Тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері Дәрістің жоспары



Дата11.02.2020
өлшемі40 Kb.
Тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері

 

 



Дәрістің жоспары:

- тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру түрлері;

- тиеу-түсіру жұмыстарын жоспарлау;

- тиеу-түсіру жұмыстарын қаржыландыру және есепке алу.



Тиеу-түсіру жұмыстарын және қоймалық операцияларды ұйымдастыру қалыптарының көптеген түрлері белгілі. Олар жалпы қолданылма       йтын пунктерде – қоймаларда немесе тікелей жүктерді шығару, өңдіру және тұтыну пунктерінде, яғни жеке өндірістік мекемелерге тиесілі кіре  беріс жолдар мен кемелердің айлақтары жіберушілер мен алушылардың қаражаттарымен орындалады.    

Тиеу-түсіру жұмыстары мен қоймалық операциялар магистральді теміржол, су немесе автомобиль көлік кірістерінде болатын жалпы қолданыстағы пунктердегі қоймаларда орындалады.

Үлкен көлемді тиеу-түсіру жұмыс пунктерінде кешендік топтар, ал тұрақсыз көлемді тиеу-түсіру жұмыстары бар станцияларға қызмет көрсету үшін – қозғалмалы механикаландырылған топтарды құрады.

Тиеу-түсіру жұмыстарын тікелей бөлім шебері басқарады. Әр қашықтық пен бөлімнің қызметі жоспарлаудың және экономикалық ынталандыру  жаңа жүйесі бойынша оның жұмыстарының бекітілген жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

Негізгісіне механикаландыруға, техникалық қайта тиеу, шеберлік және т.б. кететін қаражаттар жатады. 

Айналымды қаражаттарға отын мен энергияның, материалдардың, арзан бұйым, арнайы киім құны, яғни жүктерді түсіру мен тиеу бойынша орындалатын жұмыстар ұүнына толығымен ауысатын заттар жатады.

Тиеу-түсіру жұмыстары жүктерді тиеу мен түсіру ережелерін және еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтаумен өңделген типтік технологиялық үрдістер бойынша жүзеге асырылады.

Механикаландырылған арақашықтықтың тиеу-түсіру жұмыстарының жоспарын тікелей дамудың болашақ жоспарларының бақылау тапсырмалары негізінде кәсіпорындар мен көліктік мекемелер өңделеді. Ол болашақты -  5 жыл мерзімі және одан да көп, ағымды – тоқсандарға бөлінген бір жыл мерзімді және жұмыстарды – айға, аралыққа, тәулікке және ауысымға ұйымдастыруға қатысты шұғыл болады. Тиеу-түсіру жұмыстарының жоспарларын тікелей дамудың болашақ жоспарларының бақылау тапсырмалары негізінде кәсіпорындар мен көліктік мекемелер өңделеді. 

Тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландырылған арақышықтықтары да жататын өндірісті басқарудың бірінші буынындағы шаруашылық есептің дамуына ерекше көңіл аударылады. Жоспардың негізгі көрсеткіштерін қарастырумен қатар қолда бар қорларды одан әрі қолдану, жұмыстарды кешендік механикаландыру мен автоматтандыруда жаңа техниканы енгізу, жетілдірілген технологиялар мен еңбек амалдарын енгізу бойынша ұсыныстар белгіленеді. Штаттық кесте келесі штаттарды қарастырады: өндірістік (жұмыскерлер); механикаландырудың қызметтік құралдары (крандардың машинисттері, аға машинисттер, тиегіштердің жүргізушілері және т.б.); өндірістік-қызмет көрсетушілік (тиеу пунктісінің меңгерушісі, жұмысты орындаушылар және т.б.); әкімшілік-басқарушылық (арақышық-тықтың бастығы, инженерлер, бухгалтерлер және т.б.); сонымен қатар лауазым атауы, берілген лауазым бойынша жұмысшылардың саны және еңбек ақының тоқсандарға бөлінген  қоры, сыйақыларды төлеудің қосымша қоры, прогрессивті қор және т.б.

Машиналар мен қондырғыларда қызмет көрсететін жұмыскерлер штатын соңғылардың бар болуынан, сонымен қатар жұмыс көлемі мен өңдірме мөлшерін ескеруден анықтайды. Әр машина (қондырғының) түрінің т1...тn жылдағы ауысым санын, машинаның (қондырғының) әр түріне келетін ауысымдағы жұмыскерлердің орташа санын Ч1, ..., Чп және машинаның (қондырғының)  бір жылдағы жұмыс күнін Т1, ..., Тп  біле отырып, машинада (қондырғыда) қызмет көрсететін штатты анықтауға болады:

 

,                                                                          (3.1)

 

 



мұндағы кi – демалыстар мен ауырған күндердің қажетті қосымша контингентін ескеретін коэффициент.

Тиеу-түсіру жұмыстарындағы жұмыскерлер санын жүктердің жалпы өңдеу көлемін Qгi әр жұмыстың түрі бойынша  жұмыскердің жылдық өңдірме мөлшеріне Прi бөлумен анықтауға болады:

 

.                                                                         (3.2)

 

 



Тиеу алдында вагондарды тазалау, транзиттік поездардағы тиеудің, жылжуының немесе қиғаштауының түзетілуі сияқты тонналық емес жұмыстардың контингентін берілген жұмыс түрінің механикаландырылуы-ның дамуына және оларда жұмыскерлерді аса тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды ескергендегі өткен периодтың есеп берулік мәндері негізінде анықтайды.

Бекітілген мөлшерлер мен бағалаулар болмаған жағдайда еңбек ақы шығындарын төмендегідей анықтайды. Қызмет көрсету құрамын жұмыс шарттары мен қызмет көрсетуші машиналардың күрделілігін талдау арқылы бекітеді. әр жұмыс түрі бойынша қызмет көрсетуші құрамның қажетті санын Чр1..., Чрп анықтағаннан соң және берілген қондырғыдағы тф қызмет көрсетуші құрам жұмысының бір жыл ішіндегі фактілі ауысым санын, сонымен қатар әр дәрежесі үшін ауысымды еңбек ақыны с'1, ...,с'п  біле отыра қызмет көрсетуші құрамды ұстап тұруға кететін жалпы шығынды есептейді:

 

.                                                                     (3.3)

 

 



Тарифтік бағалу бойынша есептелген негізгі еңбек ақының меншікті салмағы еңбек ақының жалпы қорына қатысты шамамен отырып жұмыс істейтін жұмысшылар үшін 67% (к3=1,50); уақыт бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар үшін 72% (к3 = 1,40); инженерлік-техникалық жұмыскерлер, қызметшілер, төменгі қызмет көрсетуші құрам үшін 80% (к3 = 1,25) құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет