Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау



жүктеу 79.46 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі79.46 Kb.
: Obshaya%20medicina -> 2%20kurs -> Vvedenie v kliniku-2 -> kaz -> metod%20rek -> prakt%20-zan -> %CA%F0%E5%E4%E8%F2%202
2%20kurs -> Микробиология кафедрасы
%CA%F0%E5%E4%E8%F2%202 -> Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
2%20kurs -> Форменные элементы крови
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Микробиология кафедрасы оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
Ф КГМУ 4/3-05/03

ИП №6 14 маусым 2007 ж
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Клиникаға кіріспе кафедрасы



Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау


Тақырып: Реанимация түсінігі. Жүрек-өкпе реанимациясын жасау ережелері.

Мамандығы Жалпы медицина 051301

Курс: 2

Құрастырған: ассистент Жунусова С.У.



Қарағанды 2014 ж



Кафедра отырысында талқыланған


Хаттама № __ “__” _______ 20_

Кафедра меңгерушісі Кабиева С.М.


Тақырып: Реанимация түсінігі. Жүрек-өкпе реанимациясын жасау ережелері.
Мақсаты: Реанимация түсінігін беру. Бөлімшенің реанимациялық жұмыс ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. Жүрек-өкпе реанимациясын жасау ережелерімен таныстыру.

Оқыту талаптары:

1. Жағдайы ауыр науқасты және агония алдындағы науқасты күту кезіндегі этика және деонтология негіздерін студенттерге таныстыру.

2. Реанимациядағы орта медицина қызметкерінің жұмыс ерекшеліктерімен танысу.

3.Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін анықтау.

4.Тыныс жолдарының обструкция себептері.

5. Обструкция белгілерін анықтау

6. Ауыр жағдайдағы және агония алдындағы науқастарды күтім жасау ерекшеліктері

7. Науқас жағдайын бақылау ерекшеліктері

8. Ауыр жағдайдағы және агония алдындағы науқастарға гигиеналық шараларды жүргізу

9. Өмірге қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету.

10. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беруді үйрену

11.Жүрекке тік емес массаж жасауды үйрену.



Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. Ауыр жағдайдағы және агония алдындағы науқастарды күтім жасағанда этика және деонтология ерекшеліктері

2. Критикалық және терминалды жағдай, агония түсінігі.

3. Өлім алдындағы адамға және оның отбасына көмек көрсеиу принциптері.

4. Науқас жағдайын бақылау ерекшеліктері

5.Мейірбикелік көмек: гигиеналық шаралар, ойық жараның алдын алу, тамақтандыру, несеп және үлкен дәретін ұстай алмағанда күтім жасау.

6.Клиникалық және биологиялық өлім белгілері.

7. Реанимация техникалары.( «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беру, жүрекке тік емес массаж жасау)

8. Жүрекке жабық массаж жасағанда болатын асқыныстар.



Оқу және оқыту әдістері




Жұмыс түрлері

1.

Құрылымдық бөлім

2.

Білімнің бастапқы деңгейін бақылау:

  • Бастапқы білім деңгейіне арналған тесттер

  • Бақылау сұрақтары

3.

Мәелелі бағыттамалы оқыту-шағын топпен жұмыс істеу, рольдік ойындар, модельді кеңестер: бір-бірімен коммуникативті қатрм-қатнас (студент-студент), симулдеуші пациентпен, оқытушының үнемі бақылауымен және бағалауымен шынайы пациенттермен

4.

Студенттердің өзіндік жұмысы: оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс: ақпаратты электронды тасымалдаумен; тест сұрақтарын өз бетімен шешу, реферат дайындау;Үйренген коммуникативті дағдыларын тіркейтін күнделік толтыру; әрбір өткен тақырып бойынша өзінің көзқарасын, ойын тіркеу.

5.

Қорытынды білім деңгейін бағалау

  • Тест сұрақтары

  • Бақылау сұрақтары

6.

Рефлексия


7. Ұсынылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

  1. Т.П. Обуховец, Т.А. Склярова, О.В. Чернова Основы сестринского дела, Ростов – на- Дону, 2003, С.14-26.

  2. Т.П. Обуховец Основы сестринского дела, практикум, Ростов – на- Дону, 2003, С. 7-14.

  3. И.Г. Фомина Общий уход за больными, Москва, Медицина, 2000, С. 22-65.

  4. Гребенев А.Л., Шептулин А.А. Основы общего ухода за больными.- М.:Медицина,1991.- 256 с.

  5. Заликина Л.С. Учебное пособие по общему уходу за больными.- М.:Медицина,1976.- 255 с.

  6. Мурашко В.В., Шуганова Е.Г., Панченко А.В. Общий уход за больными: Учебное пособие.- М.:Медицина,1988.- 224 с.

  7. Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными: учебное пособие.- М.:Медицина,1989-254 с.

  8. Справочник медицинской сестры: в 2 т / Под ред. О.Л. Задворновой, М.Х. Турьянова.- М.: «Новая волна»,1998.- 1т –448 с.,2 т – 475 с.

  9. Справочник медицинской сестры по уходу /Под. Ред. Акад. Н.Р. Палеева.- М.:Медицина.1989.- 526 с.

  10. Учебник для подготовки младших медицинских сестер по уходу за больными /Под ред. Проф. В.В. Мурашко и проф. Л.С. Тапинского.- М.:Медицина, 1979.- 544 с.

  11. Яромич И.В. Сестринское дело: Учеб. пособие.- Мн.: Вышэйшая школа, 2001.- 431 с.

қосымша

  1. Михельсон В.А., Маневич А.З. /Основы реаниматологии и анестезиологии. – М., Медицина, 1992, 368 с.

  2. Анестезиология и реаниматология./Под ред. О.А. Долиной, М., Медицина, 1998, 543 с.

3.Лобанова Е.Д. Реаниматология и интенсивная терапия: Учеб.пос..- М.: Медицина,2000.- 294 с. (Уч. лит. для уч-ся мед. училищ)

4.Медицинская помощь при катастрофах: Учебник / Х.А. Мусалатов, Л.Л. Силин, С.В. Бровкин и др..- М.: Медицина,1994. – 448 с. (Учеб. лит-ра для студ.мед. ин-тов).



  1. Медсестринская практика: Доклад комитета экспертов ВОЗ.- Женева, 1996.- 50 с. (серия технических докладов ВОЗ, № 60).

6.Неотложная терапевтическая и хирургическая помощь / И.И. Исаев, М.А. Мессель, Б.М. Хромов, под.ред. Б.М. Хромова/.- Л., Ленинградское отд-ние: Медицина,1969.- 304 с. (Б-ка ср. медработника)

7. Хадлстон С.С. Неотложная помощь, интенсивная терапия и реанимация : Пос. для медсестер: Пер. с англ. / С.С. Хадлстон, С.Г. Фергюсон.- М.: Медицина.- 2000.- 447 с.



Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау

?

Жүрек-өкпе реанимациясын екі құтқарушымен жасағанда үру мен компрессияның арақатынасы:



+ 2:30

- 2:10


- 2:5

- 2:2


- 1:1
?

Жүрек-өкпе реанимациясын бір құтқарушымен жасағанда тыныс жолдарына үру мен кеудеге компрессияның арақатынасы:

+ 2:30

- 2:10


- 2:5

- 2:2


- 1:15
?

Өкпеге жасанды тыныс берудің(ӨЖТ) әсер еткендігінің басты шарты болып табылады:

+ тыныс жолдарының еркін өткізгіштігі

- техниканың көмегімен жүргізілетін ӨЖТ

- 0,5 л жуық ауаны науқастың өкпесіне үру

- науқастың тыныс жолдарына үрудің саны 5-6 мин тең болу керек.

- тері жамылғысының бүтіндігі
?

Жүрек-тамыр реанимациясын жүргізгенде әсер еткендігінің басты шарты болып табылады:

- реанимациялық шаралар

- аурухана жағдайындағы реанимациялық шаралар

+ ӨЖТ бірге тікелей емес уқалау

- 2 сағат бойы жүрек-өкпе реанимациясы

- ӨЖТ бірге тікелей уқалау
?

Өкпеге жасанды тыныс берудің әсер ету критериі болып табылады:

- ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

- эпигастралды аймақтың кебуі

+ кеуде қуысының экскурсиясы

- тері жамылғысының бозаруы

- самай артериясында пульстің пайда болуы
?

Клиникалық өлімге тән:

- естің болмауы, пульс және АҚҚ анықталмауы, тынысы сирек, аритмиялық

+ естің болмауы, пульс және АҚҚ анықталмауы, тыныс алмайды, қарашық кеңейген

- есі анық, жіп тәрізді пульс, АҚҚ төмен, тынысы сирек

- естің болмауы, жіп тәрізді пульс, АҚҚ төмен, тынысы жиілеген

- естің болмауы, пульс және АҚҚ қалыпты, тынысы беткей
?

Дәрігер науқасқа биологиялық өлімді қойған соң, мейірбике нені толтыру керек:

- дәрігерлік тағайындау парағын

- ауру тарихының сыртқы бетін

- температура парағын

+ ілеспе парағы

- статистикалық талон
?

Ағза өлуінің қайтымсыз кезеңі болып табылады:

- клиникалық өлім

- агония


+ биологиялық өлім

- преагония

- терминалды жағдай
?

ӨЖТ «ауыздан ауызға»қашанға дейін жасалынады:

+ өз тыныс алуы пайда болғанға дейін

- жүрек қағысы пайда болғанға дейін

- тыны салу ырғағы қалыптасқанша

- пульс ырғағы қалыптасқанша

- ұйқы артериясында пульсация пайда болғанша
?

Жасалған шаралардан әсер болмаған жағдайда қанша уақыттан кейін биологиялық өлім қойылады:

- 40 минут

+ 30 минут

- 20 минут

-10 минут

- 5 минут
?

Клиникалық өлімнің биологиялық өлімнен айырмашылығы:

- тері жамылғысының бозаруы

- гипотермия

+ мәйіт дақтарының болуы

- суық жабысқақ тер

- қарашықтың кеңеюі
?

Өлген науқастың мәйітін бөлек қойып, бөлімшеде қанша уақытқа қалдырады:

- 30 мин

- 1 сағат

+ 2 сағат

- 3 сағат

- 4 сағат
?

Жасанды тыныс бергенде не болады:

- жүректі тікелей уқалау

- жүректі тікелей емес уқалау

- Амбу қапшығын қолдану

+ тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

- ауыз қуысын дезинфекциялау
?

Өлген науқастың биркасында белгіленбейді:



  • Т.А.Ж.

  • № ауру тарихы

  • клиникалық диагноз

  • өлген күні және уақыты

+ жүргізілген емі
?

Биологиялық өлімге тән емес белгі:

- мәйіттік қату

- тыныстың болмауы

- көз мүйізшесінің кебуі

- «мысық көзі»симптомы

+ дене температурасының 35 градусқа дейін төмендеуі
?

Преагоналды кезеңде науқастың есі қандай болады:



  • анық

+ шатасу

  • есі жоқ

  • ступор

  • қарауыту

?

Агония созылады:



- бірнеше секунд

+ бірнеше секундтан бірнеше сағатқа дейін



  • 3-4 мин

  • 10-15 мин

  • 30-60 мин




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет