«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметінің стандартының жобасы



жүктеу 39.36 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі39.36 Kb.
: uploads -> docfiles
docfiles -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
docfiles -> 12 шағын аудандағы жаңадан ашылған №32 балабақшаға №54, 31, 35, 36 балабақшаларда кезекте тұрған төмендегі балалар өз кезегімен жіберілді
docfiles -> П/п Наименование компании Ф. И. О. руководителя
docfiles -> Менің алғашқы ұстазым! Дәл осындай тақырыпта облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің алғашқы форумы облыстық түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында өтті
docfiles -> МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2012 жылға арналған іс-қимыл жоспа р
docfiles -> Бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидаларына
docfiles -> Мадиицина қызметкерлері мерекесіне орай марапатталған қызметкерлер тізімі
docfiles -> «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»

«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметінің стандартының жобасы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы  «___»  _______

№ ______ қаулысымен бекітілген

                                                                                     



«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты

1.     Жалпы ережелер

1)  Мемлекеттік қызмет «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет)

2) Мемлекеттік қызмет стандарты  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен әзірленген.

3)  Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетіледі.

    4) Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

2.     Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

1) Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 

- мемлекеттік қызмет алушы қызмет берушіге өтініш берген сәттен бастап 10 жұмыс күнін құрайды;

- қызмет алушы қызмет  көрсетушіге құжаттарды өткізу үшін максималды күту уақыты – 15 минуттан артық емес;

- қызмет  берушіге көрсететін қызмет уақыты – 15 минуттан артық емес;

2) Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3) Мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандарттың 3 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

4) Мемлекеттік қызмет тегін/ ақылы көрсетіледі.

5) Мемлекеттік қызмет оқу жылы ішінде, демалыс және мерекелік күндерді есепке алмағанда, жұмыс күндері түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады.

Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп рәсімдеу қарастырылмаған.

         6) Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

            - жеке басын растайтын төлқұжаттың көшірмесі;

- осы стандарттың 3 қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

- ішкі істер басқармасынан анықтама, жоғалған заттарды табу үстелінен анықтама.

Барлық құжаттарды тапсырған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыға осы стандарттың 4 қосымшасына сәйкес өтінішті қабылдау нөмірі мен күні, қолхат беруші жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің атын көрсете отырып, құжаттардың алынғаны жөнінде қызметті алу күні көрсетілген қолхат беріледі. 

7) Қызмет алушының осы стандарттың 8 қосымшасына сәйкес көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Құжаттардың телнұсқаларын беру туралы мәлімет, осы стандарттың                           6 қосымшасына сәйкес, құжаттардың телнұсқаларын беру кітабында белгіленеді.

3. Орталық мемлекеттік органдар, республикалық маңызы бар облыстардың, қалалардың, астананын жергілікті атқарушы органдары, облыстық маңызы бар аудандар, қалалар, қаладағы аудан әкімдері, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауыл округтері, сондай-ақ қызмет берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарының  лауазымды тұлғалармен және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтарымен айналысатын қызметкерлердін іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне), шешімдеріне  шағымдану тәртібі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушының еркі бойынша қызмет көрсетушіге немесе лауазымды тұлғаға  әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жазбаша шағым:

1) қызмет көрсетушінің қабылдау бөліміне осы стандарттың                                        1 қосымшасында  көрсетілген мекен-жайға;

2) егер қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда, шағым облыстық білім басқармасына осы стандарттың   7 қосымшасында  көрсетілген мекен-жайға;

3) егер мәселе жергілікті органдармен шешілмеген жағдайда 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіндегі шағым және ұсыныс жәшігіне салу арқылы.

Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-қимылына шағым түсірілетін лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.

Қабылданған шағым кіріс құжаттарын есепке алу журналында тіркеледі және тіркелген уақыттан бастап 5 жұмыс күн арасында  қарастырылады;

Қызмет алушыға тұлғаның күнi мен уақыты,шағымды немесе өтінішті қабылдап алған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi. 

Шағымды қарау нәтижесi туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудін айырмашылықтары ескерілген өзгеде талаптары, оның ішінде  электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету

1) Қызметті алушы үшін мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат осы стандартқа 4 қосымшада көрсетілген.

2) қажетті түсіндірулермен мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ  қызметті көрсету барысы туралы ақпарат қызмет алушыға   ұсынылады.

3) Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтына орналастырылады.



4) Мемлекеттік қызмет көрсетушімен әлеуметтік осал топ тұрғындар санатына жататын, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушы адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалады.

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет