Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2015 жылғы



Дата01.05.2016
өлшемі61.57 Kb.


Теміртау қаласының және

Ақтау кентінің 2015 жылғы

әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары туралы

Қаланың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.

2015 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 374,9 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылға қарағанда (414,1 млрд. теңге) 9,5%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 98,6%-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 77,9%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2015 жылы 292,1 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылға (327,7 млрд. теңге) 10,9%-ға төмендеді.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 56746,9 млн.теңгені құрады немесе 2014 жылға қарағанда 11,1%-ға төмендеді (63822,6 млн.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі 86,5%-ды құрады, оның ішінде инвестициялардың жалпы көлеміндегі «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы инвестицияларының үлесі 87,7%-ды құрайды.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Теміртау қаласы бойынша 2011 жылы іске асырылатын 5 инвестициялық жоба енгізілді, олардың ішінен 2011-2014 жылдарда жалпы 16 млрд.601 млн.теңге 4 жоба іске асырылды, 300 жаңа жұмыс орны ашылды.

5-жобаны «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында 2019 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген кестеге сәйкес іске асырылады.

2015 жылы Өңірлік индустрияландыру картасына тағы 4 жоба қосылды.



  • «Шайыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Кокс химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу», жобалық қуаттылығы жылына 10,9 мың тонна, 28 жұмыс орны ашылады. Іске қосу 2016 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;

  • «КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Автоклавтық қатаюдың ұяшықты бетонынан жылу блоктарын жасау зауытын салу» жобасы, жобалық қуаттылығы 150,0 мың м3, 68 жұмыс орны ашылады. Іске қосу 2016 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;

  • «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Энергетикалық жабдық шығару өндірісін кеңейту (2-кезек), жобалық қуаттылығы 2,0 мың тонна дайын өнім, 110 жұмыс орны ашылады. Іске қосу 2016 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;

  • «Автообъединение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Металл бұйымдар шығаратын цех салу», жобалық қуаттылығы 31,2 мың тонна металл құрылымдары, 20 жұмыс орны ашылады. Жоба іске қосылды. Жобалық қуаттылығына шығуы 2016 жыл;

2015 жылы Индустрияландыру картасының іске қосылған жобаларымен 13,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 3,7%-ы.

«Бизнестің Жол картасы 2020» бойынша 2015 жылдан бастап:



  • кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға Өңірлік үйлестіру кеңесімен 1734,9 млн.теңге сомасына 29 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы – 1 218,6 млн. теңге;

  • жаңа өндірістерді ашуға гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 17 млн.теңге сомасына Теміртау қаласының кәсіпкерлерімен ұсынылған 6 бизнес-жоба мақұлданды, 42 жұмыс орны ашылды;

  • «Темиртауский кирпич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 44,5 млн.теңге сомасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым – Батыс өнеркәсіп аймағы Степан Разин көшесіндегі сыртқы кәріз желілері жүргізілді.

Сонымен қатар, көрсетілген Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында 19 млн. теңге сомасында микрокредит беруге бюджеттік кредиттер бөлінді, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акцинерлік қоғамының Қарағанды филиалында 5 жоба мақұлданды.

2015 жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасына» кіріктірілген Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде Теміртау қаласы бойынша 2 зәкірлі жоба енгізілді, олардың ішінде «Қарцемент» акционерлік қоғамында «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін № 5 технологиялық желіні іске қосу» жобасы 2014 жылғы 9 маусымда іске қосылды. «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2-жобаның екінші кезегі 2015 жылы жалғастырылды, іске қосу 2016 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр, жоба Индустрияландыру картасына енгізілген.

Теміртау моноқаласын дамытудың кешенді жоспарын өзектілендіру кезінде 2015 жылы зәкірлі жобалардың тізбесі 2 жобамен толықтырылды:


  • «Темиртауский кирпич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Қаптама кірпіш өндірісі» жобасы, 100 жұмыс орны ашылады, іске асыру кезеңі 2015-2016 жылдар, инвестициялар көлемі – 2,4 млрд.теңге, жобалық қуаттылығы жылына 35 млн дана кірпіш. Іске қосу 2016 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарлануда. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;

  • «КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Құрылыс материалдарын өндіретін зауыт салу», 68 жұмыс орны ашылады, іске асыру кезеңі 2015-2016 жылдар, инвестициялар көлемі - 895 млн. теңге, жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Іске қосу 2016 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарлануда. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;

2015 жылы барлығы 799 немесе жоспарға 181,6% жұмыс орны, оның ішінде экономиканың нақты секторында 510 жұмыс орны, шағын бизнесте 289 жұмыс орны ашылды.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7765 бірлікті құрады немесе 2014 жылға 5,8%-ға (7340 бірлік) өсті.

Шағын бизнеске қамтылғандар саны 27105 адамды құрады немесе 2014 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 7,4%-ға өсті (25240 адам).

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 51424 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылға қарағанда 8,6%-ға (47350 млн. теңге) өсті, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін төлемдер 3450 млн.теңгені немесе 2014 жылға (3200 млн.теңге) 107,8%-ды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 54677,1 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда (52141,4 млн. теңге) 4,9%-ға өсті.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 96,8%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1628,4 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылға (1499,9 млн. теңге) 8,6%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығын жалпы өндірудің нақты көлем индексі 103,4%-ды құрады.

2015 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 16643,1 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылға (19511,8 млн. теңге) 14,7%-ға азайды.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 83,1%.

2015 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма 29,8 мың ш.м, 2015 жылы енгізілгені 30,1 мың ш.м. немесе жоспарға (29,8 мың ш.м.) 101%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 54,5% мөлшеріндегі негізгі көлем - жеке құрылыс есебінен орындалды; жеке инвестициялар –31,7%, жалдамалы тұрғын үй –13,8%.

2015 жылы көлік көрсеткіштері 2014 жылмен салыстырғанда былайша қалыптасты:

- жүк айналымы 55575,2 мың ткм-ді құрады немесе 24,3%-ға өсті (2014 жылы 44723,5 мың ткм);

- жүк тасымалы - 818,93 мың тонна немесе 8,2%-ға (2014 жылы 756,8 мың тонна) өсті;

- жолаушы айналымы 156230,1 мың жкм немесе 2,4%-ға өсті (2014 жылы 160013,8 мың жкм).

- жолаушы тасымалы 30329,8 мың адам немесе 8,9%-ға кеміді (2014 жылы 33289,1 мың адам);

2015 жылы қалалық бюджетке кірістердің түсуі 10991,3 млн. теңгені құрады немесе жоспарға (10896,1 млн. теңге) 100,9%.

Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жоспарға 99,96%-ды немесе жоспарлы 10984,4 млн. теңгеге қарағанда 10980,1 млн. теңгені құрады.

Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21.

Барлығы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны –7426, олардың ішінен мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылғаны 5 889 бала немесе 79,3%, 3-жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 5384, олардан мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылғаны – 5282 немесе 98,1%.

Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 20682 оқушы оқиды.

Жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік паркі 3426 бірлікті құрайды, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,0-ді құрады.

Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 417 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 22,5-ті құрап отыр. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1206 адам.

Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 65,2-ні құрайды.

Туу коэффициенті 2015 жылдың 11 айында 15,23 -ті құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне (15,31) 0,5%-ға кеміді.

Өлу коэффициенті 2015 жылдың 11 айында 10,24 -ті құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне (10,53) 2,8%-ға кеміді.

Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2015 жылы 100 мың халыққа 72,9-ды құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,0%-ға кеміді (76,7).

2015 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 5330 адамды құрап отыр (2014 жылы – 4701 адам), жұмысқа орналастырылғаны - 4453 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 83,5%-ы.

Кедейлік деңгейінен (7724 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2015 жылы 177 адамды құрады (47 отбасы), 2014 жылы – 203 адам (50 отбасы).

Кедейлік деңгейі 2015 жылы 0,1 %-ды құрады.

4356,9 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 264 адамға тағайындалды (2014 жылы –3708 мың теңге сомасына 242 адам).

Тұрғын үй жәрдемақысы 2015 жылы 2718,9 мың теңге сомасына 358 отбасына тағайындалды (2014 жылы 4087,5 мың теңге сомасына 514 отбасы).

Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 569 тұрмысы нашар азаматтарға 1094,5 мың теңге сомасына көрсетілді (2014 жылы 976 мың теңге сомасына 673 адам).

2015 жылы 178 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті (2014 жылы - 224 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 2015 жылы 807 адам жіберілді (2014 жылы - 907 адам).




Каталог: files -> chinovnik
chinovnik -> Жоба шешім қаулы 2015 жылғы №49 / 2015 жылғы №
chinovnik -> Хабарландыру! Қарқаралы ауданы бойынша төмендегі кестеде көрсетілген мемлекеттік мекемелерде «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Жұмыс істеу уақыты 00 ден – 18. 30 ға дейін
chinovnik -> Перечень региональных средств массовой информации (печатных и электронных) по карагандинской области
chinovnik -> Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі
chinovnik -> Бақты ауылдық округінің әкімі Б. Жабдиковтың 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі
chinovnik -> Саран қаласы әкімдігінің
chinovnik -> «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқарған жұмысының есебі
chinovnik -> Көкпекті ауылдық округ әкімінің 2013 жылғы есебі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет