Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы



жүктеу 86.31 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі86.31 Kb.
: uploads -> files -> 2014
2014 -> Биологии Факультет: Медико-биологический
2014 -> 1 Мүдде топтары: түсінігі, функциялары, типологиясы. 3 2 Партияның пайда болуы және түсінігі. Партия типтер
2014 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы n 1083 қаулысы
2014 -> Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы
2014 -> Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
2014 -> Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы №563-iv заңы
2014 -> 1 Настоящая должностная инструкция определяет должностные обязанности, права и ответственность провизора-аналитик
2014 -> Очное отделение
2014 -> Metreo измерять; в просторечии градусник прибор для измерения температуры
Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 тамызда № 7820 тіркелді


      «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрi А.О. Қырықбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                         Д. Мыңбай

      КЕЛIСIЛДI
    

  Қазақстан Республикасы


      Көлік және коммуникация министрi 
      ____________ А. Жұмағалиев
      2012 жылғы 29 маусым      

Қазақстан Республикасы      


Мәдениет және ақпарат министрлігінің
2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1
бұйрығымен бекітілген     

Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды.


      2. Қағида меншік формасына және ведомстволық тиесілігіне байланысты емес телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік, эфирлік және кәбілдік желілер бойынша қызмет көрсететін телерадио хабарларын тарату операторларына, теле-, радиокомпанияларға, сондай-ақ телерадио хабарларын тарататын оператормен телерадио хабарларын тарататын қызметтерді алуға шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – абонент) таратылады. 
      3. Осы Қағидада Заңға қатысты түсініктемелер, сондай-ақ келесі негізгі түсініктемелер қолданылады: 
      1) пайдаланушылық жабдық – теле-, радиоарналар сигналдарын қабылдау, өңдеу және жаңғыртуға арналған техникалық құралдар (соның ішінде спутниктік қабылдау жиынтығы, телевизиялық қабылдағыш, радиоқабылдағыш);
      2) абоненттік желі – кәбілдік телерадио хабарларын таратуды абоненттік тарату жүйесімен және пайдаланушылық жабдықпен қосатын желі, байланыс желісі (бұдан әрі – КТЖ);
      3) хабар тарату арнасы – теле-, радиоарналар сигналдарын алу көзінен абонентке жеткізуді жүзеге асыратын радиоэлектронды техникалық құралдарымен қалыптастырылған физикалық орта;
      4) теле-, радиоарна сигналы – техникалық нормаларға және стандарттарға сәйкес технологиялық параметрлері анықталған теле-, радиоарнаның электрлік сигналы;
      5) телерадио хабарларын тарату операторының желісі – телерадио хабарларын тарататын оператормен пайдаланылатын, осы құралдардың өлшемдерімен анықталатын аумақта теле-, радиоарналардың трансляциялауын және таратылуын қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;
      6) қосылу картасы – жан-жақты шағын процессор арқылы пайдаланушы жабдығымен ерекше пайдаланылатын смарт-карта. 
      4. Телерадио хабарларын тарату қызметтері телерадио хабарларын тарату операторлары мен абоненттің немесе телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар арасында жасалған Телерадио хабарларын таратуға қызмет көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Шарт). 
      5. Телерадио хабарларын тарату операторы теле-, радиоарналар топтамасын құрастыру барысында 1-ден бастап және одан да көп жүйелі сандарды цифрлық хабар таратуда иелену жолымен басым тәртіпте және арналар жиіліктерін бөлу торының басында аналогты хабар таратуда отандық теле-, радиоарналарды орналастырады. 
      6. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету кезінде туындайтын телерадио хабарларын тарату операторларының абоненттермен және теле-, радиокомпаниялармен өзара қарым-қатынастары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
      7. Телерадио хабарларын тарату қызметтері болып табылатындар:
      1) эфирлік телерадио хабарларын тарату қызметтері;
      2) спутниктік телерадио хабарларын тарату қызметтері;
      3) кәбілдік телерадио хабарларын тарату қызметтері.
      8. Телерадио хабарларын тарату қызметтері абоненттер және теле-, радиокомпаниялардың барлық санаттарына бірдей шарттармен көрсетіледі.
      9. Телерадио хабарларын тарату операторларының желілер жабдығында жоспарлық алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетудің толық немесе жартылай үзулер түріндегі технологиялық үзілістер, айына біреуден жиі емес, жұмыс күндері алты сағаттан көп емес мерзімде рұқсат етіледі.

2. Телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету тәртібі

1 Параграф. Шарт жасасу және бұзу тәртібі

      10. Телерадио хабарларын тарату қызметтері телерадио хабарларын тарату операторымен және абонент немесе телерадио хабарларын тарату операторымен және теле-, радиокомпания арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі.


      11. Шарт жасасу үшін өтініш беруші телерадио хабарларын тарату операторына өтініш береді.
      12. Телерадио хабар тарату қызметтерін өтініш берушіге ұсынудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда телерадио хабарларын тарату операторының Телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету туралы шарт жасасудан бас тартуына рұқсат етілмейді.
      13. Телерадио хабарларын тарату операторы өтініш берушіге келесі жағдайларда:
      1) қызмет көрсету мемлекеттің қауіпсіздігіне немесе қорғаныс қабілетіне, адамдардың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірсе;
      2) қызмет көрсету физикалық, топографиялық немесе басқа да табиғи кедергілер немесе өтініш берушінің орын-жайында техникалық мүмкіндік болмағанда;
      3) бос спутниктік сыйымдылық болмағанда;
      4) абоненттің техникалық құралдары жабдықтың осы түріндегі техникалық талаптарға сәйкес келмесе;
      5) телерадио хабарларын тарату желілер жобасының техникалық талаптарын немесе Шарт талаптарын сақтамаса;
      6) телерадио хабарларын тарату операторы лицензиясының қызмет көрсету мерзімі тоқтатылса Шарт жасасудан бас тартады.
      14. Шарттағы барлық өзгертулер мен толықтырулар Шартқа қосымша келісім жасау жолымен жазбаша түрде ресімделеді. Тараптар қосымша келісімге қол қойғаннан кейін, ол Шарттың (қосымшасымен) ажырамас бөлігі болып қалады.
      15. Абонент, теле-, радиокомпания осы желілерге кедергі тудырмайтын басқа операторлардың телерадио хабарларын тарату желілеріне қосқан жағдайда, осы Қағидада белгіленген тәртіпте телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуге бірнеше телерадио хабарларын тарату операторларымен шарт жасасады.
      16. Телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы желілеріндегі оператордың құқығы басқа тұлғаға өткен кезде, алдыңғы Шарттар абонентпен, теле-, радиокомпаниямен бұзылады және осы Қағидаға сәйкес жаңа Шарттар жасалады.
      17. Абонент, теле-, радиокомпания жаңа мекенжайға көшкен жағдайда Шартты бұзады және осы Қағидаға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторымен жаңа Шарт жасасады.
      18. Абонент, теле-, радиокомпания Шарт талаптарын, жабдықты пайдалану қағидасын бұзған және телерадио хабарларын тарату желісінде сертификатталмаған жабдықты пайдаланған жағдайда, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату қызметтеріне уақтылы төлем жасамаған кезде, телерадио хабарларын тарату операторы хабардар етілгеннен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан соң телерадио хабарларын тарату желісіне қосылуды тоқтатады.
      19. Егер өзгелер шартта көрсетілмесе, телерадио хабарларын тарату операторларына Шартты бұзу туралы өтініш, Шартты бұзудың ұсынылған күніне дейін жазбаша түрде отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.
      20. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы Шартты бұзу, сондай-ақ теле-, радиокомпанияның абонентке телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуді тоқтату, оны бар болған берешектерді төлеу міндетінен босатпайды.

2 Параграф. Теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын


тарату қызметтерін көрсету тәртібі

      21. Телерадио хабарларын тарату операторымен қызметті ұсыну уақыты жоспарлы бақылау өлшеулерді және жоспарлы тоқтап қалуларды жүргізуге қажетті уақытты есепке алумен теле-, радиокомпанияның апталық кестесімен регламенттелінеді.


      22. Қызметтер көлемі телерадио хабарларын тарату операторымен және теле-, радиокомпаниямен қол қойылған қызмет көрсету актілерінде ай сайын белгіленеді.
      23. Телерадио хабарларын тарату операторы:
      1) теле-, радиоарналар сигналдарын тарату барысындағы технологиялық параметрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) теле-, радиокомпанияны телерадио хабарларын таратудың жаңа техникалық құралдарын қолданысқа енгізу, енгізулердің Шартты орындау талаптарына тікелей немесе жанама түрде қатысты болуы, хабар тарату арналарының алдын алу жұмыстарын жүргізу уақыты туралы отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескерту-хабарлама жібереді.
      24. Теле-, радиокомпания:
      1) телерадио хабарларын тарату операторымен келісілген теле-, радиоарналар сигналдарын берудің үздіксіз режимін қамтамасыз етеді;
      2) телерадио хабарларын тарату операторының техникалық құралдарына, телерадио хабарларын тарату операторымен Шартта көрсетілген тиісті техникалық өлшемдерге сәйкес теле-, радиоарналар сигналдарын беруді қамтамасыз етеді. 

3 Параграф. Спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары


арқылы теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызмет көрсету тәртібі

      25. Спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары арқылы теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметтер, ағымдағы аптаға дейін үш күннен кем емес жұмыс күнде теле-, радиокомпаниямен телерадио хабарларын тарату операторына ұсынылған апталық хабар тарату торына сәйкес ұсынылады. 


      Теле-, радиоарна тәулік бойы хабар таратқан кезде немесе хабарлардың басталуы мен аяқталуы белгіленген уақытта апталық кесте ұсынылмайды.
      26. Телерадио хабарларын тарату операторы желісіне беру үшін хабар таратудың орташа тәуліктік және жалпы көлемі, қызмет көрсету орны, қызмет көрсету мерзімі телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасындағы Шартта көрсетіледі.
      27. Спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары арқылы еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметтерді тұрғындарға ұсынудың басталуы пайдаланушылық жабдықты құрастыру және күйге келтіру күні болып табылады.
      Тұрғындарға тікелей қол жеткізу арқылы спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары бойынша теле-, радиоарналардың ақылы пакеттерін тарату жөніндегі қызметтерді тұрғындарға ұсынудың басталуы телерадио хабарларын тарату операторының жүйесінде аталған қызметтің активтену күні болып табылады. 

4 Параграф. Бейне және аудио жазбаларды тарату бойынша қызмет көрсету тәртібі

      28. Бейне және аудио жазбаларды тарату қызметтері өтінім түскен сәттен бастап оларды жүргізу мерзімдері бойынша топтастырылады.
      29. Бейне және аудио жазбаларды тарату бойынша қызмет көрсетуге өтінім телерадио хабарларын тарату операторына жүргізу мерзіміне байланысты жазбаша ерікті түрде беріледі.
      30. Бейне және аудио жазбалардың нақты уақыты өтінімде көрсетілген таратудың басталу уақытынан бастап, өтінім бойынша тарату уақытының нақты аяқталуына дейін немесе бейне және аудио жазбаларын таратудың нақты аяқталуымен анықталады.

5 Параграф. Кәбілдік телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну тәртібі



      31. Кәбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары міндетті теле-, радиоарналардың құқығын иеленуші - кәбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиокомпаниялар арасындағы өзара есепке алулар негізінде міндетті теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асырады.
      32. Телерадио хабарларын тарату операторлары абонентті оның орын-жайында дұрыс жұмыс жасайтын абоненттік желі немесе параметрлері нормативтік-техникалық құжаттар талабына сай келетін сертификатталған дұрыс пайдаланушылық жабдық болған жағдайда телерадио хабарларын тарату желілеріне қосады.
      33. Техникалық мүмкіндік және бір абоненттің абоненттік желісі Шартқа сәйкес болғанда, ұжымдық қосылысты ұйымдастыру үшін абоненттік тармақ бірнеше тармаққа қосылуы мүмкін.
      34. Абоненттің ғимаратында телерадио хабарларын тарату желілері болмағанда, ал ол орналасқан орын-жайда – абоненттік желілерде жетпей тұрған жабдықты және кәбілдік желілерді құрастыру телерадио хабарларын тарату операторларымен немесе басқа да тәсілмен жүргізілуі мүмкін. Аталған жұмыстар орындалғаннан кейін телерадио хабарларын тарату операторлары абонентпен Шарт жасасады.
      35. Абоненттік жабдықтың түрлері туралы толық ақпарат телерадио хабарларын тарату операторының интернет ресурсында (бар болған жағдайда), сондай-ақ телерадио хабарларын тарату операторларының орын-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет