Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мерзiмдi баспасөз саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы



Дата03.05.2016
өлшемі50.88 Kb.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мерзiмдi баспасөз саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 15 наурыз N 397

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 заң күшi бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз

Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мерзiмдi баспасөз

саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi келiсiм бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Неофициальный

перевод


Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мерзiмдi

баспасөз саласындағы ынтымақтастығы туралы

КЕЛIСIМ

Ресми бекiтiлген мәтiн



Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мерзiмдi

баспасөз саласындағы ынтымақтастығы туралы

КЕЛIСIМ

Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiмет өкiлдерi (бұдан былай -



Екi жақ),

Достастыққа қатысушы мемлекеттерде болып жатқан оқиғаларға олардың

халықтарының дәстүрлi мүдделерiн ескере отырып,

      Екi жақтың аумағында өндiрiлетiн мерзiмдi баспасөз өнiмдерiнiң таралуына, кеңiнен және еркiн айырбасы үшiн жағдай жасау қажеттiлiгiн ескере отырып,


      жалпылама мойындалған халықаралық құқық нормаларына сәйкес, Екi жақтың аумағында өндiрiлетiн баспа өнiмдерiне өз азаматтарының теңқұқықты және еркiн қол жеткiзу, ақпараттар алмасу тұрғысында әмбебап принциптерге жүгiнетiндiктерiн бiлдiре отырып,
      1996 жылы 18 қазанда Достастықтың үкiмет басшыларының Кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру Тұжырымдамасының ережелерiн ескере келе,
      1992 жылғы 9 қазандағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi және 1995 жылғы 10 ақпандағы кiтап баспасы, кiтап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi назарға ала отырып,
      төмендегiдей мәмлеге келiстi:
1-бап

      Екi жақ алдағы уақытта келiсiмге қол қоюшы жақтардың өзара дәстүрлi байланыстарын нығайту, азаматтардың мерзiмдi басылымдарды тұтынуын қанағаттандыру мақсатында мерзiмдi баспа өнiмдерiмен алмасу және оларды тарату саласындағы ынтымақтастықты дамытады.


2-бап

      Екi жақ өз азаматтарының жалпылама мойындалған халықаралық құқық нормаларына және ұлттық заңдарға сәйкес, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылым өнiмдерiне еркiн және теңқұқылы қол жеткiзуiне кепiлдiк бередi.


3-бап

      Екi жақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылым өнiмдерiмен екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер негiзiнде алмасады және таратады, саяси, экономикалық, мәдениет және ғылыми өмiрге байланысты, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер халықтарының тiлiнде жарияланатын мерзiмдi басылымдар қызметi туралы материалдарды өзара жариялауға және аударуға көмек көрсетедi.


4-бап

      Екi жақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылым өнiмдерiмен өз кiтапхана қорының толығуы үшiн шаралар қабылдайды.


5-бап

      Әрбiр екi жақ өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылымдарды таратумен айналысатын құрылымдардың жұмыстарына, оның iшiнде оларға салық, кеден және өзге де жеңiлдiктерiн беру жолымен оңтайлы жағдай жасауға ұмтылады.


6-бап

      Екi жақ мерзiмдi басылым өнiмдерiн өндiруде жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда бiр-бiрiне ықпал жасайды, өндiрiсте техникалық шешiмдердi бiрдей сәйкестiкке бейiмдеуге, халықаралық тұрғыда танылған үлгi есебiмен мерзiмдi басылым өнiмдерiн таратуға және беруге шаралар қабылдайды.


7-бап

      Екi жақ мемлекеттiң қатысуымен мерзiмдi басылым саласында, сондай-ақ өзге де ынтымақтастық үлгiдегi бiрiккен кәсiпорындар қызметiн құруға ықпал жасайды. Ынтымақтастықтың нақты үлгiсi олардың шаруашылық субъектiлерi немесе Екi жақтың өзара келiсiмдерiмен реттелетiн болады.


8-бап

      Екi жақтың өкiлеттi органдары осы Келiсiмнiң орындалу барысы туралы ақпараттармен және мәлiметтермен тұрақты алмасады.


9-бап

      Осы Келiсiмдi қолдануға және өзiнше қабылдауға байланысты туындаған келiспеушiлiктер мүдделi Екi жақтың келiссөздерi және өзара кеңесулерi жолымен шешуге рұқсат етiледi.


10-бап

      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн мойындайтын кез келген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.


11-бап

      Осы Келiсiмге Екi жақтың жалпы келiсiмi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.


12-бап

      Екi жақтың бiрi келiсiлген мерзiмнiң бiтуiне алты ай қалғанда келiсiмдi тоқтату жөнiнде жазбаша түрде ескерту арқылы осы Келiсiмнен шығуы мүмкiн.


13-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 5 жыл мерзiмге жасалынады. Егер Екi жақтың бiрi оны тоқтату жөнiнде ешқандай шешiм қабылдамаса, осы Келiсiм шартты түрде келесi 5 жылдық мерзiмге тағы да ұзартылады.


14-бап

      Осы Келiсiм барлық қажеттi iшкiмемлекеттiк шараларды орындау туралы

оған қол қоюшы Екi жақтың үшiншi жазбаша ескертулерi депозитарийiн

сақтауға берген күннен бастап күшiне енедi.

Қажеттi шараларды кештеу орындаған Екi жақ үшiн, ол сақталуға тиiстi

құжаттарды өткiзген күннен бастап күшiне енедi.

1999 жылы 4 маусымда Минск қаласында түпнұсқасы жалғыз данадан

тұратын орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер

Достастығы Атқару комитетiнде сақталып, осы Келiсiмге қол қойған әрбiр

мемлекетке оның мақұлданған көшiрмесi жiберiледi.

Әзiрбайжан Республикасы Молдова Республикасы

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Армения Республикасы Ресей Федерациясы

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Беларусь Республикасы Тәжiкстан Республикасы

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Грузия Түркменстан

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Қырғыз Республикасы Украина

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.



Орынбекова Д.К.
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет