Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2013 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдындағы жылдық есебі



жүктеу 91.11 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі91.11 Kb.
: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі
Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2013 жылдың қорытындысы

бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдындағы жылдық есебі
Құрметті ауыл тұрғындары!
Әріптестер!
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамызындағы № 615 Жарлығына сәйкес, тоқсан сайын ауыл әкімдері халықтың алдында есеп береді.

Былтырғы жылғы қазан айындағы есеп беру кездесуі барысында біздер 2013 жылдың 9 айын қорытындыладық, ал, бүгін міне жылдың қорытындысы және соңғы өткен кездесуде Сізден келіп түскен ұсыныс – пікірлерге байланысты атқарылған жұмыстар туралы баяндайтын боламыз.

Өткен тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерінде түскен ұсыныс – пікірлер сарапталып, негізгі мәселелер бойынша іс шаралар жоспары жасақталды.

Онда 7 іс - шара қамтылды, атап айтқанда:



  1. Теңге ауылының орталық көшелеріне электр жарық шамдарын орнату.

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында 2014 жылға Теңге ауылының орталық көшелеріне электр жарық шамдарын орнату жұмыстары жоспарланған, ЖСҚ жасақталған..

  1. Ауылға су тарту бойынша - ауылдағы аяқталмаған 7 шақырым жеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары

2013 жылы бұл мәселе толықтай шешімін тапты, Теңге ауылы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілді.

  1. Ауыл тұрғындарының пайдаланып отырған ауыз суын субсидиялауды жедел түрде шешу

Аталған мәселе бойынша барлық тиісті құжаттар жинақталып, Маңғыстау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарауға жолданды. Бұл мәселе бақылауда.

  1. Газдың тарифіне қатысты

Тұтынушыларға газдың тарифіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар шаралар алынды.

2013 жылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындардың арасында жиналыс ұйымдастырылды.

Жиналыс барысында аталған мекеменің Ақтау қаласынан келген өкілдері мен Жаңаөзен қалалық бөлімшесінің басшысы қатысып, тұрғындарға газ тарифіне қатысты сұрақтарға жауап берді.



  1. Ауылдың жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру

Қазіргі таңда №3 маршрут бойынша автокөлік саны аз, кідіріспен жүреді. №2 маршруттың жүрмеуі себепті жеке кәсіпкерге 31.12.2013 жылға дейін, аталған маршрутты жүргізуді дұрыс жолға қою туралы ескерту берілген болатын. Аталған ескертулер бүгінгі таңға дейін орындалмауына байланысты, келісім-шартты бұзу жұмыстары қарастырылуда.

  1. Теңге ауылын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру

Биылғы жылы Теңге ауылын көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 10 355 000 теңге қаралып, жалпы саны 1500 түп ағаш отырғызылды және талдарды әктеу, қиып ретке келтіру жұмыстары жасалды. Бөлінген қаражат толық игерілді. 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 166 млн. теңге қаражат қаралған, ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады.

  1. Теңге ауылында иесіз иттерді жою бойынша

Ауыл бойынша 2013 жылы иесіз иттердің 316 бас жойылды. Қосымша ауыл әкімдігінің тарапынан әр бір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілуде.

Халықты жұмыспен қамту, ауылда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

2013 жылы 25 адам жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш өткен 2012 жылмен салыстырғанда 53 адамға азайып отыр.

Себебі, 2012 жылы ауылда «Атамұра» МҮ және«Тазалық» МКК-ның № 8 цехы ашылып, 78 тұрақты жұмыс орны құрылған болатын. Осы орайда, ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды, насихаттау жұмыстары, кездесулер ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлікке ынталандыру, жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру үшін тұрғындармен тығыз байланыста болу мақсатында жергілікті жұмыспен қамту орынымен бірлесе отырып, несие алып, шағын және орта бизнеспен айналысамын деген тұрғындарға қолдау көрсетілді.

Ауылда осы уақытқа дейін кәсіпкерлік саласымен айналыстан 58 заңды тұлға бар. Оның ішінде; 55 дүкен,1 дүңгіршік, 1 монша, 1 мейрамхана жұмыс жасап тұр. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны – 107 адам. 2013 жылы ауылдың әкімшілігімен 4 - дүкен, 3 - СТО, 2- Шаштараз, 1 - Дәріхана, 1 – Наубайхана, 1 - Ұсақ бұйым және ауыл аумағынан тапсырыс арқылы шақыртылатын таксопарк нысандарын салуға шешім шығарылып рұқсат берілді. Аталған нысандар іске қосылғаннан кейін 27 адам жұмыспен қамтылатын болады. Одан бөлек 9 - дүкен, 4- Шаштараз, 3 - Наубайхана, 1- Базар, 1 - Қымызхана, 1 - Дөңгелек жөндеу, 1 - Тігін шеберханасы, 1 - Ет дүкені, 1 - Жиһаз цех, 1 – Фотосалон, 1 – Монша, 1 – Асхана нысандары тиісті мекемелермен келісу жұмыстарын жүргізіп болған соң, шешіммен рұқсат беріліп құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Аталған кәсіпкерлік нысандар иелеріне, яғни кәсіпкерлерге ауыл әкімдігі тарапынан жан – жақты қолдау көрсетілуде.
Жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны – 536 адамды құрады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша, Әлеуметтік жұмыс орнына 7, жастар тәжірибесіне 11, оның 2 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды. Кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсына (тігінші) өткендер 6 адам, кәсіпкерлікке оқыған адам саны 1, ол Жантілеуова Гүлжан ауыл шаруашылығын дамыту үшін 3 млн. теңге көлемінде несие алды. Несие алу арқылы 25 жылқы сатып алып.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ауылдың батыс аумағында, яғни 2014 жылы Тамшалы және Ботакөз көшелерінде орналасқан жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасалды. Одан бөлек 2014 жылы ауыл көшелеріндегі жол жиегінде орналасқан бордюрлерді ауыстыруға және ауыл ішіндегі жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтау жоспарлануда.

Мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мақсатында, 2013 жылы қыркүйек айында №21 «Назерке» балабақшасы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының демеушілігімен салынып пайдалануға берілді.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында, 30.10.2013 жылы ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Исмаганбетова Бақтылы деген азаматша, өзінің жеке тұрғын үйінің мақсатын балабақшаға өзгертіп, жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр, Қазіргі таңда ЖК тиісті мемлекеттік мекемелермен келісу жұмыстарын жүргізуде.



Енді ауылдағы автомобиль жолдарының жағдайы, байланыс, электроэнергиямен, газбен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтетін болсақ, Теңге ауылында 60 көше бар, жалпы ұзындығы – 55,95 шақырым, соның ішінде - 8 көшесі жалпы ұзындығы – 8,059 шақырымы асфальттанған.

2013 жылы автомабиль жолдарын асфальттау, жолдарды қайта және ағымдағы жөндеуден өткізу жүргізілген жоқ. Былтырғы жылы ауыл әкімдігі «Тазалық» МКК-ны техникасын пайдалана отырып, көшелерді грейдрмен тегістеу жұмыстарын жүргізді.

2014 жылы Шәкен Айманов, Мұрын жырау, Дина Нұрпейсова, Ілияс Есенберлин, Шәкен Айманов - Мұрын жырау көшелері аралығы, Достық даңғылы - Аралбай Оңғарбекұлы көшелері аралығы, Төлеген Айбергенов - Ілияс Есенберлин көшелері аралығы, Қайып Қорабайұлы - Аралбай Оңғарбекұлы көшелері аралығы, Аралбай Оңғарбекұлы - Ілияс Есенберлин көшелері аралығы, Жайберген Бейнеубаев - Аралбай Оңғарбекұлы көшелері аралығы, Мұқан Төлебаев - Ілияс Есенберлин көшелері аралығы және Қазақстан көшелеріне асфаль төсеу жұмыстары «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен жүргізіледі.

Ауылда соңғы 5 жыл ішінде 2 телефон станциясы орнатылды. Ауылдың батыс аумағынан сыйымдылығы 480 нөмерлі және орталық аумағынан 960 нөмерлі телефон станциясы жұмыс жасап тұр.

2013 жылы 1094 - жеке тұлға, 17 – заңды тұлға телефонмен қамтылды. Бұл жалпы тұрғын үй санының 45 пайызын (%) ғана құрап отыр. Ғаламтор желісі - 19 тұрғын үйге және WiMax (сымсыз ғаламтор) 920 тұрғындар қосылған. Ауылдың басқада телефон желісі жетпей қалған жерлерге, яғни қамтылмаған 55 пайызына (%), телефон желісін тарту жөнінде жобалық сметалық құжаттары дайындалуға мемлекеттік сатып алу бойынша, «Жастар Плюс» ЖШС-гі жеңімпаз аталып, жобалау, сызу, есептеу жұмыстарын жүргізуде.

ЖСҚ дайын болғаннан кейін, аталған жобаны «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» немесе «Шағын қалаларды дамытудың» бағдарламасы аясында іске асыру жөнінде ұсыныс берілетін болады.

Теңге ауылын электр энергиямен «МРЭК» АҚ және «ӨзенЭнергоСервис» МКК мекемелері қамтамасыз етеді. 2013 жылы «МРЭК» АҚ-на тиесілі Жаңаөзен аудандық электр жүйелері бөлімімент ауыл бойынша, яғни Қайып Қорабайұлы, Балуанияз, Құлшары Күйші көшелеріндегі ескі ағаш 56 дана бағаналарды жаңадан таза 56 дана темір бетон бағаналар қойылды, ауыл ішіндегі 6/0,4 кВ әуе желісінің ескі «А» маркалы 8000 метр провоттары жаңа «АС-35» маркалы провоттарына ауыстырылды, 12 шақырым 6 кВ әуе желісі және 10 шақырым 0,4 кВ әуе желісі барлығы 22 шақырым әуе желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарымен және ауылды электр энергиямен қамтамасыз етуші 12 дана КТПН-ның 4 данасы күрделі жөндеу, 6 данасы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 2 данасына техникалық күтім жасалды.

Ал «ӨзенЭнергоСервис» МКК 34-көшесін, яғни электр желілерінің ұзындығы - 72 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда аталған мекеме есебіндегі электр желілер жаңадан қамтылған.

2013 жылы жаңадан 3640 метр жерге электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Нысан пайдалануға берілді, Ахмет Жұбанов, Меңдекеш Сатыбалдиев және Нүркен Әбдіров көшелерінде жалпы саны 123 тұрғын үй электр энергиясымен қамтамасыз етілді.

Кешенді жоспардың негізінде 2014 жылы ауыл аумағында электр энергия үйлестіруші пунктін (Распределительный пункт) салу жоспарланған.

2013 жылы жаңадан 4763 метр жерге газ құбыры тартылды. Ауыл 100 ℅ газ құбырымен қамтылды.

Нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде Досан Тәжиев, Қайып Қорабайұлы, Тобанияз, Дина Нұрпейсова, Меңдекеш Сатыбалдиев, Сұлтанмахмут Торайғыров және №44 көшелерінде, жалпы 257 тұрғын үй газ құбырымен қамтамасыз етілді.

Теңге ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда.

Ауылда 3 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Учаскелік полиция ауылда қылмыстық жағдайларды болдырмау, алдын-алу, қадағалау және бақылау жұмыстарымен айналысады. Учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік автокөлікпен қамтылған. Теңге ауылы бойынша 2013 жылы;



  1. Әкімшілік қадағалауда есепте тұрғандар – 3 адам

  2. Қылмыстық атқару инспекциясында – 10 адам тіркелген,

  3. Психикалық тұрғыдан сырқаттанған – 6 адам

  4. Профилактикалық есепте тұрғандар, оның ішінде:

Мерзімінен бұрын щартты түрде босатылғандар – 6 адам.

    • ішімдікке құмар адамдар – 36 адам

    • есірткі пайдаланатын – 10 адам

  1. Бұрын сотталғандар: 11 – адам

  2. 2013 жылы 52-қылмыс болып, оның ішінде:

    1. Ұрлық – 27, ашылғаны 13 іс.

    2. Зорлау - 1

    3. Бұзақылық жасағандар – 5, ашылғаны 3 іс.

    4. Тонау – 3, ашылғаны 1 іс.

    5. Отбасы тыныштығын бұзғандар саны – 52.

    6. Алаяқтық – 9 адам, ашылғаны 5 іс.

Былтырғы жылдың аяғында ауылдың шығыс аумағынан учаскелік полиция қызметкерлеріне арнап ғимарат салынды.

Көпшілік жиналатын орындарға және әлеуметтік нысандардың жанына бейнебақылау камераларын орнату туралы Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның ұсыныс берілді. Аталған мәселе бақылауда.

2013 жылдың қорытындысы бойынша, Теңге ауылындағы тұрғындардың саны - 16378 адамды құрайды.

Жалпы жоспарланған жер саны – 2532 жер учаскесі, оның ішінде тіркелген тұрғын үй саны – 2280, құжаттары шықпаған (времянка) саны – 53, көше саны – 60.

Ауылда №14, №17, және №11 орта мектептер және №11 «Балдырған», №21 «Назерке» балабақшалары білім беру қызметін атқарып отыр. Білім беру саласы автобуспен қамтамасыз етілген.

№14 орта мектептің сыйымдылығы 856 орын, оқушылар саны – 1606. №17 орта мектептің сыйымдылығы 624 орын, оқушылар саны – 1099.

2013 жылдың аяғында ауыл мектептеріндегі үш ауысым оқыту проблемасын шешу мақсатында 900 орындық №11 мектеп пайдалануға берілді, нәтижесінде №14 орта мектептегі үш ауысымды оқу тәртібі жойылды.

2013 жыл пайдалануға берілген №21 «Назерке» балабақшасында 250 бала тәрбиеленуде және 70 бала қазіргі таңда медициналық тексерістен өтуде, 2014 жылдан бастап орналастыру жоспарланып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2013 жыл 5 жас маманға толықты. Бағдарлама бойынша берілген жеңілдік бойынша, барлығына әлеуметтік көмек берілді.


Құрметті ауыл тұрғындары, өздеріңіз байқағандай ауылдың әлеуметтңк-экономикалық дамуын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды, алайда алдағы кезеңде де атқаратын жұмыстар баршылық. Олар, ауылды телефондандыру, ауылішілік автомобиль жолдарын салу, ауыл көшелерін абаттандыру және жаяу жүргіншілер жолдарын салу, жаңадан салынған үйлерді газдандыру, электрлендіру және ауыз су құбырын жүргізуді жалғастыру, халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесін ашу, көшелерді жарықтандыру, дене шынықтыру- сауықтыру кешенін салу.(Жері қарастырылған), балабақша құрылысын салу. (Жері қарастырылған), мұз айдыны кешенін салу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауыл мекемелеріндегі жас мамандарға тұрғын үй салу.

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегендей, жоспарланған шаралар ауыл тұрғындары , Сіздермен бірлесе отырып, жүзеге асатындығына сенімім мол.

Назарларыңызға рахмет!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет