Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім



бет1/3
Дата17.05.2020
өлшемі2.74 Mb.
  1   2   3
«Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім»

Сабақтың мақсаты: ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, баяндау, әңгімелеу, ситуациялық сұрақтар, сайысу, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: ақын-жазушылар суреттері, тіл туралы бүктемелер, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу.

Жүргізуші. –Құрметті қонақтар, оқушылар! . Біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз.

Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті.

Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең тіл ретінде талайды тамсандырды.

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошаметімізді сайтыс арқылы көрсетейік.

Сайысқа түскен топтармен таныстыру.

Х, Х! сынып оқушыларры.

Сайыс бағдарламасы ( нөмірлерін алу).

  1. « Сәлем- сөздің анасы».

Қазылар алқасымеп таныстыру.

Есептеу комиссиясы:..

Сәлемдесу мен төс белгілерін бағалау.

  1. « Сөз тапқанға қолқа жоқ». Абай атамыз айтқандай:

Сөзіне қарап кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсысы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.