Тест 5-сынып Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?



Дата03.05.2016
өлшемі29.69 Kb.
ТЕСТ 5-сынып

1. Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?

а) заңдар

ә) эпос

б) жұмбақтар

в) киім-кешек

2. Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?

а) Баласағұн

ә) Троя

б) Афины

в) Александрия

3. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы.

а) археология

ә) этнография

б) антропология

в) топономика

4. Орталық Азияда б.з-дың 5 ғасырында қандай жазу пайдаланылды?

а) үйғыр жазуы

ә) руна жазуы

б) иероглиф

в) пиктография

5. Ахмет Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді?

а) латын

ә) кириллица

б) араб


в) иероглиф

6. Жыл санауды алғаш кімдер ойлап тапты?

а) қазақтар

ә) египеттіктер

б) римдіктер

в) шумерлер

7. Біздің заманымыз қандай оқиғадан басталады?

а) Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуімен

ә) Иисус Христостың дүниеге келуімен

б) Мұхаммед пайғамбардың Мединеге қоныс

аударуымен

в) Иисус Христостың қайта тірілуімен



8. Мемлекеттің аумағы мен астанасы, шекарасы көрсетілген карта қалай аталады?

а) тарихи

ә) физикалық

б) саяси

в) географиялық

9. Тарихи оқиғаларды суреттейтін карталар қалай аталады?

а) тарихи

ә) физикалық

б) саяси

в) географиялық

10. Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады?

а)14 ә)16 б)15 в)17



11. Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы үзындығы қанша шақырым?

а) 3000 шақырым

ә) 51000 шақырым

б) 15000 шақырым

в) 8000 шақырым

12. Қазақстан Республикасы Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі?

а) Ресей Федерациясымен

ә) Қырғызстанмен

б) Әзірбайжанмен

в) Түрікменстанмен

13. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады?

а) Түркістан

ә) Ақтау

б) Алматы

в) Атырау

14. Қазақстанның бұрынғы астаналарын болған уақытына қарай ретімен жазып шық.

а) Алматы

ә) Түркістан

б) Орынбор

в) Қызылорда

15. Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалды?

а) қорғасын мен қалайы

ә) мыс пен темір

б) қалайы мен мыс

в) қалайы мен темір

16. Андрон тайпалары қыш ыдыстарының негізгі орнаменті...

а) аң стилі

ә) геометриялық бейнелер

б) адамдар өмірінен көріністер

в) әскери көріністер

17. Б.з.б. 530 жылғы шайқаста парсы билеушісі Кирді жеңген сақ патшасы кім?

а) Спаргапис

ә) Томирис

б) Тарғытай

в) Колоксай

18. Сактар мәдениетінің өзіндік ерекшелігі.

а) көшпелі мал шаруашылығы

ә) «аң стилі»

б) күнге табыну

в) обалар

19. Ғұндардың өмірінде шаруашылықтың қай түрі маңызды болды?

а) теселі егіншілік

ә) жайылымдық мал шаруашылығы

б) үй маңылық мал шаруашылығы

в) көшпелі мал шаруашылығы

20. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» кай тайпа түрткі болды?

а) Аландар

ә) Остготтар

б) Ғүндар



в) Вестготтар

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет