Теңге ауылында 2014 жылы атқарылған жұмыстар



жүктеу 65.12 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі65.12 Kb.


Теңге ауылында 2014 жылы атқарылған жұмыстар.


  1. Теңге ауылының орталық көшелеріне электр жарық шамдарын орнату.

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған, Кешенді жоспары аясында 2014 жылға Теңге ауылының көшелеріне электр жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді. Барлығы 49 көше қамтылып, 81,6 % қамтылды.


  1. Ауыл тұрғындарының пайдаланып отырған ауыз суын субсидиялау.

Ағымдағы жылы аталған мәселе өз уақтытында шешімін тауып, қазіргі таңда ауыл тұрғындары ауыз суды субсидия бойынша пайдалануда.





  1. Ауылдың жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру

Бұрынғы жеке кәсіпкер мен қала әкімдігі арасындағы келісім шарт бұзылып, басқа жеке кәсіпкермен уақытша келісім шарт жасалды. (Мемлекеттік сатып алу өткізілгенге дейін). Қазіргі таңда №3 маршрут дұрыс жолға қойылып, тұрақты кідіріссіз жүруде.

  1. Теңге ауылын көгалдандыру, абаттандыру.

Ағымдағы жылы Теңге ауылын көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 11 166 000 теңге қаралып, жалпы саны 3500 түп ағаш отырғызылды және талдарды суару әктеу, қиып ретке келтіру жұмыстары жасалды.

  1. Теңге ауылында иесіз иттерді жою.

Ауыл бойынша 2014 жылы иесіз иттердің 168 бас жойылды. Қосымша ауыл әкімдігінің тарапынан әр бір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілуде.

  1. Теңге ауылдағы санитарлық тазалау жұмыстары.

Теңге ауылын санитарлық тазартуға 2014 жылы жергілікті бюджеттен 26 115 000 теңге қаралып, толықтай игерілді. Ауылдың күнделікті әр түрлі тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылуда. Одан бөлек ауылдың азаматтары техникамен көмектесіп ауылдың санитарлық тазалығына ат салысуда.


  1. Халықты жұмыспен қамту, ауылда кәсіпкерлікті дамыту.

Ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды, насихаттау жұмыстары, кездесулер ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлікке ынталандыру, жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру үшін тұрғындармен тығыз байланыста болу мақсатында жергілікті жұмыспен қамту орынымен бірлесе отырып, несие алып, шағын және орта бизнеспен айналысамын деген тұрғындарға қолдау көрсетілді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында несие алған азаматтар. Атап айтса; Джанабаев Тулеу Шораевич, Набыева Тарбия, Нурманова Роза, Абдуллаев Онберген Юнисович, Сарсенбаева Ұлболсын, Бимаганбетова Карлыгаш Джалгасовна 3 млн. теңге көлемінде несие алды.



«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 3 млн., теңге көлемінде несие алған азаматтар саны – 10 адам. Атап айтсақ: Чайканов Жексенбай, Елешов Джумахан, Ондасова Гүлнар, Курекбаев Бекбай, Оменов Азамат, Конисбаев Озғанбай, Самендирова Сагира, Сарымбетова Айман, Бисенова Марзия, Туникбаев Тамен – Сахава.

Ауылда осы уақытқа дейін кәсіпкерлік саласымен айналысқан 49 заңды тұлға бар.

19.02.2014 жылы Теңге ауылынан ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Аралбаев Жақсылық «Демеу» атты дәріхана, ұсақ бұйымдар, телефон жөндеу, шағын супермаркетін ашты.

24.09.2014жылы Теңге ауылынан ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Сарсенбаева Ұлболсын «Мерей» атты шаштараз және шағын супермаркетін ашты.

2014 жылы жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны – 658 адамды құрады.



  1. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында атқарлыған жұмыстар.

Ағымдағы жылдың маусым айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Д. Даңғылы көшесі бойынан абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «ZELMAR STROI» ЖШС. Аталған бағдарламаға сәйкес, «Жұмыспен қамту орталығында» тіркелген 15 (он бес) жұмыссыз азаматтар уақытша жұмысқа орналастырылды. Ауылдың батыс аумағында, яғни Ө. Наятұлы және Тамшалы көшелерінде орналасқан жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «КаспийСтройМонтажПроект» ЖШС. Бұл жөндеу жұмыстарына да 5 (бес) жұмыссыз азамат уақытша жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда жұмыс аяқталды. Одан бөлек ауылдың Ә.Жангелдин көшесіндегі жол жиегінде орналасқан бордюрлерді ауыстыруға және Қазақстан, Қ. Қорабайұлы көшесіндегі жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «Құрылыс – Монтаждау ЖК» ЖШС. Нәтижесінде ауылдың жұмыссыз 10 тұрғыны уақытша мезгілдік жұмыспен қамтылды. Аталған жұмыстар аяқталды.

Теңге ауылы Ершабай көшесіне балалар ойнайтын футбол алаңы салынды. Сонымен қатар бас мердігер «Арғымақ Company» ЖШС орындаған Жаңаөзен қаласы Теңге ауылында «Балалар ойнайтын алаң 3 комплект қондыру» (с. Теңге № 11 балабақша «Балдырған», № 21 балабақша «Назерке») жұмыстары және Бас мердігер «Мыңқыстау - Құрылыс» ЖШС орындаған Теңге ауылының Достық Даңғылы көшесінің футбол алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.




  1. Ауылдағы автомобиль жолдарының жағдайы, байланыс, электроэнергиямен, газбен қамтамасыз ету мәселелері.

Теңге ауылында 60 көше бар, халық саны – 16378. Жалпы ұзындығы – 55,95 шақырым, жалпы ұзындығы – 17,495 шақырымы асфальттанған.

2014 жылы ауылдың 9,4 шақырым жері асфальттанды. Атап айтсақ Шәкен Айманов, Мұрын жырау, Шәкен Айманов - Мұрын жырау көшелері аралығы, Достық даңғылы - Дина Нұрпейсова, көшелері аралығы, Дина Нұрпейсова – Ахмет Жұбанов көшелері аралығы, Қайып Қорабайұлы - Аралбай Оңғарбекұлы көшелері аралығы, Аралбай Оңғарбекұлы - Ахмет Жұбанов көшелері аралығы, Ахмет Жұбанов, Жайберген Бейнеубаев, Жайберген Бейнеубаев - Аралбай Оңғарбекұлы көшелері аралығына асфальт төсеу жұмыстары «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен жүргізілді. Мердігер мекеме «Алтын Құрық» ЖШС және «Ынта» ЖШС мекемелері. Жоғарыда аталған көшелердің аралығы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

Ауылда соңғы 5 жыл ішінде 2 телефон станциясы орнатылды. Ауылдың батыс аумағынан сыйымдылығы 480 нөмерлі және орталық аумағынан 960 нөмерлі телефон станциясы жұмыс жасап тұр.

Қазіргі таңда ауыл бойынша 1094 - жеке тұлға, 17 – заңды тұлға телефонмен қамтылды. Бұл жалпы тұрғын үй санының 45 пайызын (%) ғана құрап отыр. Ғаламтор желісі - 19 тұрғын үйге және WiMax (сымсыз ғаламтор) 920 тұрғындар қосылған. Ауылдың басқада телефон желісі жетпей қалған жерлерге, яғни қамтылмаған 55 пайызына (%), телефон желісін тарту жөнінде «Жастар Плюс» ЖШС жобалау, сызу, есептеу жұмыстарын жүргізуде. Ауылда 2014 жылы «АЛТЕЛ» АҚ мекемесінің 4 G жоғары жылдамдықтағы интернет антеналарының 3 данасын ауылға орнату жоспарланып, «ПЕТРОЛ – СЕРВИС» ЖШС-ның ғимаратының және "Ата мұра" мәдениет үйінің шатырларына орнатылды. Ал ауылдың батыс бөлігінде жер қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Теңге ауылын электр энергиямен «МРЭК» АҚ және «ӨзенЭнергоСервис» МКК мекемелері қамтамасыз етеді. 2014 жылы «МРЭК» АҚ-на тиесілі Жаңаөзен аудандық электр жүйелері бөлімімен ауыл бойынша, № 3, № 6, № 7, № 9, №10 КТП жаңа КТПН-ға ауыстырылды. Сонымен қатар Ж. Мыңбаев көшесі және Сәттіғұл көшелеріне жаңа трансформатор қойылды. Ескі ағаш бетон бағаналары 40 дана жаңа темір бетон бағаналармен ауыстырылды, қалған 30 ескі ағаш бетон бағаналары келесі жылы ауыстырылады деп жоспарлануда. Ауыл ішіндегі электр энергиямен қамтамасыз етуші 2 дана КТПН күрделі жөндеуден және 5 данасы ағымдағы жөндеуден өткізіліді.

Ал «ӨзенЭнергоСервис» МКК 34-көшесін, яғни электр желілерінің ұзындығы - 72 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда аталған мекеме есебіндегі электр желілер жаңадан қамтылған.

Кешенді жоспардың негізінде ағымдағы жылы ауыл аумағында электр энергия үйлестіруші пункті (Распределительный пункт) салынды. Бағаналарды қою және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілді.

Ауыл 100 ℅ газ құбырымен қамтылды.


Теңге ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда.

Теңге ауылы Д. Даңғылы көшесіне бейне бақылау камерасы орнатылды.

Ауылда 3 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Учаскелік полиция ауылда қылмыстық жағдайларды болдырмау, алдын-алу, қадағалау және бақылау жұмыстарымен айналысады. Учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік автокөлікпен қамтылған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша есепте тұрғандар:


  1. Әкімшілік қадағалауда есепте тұрғандар – 2 адам

  2. Қылмыстық атқару инспекциясында – 11 адам тіркелген,

  3. Психикалық тұрғыдан сырқаттанған – 2 адам

  4. Профилактикалық есепте тұрғандар, оның ішінде:

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар – 7 адам.

    • ішімдікке құмар адамдар – 44 адам

    • есірткі пайдаланатын – 13 адам

  1. Бұрын сотталғандар: 9 – адам

  2. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 47- құқық бұзушылық болып, оның ішінде:

    1. Ұрлық – 30, ашылғаны 18 іс.

    2. Бұзақылық жасағандар – 8, ашылғаны 5 іс.

    3. Денсаулыққа қасақана орташа дәрежеде зиян келтіру – 5, ашылғаны 5 іс.

    4. Отбасы тыныштығын бұзғандар саны – 60

    5. Кісі өлтіру – 1.

    6. Қарақшылық - 1;

    7. Полиция қызметкеріне қасақана денсаулыққа зиян келтіру – 1;

    8. Автокөлікті заңсыз айдап кету – 2;

Ауылда білім беру қызметін №14 орта мектеп сыйымдылығы 700 орын оқушылар саны – 816., №17 орта мектеп сыйымдылығы 624 орын, оқушылар саны – 1143 және №11 орта мектеп сыйымдылығы – 900 орын, оқушылар саны – 977. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру қызметін №11 «Балдырған» балабақшасы сыйымдылығы– 280 орын, тәрбиеленіп жатырған бала саны – 330. №21 «Назерке» балабақшасы сыйымдылығы – 320 орын, тәрбиеленіп жатырған бала саны – 310. Білім беру саласы автобуспен қамтамасыз етілген.




: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет