Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім


Үй тапсырмасы: « Тіл шеберлігі әзілде»



бет2/3
Дата17.05.2020
өлшемі2.74 Mb.
1   2   3
Үй тапсырмасы: « Тіл шеберлігі әзілде».

Әр топ өздерінің үй тапсырмасын орындайды.

Өнерліге өріс кең,

Ойнап айтсаң да, ойынды айт.

Біздің дана қазағымыз өте әзілқой болған ғой, оны орынды да жүйелі айтып отырған. Астарлап, қалжың арқылы адам жетістіктері мен кемшіліктерін білдіріп жүрген. Қазір осы әзілге куә боламыз...

  1. Шешен кісі сөз бастар. Шешендік сайыс.

Шешендік сөздер –негізінде халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді, арманы мен қиялын көрсетеді.

Халық өзінің қиялдаған арманына жетемін деген сенімінен айырылмаған. Шешендік сөздер қуаныш үстінде дем берушілік, реніш үстінде жұбатушылық қызмет атқарған. Ондай адамдарды « от ауызды, орақ тілді» адам атаған. Дулат Бабатайұлы айтпақшы:

Шешендіктің сәні жоқ,

Сөзіне сүттей ел ұйып,

Қолтығына ел сыйып,

Басына бақыт қонбаса.

Ал енді әр топтың « Тіл тазалығы- ой тазалығы» туралы монологын тындайық.

  1. « Атамекен шежіресі- ұлы ойдың өрісі». Салт- дәстүрсіз халық болмайды. Біздер, ұстаздар, ғасырлар бойы қалыптасқан үлгі- өнегені оқушының бойына сіңірдік, соның жемісін көруге тиіспіз. Онсыз кешегіміз түгелденбейді, бүгініміз бүтінделмейді. Ол үшін барды бағалай, асылды ардақтай білуге тиіспіз.

Сұрақ- жауап

  1. Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам.( құрт).

  2. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды ата. ( Сайрам, Тараз, Отырар, Баласағұн, Сауран)

  3. Ердің туы не?( намыс)

Қанаты не? (ат)