Терапиялық қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар, функциональді тағайындалуы. Стоматологиялық аспаптар мен стоматологиялық қондырғыларды күту. Дезинфекция, залалсыздандыру



Дата01.05.2016
өлшемі151.02 Kb.




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫНЫҢ МОДУЛЬІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модуль терапиялық стоматология пропедевтикасы.
Дисциплина, дисциплина коды – терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01
Мамандық: 051302 «Стоматология»

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Тақырып: «Терапиялық қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар, функциональді тағайындалуы. Стоматологиялық аспаптар мен стоматологиялық қондырғыларды күту. Дезинфекция, залалсыздандыру. Залалсыздандыру алды өңдеу мен залалсыздандыруды бақылау. Ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу».


Академиялық сағат көлемі –3 академиялық сағат

Курс: 4

Семестр - 7

2012 ж.

Құрастырған: м.ғ.д.профессор Баяхметова А.А.,

асс. Манғытаева Б.Б.

Терапиялық стомтология пропедвтикасын модульі отырысында талқыланды

№ хаттама «_ » __ ___ 2012ж.

Бекітілді:

Терапиялық стомтология пропедвтикасын модульінің жетекшісі

М.ғ.д. профессор __________ Баяхметова А.А.



1.Тақырып №2. «Терапиялық қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар, функциональді тағайындалуы. Стоматологиялық аспаптар мен стоматологиялық қондырғыларды күту. Дезинфекция, залалсыздандыру. Залалсыздандыру алды өңдеу мен залалсыздандыруды бақылау. Ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу
2.Сабақтың мақсаты:

  • Білімін қалыптастыру:

Терапиялық стоматология кабинетінің стоматологиялық аспаптарының тағайындалуы бойынша және құрылысы бойынша, стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау және залалсыздандыру режимі бойынша, залалсыздандыру алды өңдеу мен залалсыздандыру сапасын бақылау бойынша, ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша.

  • Жұмыстың операциональды дағдыларын қалыптастыру терапиялық стоматология кабинетіндегі стоматологиялық апаптармен жұмыс істеудегі операциональды дағдыларын қалыптастыру

  • Коммуникативті дағдыларды жетілдіру:

Жаңа терминдерді ендіру арқылы: «стоматологиялық айна, стоматологиялық қысқыш, стоматологиялық шұқығыш, аршығыш-экскаватор, тегістегіш-гладилка, нығыздағыш-штопфер, араластырғыш-шпатель, азопирам сынамасы, амидопирам сынамасы, фенолфталеи сынамасы, индикаторлық жолақтар, залалсыздандыру режимі, құрғақ-ыстық залалсыздандыру, залалсыздандырудың химиялық әдісі».

  • Құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

Санитарлық ережелерді және нормаларды «Қондырғыларға, құралдарға және стоматологиялық ұйымдардың эксплуатациясына қойылатын санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптар", дәрігер-стомтологтың құқықтық жауапкершілігі туралы ақпараттық материалдарды, кінә деп табылатын және табылмайтын, дәрігерлік қателіктерді оқу арқылы құқықтық компетенцияны қалыптастыру;

Студенттердің мотивациясын жетілдіру терапиялық тағайындалудағы стоматологиялық аспаптарды, оларды дезинфекциялау және стерилизациялау режимдерін, терапиялық стоматология кабинеті жағдайындағы ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алуды оқуға студенттердің мотивациясын жетілдіру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Қондырғылардың және стоматологиялық аспаптардың тағайындалуын қарастыру.

  • Стоматологиялық аспаптармен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

  • Қондырғыларды және стоматологиялық аспаптарды күту ережелерін қарастыру.

  • Стоматологиялық кабинет жағдайындағы асептика және антисептика ережелерімен таныстыру.

  • Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу кезіндегі реттілікпен таныстыру.

  • Залалсыздандыру алды өңдеу сапасын бақылау әдістерін қарастыру.

  • Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру режимімен таныстыру.

  • Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру сапасын бақылау әдістерін қарастыру.

  • Терапиялық стоматология кабинеті жағдайындағы ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алуды әдістерімен таныстыру.

  • Жаңа түсініктер ендіру және жаңа терминдерге анықтама беру «стоматологиялық айна, стоматологиялық қысқыш, стоматологиялық шұқығыш, аршығыш-экскаватор, тегістегіш-гладилка, нығыздағыш-штопфер, араластырғыш-шпатель, азопирам сынамасы, амидопирам сынамасы, фенолфталеин сынамасы, индикаторлық жолақтар, залалсыздандыру режимі, құрғақыстық залалсыздандыру, залалсыздандырудың химиялық әдісі, ятрогенді аурулар».

4. Тақырытың негізгі сұрақтары:

1) терапиялық қабылдаудағы стоматологиялық аспаптар - түрлері, тағайындалуы.

2) стоматологиялық ұштықтар – түрлері, тағайындалуы

3) қондырғылармен және стоматологиялық аспаптармен жұмыс істеу ережесі.

4) қондырғыларды және стоматологиялық аспаптарды күту ережелері.

5) стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау әдістері.

6)стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру режимі.

7) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу сапасын бақылау.

8) стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру сапасын бақылау

9) ятрогенді және инфекциялық аурулар, олардың алдын алу.



5. Оқыту әдісі: түсіндіру, демонстрация, оқытушының жұмысын бақылау, шағын топта жұмыс істеу, студенттердің операциональді және коммуникативті дағдаларын тікелей бақылау, альбомда, жұмыс дәптерінде, кері байланыста тапсырмалар орындау.

Оқыту заттары: науқасты терапиялық қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар жиынтығы, стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу кезіндегі негізгі іс-әрекеттердің орентирлік схемасы, аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу үшін керекті ертінділер, залалсыздандыру алды өңдеу сапасын бақылауды жүргізу үшін керекті реактивтер.


  • Сабақтың қысқаша хронометражы

п/п

Сабақ кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

Оқыту әдістері

Бақылау әдісі

(оқытушының таңдау бойынша)

Кезеңге бөлігнен уақыт




1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу тақырып, мотивациялық сипаттама, сабатың мақсаты мен міндеттері.

-

-

5 минут




2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут







Үзіліс










10минут




3.

Негізгі кезең

1.Оқытушы терапиялық қабылдауға қажетті стоматологиялық аспаптар жиынтығын көрсетеді, аспаптың тағайындалуын, дәрігер аспапты қолында қалай ұстайтындығын, стоматологиялық науқасты қарап тексергенде және емдегенде аспаптың дәрігер қолындағы дұрыс орналасуын көрсетеді. Оқытушы стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеуге керек дезинфекциялайтын ертінділері бар ыдыстарды көрсетеді, дезинфекциялайтын ертінділерді дайындауды көрсетеді, стом. кабинеттің мейірбикесінің стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу кезіндегі іс-әрекетінің реттілігін, залалсыздандыру алды өңдеудің сапасын бақылау үшін керекті реактивтерді, азопирам және фенолфталеин сынамасының орындалуын көрсетеді.

Студенттер шағын топта стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу кезіндегі іс-әрекеттердің алгоритімін жасайды, стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеудің сапасын бақылауды азопирам және фенолфталеин сынамасын жасап тексереді .



Түсіндіру,

Демонстрация.


Шағын топта жұмыс істеу

Коммуникативті дағдаларды тікелей бақылау

50 минут








Үзіліс










10минут




4.

Сапасын тексеру сатысы

1. Білімді қортынды




1. Жазбаша сұрау

2.Тығыздалған сұрақ

3.Блиц-сұрақтар

4.Тестілеу

5.ситуациялық есепті шығару


15 минут




2.Кері байланыс құру







15 минут




3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







10 минут




4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут




5. Келесі сабақтың үйге берілетін тақырыбына комментарии жасау.







5 минут








Барлығы

170 минут (50 минуттан 3 академиялық сағат =150 минут, үзіліс – 20 минут).


6. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2002г.- 544с.

2. Магид Е.А., Мухин Н.А. Атлас по фантомному курсу.- М.Медицина.- 1996

4.Скорникова Л.А., Волков В.А., Баженова Н.П., Лапина Н.В., Еричев И.В. Пропедевтика терапевтической стоматологии. Ростов-на Дону, 2002.- «Феникс».- с.4-246.

5. Боровский Е.В.. Фантомный курс. - Москва, 2005 - с. 2- 150.

Дополнительная:

1.Мороз С.В. Стоматологические боры и фрезы.- С-Петербург, 2002.- 64с.

2. Шмигиролов С.П. Стоматологические установки. 2002 г.., с. 208.

3. Шопен Франк. Дезинфекция в стоматологии.- 1997.

4. Брейдо И.С. История асептики и антисептики в России. – Л., 1956.

5. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – М., Ч. 2, 1972.

6. Тимофеев Н.С., Тимофеев Р.Н. Асептика и антисептика. – Л., Медицина, 1980.

7. Лярский П.П. Тактика применения аэрозолей для целей дезинфекции помещений лечебно-профилактических учреждений. Гигиена и Санитария. – 1989, № 2, - С. 35-38

8. Фирма Comesa – Комплексная программа АНТИСПИД. – Австрия, 1995.

9. Прокопенко Ю.И. Основные направления теоретических исследований по проблеме дезинфекции. Сб. Научных трудов. Современные методы и средства дезинфекции и стерилизации. –М., 1999, -С. 7-16.

10. Есембаева С.С. Дезинфекция и стерилизация стоматологических инструментов и материалов. Неотложные состояние в стоматологии. Алматы, 2004.

11. Кунанбаева Т.С. Дезинфекция и стерилизация изделий медицинского назначения в стоматологической практике. Алматы, 2005.


7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

Сұрақтар:

1) Стоматологиялық терапевтік қабылдаудағы науқасты қарап тексеру үшін қандай стоматологиялық аспаптар қолданылады?

2) Тісжегі қуысын егеп-тазалау кезінде қандай қондырғы мен стоматологиялық аспаптар қолданылады?

3) Тісжегі қуысын пломбылау кезінде қандай қондырғы мен стоматологиялық аспаптар қолданылады?

4) Дәрігердің қолында тағайындалуы әртүрлі стоматологиялық аспаптардың дәрігер қолында ұсталу ережелері қандай? Каковы правила фиксации стоматологических инструментов различного назначения в руке врача?

5) Стоматологиялық аспаптармен жұмыс жасағандағы негізгі ережелері қандай ?

6) Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеудің қандай режимдері бар?

7) Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандырудың қандай режимдері бар? Какие существуют режимы стерилизации стоматологических инструментов?

8) Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу сапасын бақылаудың қандай әдістері бар ?

9) Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру сапасын бақылаудың қандай әдістері бар?

10) Стоматологиялық терапиялық кабинет жағдайында ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу в чем заключается?

Тест түріндегі тапсырмалар:

1тапсырма.

Адамның жасанды түрде құрған инфекциясының берілу механизімі аталады:

1. Жанаспал

2.Ауалы-тамшыл

3.+Артифицирленген

4.Парентеральді

5.Тұрмыстық

2тапсырма.

Қоршаған ортадағы объектілердегі адамдар мен жануарлардың инфекциялық ауруларын тудырушыларды жоюға арналған кешендік шаралар аталады:

1.Дезинсекция

2.+Дезинфекция

3.Стерилизация

4. Дезактивация

5.Дератизация

3 тапсырма.

Заттардағы микроорганизмдерді химиялық немесе физикалық агент арқылы толығымен жою қалай аталады:

1.Дезинсекция

2.Дезинфекция

3.+Стерилизация

4. Дезактивация

5.Дератизация

4 тапсырма.

Пациенттер мен персонал арасындағы ауруханаішілік инфекцияның болдырмуды ұйымдастыру, алдын-алу, эпидемияға қарсы шаралар жүйесін бақылау аталады:

1.+ Инфекциялық

2. Дезинтоксикациялық

3.Профилактикалқ

4.Стерилизациялық

5.Дезинсектицидті

5 тапсырма.

Адам мен жануларлардың инфекциялық аурулар қоздырғышын, қоршаған ортадан жоятын зат аталады:

1.Дезактивтеуші

2.Дезинфекциялаушы

3.Дезинсектицидті

4.Дератизирлушы

5.Дезодорирлеуші

6 тапсырма.

Қолданылған, бір рет қолданылатын медициналық аспаптар тиіс:

1. Тазалануға және зарарсыздандырылуға

2. Утилизациялануға

3.+Дезинфекциялауға және утилизациялануға

4. Дезинфекциялануға

5. Зарарсыздандырылуға

7 тапсырма.

Алдын –ала дезинфекцияланғаннан кейін бір рет қолданылатын шприцтер қандай жолмен утилизацияланады:

1. +Жандыру

2. Бөлшектеу

3. Езу,мыжу

4.У ландыру

5. Кесу


8 тапсырма

Төменде берілген аспаптардың қайсысы ауыз қуысын қарап тексеруге қолданылады?

1.Айна

2. Штопфер



3. Экскаватор

4. Тегістегіш

5.Араластырғыш

9 тапсырма.

Төменде аталған медициналық шаралардың, ТЕК біреуінен басқасымен түгел байланысты ятрогений ятрогений жіктелуіне жатады:

1. Профилактикалық

2. Диагностикалық

3. Емдік


4. Реанимациялық

5. +Болжамдық (прогностикалық)

10 тапсырма

Төменде берілген аспатардың қайсысы тісжегі қуысының тереңдігін анықтау үшін қолданылады?

1.Айна

2.Штопфер



3.Экскаватор

4. Тегістегіш

5. +Шұқығыш

11 тапсырма

Төменде берілген аспатардың қайсысы пломбылық материалды конденсациялау үшін қолданылады?

1.Айна


2.+Штопфер

3.Экскаватор

4. Тегістегіш

5. Шұқығыш

12 тапсырма

Төменде берілген аспатардың қайсысы тісқақатарын алу үшін қолданылады?

1. Айна

2. Нығыздағыш



3. +аршығыш

4. Тегістегіш

5. Араластырғыш

13 тапсырма

Төменде берілген аспатардың қайсысы пломбылық материалды тісжегі қуысына апару үшін қолданылады?

1. Айна


2. Нығыздағыш

3. Аршығыш

4. +тегістегіш

5. Араластырғыш

14 тапсырма

Төменде берілген аспатардың қайсысы пломбылық материалды араластыру үшін қолданылады?

1. Айна

2. Нығыздағыш



3. +аршығыш

4. Тегістегіш

5. +араластырғыш

15 тапсырма

Төменде берілген аспатардың қайсысы мақта анжыларды эндодонттық аспаптарды ұстап тұру үшін қолданылады?

1.Айна


2.Нығыздағыш

3.+Пинцет

4.Тегістегіш

5. Араластырғыш

16 тапсырма

Борлардың төменде аталған түрлерінің, ТЕК біреуінене басқасының, барлығы бар:

1. Шар тәріздес

2. Конус тәріздес

3.Цилиндр тәріздес

4. +Куб тәріздес

5.Кері конус тәріздес

17 тапсырма

Төмендегі аспаптардың қайсысы пломбыны моделдеу үшін қолданылады?

1.Пинцет


2.Зонд

3.Экскаватор

4.+Тегістегіш

5.Шпатель

18 тапсырма

Төмендегі аспаптардың қайсысы тістің қозғалғыштық дәрежесін анықтауда қолданылады?

1.Зонд

2.Штопфер



3.+ Пинцет

4. Тегістегіш

5.Шпатель

19 тапсырма

Төмендегі аспаптардың қайсысы тіске перкуссия жүргізгенде қолданылады?

1.Экскаватор

2.Штопфер

3.+ Пинцет

4.Тегістегіш

5.Шпатель

20 тапсырма

Төмендегі аспаптардың қайсысы ауыз қуысын қарап-тексеруге қолданылады?

1.Экскаватор

2.Штопфер

3 +Пинцет

4. Тегістегіш

5. Шпатель
7.2. Операциональді компетенциияны бағалау тапсырмаларды орындау нәтижелеріне қарай жүргізіледі:

1.Стоматологиялық аспаптар жиынтығымен жұмыс істеп, дәрігердің қолында стоматологиялық аспаптың бекітілуін, ауыз қуысын қарауда және тістерді емдеуде стоматологиялық аспаптардың функциональді ерекшеліктерін ұғынуына қарай операциональді компетенциияны бағалау.

2. Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу және залалсыздандыру кезіндегі іс-әрекеттердің реттілігінің алгоритімін құрастыру, азопирам және фенолфталеин сынамасын жасап стоматологиялық аспаптардың залалсыздандыруалды өңдеу сапасына бақылау жасау.

7.3 Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар) –жаңа түсініктерді және терминдерді ұғынуын бағалау: «стоматологиялық айна, стоматологиялық қысқыш, стоматологиялық шұқығыш, аршығыш, тегістегіш, нығыздағыш, араластырғыш, дезинфекция , залалсыздандыру, азопирам сынамасы, фенолфталеин сынамасы, индикаторлық жолақтар, емханаішілік инфекция, инфекцияның берілуінің артифициальді механизмі, ятрогенді аурулар, дезинфицирлеуші препараттар».
7.4 Құқықтық компетенцияны бағалау сұрақтар бойынша жүреді:

Сұрақтар:

1. Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу режимі.

2. Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру режимі.

3. Стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру алды өңдеу және залалсыздандырусапасын бақылау әдістері.



4 Стоматологиялық терапиялық кабинет жағдайында ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу
7.5. Өзін өзі жетілдіру дағдыларын бағалау«Стоматологиядағы компьютерлі томография» тақырыбы бойынша СӨЖ презентациясы және қорғау.


11 беттің беті


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет