«Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» кәсіптік стандарты



бет1/4
Дата30.04.2016
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4

1

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 753 бұйрығымен бекітілген

«Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» кәсіптік стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. Кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;

қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған;

2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:

білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.

4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.

3) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі;

4) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

5) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

6) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

7) жұмыс (кәсіп) тобы – жұмыстың ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби жұмыстар саласы;

8) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қаблеті;

12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;

13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

КҚ – кәсіптік қызмет;

ҚТ – қызмет түрі;

КС – кәсіби стандарт;

ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;

СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;

БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;

ҚР МЖ 01-99 – «Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші;

ҮБС - Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары;

Ф – функциялар;

М – Міндеттер.


  1. Кәсіби стандарттың паспорты

6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: тасымалдарды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару.

Кәсіби стандарт «Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1 Қосымшасында көрсетілді.

Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: пойыз құрастырушысы (пойыз құрастырушысының көмекшісі, пойыз құрастырушысы), станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі, темір жол станциясының кезекшісі, жолды бұру бекетінің кезекшісі.



  1. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкаласы


Параграф 1. Пойыз құрастырушысы (пойыз құрастырушысының көмекшісі)

9. СБШ – 2, 3 бойынша біліктілік деңгейі.

10. Мүмкін болатын лауазым атауы: пойыз құрастырушысы (пойыз құрастырушысының көмекшісі) .

11. «Пойыз құрастырушысы (пойыз құрастырушысының көмекшісі)» кәсібі субъектіні маневрлік жұмыстарды атқару сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

12. Пойыз құрастырушысының (пойыз құрастырушысының көмекшісіне) еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

14. Пойыз құрастырушысы (пойыз құрастырушысының көмекшісі) орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

15. Пойыз құрастырушысының (пойыз құрастырушысының көмекшісіне) құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 5 және 6 кестелеріңде көрсетілді.

Параграф 2. Станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі
16. СБШ – 4 бойынша біліктілік деңгейі.

17. Мүмкін болатын лауазым атауы: станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі, темір жол станциясының кезекшісі.

18. «Станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі, темір жол станциясының кезекшісі» кәсібі субъектіні бекітілген аудан шегіндегі станцияларда пойыз қозғалысын ұйымдастыру және маневрлік жұмыстарды орындау, қолданыстағы нұсқауларды, нұсқаулықтарды, ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарды орындай отырып басқару негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

19. Станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісінің, темір жол станциясының кезекшісінің еңбек жағдайына, біліміне жәнетәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

20. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 3 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

21. Станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісінің, темір жол станциясының кезекшісінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 3 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

22. Станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісінің, темір жол станциясының кезекшісінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3 Қосымшасының 5 кестесінде көрсетілді.



Параграф 3. Темір жол станциясының кезекшісі
23. СБШ – 4 бойынша біліктілік деңгейі.

24. Мүмкін болатын лауазым атауы: темір жол станциясының кезекшісі.

25. «Темір жол станциясының кезекшісі» кәсібі субъектіні бекітілген аудан шегіндегі станцияларда пойыз қозғалысын ұйымдастыру және маневрлік жұмыстарды орындау, қолданыстағы нұсқауларды, нұсқаулықтарды, ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарды орындай отырып басқару негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

26. Темір жол станциясының кезекшісінің еңбек жағдайына, біліміне жәнетәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

27. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 4 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

28. Темір жол станциясының кезекшісінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 4 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

29. Темір жол станциясының кезекшісінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 4 Қосымшасының 5 кестесінде көрсетілді.


Параграф 4. Жолды бұру бекетінің кезекшісі
30. СБШ – 4 бойынша біліктілік деңгейі.

31. Мүмкін болатын лауазым атауы: жолды бұру бекетінің кезекшісі.

32. Жолды бұру бекетінің кезекшісі» кәсібі субъектіні бекітілген аудан шегіндегі станцияларда пойыз қозғалысын ұйымдастыру және маневрлік жұмыстарды орындау, қолданыстағы нұсқауларды, нұсқаулықтарды, ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарды орындай отырып басқару негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 5 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

33. Жолды бұру бекетінің кезекшісінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 5 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

34. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 5 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

35. жолды бұру бекетінің кезекшісінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 5 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

36. Жолды бұру бекетінің кезекшісінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 5 Қосымшасының 5 кестесінде көрсетілді.

Темір жол көлігімен тасымалдауды

ұйымдастыру және қозғалысты басқару

кәсіби стандартына 1 Қосымша
1 Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері


Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіп атауы





СБШ сәйкес біліктілік деңгейі

1

Темір жол көлігінде маневрлік жұмыс істеу

Пойыз құрастырушысы көмекшісі

Пойыз құрастырушысы

2

Пойыз құрастырушысы

3

2

Жеке бір бекет аумағында пойыз қозғалысын ұйымдастыру

станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі

станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі

4

3

Жеке бір бекет аумағында пойыз қозғалысын ұйымдастыру

темір жол станциясының кезекшісі

темір жол станциясының кезекшісі

4

4

Пойыз қозғалысын ұйымдастыру, маневрлік жұмыстарға қатысу

жолды бұру бекетінің кезекшісі

жолды бұру бекетінің кезекшісі

2

Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет