы тамыз айында Ата Заң мерекесі қарсаңында типтік жобадағы 200 орындық жаңа мәдениет үйінің ғимараты пайдалануға берілді.

Жаңа мәдениет үйінің ішінен кітапханаға 1 бөлме бөлініп берілді. Кітапханада 10000 дәне кітап қоры бар, оқырман саны- 800 - дей. Кітапханада оқушылар саны жылдан- жылға арта түсуде.



Ауылшаруашылық саласы бойынша ауылда «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС қызмет атқарады.

Құрамында 175 – тен астам жұмысшы қызмет жасайды.

Әр мереке сайын – 8 Наурыз, 22 Наурыз, 1 Маусым балаларды қорғау күні, мешітте өтетін діни мерекелер және өзге де селода өтетін шараларға материалдық көмек көрсетіліп отырады.Жеке тұлғаларға берілген қайырымдылық көмектер мен сый-сияпаттар-1 473 000 теңге, Жеңіс күніне- 50 000 теңге, ардагерлерді газет-журналға жазуға-32 000 теңге, «Мектепке жол» акциясы бойынша 120 000 теңге, спорттық шараларға-1 100 000 теңге, селолық емханаға-200 000 теңге, мәдениет үйі мен кітапханаға-473 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.

Шұбат өңдеу цехында 8 – 9 қызметкер жұмыс жасайды. Қәзіргі уақытта шұбат цехынан шұбаттар арнайы құтыға құйылып сатылады.

Наубайханада 1 – сортты ұннан пісірілген нанның бағасы тұрақты 55 теңгеден сатылып келеді.

Пошта саласы бойынша газет журналдар уақытында келіп, зейнетақылар, төлемдер мезгілінде таратылады. Барлық төлем түрлерін төлеу Казпочта арқылы жүзеге асырылып келеді. 37 – ардагер демеушілер арқылы газет – журналға тегін жаздырылды.Терминал жұмыс жасап тұр. Халық қолындағы карточкамен қолма-қол ақша алуды жүзеге асырып келеді.

Байланыс жүйесі бойынша ауыл байланысы цифрлі эфирлік байланысқа көшірілді. Ауыл бойынша 500- нүктелік АТС орнатылған. «Қазақтелеком» мекемесі арқылы интернетке қосылу мәселесі шешілді. Жеке үйлер, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлер интернетпен толық жұмыс жасауға толық мүмкіндік алды. Селода ұялы байланыс үздіксіз жұмыс жасауда. Теле – 2 байланысы іске қосылды. Ауыл ішіне 429 тұрғын үйге Отау ТВ каналы орнатылды.

Электр жүйесі бойынша Тұрғындарға электр энергиясын таратуда жыл ішінде ешқандай үзіліс болған жоқ. Кейбір трансформаторларға жөндеулер жүргізіліп, жан – жағы қоршалды. Нұрбаулы, Қ.Жұбайұлы, Т.Қағазов, С.Әбдірахманов, А.Тілеуұлы, Т.Балтабасұлы көшелері түнгі жарықпен қамтамасыз етілген. Түнгі көше жарықтары толықтай электр энергиясын үнемдейтін жарық шамдарына ауыстырылды. Тұрғын үйлердің көбеюіне орай ауыл шетіндегі трансформаторды Нұрбаулы көшесінің бойына орналастырып, алдағы уақытта тұрғындардың ток көзін қиындықсыз пайдалануына қолайлы жағдай жасалды. Бүгінгі таңда жаңа трансформатор орнатылып, 28 электр бағаналары ауыстырылды. Кейбір көшелерді жарықтандыру алдағы уақытқа жоспарланып отыр.

Санитарлық тазалық бойынша. Селода тазалық мәселесі ұдайы қадағаланып, әрбір көше, асфальт жол бойына белгіленген тұрақты адамдар өз учаскелері бойынша тазалық жұмыстарын атқарып келеді. Қордаланған 155 тонна қоқыс ауылдан 6 шақырым жердегі қатты қалдықтарды сақтайтын жерге өндірістік мекемелерден шақырылған техникалардың көмегімен төгілді. Бүгінгі таңда қатты қалдықтарды сақтайтын орынның ЖСҚ-сы жасақталуда.

Көгалдандыру бойынша Қ.Жұбайұлы көшесіне 120 түп ағаш отырғызылды. Күз айында отырғызылатын ағаштар орнының жан – жағына қоршау жұмыстары жүргізіліп, орындары дайындалу үстінде. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында орталық саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыртқы қоршаулары ауыстырылып, заман талабына сай орындықтар қойылып, жарықтандырылып, су тартылды.Бүгінгі таңда саябақтың өз қарауылы бар. Іші таза ұсталуда.

Ауыл ішінен 2 балалар ойын алаңы салынды.



Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселесі- село әкімдігі қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Жыл ішінде 5 қылмыстық оқиға тіркеліп, оның 3-уі ашылды. 7 адам ішімдік ішумен, 3 адам жанұялық жағдаймен, 1 адам наркологиялық жағдаймен тіркеліп, емделуге құжаттары жинақталуда.

Селода Ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды. Ауыл проблемаларын шешуге, әртүрлі шаралардың өтуіне ат салысып құзырлы мекемелермен билік органдарына ұсыныстармен шығып, ауылдастарының ортақ мүддесіне қызмет істеп келеді.16 қазан күні халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Денсаулық кепілі – спорт.

Наурыз айының 28 – 29 аралығында «Қазақстан Барысы» өткізілсе, мамыр айының 8 – 10 аралығында «Спорт – нашақорлыққа, терроризм мен экстремизге қарсы» Кикбоксингтен жарыс өткізілді.

Шілде айының 6 – жұлдызы Астана күні мерекесіне орай «Ауыл әкім кубогі - 2014» жүлдесіне арналған кіші футболдан жарыс өткізілді.

Ауыл ішінен спорт кешен құрылысын салу үшін жер телімі берілді. Спорт кешені құрылысы 80 пайызға жетті. 2015 жылдың сәуір айында қолданысқа беріледі. Мердігер «Шабыт» ЖШС.


2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. 2015 жыл- Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Таушық селосының әкімі Ш.ӘЗІРБАЕВ



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет