Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі



жүктеу 165.64 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі165.64 Kb.
:

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модуль терапиялық стоматологи модулі.

Пән, пәннің коды –Терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық: 051302 «Стоматология»

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА
Тақырып: «Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақаулары. Кіреукенің сына тәрізді ақауы. Кіреуке эрозиясы. Клиникасы, диагностикасы, салыстрмалы диагностикасы, емі».

Оқу сағатының көлемі – 3 академиялық сағат


Курс: 4

Семестр - 8

Алматы, 2012ж.

Құрастырған: м.ғ.д. профессор Баяхметова А.А.

асс. Мангытаева Б.Б.


Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

хаттама «___ » ________ 2012ж.


Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі

м.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А.А.

1. №2 ТАҚЫРЫП «Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақаулары. Сына тәрізді ақау. Кіреуке эрозиясы. Клиникасы, диагностикасы, салыстрмалы диагностикасы, емі»
2.Сабақтың мақсаты:

А) Білімін қалыптастыру:

Тіс шыққаннан кейін пайда болатын, тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, тіс ақауларын қайта қалпына келтіру әдістері бойынша білімін қалыптастыру.



Б) Коммуникативті дағдыларын жетілдіру:

Сына тәрізді ақауы бар науқастарды клиникалық талдау үстінде науқаспен психо-эмоциональдық байланыс жасау арқылы, жаңа түсінікер мен жаңа терминдерді ендіру арқылы коммуникативті дағдыларды жетілдіру:«сына тәрізді ақау», «гиперестезия», «эрозия», «патологиялық қажалу», «кіреуке некрозы».



В) Студентердің мотивациясын жетілдіру:Тістер шыққаннан кейін пайда болатын, тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын, олардың диагностикасын, емін оқуға, ақауларды реставрациялауға арналған пломбылық материалдарды таңдауға студентердің мотивациясын жетілдіру.
3. Оқытудың мақсаттары:

  1. Сына тәрізді ақаудың этиопатогенезі туралы түсік қалыптастыру.

  2. Сына тәрізді ақаудың клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагностикасын

  3. қарастыру.

  4. Сына тәрізді ақаудың патоморфологиясымен таныстыру.

  5. Кіреуке эрозиясының этиопатогенезі туралы түсінік қалыптастыру.

  6. Кіреуке эрозиясының клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагностикасын

  7. қарастыру.

  8. Кіреуке эрозиясының патоморфологиясымен таныстыру.

  9. Сына тәрізді ақау және кіреуке эрозиясын пломбылау үшін пломбылық материалдарды және әдістерді қарастыру.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сына тәрізді ақау - этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.

  2. Сына тәрізді ақаудың салыстырмалы диагностикасы

  3. Кіреуке эрозиясы - этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.

  4. Кіреуке эрозиясының салыстырмалы диагностикасы

  5. Сына тәрізді ақауды және кіреуке эрозиясын қайта қалпына келтіруге арналған материалдар мен әдістер.

  6. Сына тәрізді ақаудың және кіреуке эрозиясының алдын-алу шаралары


5. Оқыту әдістері: демонстрация, түсіндіру, альбомдарына және жұмыс дәптерлеріне тапсырмаларды орындау, студенттердің операциональды және коммуникативі дағдыларын тікелей бақылау, кері байланыс.

Оқыту құралдары: «Сына тәрізді ақау. Кіреуке эрозиясы. Клиникасы, диагностикасы,емі» мультимедиялы презентация, кесте: «Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының жіктелуі», кесте: «Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының салыстырмалы диагностикасы».

Сабақтың қысқаша хронометражы




п/п

Сабақтың кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

Оқыту әдістері

Бақылау әдістері

(оқытушының таңдауы бойынша)

Кезеңге берілген уақыт этап

1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу тақырып, мотивациялық сипаттама, сабақтың мақсаты мен міндеттері.

-

-

10 минут

2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут




Үзіліс




10минут

3.

Негізгі кезең

Оқытушы «Сына тәрізді ақау.Кіреуке эрозиясы. Клиникасы, диагностикасы, емі» мультимедиялы презентациясын көрсетеді.

Оқытушы схему:

«Сына тәрізді ақаудың. Кіреуке эроиясының салыстырмалы диагностикасы» схемасын көрсетеді.

Альбомда және жұмысшы дәптерге тапсырмаларды орындау.

3. Кесте. «Тіс шыққаннан кейін пайда болатын, тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақаулары».

4. Оқытушы «сына тәрізді ақауы» бар науқасқа клиникалық талдау жасайды

5. Медициналық құжаттарды толтыру .


Демонстрация.

Түсіндіру.

.

Операциональды дағдаларды тікелей бақылау




50 минут












Үзіліс

3.

Негізгі кезең













4.

Сапасын тексеру сатысы

1. Білімді қортынды бақылау



1. Жазбаша сұрау

2.Тығыздалған сұрақ

3.Блиц-сұрақтар

4.Тесттер

5. ситуациялық есептерді шығару


15 минут

2.Кері байланыс құру







15 минут

3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







10 минут

4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут

5. Келесі сабақтың үйге берілетін тақырыбына комментарии жасау.







5 минут




Барлығы

170 минут (50минуттан 3 академиялық сағат=150 минут, үзіліс 10минуттан 2рет – 20 минут).


6. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология.3-е изд.,перераб. и доп.-М.,2005.-704С.

Қосымша:

  1. Копбаева М.Т. Некариозные поражения твердых тканей зуба. Алматы,2001.- с.48-57

  2. Патрикеев В.К., Ремизов С.М. Роль механического фактора в патогенезе эрозии и клиновидного дефекта зубов.-М.,1973.-с.136-140

  3. Федоров Ю.А., Дрожжина В.А. Клиника, диагностика и лечение некариозных поражений зубов//Новое в стоматологии,№10.-1997.-144 С.

  4. Грошиков М.И. Некариозные поражения тканей зуба. М., Медицина.1985.- с.113-126.


7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

7.1.1.Сұрақтар:

  1. Сына тәрізді ақаудың этиопатогенезі

  2. Сына тәрізді ақаудың клиникасы, диагностикасы.

  3. Сына тәрізді ақаудың салыстырмалы диагностикасы.

  4. Кіреуке эрозиясының этиопатогенезі.

  5. Кіреуке эрозиясының клиникасы, диагностикасы.

  6. Кіреуке эрозиясының салыстырмалы диагностикасы.

  7. Ақауларды пломбылау үшін пломбылық материалдар және әдістер.


7.1.2. Тест түріндегі тапсырмалар.

1тапсырма

55 жасар әйел төменгі жақ тістерінің сауытындағы ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі жағындағы 36, 35, 34 тістерінің вестибулярлы беттерінің мойын аймағында, дентин деңгейіне дейін тістердің қатты тіндерінің қабырғалары бұрыш жасай қосыла жойылғаны байқалады. Ақаудың қабырғалары тегіс,жылтыр. Шұқып тексерегенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?



  1. Тістің қатты тіндерінің некрозы

  2. Тістің қатты тіндерінің эрозиясы

  3. Беткей тісжегі

  4. Орта тісжегі

  5. +Сына тәрізді ақау

2тапсырма

44 жасар ер адам қышқыл мен тәттіден тістерінің аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 34 және 44 тістерінің мойын бөлігінде, дентин деңгейіне дейін тістердің қатты тіндерінің жойылғаны байқалады. Ойықтардың қабырғалары бұрыш жасай қосылған, тегіс, жылтыр.Қабырғаларын шұқып тексергенде ауырмайды..

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?


  1. Тістің қатты тіндерінің некрозы

  2. Тістің қатты тіндерінің эрозиясы

  3. +Сына тәрізді ақау

  4. Беткей тісжегі

  5. Тістің қатты тіндерінің гиперестезиясы

3тапсырма

45 жастағы әйел, тістерінің сауыттарындағы көптеген ақауларға шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі жақтарындағы кіші азу тістерінің вестибулярлы беттерінде, мойын аймағында дентин деңгейіне дейін тістердің қатты тіндерінің жойылғаны байқалады. Қабырғалары жылтыр, қатты, бұрыш жасай қосылады, бетінде зонд оңай сырғиды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?


    1. +Сына тәрізді ақау

    2. Флюороз, эрозиялы түрі

    3. жергілікті гипоплазия

    4. терең тісжегі

    5. Орта тісжегі

4тапсырма

43 жастағы науқас тісінің химиялық және температуралық тітіркендіргіштерден ауыратынына және косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың күрек тістерінің вестибулярлы беттерінде, кіреуке-дентин деңгейінде дөңгелек пішінді ақау көрінеді, ақаудың табаны пигменттелген,. Зонд тегіс беттердің бетінде оңай сырғиды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:


  1. Орта тісжегісі

  2. Флюороз

  3. Кіреуке некрозы

  4. +Кіреуке эрозиясы

  5. Сына тәрізді ақау

5тапсырма

37 жасар әйел жоғарғы алдыңғы тістері аймағындағы косметикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық және бүйір күрек тістерінің вестибулярды бетінде, сауыт экваторына жақын, дентин аймағына дейін сопақша пішінді, тығыз, жылтыр табаны бар ақау анықталады.



  1. Емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады ?

  2. Егеп -тазалау, пломбылау

  3. жасанды сауыт жасау

  4. Химиялық жолмен қатаятын композитпен пломбылау

  5. +Фотополимерлі композитпен пломбылау

  6. Реминералдаушы терапия курсы

6тапсырма
37 әйел жоғарғы алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға және қышқыл тағам жегенде ауыратындығына шағымданды. Қарап тексергенде: жоғарғы алдыңғы және бүйір күрек тістерінің вестибулярлы бетінде, сауыт экваторына жақын жерінде дұрыс емес дөңгелек пішінді, тығыз, жылтыр табаны бар ақау анықталды. Ақаудың табанын шұқып тексергенде ауырмайды. Шұқығын ақау бетімен еркін сырғанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1) Патологиялық қажалу

2) сына тәрізді ақау

3) +Кіреуке эрозиясы

4) бастапқы тісжегі

5) Беткей тісжег

7тапсырма

37 әйел жоғарғы алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға және қышқыл тағам жегенде ауыратындығына шағымданды. Қарап тексергенде: жоғарғы алдыңғы және бүйір күрек тістерінің вестибулярлы бетінде, сауыт экваторына жақын жерінде дұрыс емес дөңгелек пішінді, тығыз, жылтыр табаны бар ақау анықталды

Ауруды диагностикалау үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1) Электроодонтометрияны

2) Термотесі

3) Рентгенографияны

4)+ Шұқып тексеруді

5) Қағып тексеруді

8 тапсырма

37 әйел жоғарғы алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға және қышқыл тағам жегенде ауыратындығына шағымданды. Қарап тексергенде: жоғарғы алдыңғы және бүйір күрек тістерінің вестибулярлы бетінде, сауыт экваторына жақын жерінде дұрыс емес дөңгелек пішінді, тығыз, жылтыр табаны бар ақау анықталды.

Берілген клиникалық жағдайда қандай емдеу тактикасын қолданған НЕҒҰРЛЫМ маңыздырақ?

1) Динамикасын бақылау

2) Реминералдаушы терапия курсы

3) + Фотополимерлі композитпен пломбылау

4) Жасанды сауыт дайындау

5) өздігінен қатаятын композитпен пломбылау

9тапсырма

45 жастағы әйел адам жоғарғы жақтағы алдыңғы тістерінің химиялық тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: 21, 22 тістердің ­­вестибулярлы беттерінде табақша тәрізді ақаулар көрінеді, табаны мен қабырғалары жылтыр,тегіс, шұқып тексергенде тығыз, ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:



  1. Бастапқы тісжегісі

  2. +Кіреуке эрозиясы

  3. Кіреуке некрозы

  4. Сына тәрізді ақау

  5. Беткей тісжегісі

10тапсырма

55 жасар әйел төменгі жақ тістерінің сауытындағы ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі жағындағы 36, 35, 34 тістерінің вестибулярлы беттерінің мойын аймағында, дентин деңгейіне дейін тістердің қатты тіндерінің қабырғалары бұрыш жасай қосыла жойылғаны байқалады. Ақаудың қабырғалары тегіс,жылтыр. Шұқып тексерегенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?


    1. Тістің қатты тіндерінің некрозы

    2. Тістің қатты тіндерінің эрозиясы

    3. Беткей тісжегі

    4. Орта тісжегі

    5. +Сына тәрізді ақау

11тапсырма

44 жастағы ер адам, тәтті мен қышқылдан аз уақытқа созылатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде 34, 35 және 44,45 тістерінің мойын аймағында дентин деңгейіне дейін тістердің қатты тіндерінің жойылған аймағы байқалады. Ақаулардың қабырғалары бұрыш жасай қосылады, жылтыр, тегіс. Қабырғыларын шұқып тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:


  1. Тістердің қатты тіндерінің некрозы

  2. Тістердің қатты тіндерінің эрозиясы

  3. + Сына тәрізді ақау

  4. Беткей тісжегі

  5. Тістердің қатты тіндерінің гиперестезиясы

12тапсырма

45 жастағы әйел, тістерінің сауыттарындағы көптеген ақауларға шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі жақтарындағы кіші азу тістерінің вестибулярлы беттерінде, мойын аймағында дентин деңгейіне дейін тістердің қатты тіндерінің жойылғаны байқалады. Қабырғалары жылтыр, қатты, бұрыш жасай қосылады, бетінде зонд оңай сырғиды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?


    1. +Сына тәрізді ақау

    2. Флюороз, эрозиялы түрі

    3. жергілікті гипоплазия

    4. терең тісжегі

    5. Орта тісжегі

13 тапсырма

43 жасар ер адам косметикалық ақауға және химиялық және температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің вестибулярлы бетінде кіреуке мен дентин аймағында дөңгелек пішінді, табаны пигменттелген ақау байқалады. Шұқып тексергенде зонд жылтыр, тегіс беттіпен оңай сырғанайды.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1) Орта тісжегі

2) Флюороз

3) Кіреуке некрозы

4) +Кіреуке эрозиясы

5) Сына тәрізді ақау

14 тапсырма

45 жастағы әйел, тістерінің сауыттарындағы көптеген ақауларға шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі жақтарындағы кіші азу тістерінің вестибулярлы беттерінде, дентин деңгейінде үшбұрыш пішінді, қабырғалары тығыз, жылтыр ақау көрінеді.

Төменде көрсетілген этиологиялық факторлардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМдұрыс?

1)Ауыз қуысының нашар гигиенасы

2) +тістің қатты тіндерінің қоректенуінің бұзылуы

3) тамақ рационында көмірсулардың артық болуы

4) Ауыз суында фтордың артық болуы

5) Ауыз суында йодтың жетіспеушілігі

15 тапсырма

37 жасар әйел жоғарғы алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір күрек тістерінің вестибулярлы бетінде сауыт экваторына жақын, кіреуке және дентин маңында сопақшы пішінді ақау анықталады.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысын диагноз қою үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1) Рентгенография

2) Трансиллюминация әдісі

3) +Шұқып тексеру

4) Электроодонтометрия

5) Температуралық тітіркендіргішке реакция

16тапсырма

45 жастағы әйел, тістерінің сауыттарындағы көптеген ақауларға шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі жақтарындағы кіші азу тістерінің вестибулярлы беттерінде, дентин деңгейінде үшбұрыш пішінді, қабырғалары тығыз, жылтыр ақау көрінеді.

Берілген қандай емдеу шараларының жоспарын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ?

1) Егеп-тазалау, пломбылу

2)Жасанды сауыт дайындау

3) Химимялық жолмен қатаятын композитпен пломбылу

4) +Фотополимерлі композитпен пломбылау

5) Реминералдаушы терапия курсы

17 тапсырма

Кіреуке эрозиясының орналасу аймақтары:

1) Тұйық тесіктер

2) Төмпешіктер

3) Табиғи сайлар

4) Бұрыштар

5) + Экватор

18 тапсырма

Сына тәрізді ақауға қандай тістер жиі ұшырайды?


  1. +Премолярлар

  2. Сүйір тістер

  3. Бүйір күрек тістер

  4. Молярлар

  5. Орталық күрек тістер

19 тапсырма

Федорову Ю.А. (1997) бойынша сына тәрізді ақаудың ең негізгі пайда болу себебі?



  1. Тістемнің патологиясы

  2. +Қалқанша бездің қызметінің бұзылысы

  3. Асқазан-ішек жолдарының аурулары

  4. Тісті тазалау әдісінің бұзылысы

  5. Абразивті гигиеналық заттарды қолдану

20 тапсырма.

Қандай ауыру кезінде сына тәрізді ақау НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?



  1. Ұлпа қабынуында

  2. Периодонт қабынуында

  3. Қызылиек қабынуында

  4. +Пародонтозда

  5. Тісжегіде



7.2 Операциональді компетенцияны бағалау- тапсырмаларды орындау нәтижелеріне қарай жүргізіледі:

1. Сурет. Сына тәрізді ақау.

2. Сурет. Кіреуке эрозиясы.

3. Схема. Тістер шыққанан кейін пайда болатын, тістің қатты тіндерінің тісжегі емес зақымданулары


7.3 Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар) – науқасқа клиникалық талдау жүргізгенде психоэмоциональді байланыс орнату кезінде коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау нәтижесінде жүргізіледі және жаңа түсініктерді және терминдерді ұғыну нәтижесін бағалау арқылы жүреді: «сына тәрізді ақау», «гиперестезия», «эрозия», «патологиялық қажалу», «кіреуке некрозы».


13 беттің беті




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет