Тәуелсіздік рухы асқақтаған кеш



жүктеу 29.21 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі29.21 Kb.
: storage -> pressa
pressa -> Презентация большого сборника казахской классики
pressa -> Жемчужины оперы – в цифре
pressa -> Виртуозы-музыканты
pressa -> Баспасөз хабарламасы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының
pressa -> Аталмыш ұлт аспаптар оркестрінің негізін Ахмет Жұбанов 1933 жылы қалаған екен. Алғашқыда ансамбль болып құрылған оркестр 1935 жылы ашылған Жамбыл филармониясына жұмысқа шақырылған
pressa -> Халықаралық ақпараттық агенттiгі
pressa -> Өнерге ықылас өзгеше
pressa -> Ұстаздық – ұлы қызмет
pressa -> Олег маршев: кредо пианиста – искренность
pressa -> Жас музыканттар сыйы


Тәуелсіздік рухы асқақтаған кеш

Тәуелсіздік рухы асқақтаған кеш



Жуырда еліміздің Тәуелсіздік ме­рекесіне орай Алматыда Чайковский атындағы музыка колледжінде көп­шіліктің рухани әлемін шуаққа бөле­ген ғажайып концерт болып өтті. Осы ретте мәдени шараға Алмалы ауданы­ның әкі­мі Серік Құсайынов бастаған бір топ зия­лы қауым өкілдері қатысып, қолдау көр­сеткенін айта кетуіміз керек. Бұл жол­ғы мәдени шараның жөні де, жобасы да бөлек болды. Шараға бастан аяқ қа­­тысқанымызда еліміздегі жастар ара­­сында елжандылық, яғни, патриот­тық сезімді қалай қалыптас­тыруға болады деген сұраққа жауап алғандай бол­дық. 

Мәдени шараны ұйымдастыруға ұйыт­қы болған колледж директоры Ая Қалиева колледжде тәлім алып жүрген жас талант­тар­дың толықтай қатысуына баса мән берген екен. Концертке сырттан ешқандай әнші-әртіс шақырылмапты. Бәрі колледж сту­дент­терінің күшімен өтті. Шараға жастардың да асқан жауапкершілікпен қарап, барынша дайындалғанын байқадық. Мұны біз колледж студенттерінің Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіне бастағаны деп ұқтық. Концерт барысында әскери киім киген жас ұландар еліміздің көк байрағын салтанатты жағдайда залға әкеліп, әсерлі кеш аяқтал­ғанша Туымызды желбіретіп ұстап тұрғаны жастардың рухын көтерді. Ал кештің шы­мылдығы еліміздің мемлекеттік Әнұраны­мен түрілді. Концерттің ашылуында сөз сөйлеген Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов жастарға тәуелсіздіктің мәні мен мазмұны жайында ойын ортаға салды. 

– Жасампаз Қазақ елі өзінің Тәуелсіздік мерекесін 22-ші рет қарсы алып отыр. Тәуел­сіздік мемлекет мерейі артқанының тағы бір көрінісі. Біздер Тәуелсіздіктің арқасында тари­хымызды түгендедік, тілімізді тірілтіп, ше­карамыз шегенделді, айбынды армиямыз құрылды. Мемлекеттігімізді білдіретін ұлт­тық рәміздер қабылданып, ұлттық салт-дәс­түрімізді жандандырдық. Осы сындарлы жылдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында еліміз талай бе­лесті бағындырғаны анық. Қазір мемлекет өнерлі, дарынды жастардың терең білім алып, ел дамуына барынша үлес қосуына жағдай жасауда. Бұл ретте біздің аудандағы жастар да шет қалмай өз үлесін қосып жатқаны белгілі. Соның бір айқын айғағы ретінде бүгінгі концертімізді атап өтуге болады, – деді аудан басшысы. Бұдан соң Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш­қоңыр» әнін колледж жанынан құрыл­ған «Алатау» хоры нақышына келтіріп орын­дағанда, залды әйгілі жайлаудың самалы есіп өткендей болды. Бұдан кейін қазақ­тың дәстүрлі музыкасы бо­йынша тәлім алып жүрген жез таңдай, күміс көмей жас әнші­лер де жыр маржанын төгіп-төгіп жібергенде жиналған жұрт арқаланып шыға келді. Жыр сүлейлерінің ізін басып келе жатқан өнерлі жастарды колледждің мақ­танышы десек болатындай. Өнер ордасындағы талантты жас­тардан құралған А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі қазақтың неше түр­лі күйлерін орындады. Сол сияқты жеке дауыстағы жас әншілер де концерт барысында аянып қалмай, өз өнерлерін ортаға салды. Ал оқу орын қабырғасында құрылған сим­фониялық оркестрдің мүшелері заманауи әндерді орындап, жалпы тыңдармандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлағанына куә болдық. Осы ретте «Алатау» қорының ұл-қыздары қазақтың халық әндерін нақы­шына келтіріп тұрып орындағанда тірі дауысқа жететін дүние жоқ екеніне көзіміз жете түсті. Осындай айрықша әсермен өт­кен концерттің соңында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Надежда Яковлевамен аздап сұхбаттасудың сәті түсті. Өз кезегінде әкімнің орынбасары аудан басшысы патриот, дарынды жастарға барынша қамқорлық көрсетіп, қолдау көрсетіп келе жатқанын алға тартты. 

– Әдетте Алматыны студент жастар­дың қаласы деп жатады ғой. Сол сияқты қала­мыз­дағы іргелі – Алмалы ауданын да жас­тар­дың ауданы деп атаса болатындай. Өйт­кені, біздің ауданымызда елімізге аты мәлім көп­теген оқу орындары орналасқан. Сол се­бепті, аудан әкімі Серік Құсайынов жастар саясатын дамытуға айрықша мән бе­ре­ді. Елдігімізді айшықтайтын Тәуел­сіздік ме­рекесі сынды айтулы мерекелерде өнерлі жастардың талантын ұштайтын оқу орындарда өтетін мәдени іс-шараларға барынша қол­дау көрсетіп келеді. Осы тұрғыдан ал­ған­да әкімдік пен Чайковский атындағы музыка колледжімен тығыз байланыстамыз де­п нық сеніммен айта аламын, – деп әкімнің орынбасары ағынан жарылды. Расында да билік басындағылар осылай өнерлі жастарды қолдап тұрса, еліміздің егемендігі беки түсетіні сөзсіз. 



Автор: Нұрлан ЖҰМАХАН.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет