Тіркеу формасы Тегі, аты-жөні



жүктеу 99.68 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі99.68 Kb.
: bake portfolio -> gilimijoba jaristari
gilimijoba jaristari -> Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері жұрағатова Ақбота, Әлтаева Айғаным Бауыржанқызы, Әбішев Бауыржан Әлтайұлы
gilimijoba jaristari -> География пәнін сарамандық ЖҮйеде оқытудың маңыздылығЫ Өмірәлиев Асылхан Сүлейменұлы Қызылода облысы, Шиелі ауданы
gilimijoba jaristari -> Бал арасының адамға пайдасы пернебай Гауһар Болатқызы, Омарова Индира Шамшидинқызы №41 М. Шоқай атындағы орта мектеп
gilimijoba jaristari -> ҚҰрамы және оның адам ағзасына әсері балтабаева Динара Нұрланқызы, Жүсіпова Гүлманат Күлімбетқызы
gilimijoba jaristari -> 148 қазак орта мектебі 11, 8 сынып оқушылары Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Жетекшісі: Агибаева Багила Ертаевна
Тіркеу формасы
1.Тегі, аты-жөні: Аябекова Маржан Нұрлыбекқызы
2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
3.Ғылыми жетекшінің аты-жөні: М.К.Әйтімов
4.Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі: Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің мұғалімі, әдебиет ғылымдарының кандидаты
5. Ұйым: №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы
6. Автордың мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Бала би көшесі №91 Индекс 120700
7. Телефон: +7(72432) 4-29-15 ; +77015405739
8. E-mail: muhamed1993@mail.ru
9. Мақала тақырыбы: М.Шаханов ән-өлеңдерінің көркемдік сипаты
10. Секция: №2. Әдебиет (Филология бойынша)
11. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі: жоқ
Мен

Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.




М.ШАХАНОВ ӘН-ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ

Аябекова Маржан Нұрлыбекқызы

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы



Жетекшісі:Жүнісова Кеңескүл

E-mail:muhamed1993@mail.ru

ХХ ғасырдың бас кезіндегі Үкілі Ыбырай, Ағаш аяқ, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Әсет Қайып Қарабайұлы, Жаяу Мұса, Уәйістер–бұл кезеңге дейінгі сал-серілер мен әнші-ақындар дәстүрін жалғастырушылар. Дәуіріне сай өткен заман әнші-ақындарына ұқсайтын да, ұқсамайтын да сипаттар бар. Ұқсастығы-бұлардың бәрінің өн бойына алуан өнер жинақталған. Олардың қайсысы да әрі ақын, әрі өз өлеңдеріне ән шығаратын композитор, өзі орындайтын әнші,оны домбырада, яки өзге музыкалық аспапта сүйемелдейтін домбырашы, күйші. Оның үстіне Балуан Шолақ-атақты палуан және әділетсіз заманға батыл наразылық білдіріп, өз басының ащы зарын бұқара арман-мұратымен сабақтастыра толғаған өнер иесі.

Ән-өлеңдердің ғажайып үлгілері Абай творчествосында болсын, әні жағына болсын ең жоғары талап деңгейінде жазылған туындылар болып табылады. Абай «тілге жеңіл, жүрекке жылы тисін» деп әннің сөзіне, «құлақтан кіріп бойды алсын» деп өлеңнің әніне биік талап қойып қана қойған жоқ, өз шығармаларын сол талаптарға сәйкес етіп жазды. Қазақ лирикасындағы ән-өлең жанрына Абай соны екпін, жаңа леп әкелді. Өлеңнің сөзін ғана емес, әнін де биік мәдениеттің дәрежесіне көтеруді мақсат етті. Абайдағы:

«Айттым сәлем,Қаламқас,

Саған құрбым мал мен бас

Сағығаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас».

немесе:


«Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы,

Бітпейді іштегі,

Ғашықтық жарасы»,-сияқты жолдардан тұратын өлеңдер ешбір әнсіз де әсемдігінен, көркемдігінен айырылмаған болар еді. Абайдың ән-өлеңдерінен жазба әдебиеттің профессионалды жанры ретіндегі ән-өлеңнің жаңа өмірі басталды.

Абайдан басталған өз сөзіне өзі ән шығару дәстүрі кеңестік дәуір әдебиетінде де жалғастық тапты. Ән-өлеңнің С.Сейфуллин, Қ.Аманжолов, М.Шаханов сияқты ірі ақындардың творчестволарына тән болғаны белгілі.

Қазақ ән-өлеңдерінің лирикалық жанр болып саналатыны, біріншіден, ондағы поэтикалық текске байланысты. Қазақ халқының қай ғасырда, қай уақытта болмасын сөз өнерін қатты қадірлеп, құрметтейтінін, бір ауыз сөзге тоқтап, кейде сол бір ауыз сөздің жеке адам тағдырынан асып, бүкіл халықтың тағдырын шешуге тиек болып жататын тамаша қасиетін ән-өлеңдердің тексінен де аңғаруға болады.

Қазіргі уақытта өз өлеңдеріне ән шығаратын ақынның бірі - Мұхтар Шаханов. Ән өлеңдерін көркемдеп жеткізуде М.Шахановтың та рөлі ерекше. Шахановтың ән-өлеңдері түрлі тақырыптарда айтылған. Мәселен:табиғат, махаббат, ана, сүйген жар, туған жер, әке т.б. секілді. Соның бірі - «Туған күн кешінде» атты өлеңі. Бұл өлеңнің әні де, өлеңі М.Шахановтікі. 1970жылы жазылған бұл өлең ақынның құрбысына арнаған өлеңі болып табылады. Мәселен:

«Тойыңа//гүл//алып,// А 6 буынды,3бунақ

Келдім//мен//қуанып,// А 5 буынды,3 бунақ

Қарсы//алдың//күлімдеп көктемдей// Ә 10 буынды,3 бунақ

Жүзіңе//нұр//тұнып,// А 6 буынды,3бунақты

Кетіпсің//құлпырып,// А 6 буынды,2бунақ

Бір//бақыт//сәулесін төккендей// Ә 9 буынды,3 бунақ

Ақын қолыңа гүлін алып, қуанып жүректен шыққан тілегін білдіруге келе жатқанын айқын көрсетеді. Бұл өленің бірінші шумағы 6 тармақтан 2-3 бунақты, 5-6 буынды кезектес ұйқас болып келеді. Бұл өлеңнің бірінші шумағында ақынның көңіл күйі айқын көрінеді. Ол өлеңнің қайырмасы 4 тармақты болған.

Сен//туған күн//-мерекеміз,//А 8 буынды,3бунақ

Ән бастайық,//кел,//екеуміз// А 8 буынды,3 бунақты

Ұмытпа сен,//құрбым,// Ә 6 буынды,2бунақты

Есте қалсын//мәңгі//бұл күн// Ә 8 буынды,3 бунақты

Ақынның кел құрбым туған күні кешін тойлайық деп, шаттанып, бұл күннің кешін ерекше екендігін айтты. Бұл өлеңнің қайырмасы 4 тармақты, 1 шумақты, 3 бунақты, 8 буынды егіз ұйқасы. Бұнда ақын қаратпа сөз қолданған. Мәселен, «ұмытпа сен,құрбым» деген жолдарында ақын құрбым деп, құрбысының назарын аударған. Сонымен қатар күн мен мерекеміз деген жолдарда сызықша қойылуының себебі бастауыш та баяндауыш та зат есімнен болғандықтан, арасына сызықша қойылады. Негізі бұл өлең 4 шумақты, 7-8 буынды, 2-3 бунақты болып келген. Онда қаратпа сөздер көптеп кездеседі. Мысалы:құрбым, еркем. Ақын құрбысын өзінің еркесі етіп те айтты. Бұл өлең қуанышты, сазды айтылғандықтан, ақын сөзіне сай әнін де көңілді, нақышты етіп шығарған. Ақынның «Туған күн кешінде» атты өлеңінен басқа бірнеше өлеңдері де бар. Мәселен: «Жұбайлар жыры», «Өмір-өзен», «Ерлер достығы», «Арал қасіреті», «Желтоқсан тағлымы», «Махаббат елі», «Мен саған өкпелемеймін», «Айналайын».

М.Шахановтың ғасыр әдебиетіндегі ән-өлеңдер туралы айтқанда арнайы тоқталуды қажет ететін мәселелер бар. Біріншіден, бұл жерде қазіргі әдебиеттегі, өнердегі ақын-композиторлардың яки әнін де, сөзін де өздері шығаратын өнерпаздардың шығармашылық өнеріне арнайы тоқталып өтуіміз керек. Екіншіден ақын-композиторлардың шығармашылығының күні бүгінге дейін жалғасып отыруы, оның қазақ көркемөнерінің айрықша мазұны мен тегіне, кешегісі мен бүгінгісіне, дәстүрі мен жаңашылдығына қатысты қисындар мен қағидалардың айтылуына негіз де қалайды.

М.Шахановтың «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» өлеңдері қазіргі таңда халық арасында кең тарап, үнемі айтылып жүр, сахна репертуарларынан түспейді. Бұл өлеңдерді М.Шаханов 1965-1966 жылдары жазған екен. Мұндағы айтылатын басты тақырып-ол махаббат. Соның бірі «Арыс жағасында» өлеңіне махаббатпен қоса табиғат та анық суреттеледі. Яғни, сол бір Арыс өзені бойында алғаш рет екі қос ғашықтың кездескені жайлы, сонымен қатар Арыс өзеніндей осы бір күн де құлпырып тұрғанын ақын көркемдеп жеткізеді.

Ән қайырмасын қосқанда 5 шумақты, 4 тармақты, тілге жеңіл әрі қарапайым болып келген. Әні Ш.Қалдаяқовтікі. Әнде сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер кездеседі.Мәселен:

Жаз еді күлкің де,

Қайдасың бұл күнде?

Сен іздеп,арманым,

Сыр бойын шарладым.

Ән I және II жақта жазылған. Сонымен қатар теңеу, эпитет, синтаксистік қайталаулар кездеседі. «Жібектей,тұрғандай» сөздері теңеуге жатса, «аяулы таңым, нәзік сезім, жібек шашың» сөздері эпитет болып табылады. Ал мына тармақтар:

«Жайнаған гүлдей құрбым-сен,

Жағада тұрдың сен»

синтаксистік қайталауларға жатады. Яғни бұл жерде «сен, сен» сөздері қайталанып тұр. Ақын сол бір қыздың сұлу екенін тіпті оның шашың жібектей толқынға теңеп көрсетті. Бұл өлеңде нәзік сезімнің, махаббаттың осы күнге дейін бар екендігін және Арыс секілді тамаша жерлерде сезімнің одан бетер күшейе түсетіндігін айқын көрсетіп жазған. Бұл өлең ақынның Арыс жағасында отырған кезінде сол бір өткен шағын еске алып, ақындық қабілетін пайдалана отырып жазған секілді. Дәл осы мағынада, дәл осы бір пәк әрі нәзік туралы өлеңдерінің тағы бір түрі - «Кешікпей келем деп ең». Бұл өлең 1966 жылы жазылған. Сөзі М.Шахановтікі,ал әні Ш.Қалдаяқовтікі.

Бұл өлең ғашығын күте-күте шаршаған жігіттің кейпі бейнеленген. Ол көшеде өткен әрбір ғашыққа қарап, қызығып, тіпті өзің алдаумен қазір келеді, қазір деген сөздерімен, мүмкін, жанымның сағаты дұрыс емес шығар әйтпесе, ол келетін еді. Маған кешікпей келем деген деп ғашық жігіт өзің әрі күтіп бері күтіп тұрған кездегі бейнесін ақын осылайша өлең жолдары арқылы білдірген. Мәселен:

Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың,арайлым.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен.

Сонымен қатар ән 3 шумақты 6 тармақты болып келген. Әдеттегідей ақын қаратпа сөздерді қолданған. Және біреуге арнап тұрып жазған. Бірақ бұл өлеңнің басқаларынан ерекшелігі - әрбір екі тармақтары бір-бірімен ұйқасып келген және де «кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен» жолдары жиі қайталанып тұрды. Өлең кез келген адамға түсінікті әрі қарапайым түрде жазылған. Кез келген ғашық адамның жүрегін ауыртпауға және оны көп күттіртіп қоймаңдар деген секілді оймен ақын көркемдеп, бейнелеп жеткізген. Және оны мәңгі жадмызда сақтауымыз біздің міндетіміз. Ақынның ғашықтықтың не екенін түсінгендіктен бе, әлде, ғашық болған жандардың оқиғасын көргендіктен бе әйтеуір махаббат тақырыбындағы өлеңдер жүрегінің төрінен орын алған секілді. Сондай-ақ орын алған өлеңдерінің бірі - «Жұбайлар жыры». Бұл өлең 1972 жылы жазылып шыққан. Өзіне тән ерекшелігі - әні де, сөзі де автордікі. Бұл өлеңде орын алатын басты тақырып - екі қос ғашықтың өмірі. Яғни, өлеңде екі жар бір-бірінің қасында қуанышқа кенелетіндерін және де еркелететіндерін жеткізеді. Бұл мына өлең жолдары арқылы бейнеленген:

Қуаныш пен бақыттан//мүсіндеген//А 10буынды,2 бунақ

Келбетіңнен//сенімнің//күшін көрем//А 11 буынды,3бунақ

Сен сияқты//мені//ешкім еркелетіп,//Ә 11 бынды ,3бунақ

Сен сияқты//мені//ешкім түсінбеген.//А 11буынды,3бунақ

Өлең қайырмасын қоспағанда 4 тармақты,3 шумақты 10-11 буынды қара өлең ұйқасы.Өлеңнің қайырмасы 9 тармақты болып келген. Онда қаратпа сөздер, эпитет кездеседі.Мәселен:

Асыл жарым,

Жайнаған жасыл бағым

Бағаласаң-бақытыңмын,

Сағынсаң-қасыңдамын

Арманды дара қумаймыз

Құстың құс қанатындаймыз

Жүректе от жанып,

Тауларды бетке алып,

Бірге ұшып барамыз болашаққа


Яғни, жұбайлардың бірге болғандарына қуанып, бірінің бірі өте қатты жақсы көретіндігі, болашаққа бірге ұшып баратындығы анық байқалып жазылған. Бұндағы қаратпа сөз: асыл жарым. Яғни, жарынның назарын аударып отыр. Ал эпитет қос қанат болып табылады. Өлең де жалпы махаббат жыры, жұбайлар жыры орын алады. Жалпы бұл өлеңде яғни, тілдік тұрғыдан қарастырғанда қаратпа сөздер, теңеу, эпитет кездеседі. Мәселен «сеулем», «асыл жарым» сөздері қаратпа сөздерге жатса, теңеуге «қанатындай» болса, «асыл жар», «жасыл бақ», «қос қанат» сөздері эпитетке жатады. Ақынның махаббат тақырыбындағы өлеңдерінен басқа патриоттық сезімде құрылған өлеңдер кездеседі. Мәселен, «Желтоқсан тағлымы», «Рух пен тіл», «Отырар қамалы», т.б. өлеңдері бар. Соның бірі - «Желтоқсан тағлымы» атты өлеңі. Бұл өлең 1990 жылы жазылған. Халықтың рухтық сезімін оятатын бұл өлең тәуелсіздік алған елдің, халықтың қуанышты кезеңін байқатады. Тәуелді ел болып келгенде халықтың арманы-тек тәуелсіздікке, егемендікке жету еді. Ал халық тәуелсіздікке қолын оңай жеткізе салған жоқ. Қайғырып, туған-туыстарыңнан айырылып, көз жастары тамып, ашаршылықты бастан кешірген біздің халық тәуелсіз болғанда, өз егемендігін алғанда жүректері жарылардай қуанып, ары қарай патриоттық сезімдері күшейе түскен. Міне, ақын да сол бір кезеңді бейнелеп, суреттеп жазған. Мысалы:

Желтоқсанда//шындық жырын//шырқаймын деп//шарқ ұрдың//А

Желтоқсанда//егеменді ел болсақ деп//талпындың// А

Кеудеңде//әлі сызы//жатыр сол//кездегі салқынның,//А

Айналайын,//жас қайратым,//жас өркені халқымның//А

Өлеңнің әсерлі болғаны соншалықты - жазып отырған да, оқып отырған да адманың көзіне жас келеді екен. Ол кезеңді айтсаңшы! Өлең 3-4 бунақты, 15-16 буынды етіп құрылған. Әдеттегідей өлең қайырмасы 6 тармақты болып келген.

Арманыңның атын,

Жігеріңнің отын

Өшіре алмас асау желі уақыттың,

Егер кім қанша

Уайымсыз болса,

Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.

Жалпы өлеңнің басты тақырыбы - Желтоқсан тағлымы. Сонымен қатар өлеңде қаратпа сөздер, эпитет кездеседі. Мәселен: «Айналайын», «жас қайратым» сөздері қаратпа сөз болады. Эпитетке «шындық жыр», «егеменді ел», «жас өркен», «асау жел», «егеменді ел», «жас өркен», «асау жел», «темір қол», «дүлей маусым», «қайсар дауыс», «өсер ел», «өр намыс» сөздері жатады. Біз осы күнге жеткенімізге шүкіршілік етіп және де «Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!» деп мәңгі М.Шахановтың жүрегіндей біздің жүрігіміздің төрінен орын ала берсін!

Бүгінгі ән-өлеңдер көркемөнеріміз бен әдебитеміздің ұлттық дәстүрін берік сақтап,жалғастырып келе жатқан ұлттық сипаты анық, ұлттық бояуы қанық туындылар.

Көркемөнердің ұлттық ерекшелігін оның жалпы адамзаттық бедер-белгілерінен бөліп қарастыруға болмайтындығына қазақ поэзиясының ұлттық сипатын зерттеу барысында көзіміз анық жетті. Дегенмен, зерттеу принципінде бұл екі сипат екі бөлек нәрсе деп қарастырылмаса да,ұлттық пен жалпы адамзаттықтың ара жігі, қарым-қатынас, байланыстары ашылып отыруы тиіс. Әдебиеттің, көркемөнердің ерекше түрі-сөз өнері ретіндегі ұзақ тарихы: туу көзі, қалыптасу кезеңдері, даму арналарының әрбір ұлттың тума тарихымен, саяси-әлеуметтік өмірімен, тұрмыс –шаруашылық, қоғамдық жағдайларымен тығыз байланыстылығы ұлттық әдебиеттің әрқайсысының өзіндік бітім-болмысы, табиғаты мен тегі, тарихи тағдыры болатындыған көрсетеді. Осылардың таратылып, тиянақталып айтылуы, қарастырылуы көркемөнердің, оның ішінде әдебиеттің ұлттық сипатына, әдебиеттанудағы тым күрделі әрі маңызды мәселеге келіп тіреледі.

М.Шахановтың әнін орындаушылар қазіргі таңда аз емес.Олар әнді нақышына келтіріп, бейнелеп айтады. Мәселен: Музарт тобы, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, Жазира мен Жанболат, Алтынай Жорабаева сынды әншілер М.Шахановтың әндерін жиі айтып тұрады. Менің ұсынысым бойынша М.Шахановтың ән-өлеңдері өз алдына бөлек зерттелсе, ән-өлеңдерінің тәлім-тәрбиелік мәнін жас ұрпақ өнеге тұтса, ән-өлеңдерін зерттеу барысында музыка мен әдебиет тарихы арасындағы пәнаралық байланыс орнатылса, сонымен қатар М.Шаханов әндері қазіргі жастардың қалта телефондарында да орын алып, хитке айналса.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Нартай Бекежанов. Аманат. Алматы,1990 .16 –б.

  2. Бағдат Кәрібозұлы. Беталыс.Алматы,2005 .154-145-б.

  3. Мұхтар Шаханов. Мәңгүрттенбеу марсельезасы.Алматы,2008ж.79-86-б

  4. Р.В.Густамова. Ән жәрмеңке.Алматы,1995 ж.7-б.

  5. Мұхтар Шаханов.Мәңгүрттенбеу марсельезасы.Алматы, 2008 ж.260-261 –б

  6. С.Қирабаев. Қазақ поэзиясының антологиясы.Алматы.1993 ж.17-18-б.

  7. Ш.Сәтбаева.Қазақ поэзиясының антологиясы. Алматы,1993 ж.19-20-б.

  8. Ә.Нарымбетов.Қазақ поэзиясының антологиясы.Алматы,1993 ж.25-26-б.

  9. А.Қ.Жұбанов. Өскен өнер.Алматы,2001 ж.7-8-б.

  10. Бағдат Кәрібозұлы.Беталыс.Алматы,2005 ж.149-152-б.










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет