«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Регламенті



жүктеу 68.6 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі68.6 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы «2» қазандағы

№ 1-3/490 бұйрығына

14-қосымша

«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Регламенті



  1. Жалпы ережелер


1. «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі –Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сай әзірленген.

2. «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – заңды және жеке тұлғаларға рұқсат беру қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы мен немесе оның орынбасарларымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет мынадай негізде көрсетіледі:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 шілдедегі Заңының 16-бабының 2-тармағы 1)-тармақшасының;

2) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің және Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың;

3) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысының негізінде көрсетіледі;

4) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне қағаз тасығыштағы рұқсат (бұдан әрі рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясының мекенжай бойынша, демалыс күндерінен басқа: сенбі, жексенбі, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліспен 13.00-ден 14.30-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінен, сонымен қатар мекен-жайлары мен байланыс мәліметтері стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Инспекциялардан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын Комитеттің жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күндері бір маманмен жүзеге асырылады.



3. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісіндегі әрекет (бірлесіп әрекет қылу) тәртібінің сипаттамасы

13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына рұқсат беру кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет кезеңі:

1) Инспекцияның кеңсе маманы мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, қарар қондыру және жауапты атқарушыны анықтау үшін Инспекцияның басшысына құжаттарды жолдау.

2) Инспекцияның жауапты атқарушысы ұсынылған құжаттарды қарайды, сұраныста көрсетілген ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң түрлерін экспорттау мүмкіндігі, тиісті аумақтағы (ауыл, аудан, қала) эпизоотиялық жағдайын,объектілерге сипаттама, импорттаушы елдің ветеринарлық талаптарын ескере отырып және осы талдаудың негізінде және ветеринарлық-санитарлық қорытындының нәтижесінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринарлық бақылау Комитетіне сұраныс дайындау (бұдан әрі – Комитет), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына рұқсат беру немесе ұсынылған қызметтен дәлелді нысанды түрде бас тарту туралы жауап;

3) Комитетке сұранысқа немесе ұсынылған қызметтен дәлелді нысанды түрде бас тарту туралы жауапқа Инспекция басшысы қол қояды;

4) Инспекцияның кеңсе маманы Комитетке сұранысты немесе мемлекеттік қызмет алушыға ұсынылған қызметтен дәлелді нысанды түрде бас тарту туралы жауапты жолдайды;

5) Комитеттің жауапты атқарушысы ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспорты (импорты) туралы сұраныс түскен күні ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды тіркеу журналында тіркейді, қарайды,сұраныстағы мәліметтердің мазмұнын қарайды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринарлық-санитарлық инспекторына немесе оның орынбасарына шешім қабылдау үшін енгізеді;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы немесе оның орынбасары ұсынылған құжаттарды қараған соң рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тартудың себебін көрсете отырып шешім шығарады;

7) Инспектордың жауапты атқарушысы рұқсаттың нөмірін оның түскен күнін ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдауды тіркеу журналында тіркейді және оны ветеринарлық сертификатқа күн ретін көрсете отырып қойып шығады, мемлекеттік қызмет алушыға қызметтің нәтижесін береді.

14. Ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер транзитіне рұқсат беру кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1) Комитеттің кеңсе маманы Қазақстан Республикасының территориясы арқылы транзитке рұқсат беруі туралы экспорттаушы-елдің немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органның сұранысын тіркейді және қабылдайды, қарар қондыру үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторына немесе оның орынбасарына құжаттарды жолдайды;

2) Комитеттің жауапты атқарушысы сұранысты қарайды, рұқсат дайындайды, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторына немесе оның орынбасарына қол қоюға табыс етеді;

3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы немесе оның орынбасары рұқсатқа қол қояды;

4) Комитеттің жауапты атқарушысы рұқсатты импорттаушы-елдің немесе экспорттаушы-елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органына жолданылуын, сондай-ақ кеден одағының ішкі шекарасына рұқсатты электронды түрде жолданылуын қамтамасыз етеді.

15. Инспекцияның кеңсе маманы мемлекеттік қызмет алушыдан құжаттарды қабылдайды, кіріс хабарлары журналында тіркейді, мемлекеттік қызмет алушыға қабылданған құжаттарды көрсете отырып қолхат береді:

1) құжаттарды қабылдау күні және нөмірі;

2) сұралатын мемлекеттік қызмет түрі;

3) ұсынылған құжаттардың атауы мен саны;

4) мемлекеттік қызмет алатын (уақыты) күні және құжаттарды беретін орны;

5) құжатты қабылдаушы жауапты тұлғаның аты-жөні,тегі;

6) мемлекеттік қызмет алушының (жеке тұлға үшін) аты-жөні, тегі немесе (заңды тұлға үшін) атауы, байланыс мәліметтері;

Мемлекеттік қызмет алушымен транзитке рұқсат алу үшін импорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы немесе экспорттаушы ел Комитетке мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 605 кабинет, электронды пошта: www.veterinar@minagri.kz, телефон: 8 (7172) 55-58-15 жазбаша сұраныс жолдайды.

16. Мемлекеттік қызмет ұсыну үрдісіне келесі функционалды-құрылым бірлігі (бұдан әрі – ФҚБ) қатыстырылады:

1) Инспекцияның кеңсе маманы;

2) Инспекция басшысы;

3) Инспекцияның жауапты атқарушысы;

4) Комитеттің жауапты атқарушысы;

5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы немесе оның орынбасары.



17. Мәтіннің кесте түріндегі жазылуының жалғасы және әрбір ФҚБ-нің әкімшілік әрекетпен (процедура) бірлесіп әрекет қылуы әрбір әкімшілік әрекеттің (процедура) орындалу мерзімі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

18. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттің өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба және ФҚБ осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет