«Тың игеру жылдарындағы – Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция



жүктеу 19.5 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі19.5 Kb.
«Тың игеру жылдарындағы – Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Тың игеру жылдарындағы – Қазақстан»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2014 ж. 24 қазанында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында (Шымкент қ-сы) Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты мен Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтының ұйымдастырылуымен тың және тыңайған жерлердің игерілуіне 60 жыл толуына арналған «Тың игеру жылдарындағы – Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның басталуы алдында Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының қызметшілері мұрағат бойынша шолу экскурсиясын өткізді, ол конференция қатысушылары мен қонақтарына мекеме қызметі, құжаттар құрамы және т. б. туралы жалпы мәлімет берді.

Жиналған қауым алдындаОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының директоры Төретай Қабылбек, Оңтүстік Қазақстан облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Шарафиев Нұрлан Мұхтарұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 1-ші проректоры Исабек Баршагүл құттықтау сөз сөйледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы Саясаттанушылар мен тарихшылар қауымдастығының төрағасы, профессор, т. ғ. д. Исмаилов Ануар Исмаилұлы, ҚР Президенті Мұрағатының Жинақтау және құжаттама басқармасының бас сарапшысы Сүлейменова Әлия Тоймаханқызы, Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Досымбеков Сатыбалды Досымбекұлы, Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының бас сарапшысы Әбдуәли Раушан Маратқызы, Астана қаласы мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Ақтайлақ Бақытжан және т. б. баяндамаларын ұсынды.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің арқасында 1954–1960 жж. ары қарай экономикалық дамудың базасы жасалды, ауыл шаруашылығын материалды-техникалық жабдықтаудың негізі құрылды, халықтың қоғамдық және әлеуметтік өмірінің барлық салаларында даму байқалды.

«Тың игерушілер, барша қазақстандықтар сонау алыста қалған жылдарда Қазақстанның тек зор индустриялық, аграрлық және ғылыми әлеуетін жасап қана қойған жоқ. Сіздер бүгінгі таңда негізіне егемен мемлекет құрылып жатқан іргетасты қаладыңыздар. Нақ сол кезде ұлттар мен ұлыстар арасындағы нағыз достықтың негізі салынды. Қазіргі буынның парызы – достық пен туыстықтың осынау киелі сезімін сақтап, ұрпақтарға ұластыру» – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев саяси науқанға баға берді.

Конференция аяқталғаннан кейін қонақтар Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65-жылдығына Абай атындағы саябақта тұрғызылған Ерлік мемориалына барды.



 

 







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет