ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі



жүктеу 325.02 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі325.02 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
publications -> Әож 821. 512. 122 Е. Ысмайылов және мұҚановтану ғылымы
ӘБДІРАЗАҚОВА Аякөз Қожамырзақызы

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, магистр- аға оқытушы
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНАН КЕЙІНГІ СЫР ӨҢІРІ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР: БАҒЫТ-БАҒДАРЫ МЕН БЕТ-БЕЙНЕСІ
Тәуелсіз Қазақстаның дамуын, саяси жүйесін бұқаралық ақпарат құралдарынсыз қазіргі таңда мүмкін емес. Ақпарат құралдары көпсалалы, әлеуметтік-саяси, ақпараттық қызметтерді атқарып, демократиялық, саяси және идеологиялық институт ретінде егемендік алған жылдардан бастап қалыптасып келеді. Бүгінгі таңда мерзімді басылымдар көтермейтін тақырып кемде-кем. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдары құқық қорғау органдарының жұмысын да қадағалау, орын алған кемшілік туралы қоғам мүшелерін дер кезінде құлақтандырып отыр.

Әр аймақтың өзіндік ерекшелігі, халқының қалыптасқан тіршілігі, тұрғындарының басым көпшілігі айналысатын жұмысы, өнер және мәдениет саласындағы жаңалықтары, экономикалық, аграрлық салалардағы жетістіктері мен кемшіліктері болатындығы заңды. Осы айтылған мәселелерді толығымен өз бетінде көрсетіп, жетістіктерімен мақтану, кемшілікті тузету қызметтерімен өңірдегі мерзімді басылымдар да қырағылық танытып келеді. Қазақ журналистикасының тарихында аймақтық мерзімді басылымдарының да өзіндік орны бар. Аймақтық журналистика мәселесіне алғаш Темірбек Қожакеевтің «Жыл құстары» еңбегінде тоқталған[1].

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері баспасөздегі материалдар тақырыбында, мазмұнында, берілу пішіні мен жанрында түбегейлі өзгешеліктер, жаңалықтар пайда бола бастады. Заң жүзінде берілген еркіндік, сөз бостандығы, жариялылық, баспасөздің бұрынғыға қарағанда барынша еркін сөйлеп, батыл ой айтуына, жабық тақырыптарды көтеріп, ұлттық мүдде тұрғысынан баға беруге зор ықпалын тигізді.

Тәуелсіз бейресми газет шығарудың қаншалықты қиындығы бар екендігі еліміз егемендік алғаннан кейінгі дәуірдегі Сыр өңірінің газет шығару тарихы айқындап берді. 1986-1990 жылдардың ішінде республика бойынша бейресми газеттердің саны үш есе өскенімен, ұлттық тәуелсіз басылымдардың саны саусақпен санарлықтай еді. Ұлттық мүддені қозғайтын басылымдарды шығару республикамызда 1996 жылдардан кейін ғана мүмкін бола бастады. Аймақтық басылымдардың дүниеге келуі жеке адамдардың газет шығару әрекетіндегі алға қойған мақсатына байланысты болды. Жаңадан шыққан басылымның қандай мазмұнда болатындығы сол газетті шығарған адамдардың дүниетанымына, алға қойған міндетіне тәуелді болды. Өңірлік газеттер нақты оқиғаның, нақты қоғамдық құбылыстың негізінде белгілі бір уақыт пен кеңістік, белгілі бір әлеуметтік топтардың сұранысына, қажеттілігіне сай дүниеге келді. Сондықтан олар ең алдымен өзін дүниеге әкелген уақыт пен адамның ықпалына ереді. Заман өзгерген сайын мемлекеттік емес басылымдарға деген сұраныстың артуы табиғи құбылысқа айналып барады. Қазіргі таңда облыс аумағында шамамен 100-ге жуық мерзімді баспасөз тіркелген. Бірақ олардың барлығы дәл қазіргі уақытта оқырмандарының жүрегіне жол тауып отыр деп айта алмаймыз. Бір редактор мен бір журналист қана қызмет атқаратын ұжымдар да газет шығару ісін табыс көзіне айналдырып отыр. Дегенмен, нарықтың қатаң талаптарына жауап бере алмай аз уақыт қана жарыққа шығып, кейіннен жабылып қалған, таралымы 1000 данадан аспайтын заман ағымы ысырып тастаған басылымдар да бар.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда мерзімді басылымдар даму және ізденіс үстінде. Кешегі Кеңестік кезеңде тек қана бір идеологияға бағынған баспасөз шығарылса, бүгінде әралуан позициядағы мемлекеттік және жекеменшіктік, тәуелсіз баспасөз түрлері пайда болды. Көтеретін тақырыбы, газеттегі уақыт талап еткен айдарлары, стилі, концепциясы жағынан түрлі-түрлі басылымдар бар.

Облыстағы тәуелсіздік жылдарынан бұрын жарық көрген басылымдардың егемендік алғаннан кейінгі бет-бейнесі, 1991 жылдан кейін жарыққа шыққан басылымдардың ұстанған бағыттары мен көтерген тақырыптары, газеттердің сапасы мен сауаттылық мәселесі, қалам иелерінің шеберлігі мен редакция басшылығының іскерліктері, оқырмандар саны мен меншік иелері туралы зерттеу жасап, өңірлік басылымның белгілі бір кезеңдегі тарихын қағазға түсіруді мақсат тұттық.

Сыр өңірінің бас басылымы облыстық «Сыр бойы» газетінің тарихы – елдің тарихымен біте қайнаған десе де болады. Бүгінде оқырмандар арасында «Аймақпен аттас ата басылым» деген атауға берік иеленген облыс баспасөзінің қара шаңырағы – «Сыр бойы» газеті өзі өмірге келген жылдардың барлық бедерлі белестерінен бері өлкенің түрлі тыныс-тіршілігінен хабар беретін нағыз соққан тамырына айналып келеді.

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінде тіркелген. Тіркеу куәлігі №467 1-г. Жалпы газет ұлттық танымдық-саяси басылым болып табылады. Басылым ұраны: «Тәуелсіз елің – тірегің, туған жерің - жүрегің».

Аймақтағы ата басылымның жаңа белесті жолға түсіп, серпінді қадам бастайтын шағы тәуелсіздіктің туы тігілген 1991 жылдың соңғы айларымен ұштасып жатыр. Осы кезеңде уақыт талабына сай шұғыл түрде газет атауын өзгерту міндеті алға қойылды. Көтерілген мәселеге облыстағы барлық қоғамдық ұйымдардан бастап, қатардағы қарапайым оқырманға дейін өз үндерін қосты. Бар-жоғы бірер айдың ішінде қорытындысы шығарылған сол пікірталастар мен таңдауларды дауысқа салудың нәтижесінде газетке бірінші атауын қайтару керектігі шешілді. Осылайша газет 1991 жылдың 24 қыркүйегінде өзінің алғашқы атауымен қайтадан жарық көруге кірісті. Содан бергі аралықта басылымның таралу мөлшері де үнемі өзгеріп отырды. 1993 жылы 56 мың дана болып өскені, ал кейінгі кезеңде бұл көрсеткіш біршама төмен түскенімен соңғы жылдарда қайтадан өсу байқалады. Қазіргі уақытта газеттің таралымы -23982 дана.

Республика егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде аталмыш облыстың әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуында бұрын-соңды болмаған жаңа кезеңдер басталды. Нарықтық қатынасқа түбегейлі көшу, экономикалық байланыстар аясын кеңейту, қоғамды демократияландыру, заңды құрметтеу, салауатты өмір салтын орнықтыру, бюджетті толықтыру, қайырымдылық акцияларын жүзеге асыру, т.б. көптеген мәселелер мерзім міндеттері ретінде «Сыр бойы» газетінің де алдында тұрды.

1991 жылдың 20 сәуірінен бастап газет редакторлығына белгілі ақын, журналист Әскербек Рахымбекұлы тағайындалды. Бұл қызметті 1996 жылға дейін атқарды. Газетте саясат және құқық, экономика және әлеуметтік мәселелер, руханият, хат және ақпарат бөлімдері болды. Осы жылы газет таралымы 23 мың дана болды.

1991 жылдары газет бетінде көп орын жарнамаға берілген. Газет А-3 форматта шықты. Сонымен бірге айтарлықтай тұрақты айдарлары да болмады. «Ана тілі», «Мереке», «Күріш орағы» сынды айдарлар тұрақты болмаса да арагідік жарияланып тұрды. Алайда тіл, жер, нарық және білім мәселесі туралы зерттеу материалдарының оқырмандар үшін берер азығы мол болды. Осы жылдары газет бетінде тек облыс деңгейінде өткізіліп отырған ең ірі мерекелік және облыстық, қалалық әкімшілік тарапынан ұйымдастырылған шараларды ғана хабарлаумен шектелгеніне көз жеткізу қиын емес. Газет тігінділерін қарастыру арқылы проблемалық мақалалар мен сыни тақырыптарды қозғайтын, мұрағаттағы тың ақпаратпен таныстыратын туындылар мүлдем аз деп айтуға болады. Сонымен бірге осы жылдары газет бетінде әдеби туындыларға өте көп орын берілгендігін байқадық.

1996-2008 жылдар аралығында газетті Жақсылық Рахматулла басқарды. Ол журналистика саласындағы еңбек жолын 1979 жылдан бастаған, «Коммунизм жолы», «Ленин жолы», «Сырдария» басылымдардында қызмет атқарған. 2005 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. 2008 жылы Қазақстанның Құрметті Журналисі атағын алған.

Газетте саясат, құқық және жастар тәрбиесі, экономика және өндіріс, ауыл өмірі, мәдениет, өнер және әдебиет, экология, әлеуметтік мәселелер, хат және қабылдау қызметі, спорт, ақпарат, білім және денсаулық, салт-дәстүр, жарнама бөлімдері жұмыс істеді. Сонымен бірге газет жанында ардагерлер кеңесі және Арал, Қазалы, Қармақшы, Байқоңыр, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы аймақтық тілшілер өз өңірлерінің тыныс-тіршілігі жөнінен мәлімет беретін туындылар жариялап отырды. Газет жанынан қосымшалар шығару қолға алынды. 1997 жылдың тамыз айынан «Жарнама», 1999 жылдың қаңтарынан қыз-келіншектерге арналған «Махаббат» қосымшалары жарық көрді. 1998 жылдың қарашасынан газет компьютерлік терімге көшті. Газеттің таралымы бұл жылдары 22185 дана болды.

Басылымда «Әкім», «Саясат», «Қылмыс хроникалары», «Сауалнама», «Меншікті тілшіміз хабарлайды», «Аңыз бен ақиқат», «Мұнай мен газ», «Ел үміті-егінде», «Бизнес әлемінде», «Оқырман пікірі», «Ойтүрткі», «Тұрмыс түйткілдері», «Жазылған жайдың жалғасы» т.б. айдарлар аясында түрлі тақырыптар қамтылды. Сонымен бірге аталмыш басылымның «Замандас», «Табиғат-Тәңір», «Күлмесең де болады» атты арнаулы беттері де болды.

2000 жылдан бері қарай газет заман талабына сай көлемі үлкен материалдар санын азайтып, қысқа әрі, нұсқа материалдар беруге, оқырмандар көкейіндегі жанды мәселелерді арқау еткен мақала, проблемалық мақала, сұхбат, сыни материалдарға, зерттеу материалдарына көп орын берген. Газеттегі «Түйін сөз» айдары аясындағы материалдар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы орын алған көптеген кемшіліктер, жағымсыз фактілер сыналды. Көтерілген көше аттарын өзгерту мәселесі, жастардың ағылшын тілін жетік меңгеруіне жол ашу, тереңдетілген мектептерді жақсарту, көбейту отансүйгіштік қасиеттерді меңгерту мәселелері сөз болды.

Әр жылдары дүниеге келген «Сөз бен іс», «Түйінді түйткіл», «Билік бедері», «Сараптама» деген айдарлар аясында жарық көретін материалдардың айтары мол, шағын талдамалы корреспонденциялар, корреспонденция-толғаныс формасында жазылған шығармалар берілетін айдарлар бірден көзге түседі. Өйткені мұнда айтылатын ойлардың, қозғалатын проблемалардың қоғамдық маңызы да зор. Сондықтан болар, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тамыршыдай тап басып айтатын бұл айдарлар газеттің бірінші бетінде жиі беріліп тұрды.

«Сыр бойы» газеті 2004 жылдың 1 қарашасынан жаңа технологиямен – үлкен форматпен(А-2) әрі түрлі-түсті болып баспадан шықты. Ал, 2005 жылдың қаңтарынан аптасына төрт рет, шілде айынан бес мәрте жарық көреді. Осы уақыт аралығында қаншама шығын болса да газеттің бағасы өспеді. 2004 жылы Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын жеңіп алған, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Грантына ие болған шығармашылық ұжым қызметкерлерінің қабілеті мен қаламының қарымы қазіргі заман жүгін көтеретін туындыларын ұсынып, әркез оқырман сұранысына жуаап бере алу үшін тер төкті.

Алғашқы тәуелсіздік алған кездерден гөрі 2005-2006 жылдардағы газеттің материалдарының сапалық тұрғыдан жақсарғанын айқындау қиын емес.

2007 жылы газетте оқырман, жекелеген авторлар хаттарына жиі орын берілген. Әрбір оқырманның хаты қоғамдағы өзекті мәселені көтере отырып, келелі ой тастайды. Мәселен, «Сыр бойы» газетінде 2007 жылдың 23 мамырындағы санында «Есірткіден аулақ жүргенің абзал» тақырыбында хат жарық көрген. Осы жылдың 27 маусымында «Байқоңырға қазақ әндері жетпейді. Неге?», «Құрметтей білеміз бе?»[2] тақырыптарындағы жарияланған хаттардың да оқырмандарға ой салғаны анық.

2008 жылдан бастап белгілі журналист бұрынғы Қызылода облысының «Егемен Қазақстан» газетіндегі меншікті тілшісі Серік Пірназар редакторлық қызметке келді. Газетте саясат тобы, әлеуметтік сала тобы, экономика тобы жұмыс істеді. Газет тиражы 30000 данаға жетті. Сонымен бірге «Құлаққағыс», «Тың туынды туралы», «Өнер күнделігі», «Ауыл аумағы», «Сараптама», «Алтын тамыр», «Тағзым», «Өнер өрендері», «Құттықтау!», «Арыз табында – адам тағдыры», «Сүйінші!», «Көктемгі егіс», «Ресми», «Депутат дәрігері», «Әріптес жайлы әңгіме», «Мәжіліс мәртебесі» сияқты көптеген айдарлар аясында мақала, сұхбат, репортаж, заметка, эссе сияқты публицистика жанрларындағы туындылар жарық көріп тұрған.

Облыстық газеттің осы жылдарда өзінің бет-бейнесін күрт өзгертіп, айтарлықтай жаңару мен жаңғырудың жолына түскенін бүгінде түйсігі түгел оқырмандар жақсы біледі. Бұл басылым басшылығына білікті журналист Серік Пірназардың келуімен тікелей байланысты екені даусыз. Өскелең өмірдің өршіл өзені ағымымен бірге газеттің өрелі өзгерістерге түсіп жатқанына, әлбетте, сол өзгерістерді өз қолымен жасап жүрген журналистер қауымының да еңбегі орасан зор. Ондай жаңғырулардың бас басылымның сыртқы пішіні-дизайнерлік безендірілу жағында ғана емес, оның ішкі мазмұны – тақырыптық тұрғыдан өзгергенін, кез-келген сауатты кісі аңғарады.

Шығармашылық ұжым 2008 жылдан бері газет бетінде орын алатын барлық негізгі рубрикаларды нақтылы белгілеп алып, соларда қамтылатын тақырыптар ауқымына қарай өзекті материалдар дайындауға бейімделген. Мысалы, «»Дәулет», «Мәртебе», «Дидар», «Қоғам», «Мерей», «Жарнама», «Дәурен» атты арнайы беттер газеттің әрбір саны сайын тұрақты жарияланып тұрды. Яғни, оқырман өзіне керекті ақпаратты арнайы беттердің мазмұнына сәйкес ала алады. Сонымен бірге, «Дін-діл тірегі», «Қоғамдық ойдың сарасы», «Апталық мәжіліс», «СБ ақпарат», «Ресми хабар», «Әлеуметтік сала», «Сұрақ-жауап», «Спорт», «Билік бедері», «Жыл жаңалығы», «Сөз бен іс», «Сот сүзгісінен соң», «Шолушы шошаласы» секілді айдарлар аясында жарияланған материалдар легі өз оқырмандарының жүрегіне жол тауып жатты.

2010 жылы «Сыр бойы» газетінің ұжымдық ахуалы бұзылып, газетте басшылық ететін С.Пірназар мырзамен газет журналистерінің арасында келіспеушіліктің орын алғандығына байланысты редакторлық міндет осы басылымда ұзақ жылдар бойы қызмет еткен, бөлімді басқарған Жолдасбек Әленұлы Ақсақаловқа жүктелді. Ол журналистика саласындағы еңбек жолын 1983 жылдан бастап, «Ленин жолы», «Сыр бойы» басылымдарында қызмет атқарған.

2010 жылы «Сыр бойы» газеті «Облыстық «Сыр медиа» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қарамағына өтеді. «Сыр медиа» МКК директоры болып Аманжол Сақыпұлы тағайындалды. Ол «Ақмешіт апталығы», «Халық» газеттері мен «ASU»баспа үйін басқарған.

2012 жылдан бастап газеттің бас редакторығына Аманжолов Нұрболат Тәуекелұлы келді. Жаңа басшының келуімен ұжымдағы ахуал түзеле қоймағандығын ғаламтордағы Мasa.kz сайтындағы облыс әкіміне бағытталған газет журналистерінің басым көпшілігі қол қойған «Сыр медиа сыр берді» атты материалдан көруге болады.

Десек те, 2011-2012 жылдары «Сыр бойы» газеті оқырмандарын елімізде орын алған оқиғалар туралы тез әрі, тың мәліметтермен таныстырып отыруын тоқтатқан жоқ. Киелі Қызылорда өңірінің бірлігі мен тірлігін, жарқын өмір белестері мен еңбек адамдарын, елдің мұң-мұқтажы мен қисынсыздықтарын елге таныта жүріп, облыстың жаршысы атанып келеді. Ұлттың ой-сана үрдісін өрбітуге өз үнімен үлес қосып отырған «Сыр бойы» газетінің әр жылдардағы сандары шежіреге толы десек те болады.

Қорыта айтқанда, газетті әр жылдарда басқарған азаматтар мен қызмет еткен журналистердің шығармашылық қарым-қабілетінде, таным-түсінігінде, болмыс-бітімінде, жан-жүрегінде ешкімді қайталамайтын ерекшеліктер бар. Бұл заңды да! Олардың азаматтық тұлғасын айқындайтын бір даралығы – айрықша ұлтжандылықтары. Әр редактор тұсында өзінше өзгеше кейіпке енген басылымның тарихтан алар орны ерекше екендігіне ешкімнің дауы болмас деген ойдамыз.

1991 жылдың 26-қыркүйегінен бастап бұрынғы «Ленинский путь» газеті «Кзыл-Ординские вести»(№152 санынан бастап) атауымен шыға бастады. Осы аталмыш нөмірінің бірінші бетінде редакция ұжымының «К нашим читателям» тақырыбында бас мақала жарық көрді. Елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты газеттің атауының өзгергенін және жұмысшы ұжым құрылтайшы болғандығын хабарлайды. Газет атауы өзгергенмен ұстанған бағытының сол қалпында қалатындығын да баяндайды. «... Она была и остается газетой социальной защиты для всех жителей области независимо от национальности, вероисповедвания, должности и т.д. и т.п. Наши страницы открыти для всех общественных организации, обьединений, партий, если разумется, их деятельности не противоречий Конститутции страны и Казахстана...»[3] деп көрсетеді.

1991 жылы газеттің бас редакторы – Е.Х.Хан. Газет құрылтайшысы: облыстық халықтық депутаттар кеңесі және редакция ұжымы. Газетте 4 бөлім: қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер, оқырман хаттарымен жұмыс істейтін бөлімдер болды. Осы жылы газет кей кездерде 4, ал кейде 6-бет болып жарық көрген.

Басылымда «Панорама», «КВ» факты, события, комментарий», «Новости в номер(посообщениям информационных служб», «Факты и комментарий», «Депутаты и жизнь», «Зеленый абажур», «Мы изакон» атты айдарлар тұрақты жарияланып тұрды. Сонымен бірге «Ровестник»-жастарға арналған арнайы шығарылым, «Природа»-экология, табиғат мәселелеріне арналған, «Пятый гол»- сатиралық шығармаларға арналған арнайы беттері де болды.

1991-1992 жылдардағы газет сандарын қарастырғанымызда көбіне «Эхо планеты», «Экспресс К», «Новое время» басылымдарында жарық көрген материалдарды қайта сілтеме жасап басқан. Сонымен бірге газет жарнамаға өте көп орын берген.

1993 жылы арнайы дайджест бетін шығарып отырған. Сонымен бірге «Аукцион», «Мнения», «Наш быт советы домового», «Приватизация», «Время и люди» айдарларымен толықты. Сонымен бірге «Тусовка» атты арнайы қосымшасы аптасына бір рет жарық көріп тұрған.

1994 жылы «Диалог» атты саяси клуб ашылған. Басылымда Н.Назарбаевтың, С.А.Абдильдиннің, С.Ш.Шаухамановтың түрлі жиналыста сөйлеген сөздерінің мәтіндері түгелдей беттерге беріліп отырған.

1999 жылы газет Ақпарат Минситрлігінде қайта тіркеліп, №548 куәлігі берілген. Басылым сәрсенбі, жұма, сенбі күндері жарық көрген.

2000 жылы газет А-3 форматта қайтадан «Кзылординские вести» атауымен 8-бет болып жарыққа шыға бастады. Осы жылдары газет редакторы міндеті В.Ф.Лиге жүктелді. Газетте «Мы с президентом», «Портрет коллеги», «Актуальная тема», «Кривые дороги иналоги», «Проблема: правовой аспект» атты айдарлар аясында очерк, мақала, ақпарат беріліп тұрды. Газеттің «Коммерсант», «Деловой мир» атты жарнамалық және «Культура» атты арнайы қосымшасы болды.

2001-2006 жылдар аралығында газет редакторы И.В.Корнилов болды. Осы жылы «И в шутку», «Всерьез», «Новости отовсюду», «Спорт-инфо», «Криминал», «Суд и суть» айдарлары дүниеге келді.

2004 жылы «Газета-читатель: обратная связь», «Человек и закон» айдарлары тұрақты жарияланып тұрды. Сонымен бірге «Экономика», «Строительство» атты арнайы беттері жарық көрді.

2006 жылы 23 маусымда газет А-2 форматта күнделікті облыстық қоғамдық-саяси басылым ретінде шыға бастады. Редакторы болып осы басылымда көп жылдар бойы корреспондент, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған Қасым Иманбердиев өзгерді. Басылымда бас редактордың орынбасары Т.Р.Қасымов, П.Жолмаханова, жауапты хатшы Осы жылы газет тиражы 8503 дананы құрады. «Осторожно: коррупционно!», «Встречи», «Пульс провинции», «Год искусства» айдарлары аясында материалдар жиі жарық көрді.

Облыстық қаржыландыруымен жарыққа шыға бастаған басылымда 2008 жылы «Социальная политика», «Общество», «Политика и право» айдарлары дүниеге келді. Осы жылы газет тиражы-59958 дана. Газеттің бірінші және соңғы беттері түрлі-түсті шыға бастады.

1993 жылдың наурыз айында алғаш жарыққа шыққан «Сыр түлегінің» іргетасын қалаушылар деп сол кездегі Қызылорда педагогикалық университетінің ректоры Бақберген Досманбетов, э.ғ.к., профессор Қазбай Құдайбергеновтерді айтамыз. Газеттің ақпарат айдынына қанат қағып, ұстанған бағытын табуына көп еңбек сіңірді.

1996 жылы университетте журналистика мамандығы ашылды. Жаңа мамандық жұмысын жетілдіру мақсатында белгілі ғалымдар, қарымды қаламгерлер Бауыржан Омаров, Амантай Шәріптер оқу ордасына шақыртылды. Олар университеттің алғашқы журналист мамандарын даярлауға күш салып қана қойған жоқ, «Сыр түлегі» газетінің жаңаша бағытпен жарыққа шығуына да ұйытқы болды. Бұл уақытта «Сыр түлегі» газеті бас редакторлығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, қаламы қарымды, жазуға төселген қазіргі облыстық «Сыр бойы» газетінің журналисі Әділжан Үмбетке жүктелді. Осы кезеңде газет арнайы баспаханадан басылып, мерзімді басылымдарға қойылатын талапқа сай жарық көрді. Журналистика мамандығына қабылданған студенттердің, университет жастарының шығармашылығы, өткізілген мәдени шаралар туралы жан-жақты ақпараттар беріліп, ұлағатты ұстаздар кеңестері, сатиралық туындылар жарық көрді.

Газетте «Жастар және саясат», «Пікірталас», «Ақпараттар ағыны», «Қорқыт Ата ҚМУ-дегі спорт атындағы жаңалықтар» атты айдарлар тұрақты болмаса да жарияланып тұрған.

«Сыр түлегі» газеті өз тарихында Сыр жастарының шығармашылығы мен өнерін, жеткен жетістіктерін насихаттауға күш салып келеді. Қазіргі таңда есімдері республикаға танымал ақын қыздарымыз Назгүл Бердіқожа, Салтанат Жүсіпова, Мөлдір Айтбаевалардың т.б. тырнақалды туындылары «Сыр түлегі» арқылы танылды. Сондай-ақ, газет-университет түлегі, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, 3 мәрте әлем чемпионы Илья Ильин жайында жан-жақты сыр шерткен алғашқы басылымдардың бірі.

«Сыр түлегі» газеті әрқашан таланттарға ақпараттық қолдауын аяған жоқ. Әр жылдары университет жанындағы «Дидар» ансамбліндегі өнерпаздар, Студенттік көктем, факультетаралық КТК (КВН), Сыр сымбаты, Сыр сұлуы, Сейхун КАМ қыздар командасы, Қорқыт қырандары, Ақиқат дебат клубы, студенттік құрылыс және Ұлағат педагогикалық отрядтарының жұмыстары газет бетінде көрсетіліп отырды.

Сыр түлегі газеті еліміздегі жастар саясатын жүргізумен қатар, қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістерге өзіндік үн қосып отырды.

2008 жылдан бастап Сыр түлегі газетіне ф.ғ.к., аға оқытушы З.Ермағанбетова бас редактор, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Әшірбекова редактордың орынбасары, аға оқытушы А.Оразова жауапты хатшы, А.Әбдіразақова тілші қызметтерін атқарды. Осы кезде газеттің мазмұны мен безендірілу сапасында бірқатар өзгешеліктер болғанын жасырмаймыз. «Сыр түлегі» газеті оқу ордасының ақпараттық жаршысы ғана емес, студенттер мен оқытушылардың қызығып оқитын танымдық, проблемалық материалдармен толықты. Газетте «Бір үйдегі екеу» атты айдар тұрақты жарияланып тұрады. Бұл айдар аясында профессор-оқытушы құрам арасында өсіп-өнген, үлгілі отбасы болып табылатын жанұялардың арасындағы қарым-қатынас, сыйласымдылық, отбасындағы бала тәрбиесі сияқты мәселелер талқыланып, сұхбат жанрында жарық көреді. Әңгімелесудің жастарға берер тәрбиелік мәні мен маңызы зор.

«Сәті түскен сұхбат» айдармен университетке, Сыр еліне келген танымал, белгілі адамдармен болған сұхбат жарияланған. Сонымен бірге басылымда бұдан да өзге, «Жатақхана - өз үйің», «Үшбу хат», «Болар елдің баласы...», «Студенттер – аяулы ақ армандар», «Боямасыз болмыс», «Жырымды менің оқыңдар!», «Көзқарас», «Сауал – бізден, жауап -сізден», «Таланттармен таныс болыңыз», «Өнер мен өнеге», «Ғибрат» атты айдарлар тұрақты шығып тұрды.

2011 жылы «Сыр түлегі» газетінің бас редакторы болып Г.Әшірбекова, жауапты хатшы қызметіне З.Ермағанбетова тағайындалды. Сыр түлегі газетінің осы жылдардағы нөмірлерін парақтағанда, студенттің қызықты сәттері, ұстаздың өнегелі өмірі, оқу ордасының білім кеңістігіндегі қарышты қадамдары жайлы ақпараттар мен проблемалық мақала, очерк, сұқбат, репортаж, фельетон жанрындағы дүниелерді жиі кездестіруге болады.

2011 жылы «Сыр түлегі» газетіне бас редактор болып университет түлегі, жас журналист Нағымжан Сауяев тағайындалды. Жаңашыл бастама жемісін берді десе болғандай, университеттің 75 жылдығы қарсаңында «Тарихтан тағылым», «Лебіздер легі», «Айтарым бар», «Университет айтқыштары», «Жатақханадан жаңалық», «Жастар үні», т.б., айдарлармен толығып, тың идеялар қолға алынды.

2012 жылдың желтоқсанынан бастап газеттің бас редакторы қызметін Сағира Уалиева атқаруда. Газет тиражы-3000 дана. Қазіргі уақытта да басылым студенттердің шығармашылығы мен туындыларына көп орын береді.

Қалалық «Кызылорда» апталық басылымы А-3 форматта 8-бет болып қазақ, орыс тілдерінде шыққан. Облыстық мұрағатта басылымның 1994-1997 жылдар аралығында сандары сақталған. Басылымның құрылтайшысы: қалалық әкімшілік, қалалық мәслихат депутаттары, редакцияның ұжымы. Газеттің бас редакторы Галина Крючкова. 1994 жылы газеттің 27 саны жарық көрген. 1995 жылы 41 саны жарық көрген. Басылымда қазақ тілінде «Көкейде жүрген ой», «Дайджест», «Өрт тілсіз жау», «Әзіл әңгіме», «Бүгінгі күннің өзекті мәселесі» атты қазақ тілінде айдарлары бар. «Кызылорда-Хабар», «Быт или не быт», «Экология и мы», «Письма вредакцию», «Криминал», «Актуальная тема», «Юридическая консультация», «Встречи с трудовыми коллективами», «Личное мнение» тақырыбында айдарлар тұрақты жарияланған.

1995 жылдың қаңтарында газет тиражы 4570 болса, осы жылдың соңында яғни, желтоқсан айында 4000 данаға төмендеген.

1996 жылы «Тұлпар» арнаулы беті жарық көрген. Осы жылы басылым әлеуметтік мәселелерге көп орын берген. Мысалы, «Актуальное интервью» айдарымен Артур Лидің «Автобусы: рабочий ритм гарантируем»[4], Сәкен Теңізұлының «Уақыт тоғысы: нәтиже және меже»[5], Ж.Жусуповтің «Жаңа мектеп – жаңа қарқын»[6], В.Хижнемнің «Когда дороги станут безопасными?»[7] мақалаларын ерекше атауға болады. Осы жылы газеттің 3-4 беттерінде тек жарнамалық материалдар жарияланып отырған.

1997 жылы газет қаржылық қиындыққа душар болған сияқты. Себебі бір жылдың ішінде газет таралымы бірнеше рет өзгерген. 1997 жылдың қаңтар айының басында 2000 данамен шықса, 8-21 қаңтар аралығында тираж 1650 данаға түскен. 11 ақпандағы саны 1470 дана болса, 14 ақпандағы нөмірі 4200 данамен жарыққа шыққан. Жыл аяғында газет 4500 дана болған. Осы жылы газеттің қазақ тіліндегі редакторы қызметін С.Тенгизұлы атқарған. Қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелеріне көп орын берілген. Тұрғын үйлердің жөнделуі, жылу, жарық, коммуналдық мәселелер газет бетінен түспеген. Осы жылы аталмыш тақырыптардан басқа экология мәселесіне де ерекше көңіл бөлгендігін байқадық.

1998 жылдан бастап басылым облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының арасында аттас басылымдардың көбейіп кеткендігіне байланысты және заман ағымына сай «Кызылорда таймс» деп атауын өзгерткен. Редакция басшылығы мен құрамы сол қалпында сақталды.

Қызылорда облысында жарық көрген ең алғашқы тәуелсіз газет – «Ақмешіт апталығы» басылымы болып табылады. Басылым алғашында Қызылорда облыстық тіл басқармасының танымдық, ақпараттық-жарнамалық басылымы ретінде 1994 жылдың 14 сәуірінен бастап жарыққа шыққан.

Алғаш шыққан жылы газет 3000 данамен тараса, 1995 жылы 3100 данаға, ал жыл соңында 4400 данаға өскен. Газеттің негізін қалаған - Әділхан Бәймен. Ол 1994-2004 жылдар аралығында газетте редактор қызметін атқарған. Ал, бас редактордың орынбасары қызметін Аманжол Сақыпұлы атқарды. Басылым Қазақстан Журналистер Одағы облыстық ұйымының, облыстық білім басқармасының, «Ақмешіт» жабдықтау-өткізу компаниясының, облыстық еңбек басқармасының мүддесін көздеген. Апта сайын 8 бет болып жарыққа шыққан.

Газеттің оқырмандар арасына тез тарап, танымал болуына газет редакторы Әділхан Бәйменов көп еңбек сіңірді. Қасына ерген А.Сақыпұлы, Д.Аяшұлы, Ж.Жүсіпов, Ә.Ботпановтар білікті басшы бастамаларын қолдап, басылымның биіктерден көрінуіне аянбай еңбек етті. 2005 жылы Ә.Бәйменов дүниеден озды. Содан газет жұмысының тоқтап қалмай әрі қарай жүруіне сол кездегі «Тұмар» баспасының директоры Аманжол Сақыпұлы мұрындық болған. 2004-2006 жылдар аралығында газет басында өңірге кеңінен танымал Нұрлан Көбегенұлы, 2007-2009 жылдары Нұржан Әбжанов, 2009-2011 жылдары Нағымжан Сауяев, 2011 жылы Мұрат Жетпісбаевтар тұрды. 2011 жылдан бері газет қалалық әкімшіліктің органы ретінде Кенжалы Ерімбетовтің басшылығымен өз оқырмандарына қала өмірі туралы ақпараттарды жеткізіп келеді.

Қаржы мәселесінің қиындығына байланысты газет әртүрлі жағдайды бастан кешірді. Алғаш шыққан жылдардан кейін үш-төрт жыл көлемінде басылым тиражы 14 мыңға дейін көбейсе кей жылдары тым төмендеп те кетті. Қазіргі уақытта газет жағдайы біршама түзелді.

Сыр елінің тарихи-танымдық, әдеби басылымында оқырман қауымға қызықты материалдар жарық көріп тұрды. Газетте «Таным», «Жастар», «Балалар беті», «Тағылым» беттері болды. Бұндай арнайы беттер шығарып, оқырманға қажетті мәліметтер тарату сол кездегі үлкен жетістік еді. Ұстанған бағытына қарамастан газет бетінде проблемалық мақалалар да, шешімі табылмай тұрған мәселелерді арқау еткен материалдар да үздіксіз жарияланып тұрды. «Ақмешіт апталығы» газеті көптеген жас журналистер үшін ұстахана қызметін атқарды. «Су неге сарғаяды?», «Мектептер мұң шағады...», «Жарық айналасындағы жаңалықтар», «Көлік қорлығын көріп...», «Қаланың бас санитар дәрігері неге ренішті?», «Көптен күткен күрделі жөндеу», «Қысқа дайындаламыз деп тазалықты ұмытпайық»(2002ж) сынды әр түрлі жанрда материалдар жарияланған.

2000 жылдан бастан газет Сыр елінің ақпараттық-танымдық басылымына айналды. Осы жылдың ақпан айы мен тамыз айлары арасында газетте қоғам қайраткері, ұлтжанды саясаткер Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық мақалалар жарық көрген.

2006 жылдардағы санында «Жастардың отаншылдығы - болашақтың жарқын бейнесі», «Ақиық ақынға құрмет», «Аралдың мәселесі бір жобамен бітпейді», «Тәлім табалдырықтан басталуы тиіс», «Жастық шағым сарғаймаса екен», «Маскүнем ұлдың әкесі болғаныма өкінемін», «Мәнсіз махаббат» сынды материалдар жарық көрген.

2007 жылдан бастап газеттің редакторы болып Нұржан Әбжанұлы келді. Осы жылдары «Ел есіндегі есімдер», «Ел ауызынан» айдарларымен толықты.

2009 жылы газетке Нағымжан Сауяев редактор ретінде келді. Ал, 2011 жылы басылым редакторы Мұрат Жетпісбаев болды. Осы 2011 жылдың 27 сәуірінде газет қайта тіркеліп, бас редактор Кенжалы Ерімбетов шығара бастады. Қазіргі уақытта газет 5000 данамен тарайды. Осы кезден бастап меншік иесі Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы «Қызылорда Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып, 8-бетпен жарыққа шыға бастады. Газеттің 1-ші және 8-ші беттері түрлі-түсті болып шығуда. Басылымда «Әлеумет», «Билік», «Қоғам», «Ақпараттар ағыны», «Пресс тур» сынды айдарлар аясында өз оқырмандарын жаңалықтар мен қоғамдағы көкейтесті проблемаларды таныстыратын материалдар жарық көреді.

2010 жылы «Түнгі судың хикаясы», «Әкімшілік қабырғаның құлағанын күтіп отыр екен», «Кері кеткендер «Келінді» түсірді немесе қазағым қайда барасың?», «Майдангерге зейнетақы өз дәрежесінде төленуде», «Тұжырымдама Мәсімовті жұмыссыз қалдыруы мүмкін», «Өнегелі өмір», «Қайыршыны қайыршы түсінеді», «Аға буын кімге сенбек?», «Сынақтан сүрінгендер түрмемен қауышады» атты материалдар жарық көрген.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаңалықтың жаршысындай ақпарат айдынына шыққан Сыр өңіріндегі, қала берді еліміздегі тұңғыш тәуелсіз басылым ретінде газеттің көтерер жүгі ауыр болды. Ұлттық болмыс, тіл, дін, діл мәселелерін көтеруі, ғасырдың басындағы алашордашылардың, ұлт зиялыларының еңбегі мен тұтастығы, қазақ салты мен дәстүрлері туралы ел ауызындағы әңгімелермен таныстырды.

Газет Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінде 2011 жылы 27 сәуірде қайта тіркеліп, қазіргі уақытта бұл басылым қаланың тыныс-тіршілігінен ақпараттандыратын қалалық басылым болып табылады.

Алғашқы тәуелсіздік алған жылдардағыдай 2011-2012 жылдардағы газет материалдарының сапалық тұрғыдан жақсарғанын айқындау қиын емес. Тіл, жер, нарық және білім салалары жөнінде танымдық материалдары жарық көрген. Ұлттық тарих, мемлекеттік тіл мәртебесі, жұмыссыздық мәселесі, нарықтық экономика, әлеуметтік мәселелер, демография ахуалы, ұлттық рух мәселелері, қаладағы білім орындарының жағдайы, мәдениет, өнер тақырыптары басылымда айрықша орын алған.

«Ақмешіт ақшамы» - республикалық тәуелсіз қоғамдық-саяси газет. Бұл басылымның алғашқы саны Қызылорда арнайы экономикалық аймағының апталығы ретінде 1997 жылдың 22 наурызында жарық көрген. Бас редакторы – Сәрсенкүл Биқожа.

1997 жылдың 13 ақпанында Ақпарат министрлігінде тіркеліп, жыл басы – 22 наурызда алғашқы нөмірі жарыққа шықты. Ол кезде «Қызылорда Полиграфиясында» газеттер ескі әдіспен басылатын. «Ақмешіт ақшамы» газеті облысымыздағы компьютерлік теріліммен, газет басу технологиясындағы офсеттік әдіспен жаңаша Алматы қаласындағы «Дәуір» баспаханасында басылған алғашқы газеттердің бірі болып табылады. Бұл басылымда алғаш коллаждар да берілді.

15 жылда С.Биқожа басшылығымен республика көлеміне тарайтын өзіндік ұстанымы бар, өткір сыни материалдарға көп орын беретін, қала, облыс көлеміндегі кемшіліктерді қырағы назарынан тыс қалдырмайтын, бәсекеге қабілетті газетке айналды. «Ақмешіт ақшамы» сөз жоқ қазір облыс бұқаралық ақпарат құралдары арасында көшбасында тұрған газет. Басылымның меншік иесі: «Желтоқсан и К». Таралымы 7000 дана.

Газет мақалалар беруде жаңа пішін, жаңа әдіс пайдалану арқылы оқырмандар сұранысын толықтай қанағаттандырып отыр. Жаңалықты бірінші болып жеткізуге ұмтылатын, өзгелер білмейтін хабарды жұртқа хабарлау газет журналистерінің алдына қойған мақсаты.

Газет қалалық басылым саналғанымен қаланың тыныс-тіршілігмен ғана шектелмей, облыстық маңызды шаралар туралы да материалдарды үздіксіз жариялап тұрады.

«Оқырмандар сұрауына орай», «Түйткіл», «Бір үзік сыр», «Ойтүрткі», «Қыз-келіншектер беті», «Алтыбақан», «Күлкітөбе басында күнде жиын» атты арнаулы беттері мен «Жұлдызым айтады», «Сараптама», «Сұхбат», «Құттықтау», «Жұлдызнама», «Хабарландыру», «Қызылордада қызық көп», «Қылмысты оқиғалар», «Сөзтізбек», «Тілші тапсырма алды», «Көзайым», «Балақан» айдарларымен жарық көретін түрлі жанрлардағы материалдардың қоғамдық пікір қалыптастыруға қосып жатқан үлестері көп.

Газетте тақырып беру шеберлігі байқалады. Мысалы «Әкім Қаюпов «күрішті көбірек жеу керек» дейді», «Тәуіпбаевтің бітіргені де, бітіретіні де таудай ...»[8], «Ректор «балаларын» лагерьге жіберді», «Қызылордалық саяси элита кімдер?»[9] тақырыптарын айтуға болады.

Қызылорда облысындағы ұстаздарға арналған «Сыр мектебі» басылымы 1998 жылдың 27 маусымында жарық көрді. Облыс ұстаздарына арналған ақпараттық, әдістемелік басылым білім саласы бойынша республика аймақтарында алғашқы шыққан газет. Сыр ұстаздарының сырлас көмекшісі, сенімді серігі бола білген газет озат ұстаздардың тәжірибесімен, озық әдістемесімен таныстыра отырып, білім саласындағы біліктілік бағыттарынан, оқыту процесіне енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігінен хабардар етеді. Газет «Білім - өмір шырағы, тәрибие – көңіл шуағы» ұранымен шығады. Қазіргі уақытта газет таралымы: 4728 дана.

Басылымның алғашқы және қазіргі кездегі бас редакторы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының құрметті азаматы Махмұтбай Әміреұлы.

Газеттің әр санында «Әдістеме», «Тәжірибе» айдарларымен жарияланатын материалдарда әр пән бойынша жекелеген тақырыптарды сабақта өту жайы сараланады, ұтымды, ықпалды әдістер кеңінен көрсетіледі. Сонымен қатар ашық сабақтардың, тәрбие сағаттарының үлгісі үзбей жарияланып тұрады.

«Білім саласының үздіктері» айдары аясында үлгілі ұстаздар туралы очерктер жарық көреді.

«Сыр мектебі» газетінің жанынан 2001 жылдан бері оқушылардың «Бал дәурен», 2008 жылдан бері «Жоғары сынып» газеттері тұрақты шығып келеді. Оқушылардың түрлі тақырыптарда жолдаған хаттарына, ұсыныс-пікірлеріне, өлең, әңгіме, эсселеріне, салған суреттеріне көбірек орын беріледі.

Мектеп өмірінің бүгінгі тынысы, ұстаздардың қауырт та қарбалас жұмысы «Сыр мектебінің» әр бетінен айқын аңғарылады. Өрісті өнеге, тәлімді тәрбие басты көтеретін тақырып болып табылады.

Осы саладағы ақпараттық-әдістемелік «Ұстаз үні» басылымы 1991 жылы тіркеліп, 2004 жылдың мамыр айында қайта есепке алынған. «Мұғалім – мектеп жүрегі» ұранымен шығатын газеттің меншік иесі: «Ұстаз үні»ЖШС. Бас редакторы Гүлмирам Серкешбаева. Газет айына екі рет қазақ және орыс тілдерінде 8-бет болып жарық көреді. Таралымы-3400 дана.

Басылымда «Тәжірибе», «Опыт учителя», «Тебіреніс», «Салт-дәстүр», «Білім жаңалықтары», «Өзін-өзі тану», «Менің тәжірибем», «20 вершин Независимости», «ҰБТ-ға дайындық», «Жиырма жұлдызды күн», «Жадыңызда жүрсін!», «Келешекке кемел жол», «Ойтүрткі», «Хозяйкам на заметку», «Келелі кеңестер» сияқты айдарлар бар.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік пен ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Осы тұрғыдан алғанда «Ұстаз үні» басылымының бетінде көтерілген проблемалардың маңызы ерекше. Әсіресе, бүгінгі оқушылардың психологиялық ахуалы, мамандар кеңесі, дайындығы, қызығушылығы мәселесі күн тәртібінен түспей тұрғанда басылым барынша пайдалы кеңестер ұсынады.

«Ұстаз үні» басылымының оқырман аудиториясымен байланысы жүйелі жолға қойылған. Газеттің екі беті оқырмандар хаттары, толғаныстары, пікірлері, ұстаздардың өз тәжірибесімен бөліскен зерттеу жұмыстары жарық көреді.

Қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газеті 2011 жылы 16 ақпанда тіркеліп, осы жылдың 18 наурызында алғашқы саны 3800 данамен жарық көрді. Газеттің меншік иесі: «Аманат» ЖК. Басылымның бас редакторы филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Нұрлан Көбегенұлы. Тілшілері Дәулет Тұрсынханұлы, Баян Алаудинқызы. 2012 жылы Асқар Сәрсенұлы, Әділбек Серікұлы тілшілік қызмет атқарған.

Газет «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген халық мәтелін басшылыққа ала отырып, ұстаздардың негізгі міндеті, білім сапасы, ұстаздардың әлеуметтік жағдайы, білім саласында орын алып отырған кемшіліктер, оқулықтар сапасы, бала білімін көтерудің жолдары сияқты мәселелерді көтереді. Елімізде ұстаздар қауымы беделінің көтерілуі жолында жаңа талапқа сай қолға алынған жұмыстарға қолдау көрсетуді және олардың ел дамуындағы жасап жатқан еңбектерін жарыққа шығаруды, ұрпақ болашағына жөн сілтеуді мақсат еткен басылымда «МАБ: білім сапасының таразысы», «Ұстаз мерейі», «Имандылық иірімдері», «Мектеп мақтанышы», «Ұлағат», «Маман мінбері», «Руханият», «Шәкірт ойы», «Шеберлік сағаты» сынды айдарлар бар.

Басылымның бір ерекшелігі газеттің әрбір беті үлкен бір мәселені көтеретінін айғақтайтын тақырыптармен шығады. Мысалы, 2011 жылдың 8 сәуірдегі №2 санында 2-бет «Жаңа ғасыр – жаңа талап» тақырыбы аясында «Басылым мерейі биік болсын», «Мемлекеттік аралық бақылдаудың нәтижесі көңіл көншіте ме?», «12 жылдық білім беру жүйесінің жарқын жақтары көп» тақырыптарындағы материалдар жарық көрсе, 3-бетте «Білімді мыңды жығады» тақырыбы аясында «Ұлттық тесттің таза өьуі үшін халық болып күресуіміз қажет» тақырыбында Ұлттық тестілеу орталығының Қызылорда филиалының жетекшісі Асқар Еңсеповпен сұхбат жарияланған. Басылым білім саласының қоғамдық мекемелермен, ұжымдармен, ата-аналармен байланысы мәселесінде назардан тыс қалдырмаған. Оған газет бетінде жарық көрген материалдар дәлел.

Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық болып табылатын «Халық» газетінің 2000 жылдың 21 шілдесінде алғашқы саны жарыққа шықты. Әр апта сайын 12 бет болып шығатын басылымның меншік иесі: «Халық» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазақстан Республикасы аумағында газет алғашқыда 1700 данамен, кейіннен 5000, қазіргі уақытта 7500 данамен таралады. Алғаш басылым төрт адамнан құралатын шығармашылық топтың еңбегімен жарық көрген. Олар: бас редактор – Аманжол Сақыпұлы. Редактордың орынбасары – Нұрлан Көбегенұлы, тілші – Айгүл Нұртайқызы, суретші – Зият Кәрібайұлы.

Газетке 2000-2007 жылдар аралығында Аманжол Сақыпұлы, 2007-2009 жж Нұрлан Көбегенұлы, 2009 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Нұржан Нұрмағанбетов бас редактор қызметін атқарып келеді.

Басылымның басты ұстанымы – «Халық – Құдайдың бір аты». Газет халқымыздың тарихы мен тағдырына, ұлтымыздың қазынасына, салт-дәстүрі мен таным-тағлымына терең бойлап, қоғам, жастар тәрбиесі, тәуелсіздігіміздің бүгіні мен болашағын толғайтын, халықтың жоғын жоқтап, мұң-мұқтажына ортақтасып, әлеуметтік-экономикалық және өзекжарды мәселелерді қозғайтын батыл пікірлерді жариялайды.

Газетте «Тағдыр», «Қылмыс құрығы», «Сергек», «Салауат», «Тұлпар», «Тылсым», «Әлеумет әлеуеті», «Жұлдыздар әлемі», «Ұстаз», «Тұмар ханым» атты ұстаздар, жастар, денсаулық, спорт беттері тұрақты шығып тұрады.

2000-2009 жылдар аралығында басылымда «Ел айна», «Басынба, билік, басынба!», «Әлем-әйнегі», «Ой. Пікір. Ұсыныс», «Аңдатпа!», «Оқыс оқиғалар», «Халық-хабар», «Бүгінгінің болмысы», «»Бүгінгі күннің бұйымтайы», «Жеке пікір», «Пікірлер тоғысқанда», «Тәртіп тепкіні» атты айдарлар тұрақты жарияланып тұрған. Ал, 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Айтайын деп айтпайсың», «Халық»- халықпен бірге!», «Халықтан «Халыққа» хат», «Өмір - өзен», «Өнер - өмір», «Ойсалар», «Жабық тақырып», «Өткенді білмей, жаңаны жасай алмайсың», «Саяси болжам», «Есімі ел есінде», «Өнеге өрісі», «Айтарым бар», «Кереғарлық», «Апыр-ай, ә!», «Үрей мен үміт», «Осы ғой, енді!», «Мезгіл мәселесі», «Ойтүрткі», «Тарихи таным» атты айдарлар аясында қоғамдық пікір қалыптастыратын оқиғалар мен ақпараттар, кемшілікті көрсететін сыни мақалалар, нақты мамандардың пікірлері жарияланған. Сонымен бірге газетте «Әзіл-оспақ», «Қағытпа», «Күлкі жәрмеңкесі», «Қазекеңнің қыжыртпасы» айдарларымен қоғамдағы жат пиғылдылардың жолына тосқауыл болу үшін түрлі жанрдағы сатиралық шығармалар, «Артық болмас білгенің», «Пайдалы кеңес», «Есте сақтаңыз!», «Маман ескертеді» айдарларымен оқырмандардың денсаулығына, аспаздық және тұрмысқа қажетті құралдарды пайдалану мақсатында, құқықтық сауаттылық мәселесі мен ырымдар туралы қажетті мамандардың кеңестері беріледі.

«Сергек» арнаулы бетінде спорттың барлық түрлерінен хабардар ететін ақпараттар жарық көреді. «Спорт», «Дзюдо», «Футбол», «Бокс», «Футбол жұлдызы», «Күрес» айдарларын газет тілшісі Т.Әлжанов соңғы жылдары тұрақты жүргізіп келеді.

«Қылмыс құрығы» арнайы бетін газеттің жауапты хатшысы Н.Саниязова жүргізеді. Оның «Тірі жетім ұл немесе тағдыр тәлкегі»(2012ж, №5), «Қутақым тірліктегі құлқынның қамы»(2012ж, №11), «Тек жүрмеген тентектер»(2012ж, №2), «Бір түнгі «тірлік» оның заң мен ар алдындағы жазасы қандай?»(2010ж, №10), «Өз еркі өзінде емес адамдар ортамызда жоқ дей алмаймыз»(2008ж, №16) тақырыбындағы жарық көрген проблемалық мақалаларында келтірген мәліметтердің, ақпараттардың оқырмандарына берері мол. «Тұлпар» арнаулы бетінде газет журналистерінің және жас оқырмандардың әңгіме, новелла, мөлтек сыр, поэзия сияқты жанрдағы материалдары жарық көреді. Мысалы, Төрехан Дәулеттің «Сағыныш» айдарымен «Ауылға барсам түседі сол қыз еске...», Әсел Ахметқызының «Қазіргі қоғам трагедиясы», Гүлмира Молдахожаеваның «Агентсіз бір күн», Нұрбике Қазидың «Қазақ қызының қылығы қайда?», Ардақ Нәсібекованың «Сен мені кінәлама!», Гүлжауһар есімді автордың «Мәңгілік менің жүрегімдесің» тақырыбындағы шығармалары жарық көрген. Бұл бетте жас оқырмандарды қызықтыратын алғашқы махаббат, жауапсыз махаббат, тұрмыс тауқыметі, адам тағдыры, жастықпен жіберілген кемшіліктер сынды барлық тақыптар қозғалады. Ал, «Тұмар ханым» бетінде аты айтып тұрғандай ақ жаулықты ана, ибалы қыз, сұлу бойжеткен, инабатты келіндерге арналған материалдар жарық көреді. Ұлт мәдениетінде, салтында, дәстүрінде әйел адамның, қыз баланың қоғамдағы, отбасындағы орны осы бетте толық талданады. «Тағдыр» бетінде өмірде адасып жүріп жол табатын, жол іздеп жүріп адасатын адамдардың ауыр тағдырын баяндау арқылы оқырмандарды қателік жібермеуге шақырады. Кез-келген қиындықтың дұрыс шешімін таба білу жеңіс екендігін түсіндіреді. Көбіне көркем шығармалар жарық көреді. Мысалы, Д.Садықтың «Бақытпен ұштасқан мұң», «Сағынышпен өткен ғұмыр», «Үйленбеске ант қабылдаған жан», Аян Төренің «Жұмбақ өлім» тақырыптарындағы жарияланымдарын ерекше атап өтуге болады. «Ұстаз» бетінде оқу-ағарту қызметкерлерінің ұлағатты істері, ұрпақ үшін жасап жатқан ерен еңбектері, осы салада орын алып отырған кемшіліктер жайлы беріліп келеді.

Он екі жылдық тарихы қалыптасқан «Халық» газеті де оқырмандар жүрегіне жол тауып, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың, тіліміз бен діліміздің, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, спортымыздың болашақ ұрпақ үшін қымбат та қастерлі екенін ұдайы ұғындырып отырады.

«Ел тілегі» газеті 2007 жылдың қыркүйегінен бастап шығады. Бұл басылым – Сыр елінің ақпараттық-танымдық апталығы. «Туған елім – тірегім, бейбітшілік – тілегім!» ұранымен шығатын басылымның алғашқы таралымы 2500 дана болған. Газеттің бас редакторы – Жалғасбек Аманов.

«Ел тілегі» газетінің бірінші бетінде бас мақала, екінші бетінде жаңалықтар, үшінші бетінде құқық тақырыбы, ал төртінші және бесінші беттерінде «Айбарақ» айдарымен қоғамдық-танымдық мақалалар жарық көреді. Басылымның соңғы бетінде апталық жұлдыз-жорамал жарияланады.

Газеттегі «Жарықсыз күнің күн емес», «Әл-Фарабиді аздырып, Торайғыровты тоздырып немесе әкім жүрмейтін көшелер», «Жалақы өсті дегенше, баға өсті десеңші-ай!» атты жарық көрген проблемалық мақалалар көтеріп отырған тақырыптарымен оқырмандарды еліктіріп қана қоймай, мазмұнынның сонылығымен ерекше.

Алғаш жарыққа шыққан жылдары 2500 данадан аспайтын болса, 2008 жылдың өзінде 4500 данаға жеткен. Бұл дегеніңіз – «Ел тілегі» елдің мұңын жоқтайтындығын білдірсе керек. Басылымда ақпараттық-танымдық дүниелермен қатар әлеуметтік өміріміз, өткен тарихымыз бен бүгінгі болмысымыз, ұлттың тірегі – тілі, ділі, діні, мәдениет пен әдебиет, дәстүр сабақтастығы жайлы жарияланымдар жиі жарық көреді.

Басылымның әрбір санында белгілі ғалымдар мен жазушылардың, ақындар мен билердің нақыл сөздері жарияланып тұрады. Газетте білім, оқу, мәдениет тақырыптары тұрақты көтеріледі. Сонымен бірге қаладағы қылмыстық оқиғалар мен келеңсіз жағдайлар да назардан тыс қалмайды.

«Ел тілегі» басылымы күнделікті өмірдегі күн тәртібінен түспейтін тақырыптарды көтереді. Десек те, басылым бетінде тапсырыспен жарық көретін мақалалар да жиі жарық көреді. Мысалы құқық қорғау органдарының есептері, хабарлары, мерейтойлық очерктер т.б.

«Табиғат тынысы» - экологиялық және қоғамдық-әлеуметтік басылым. Газет 2008 жылдың желтоқсанынан бастап 2 баспа табақ көлемінде қазақ және орыс тілдерінде, 3000 данамен шығып тұрады. Алғашқы редакторы: Нұрлан Көбегенұлы. Жауапты хатшы- Алмат Қайырбекұлы, тілшілер: Әділбек Жақанов, Асқар Тәжиев.

Газетте «Мәселе», «Қоғам», «Қиянат», «Замана», «Жан саулығы», «Аймақ», «Қоршаған орта» атты тұрақты айдарлар мен арнаулы беттер бар.

«Мәселе» айдарында облысымыздағы, қаламыздағы табиғат, тіршілік аясындағы, құқық саласындағы түйткілді мәселелер қозғалады. «Қоғам» айдарындағы «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» тақырыбында қоршаған ортаның ластануы секілді экологиялық проблемалар қозғалады.

2011 жылдың қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында газет редакторы Алмат Қайырбекұлы болса, жауапты хатшысы Ерденбек Мұқанов, тілшілер Айжанар Омарова, Береке Данышпановтар атқарған. Газет тиражы 2000 дана құраған.

Жаңа редактордың келуімен «Қоршаған орта», «Тылсым дүние» айдарлары мен «Замана», «Әлеумет» арнаулы беттері жарыққа шықты.

2009 жылдың 13 қарашасынан бастап рухани-танымдық ақпараттық «Сыр дидары» басылымы жарық көрді. Газет айына екі рет 8 бет болып шығады. Бас редакторы кезінде «Ел тілегі», «Самала» газеттерінде тілші болған Сәкен Алдашбаев. Алғашқы нөмірдегі бас мақалада газеттің алға қойған мақсаты, қоғамға, елге тигізер пайдасы, халықтың мұң-мұқтажы, облыста жасалған жұмыстар жөнінде оқырмандарды құлағдар ету екендігі айтылған.

Газет халқымыздың тарихына, тағдырына, демографиясына, руханиятына, әлеуметтік мәселелерге көп тоқталады.

«Білім», «Ізгілік», «Заңдылық», «Жыр ғұмыр», «Байланыс», «Мәртебе» атты арнаулы беттері бар. Сонымен бірге, «Елбасы Жолдауы», «Қылмыс пен жаза», «Облыстық прокуратураның баспасөз мәслихаты», «ТЖД хабарлары», «Сұрақ сізден, жауап бізден», «Қазына», «Тұлға», «Дабыл», «тағдыр», «Қайырымдылық», «Қызмет», «Мәселе» айдарлары бар.

«Сыр дидары» газетіне жарық көретін материалдар қоғамдық маңызы бар тақырыптарды қозғайды.

Сонымен бірге «Ғылым мен өндіріс өркендемек», «Ұлы Мұқаң қай «Ақ отаудың» алдында отыр?», «Елдестірмек елшіден... немесе медиаторлар институтының міндеті қандай?», «Талқыға түскен 85627000 теңге», «Ұялы байланыс жайын ВЕЕLINE-нан сұра», «Дарындар Қызылжар өлкесінен алғыспен оралды» тақырыптарындағы материалдардың да өзіндік ерекшеліктері бар.

Республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-танымдық «Сыр айнасы» газеті 2010 жылдың 10 қарашасынан бастап, айына екі рет жарық көріп тұрады. Газеттің бас редакторы Өзденбаева Қазына Мералықызы. «Халқыма тиер пайдасы, жарқыра «Сыр айнасы» ұранымен жарық көрді.

Басылымда «Замана», «Ойтүрткі», «Ой. Көзқарас», «Дін мен қоғам», «Руханият», «Қоғам», «Намыс», «Аймақ», «Мәселе», «Жансарай», «Тұлға», «Тіршілік», «Спорт», «Әлеумет», «Көрген көзде жазық жоқ», «Сын мен сықақ» атты айдарлар бар.

«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!» ұранымен шығатын республикалық қоғамдық-танымдық «Ғибрат» басылымы 2010 жылдың 15 желтоқсанынан бастап жарық көреді. Газеттің бас редакторы: Раушан Садуова. Газет айына бір рет шығып, Қазақстан аумағына таралады.

«Ғибрат»-ұлттық бағыттағы қоғамдық мәселелер жөнінде жан-жақты мәлімет беретін, қоғамда үлгі тұтатын кейіпкерлер өмірінен хабардар ететін басылым. Адам баласының қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі, ұлтына деген айрықша құрметі, дініне деген қалтқысыз сенімі, тіліне деген жанашырлығы, ата-мекеніне, шыққан тегіне, тәрбие алған мекеніне деген шынайы сезімі осы басылымдағы жарық көрген материалдардан анық көрінеді.

Республикалық ақпараттық-танымдық апталық «Таным мен тағылым» газетінің алғашқы саны 28 мамыр 2011 жылы жарық көрген. Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарына да тарайтын басылым өз оқырмандарына бүгінгі күннің ең басты жаңалықтарын, білім мен ғылымды, әлемнің тұңғиық сырларын, сондай-ақ халқымыздың өткен тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, шежіресін, сан ғасырлық мәдениетінен ақпарат береді.

Адамның өмірлік басты мақсатының бірі заманына сай білім мен тәрбиесі, ұстанымы мен дүниетанымы бар ұрпақ тәрбиелеу десек, жаңа газеттің негізгі бағыты – қазақ ұлтының кешегі тарихы, бүгінгі болмысы, ертеңгі болашағы жайлы толғаныстарды қатар беріп, қоғамның рухани қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Газеттің бас редактордың міндетін атқарушы Нұрбек Орынбаев. Тиражы:10000 дана.

Сонымен бірге балаларға арналған «Бал дәурен» газеті 3427 данамен айына екі рет жарық көреді. 2012 жылдың 10 қыркүйегінен бастап балалар мен жасөспірімдердің «Сыр ұланы» республикалық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бас редакторы: Серікхан Жүзеев. Басылымда «Иман айнасы», «Тест», «Ойлай білу –тыныс-тіршіліктің көзі», «Ғибратты әңгімелер», «Шабыт» сынды айдарлар бар.

Қызылорда облыстық жастар мен жасөспірімдердің «Ақ қауырсын» газеті 16 бетпен 2010 жылдың қыркүйегінен бастап шығады. Құрылтайшысы: Қалалық білім беру бөлімі. Директор-бас редакторы: Бақытбек Қадыров. Таралымы: 5700. Бар-жоғы 6 саны жарық көрген.

Газет материалдарының тілі баланың оқуына оңтайлы, оңай. Десек те, газетте жарық көретін материалдардың орфографиялық қателіктеріне мән беру керек сияқты. Сонымен бірге өлеңдердің де ұйқасы мен айтар ойына өңдеу жүргізу қажет.

Облыс жастарының ақпараттық, қоғамдық-саяси орыс және қазақ тілдерінде шығатын «Форум» газеті 2006 жылы жарық көрді. Меншік иесі: «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» Қауымдастығы. Бас редакторы Серік Әбдішүкіров, редакторы Айнұр Жақыпова, орыс тіліндегі редакторы Томирис Шерали. 2006 жылы жарық көргенмен жылдың соңына дейін бар-жоғы 5 нөмірі ғана жарық көрген.



Түйіндей келгенде, қазіргі уақытта ақпарат айдынында өзіндік орны басылымдар оқырмандарының арасында танымалдылыққа ие. Уақыт талабынан болар салалық басылымдар ақалы материалдарға көп орын береді. Жалпы мерзімді басылымдар – заманның жаршысы, кезеңнің тамыршысы, көпшіліктің үні бола отырып, өткен кезеңнің тарихын қалыптастыруға да өзіндік үлес қосатынын, жариялаған шығармашылық дүниелердегі қоғам мүшелерінің, кейіпкерлерінің үні мен көңіл-күйлері арқылы қоғамдағы күнделікті құбылыс-оқиғаға жедел баға, бағыт-бағдар беріп, үнемі уақытпен үндесіп отыратын, оқырмандар сеніміне ие болған беделді басылымдардың бар екендігіне де көз жеткіздік. Аймақтағы қазіргі кезеңде кез-келген жаңа ғасыр ұрпағына кемел ой айтып, жолбасшылық жасайтын дәуір үніне айналған басылымдардың ғұмырының ұзақ болатындығына сеніміміз мол.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:

  1. Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 240 б.;

  2. «Сыр бойы» газеті // 2007 жыл, 16 маусым №166.

  3. «Кзыл-Ординские вести» газет // 1991 жыл, 26 қыркүйек № 152

  4. «Кызылорда» газеті // 1996 жыл, 10 ақпан №6(88)

  5. «Кызылорда» газеті 1996 жыл,3 ақпан №5(87)

  6. «Кызылорда» газеті 1996 жыл,10 ақпан №6(88)

  7. «Кызылорда» газеті 1996 жыл,3 шілде №36(119)

  8. «Ақмешіт ақшамы» газеті // 2007 жыл, 6 қараша №87(506)

  9. «Ақмешіт ақшамы» газеті // 2011 жыл, 4 ақпан №5(785-786)

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қырықбай Аллаберген, Жарылқасын Нұсқабайұлы, Файзолла Оразай. Қазақ журналистикасының тарихы. – Алматы: Рауан, 1996. – 244 б.

  2. 2. Сыр өңірі тарихы. - Алматы «Атамұра» 1998ж




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет