Тәжірибе жинақталады



жүктеу 57.15 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі57.15 Kb.
түріСеминар
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 47244793c77f5ca546257149002cf8cd -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қр президенті н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан
$FILE -> Ұрыны мойындатудың амалы
$FILE -> Қайрат Адранов

СЕМИНАР



Ғизатолла ОТАРҰЛЫ,

Атырау облысы соттар әкімшісі соттар қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы


Үйренуден

тәжірибе жинақталады

Судьялар одағы Атырауда семинар өткізді


2005 жылдың 27-28 қаңтар аралығында Атырау облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Немістің техникалық қызметтестік жөніндегі қоғамының (GTZ) қолдауымен ұйымдастырған “Азаматтық-құқықтық мәмілелерден туындайтын дауларды шешу кезіндегі өзекті мәселер” деген тақырыпта семинар болып өтті. Екі күнге созылған семинарға Судьялар Одағының оқыту бағдарламасының директоры Ахмедов Байрамалы Ағабекұлы, Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының өкілі Инго Риш, Атырау облыстық сотының төрағасы Бектас Әбдіханұлы Бекназаров, Алматы қалалық сотының судьясы Қарақозиева Светлана Андамасқызы, Атырау нотариальдық округінің өкілі, облыстық прокуратураның бөлім бастығы, адвокаттар алқасының төрайымы, “Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы” РМК-ы директорының орынбасары, Атырау мемлекеттік университетінің оқытушылары, экономикалық соттың, Атырау қалалық соттарының төрағалары және облыс судьялары, сонымен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.

Семинарды ашқан облыстық сот төрағасы Бектас Бекназаров кіріспе сөзден кейін облыста аудандық 11 соттың жұмыс жасап жатқанын, 12-ші сот болып жаңадан ашылған Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотын ұйымдастыру шаралары аяқталғанын, барлығы 84 судья облыста сот төрелігін жүргізуде екенін айта келе, облыс соттарының қызметіне қысқаша тоқталды. Былтыр облыс соттарының өндірісінде 9 мың азаматтық іс қаралған, оның 4907-і бойынша шешім шығарылған. Соңғы үші жылда сот төрелігін жүргізу сапасы артып келеді. Апелляциялық және қадағалау тәртібінде қаралған істердің 2002 жылы 237 шешім күші жойылса (4,3%), 2003 жылы 171 шешім (3,1%) және 2004 жылы 93 шешім (1,8%).

Облыстың бас судьясы бүгінгідей семинарлар судьялардың кәсіптік біліктігін арттыруда оң ықпал етпек деді. Семинарға сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының оқыту бағдарламасының директоры Байрамалы Ахмедов аталмыш семинар ұйымдастыруға қолдау көрсеткен техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының өкілі Инго Риш мырзаға судьялар қауымдастығы атынан ризашылығын білдіре келе, облыс судьяларын, басқа да семинарға қатысушы заңгерлерді семинар жұмысына белсене араласуға шақырды.

Әңгімесін өзінің 1975 жылы судья болып бастаған заңгерлік қызметімен таныстыруды бастаған Инго Риш, бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Немістің техникалыө қызметтестік жөніндегі қоғамының Орталық Азиядағы секілді әлемнің 100 астам елінде ұйымдастырып жүрген шараларынан хабарлар етті. Сонымен Германияның бүгінгі сот-құқықтық құрылысына шолу жасады.

“Германияда дауларды шешуде судьялардың рөлі” атты баяндамасын Инго Риш мырза өз елінде әр судья жылына 700-800 іс қарайтынын хабарлаудан бастады. Германия Федеральды құрылысына сәйкес өзіндік тарамдалған сот жүйесінде 718 учаскелік (Қазақстандық моделмен айтқанда аудандық), 200 жерлік (облыстық) соттар және Федеральдық Жоғары Сот бар деді. Жалпы юрисдикция бойынша азаматтық және қылмыстық істер бойынша істер қаралудан басқа, еңбек дауларын қарайтын, отбасы және неке істері, әлеуметтік мәселелер және әкімшілік істер бойынша соттар құрылған. Соңғы сот Қазақстандық әкімшілік соттан өзгеше екен. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды қарайтын біздегі соттарға салыстыра айтқан түсіндірмесінде немістің әкімшілік соттарында азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару органдарының қаулылары мен шешімдері және іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) шағымдалады. Мысалға, шетелдік бір азамат өзіне саяси баспана сұрағанда, одан уәкілетті орган бас тартса, осы бас тарту туралы шешім, аталмыш әкімшілік сотта шағымдалады. Сондай-ақ,қала басшысына үй құрылысына рұқсат сұрап өтініш бердіңіз дейік. Оған уәкілетті шенеунік рұқсат бермесе (не ештеңе деп жауап қайтармаса), осы іс әрекетті (не әрекетсіздікті) әуелі қала басшысына шағымданасыз. Егер де қала басшылығының шешіміне келіспесеңіз, онда әкімшілік сотқа жүгінесіз.

Одан әрі Германиялық сот жүйесі туралы айта келе, сотта іс қарауға заңда белгіленген мерзім жоқ екені, істі өндірісіне алған судья әуелі тараптармен жазбаша хат-хабарлар алысып, тыңғылықты дайындық жасалғанна кейін, күні бұрынғы белгіленген кесте бойынша бөлінген сот мәжілісі залында бір күнде 30-40 іске дейін қаралатынын мәлімдеді. Яғни, істі қарау мерзімі судьяның санасына байланысты. Сонымен қатар, қай іс бойынша да сот шешімі ауызша жарияланатыны, ал шешімді жазбаша дайындауға кем дегенде 5-6 аптаға дейін уақыт бөлінетіні айтылғанда атыраулық судьялар таңданысын жасырған жоқ.

Шешім бұзылуына, не өзгертілуіне байланысты германиялық судьялар жауапкершілікке тартыла ма деген атыраулық судяьның сұрағына Инго Риш мырза бес жылғы сынақ мерзімінен кейін өмір бойына тағайындалатын неміс судьялары өзінің қызметте не қоғамдық орындардағы тәртібіне жауап беретінін, бірақ сот төрелігінде жіберген қателіктеріне (шешім күшінің бұзылуы, өзгертілуі) және заңнаманы дұрыс қолданбауы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, бірақ қызметтік мінездемесіне жазылып, болашақтағы карьерасына ықпал етілетінін мәлімдеді.

Судья әдебі кодексі турасындағы сұраққа Германияда судья туралы заңда барлық шаралар ұсақ-түйегіне дейін қарастырылған деген нақты жауап алынды.

Облыстық соттың төрағасы Германияда соттар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарым қатынас қалай қалыптасқан деп сұрағанда, Инго Риш мырза Германияда сот мәжілістері ашық жүргізіліп, тараптар келісім бергенімен бейне және аудио жазбаларға рұқсат етілмейтінін, іс бойынша түсінікті оны қараған судья емес, сот төрағасы арнайы белгілеген маман береді деді. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығы көбіне қылмыстық істер бойынша екен.

Бізде азаматтық істер шешімдеріне тараптар келісіп отырған жағдайда да прокурордың наразылық келтіретініне германиялық қонақ таңданыс білдірді. Оларда тіпті қылмыстық істер бойынша да тараптардан шағым түспесе прокурор наразылық келтіре алмайтын көрінеді.

Германияда істерді қарау кестесі белгеленген кезде оны алмастыратын судьяның аты-жөні бірге белгіленеді екен. “Мұның өзіндік кемшілігі де бар, - дейді Инго Риш. - Мысалға, кейде қылмыстық істі қарайтын судьяның мінезі жұмсақ кісі екенін білген жәбірленушінің адвокаты шағымдана отырып, оны қатал мінезді судьямен алмастыруға қол жеткізеді. Сөйтіп сотталушының қатаң жазаға тартылуына мұрындық болады.

Одан әрі баяндамасында Инго Риш германияда аралық соттардың және коммерциялық төреліктің жақсы жетілгенін, олардың қызметіне көбіне ірі-ірі кәсіпорындар мен компаниялардың жүгінетінін айтты. Себебі дауларды мемлекеттік соттарда шешу жағдайында компаниялар мен кәсіпорындар өздерінің коммерциялық қызметтерінің жария болуынан қашады, - деді.

Семинар барысында судья С.А.Қарақозиева Алматы қалалық сотында азаматтық дауларды шешу тәжірибесімен таныстырса, Атырау облысы мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы Б.Т.Жұмағұлов “Мәмілелердің жазбаша түрлері”, “Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы” РМК-ы директорыныңи орынбасары О.В.Павленко “Жылжымайтын мүлік мәмілелерін тіркеу барысында туындаған мәселелер”, Атырау облыстық прокуратурасының бөлім бастығы Р.Қ.Әбуова “Мәмілелерді жарамсыз деп табудың негіздері”, Атырау облыстық сотының судьясы Е.М.Жапаров “Жалға берілген мүлікті пайдалануға кеткен шығындар”, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушылары Д.О.Айтмұханова және А.Т.Даулетбаева “Азаматтық құқықтағы мәмілелердің жарамсыздығы” және “Кәсіпкерлік қатынастағы бітімгершілік мәмілелер” тақырыптарында баяндамалар оқып, отырыс қызу пікірталасқа ұласты.



Инго Риш одан әрі “Ерекше өндіріс” туралы сөз қозғап, қазақстандық іс жүргізу кодексінің 27-тарауында белгіленген нормалар Германияда әкімшілік соттардың құзырына жатқызылатынын түсіндірді. Ол сондай-ақ, қылмыстық жауапқа тарту негізделген істерді әкімшілік соттарға жүктелген қазақстандық сот жүйесімен келіспейтінін жеткізді. Оның ойынша жаза тағайындалуға жатқызылған құқыққа қайшы іс-әрекеттер қылмыстық жауапкершілік бойынша қаралуы керек. Ал Қазақстандағы, бүкіл кеңестік сот жүйесінде қалыптасқан қылмыс пен құқықбұзушылықтың ара-жігі ажыратылған формасына түсінбейтінін тағы да қайталады. “Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа” дегенді атам қазақ осындайда айтса керек.

Семинар соңында облыс судьялар қауымдастығы атынан семинарды ұйымдастыруда жетекшілік жасаған Инго Риш пен Байрамалы Ахмедовке облыстық сот төрағасы Бектас Бекназаров естелікке сыйлықтар тарту етті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет