Тіршіліктану би­оло­гия



жүктеу 2.65 Mb.
бет9/13
Дата25.04.2016
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
: download -> PBD -> vestniki -> 2005(38)2
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
vestniki -> Протонный обмен в неводных растворах анабазина

ҚА­ЗАҚ­СТАННЫҢ АРИД­ТІК ЗО­НА­СЫ­НЫҢ ӨЗЕН АҢ­ҒАР­ЛА­РЫ­НЫҢ
ЭКО­ЛО­ГИ­ЯЛЫҚ-ГЕ­ОМОР­ФО­ЛО­ГИ­ЯЛЫҚ ЖАҒ­ДАЙЫ МЕН ДА­МУЫ


Ак­тив­ная ан­тро­по­ген­ная де­ятель­ность и кли­ма­ти­чес­кие ус­ло­вия ока­за­ли боль­шое вли­яние на раз­ви­тие реч­ных до­лин арид­ной зо­ны Ка­зах­ста­на. В статье рас­смат­ри­ва­ет­ся сов­ре­мен­ное сос­то­яние до­ли­ны ре­ки Сыр­дарии. Оп­ре­де­ле­ны ос­нов­ные фак­то­ры заг­ряз­не­ния ок­ру­жа­ющей сре­ды бас­сейна ре­ки.

Anthropogenic activity and climatic conditions have rendered a large influence on development of the river valleys of Kazakhstan’s arid zone. Modern state of the Syrdariya river valley is considered in the paper. Main factors of the pollution of the river basin environment are determined.
Арид­тік зо­на­ға, И.С.Щу­кин­нің айту­ын­ша, арид­тік кли­мат­ты та­би­ғи зо­на жа­та­ды (шөл жә­не шө­лейт зо­на­сы) [1]. Қа­зақ­стан­ның арид­тік зо­на­сы Кас­пий ма­ңы ойпа­ты­ның жә­не Мұ­ғал­жар­дың сол­түс­тік жар­ты­сын, Тор­ғай елі­нің жә­не Қа­зақ­тың ұсақ шо­қы­сы­ның, Зайсан қа­зан­шұң­қы­ры­ның оң­түс­тік бө­лі­гін қам­ти­ды. Оң­түс­ті­гін­де ол Тянь-Шан­ның, Жоң­ғар Ала­тауы жә­не Сәуір-Тар­ба­ға­тай та­ула­ры жүйесі­мен жә­не ТМД ел­де­рі­нің мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­мен шек­те­ле­ді. Арид­тік зо­на­ның гид­рог­ра­фия­лық то­ра­бы өте си­рек жә­не осы тер­ри­то­ри­ядан тек тран­зит­ті өзен­дер ағып өте­ді. Оң­түс­тік Қа­зақ­стан­ның арид­тік зо­на­сы­ның ең үл­кен өзе­ні Сыр­да­рия бо­лып та­бы­ла­ды. Сыр­да­рия аты­рауы мен Арал те­ңі­зі­нің же­рін­де бі­рі­не-бі­рі тір­кес жат­қан екі үл­кен қа­заншұң­қыр бол­ған. Тянь-Шань тауынан бас­та­лып, Фер­ға­на да­ла­сын­да түйісе­тін кі­шігі­рім өзен­дер­ден ба­сын алып, ба­тыс­қа қа­рай Сыр­да­рия бо­лып аға­тын өзен ал­ды­мен жол бойын­да­ғы Қы­зы­лор­да шұң­қы­ры­на құйған. Ол кез­де Сыр­да­рия суы мол ірі өзен бол­са ке­рек. Өйтке­ні, ол кез­де Шу мен Са­ры­су өзен­де­рі Сыр­да­ри­яның ар­на­сы­на құйған екен. Ұзақ шөл­де та­лай жер­дің қыр­ты­сын қақ жа­рып, екі жи­егін опы­ра құ­ла­тып, жұл­қы­на аға­тын асау өзен ора­сан көп құм лайды ала кел­ген. Бұл шұң­қыр 56 мың жыл­да су мен кел­ген шө­гін­ді­мен то­лып, осы за­ман­ғы ге­омор­фо­ло­ги­ялық аймақ қа­лып­тас­қан. Сол ге­омор­фо­ло­ги­ялық аймақ сол­түс­тік шы­ғы­сын­да Қа­ра­тау, ба­ты­сын­да Қы­зыл­құм бө­лі­гі­нің жа­қын жат­қан тар ара­лы­ғы­нан бас­та­лып, ба­тыс­қа қа­рай кең жайылып жа­тыр. Оны Сыр­да­рия ойпа­ты деп атайды. Ойпат­тың те­рең же­рі Тар­то­ғай стан­ци­ясы тұ­сы­нан бас­та­ла­ды да, Қы­зы­лор­да ар­қы­лы Те­ре­ңө­зек­ке дейін со­зы­лып, онан оң­түс­тік ба­тыс­қа қа­рай бұ­ры­лып, Жа­ңа­да­ри­яның ар­на­сын бойлап жа­тыр, шұң­қыр­дың та­ба­ны­нан са­на­ған­да жи­нал­ған шө­гін­ді үш қа­бат­тан тұ­ра­ды. Тө­мен­гі бі­рін­ші қа­бат­тың қа­лың­ды­ғы 7 м ас­пайтын майда тас ара­лас құм мен саз­дан тұ­ра­ды. Шұң­қыр­дың ор­та тұ­сын­да, қа­зір­гі Қы­зы­лор­да қа­ла­сы мен Те­ре­ңө­зек­тің тұр­ған же­рін­де­гі екін­ші қа­бат­тың қа­лың­ды­ғы 60–80 м бо­ла­тын үйін­ді құм­ның қа­лың­ды­ғы шет­ке қа­рай жұ­қа­ра бе­ре­ді де, Ші­рік Ра­бат­тың тұ­сын­да 30–45 м бол­са, шы­ғыс Арал өңі­рін­де 6–20 м ас­пайды. Бұл екін­ші қа­бат осы өл­ке­ні ең ал­ғаш ме­кен­де­ген Кел­те­мұ­нар тайпа­сы­ның аты­мен ата­ла­ды. Ең үс­тің­гі, яғ­ни тө­мен­нен са­на­ған­да үшін­ші, қа­бат­тың қа­лың­ды­ғы 1–6 м, кей жер­лер­де 9 м дейін бо­ла­тын саз, құм­шық жә­не құм ара­лас шө­гін­ді­ден тұ­ра­ды.

Ба­ты­сын­да екін­ші қа­заншұң­қыр — қа­зір­гі Арал те­ңі­зі. Арал­ға де­ген осы за­ман­ғы көз­қа­рас әр­түр­лі. Арал те­ңі­зі­нің өте ерек­ше ге­ог­ра­фи­ялық құ­бы­лыс еке­ні сөз­сіз. Олай дейті­ні­міз әлем­ге әйгі­лі жа­зи­ра шөл Тұ­ран ойпа­ты­ның едәуір бө­лі­гін алып жат­қан Арал те­ңі­зі жыл­дың ал­ты айы бойы мыс қа­зан­дай қы­зып, айна­ла бет қа­рат­пайтын ыс­тық, ап­тап тұр­ған құм­дар­дың ор­та­сын­да жа­тыр. Осын­ша қа­тал кли­мат­тың бе­тін қайта­рып, оны сәл­де бол­са жұм­сар­тып тұр­ған — сол Арал. Әлем­нің қай түк­пі­рі бол­са да, құ­жы­на­ған тір­ші­лік ең ал­ды­мен өзен­дер­дің тө­мен­гі ағы­сы­нан бас­тал­ға­ны та­рих­тан бел­гі­лі. Со­ның бі­рі Сыр­да­рия өзе­ні­нің аты­рауы. Ол Тар­то­ғай стан­ци­ясы­ның тұ­сын­да ені 20–30 км бо­лып бас­та­лып, ба­тыс­қа қа­рай бір­тін­деп ке­ңейіп, Арал те­ңі­зі­нің шы­ғыс жа­ға­лауына жет­кен­де ені 350 км бо­лып ті­рел­ген. Жа­зық­тың ең би­ік нүк­те­ле­рі Тар­то­ғай тұ­сын­да 140–150 м, Жо­са­лы тұ­сын­да — 100 м, ал Арал­дың шы­ғыс жа­ғын­да 55 м ас­пайды. Сон­да Сыр­дың аты­рауы — те­ңіз ба­ғы­ты­мен баяу ыл­ди­лап, көл­беу жат­қан жа­зық да­ла. Жа­зық бе­тін­де әр жер­де жа­та­ған жу­сан өс­кен ша­ғыл құм тө­бе­лер мен жал-жал бұйрат құм­дар. Те­ңіз­дің шы­ғыс жа­ға­лауын­да — Қу­аң­да­рия мен Жа­ңа­да­рия ара­сын­да кел­те­мұ­нар дәуірі­нен қал­ған бұйрат құм­дар едәуір үл­кен ке­ңіс­тік­ті алып жа­тыр. Кейде жа­зық бе­тін­де жал­ғыз жа­рым тө­бе­лер кез­де­се­ді, мы­са­лы, Ақ­қыр, Қа­рақ, Жо­са­лы, Көк­сең­гір. Олар­дың би­ік­ті­гі 60–80 м дейін ба­ра­ды. Бі­тім бейне­сі еш нәр­се­ге ұқ­са­майтын сол қи­ра-қи­ра шо­қы­лар­дың ба­урайы тік жар бо­лып ке­ле­ді. Бұ­лар­дан бас­қа би­ік­ті­гі 40 м дейін ба­ра­тын ша­ғын­дау тө­бе­лер — ес­кі за­ман­нан қал­ған то­пы­рақ қор­ған­дар­дың ор­ны — асар­лар әр жер­ден бой көр­се­те­ді. Олар Құ­ра­лы­асар, Жал­па­қа­сар, Же­ті­асар, Құм­қа­ла, Ші­рік Ра­бат, та­ғы бас­қа­ла­ры са­ғым­мен бұл­ды­рап, жо­ла­ушы­ның кө­зі­не он­да­ған ша­қы­рым­нан кө­рі­не­ді.

Ар­на­лар ара­сын­да­ғы ке­ңіс­тік­тің бет-бе­де­рі­нің өзі­не тән ерек­ше­лі­гі бар. Мұн­да те­ңіз­дің тол­қы­ны тә­різ­ді бұйрат­та­нып жат­қан ауқы­мы әртүр­лі су айрық­та­ры, айна­ла ат шап­ты­рым жи­егі түйе тайлы ойпат­тар кез­де­се­ді. Да­рия та­сы­ған­да бұл ой-шұң­қыр­лар­дың бә­рі су­мен то­лып, бү­кіл аты­ра­уда жүз­де­ген көл­дер пайда бо­ла­тын. Олар­дың ішін­де­гі тұн­ба көл­дер — Сор­көл, Қа­ра­көл, Көк­су, Ақ­сай т.б. Айна­ла егіс­тік, ша­бын­дық жер­лер­ді су ба­сып, ыза кө­те­ріп кет­пес үшін жи­егін то­ған­дап қойған Да­ла­көл, Жың­ғыл­дыкөл, құм тө­бе­лер­дің ара-ара­сын­да­ғы ой жер­лер­де­гі ащы көл­дер Сыр аты­рауының кел­бе­ті­не осы өл­ке­ге тән ерек­ше­лік бе­ре­ді. Ба­яғы за­ман­да Қы­зыл­құм­ды ке­мер­леп Ес­кі да­ри­ялық, оның сол­түс­тік-шы­ғыс жа­ғы­нан Ің­кәр­да­рия, да­ла­ның ор­та тұ­сын­да Қу­аң­да­рия, онан оң­ға та­ман Жа­ңа­да­рия, со­дан кейін не­гіз­гі ар­на — Сыр­да­рия бо­лып те­ңіз­ге құйған. Қа­зір олар­дың көп­ші­лі­гі кеуіп, құр­ғақ ар­на­ла­ры ға­на қал­ған.

Та­би­ғи ке­шен­ді де­ну­да­ци­ялық кө­те­рі­лім­дер­ге ерек­ше тоқ­та­лып өт­сек, ең ал­ды­мен, Аму­да­рия дель­та­сы­ның жа­зық­тық бе­тін­де тау-жұр­нақ­ты қы­рат­та­ры бө­лі­ніп шы­ға­ды. Бұл — Бел­тау (132 м), Қош­қа­на­тау (138 м), Қы­зыл­жар (118 м), Үш­та­ған (141 м), Боз­ғыл (95 м) т.б. бір-бі­рі­нен тө­мен түс­кен ала­са қы­рат­тар. Олар­дың оң­түс­тік жә­не ба­тыс бет­кейле­рін­де тау құ­ры­лым­да­ры күш­ті тү­зіл­ген. Қи­ма­ны зерт­теу ке­зін­де екі құ­ры­лым­ды бө­лу­ге бо­ла­ды: тө­мен­гі — мер­гел­ді-саз жә­не жо­ғар­ғы — құм­ды. Тау жұр­нақ­та­ры­ның шың­да­ры сар­ғыш-қо­ңыр құм­дар мен құм-­тас­та­ры­мен көм­ке­ріл­ген. Олар­дың суб­го­ри­зон­тал­дық жа­туы, күр­де­лен­ген те­рең ағын­сыз би­ік құз­ды бет­кейлі қа­зан­шұң­қыр­лар ор­на­лас­қан те­гіс су айрық бе­тін қа­лып­тас­ты­ра­ды.

Қы­рат бет­кейле­рі­нің асим­мет­ри­ясы кли­мат­тық ре­жим жә­не су ағын­да­ры­ның ба­ғы­ты­мен шайылып ке­те­ді. Ор­та ақ­ша­ғыл плас­ты жа­зық­тан бө­лі­ніп, олар тау жұр­нақ­та­ры­ның қы­ра­ты тү­рін­де қа­зір­гі кез­ге дейін сақ­та­ла­ды да жә­не кө­бі­не­се эро­зи­яға ұшы­райды. Мұн­да кө­бі­не­се шөл­ді-құм­ды то­пы­рақ­тар та­рал­ған. Сұр-қо­ңыр то­пы­рақ­тар құм­ды бо­лып кел­ген жә­не қы­рат­тық жер жа­нын­да­ғы бел­деу­де да­мы­ған. Гип­сті көк­жи­ек мор­фо­ло­гия жа­ғы­нан он­ша бі­лін­бейді, олар­дың жал­пы са­ны 30–40 % -ке же­те­ді. То­пы­ра­ғы сор­лы, 50–100 см қа­лың­ды­ғын­да 0,7 % тұз жи­нал­ған, 0,1 % — хлор, ал 100–150 см қа­лың­ды­ғын­да тұз — 1,4 %, 53 см те­рең­дік­те­гі жо­ға­ры сіл­ті­лі­гі сор­таң­ның пайда бо­лу­ын көр­се­те­ді. Бі­рақ гип­сті саз­дар кез­дес­кен жер­лер­де то­пы­рақ­тың тұз­ды­лы­ғы 5–8 см те­рең­дік­те 5 %-тен 8,6 % -ке дейін кө­бейген. 0–47 см қа­бат­та гу­мус­тың құ­ра­мы 0,20-дан 0,29 % дейін. Бел­та­удың бе­ті тас­қын­дар ак­ку­му­ля­ци­ясы әсе­рі­нен бет­кейден шайылып те­гіс­тел­ген жер­де мор­фо­ло­гия жа­ғы­нан та­қыр­ға ұқ­сас то­пы­рақ­тар қа­лып­тас­қан, ал тө­мен­гі бө­лі­гін­де сор­таң то­пы­рақ­тар үлес ете­ді.

Қы­рат бет­кейле­рі­нің саз­ды құ­ры­лым­да­ры­ның тұз­ды­лы­ғы­на байла­ныс­ты мұн­да тұз­ды тас­қын­дар жи­нал­ған. Қы­рат­тың өсім­дік жа­мыл­ғы­сы әртүр­лі. Қаш­қан­та­уда тұз­ды-жу­сан­ды шөл­дер мен ба­ялыш то­бы­ның ке­ше­ні, ба­ты­сын­да — жу­сан­ды ба­ялыш жә­не шы­ғы­сын­да жу­сан­ды ба­ялыш, әсі­ре­се бұйыр­ғын­дар, кең та­рал­ған. Тө­мен тү­су­лер­де же­ңіл то­пы­рақ­тар­да олар­мен бір­ге қа­ра сек­сеуіл, эфед­ра, шер­кез жә­не жүз­гін­нің то­бы өсе­ді. Бел­та­удың сол­түс­тік бет­кейі Қы­зыл­құм­ға өте­ді, мұн­да құм­ды ака­ция, жүз­гін жә­не ақ­сек­сеуіл та­рал­ған. Сол­түс­тік шы­ғыс жә­не қи­ыр шы­ғы­сы Жа­ңа­да­рия шө­лі­нің тұз­ды-жу­са­ны­мен қо­сы­ла­ды. Та­қыр­лар­дың тө­мен­гі жа­ғын­да бұйыр­ғын, қа­ра­сек­сеуіл жә­не бір жыл­дық со­лян­ка­лар­дың жал­ғыз тал­да­ры кез­де­се­ді. Қы­рат­тар мал ша­ру­ашы­лы­ғын­да ға­на пайда­ла­на­ды. Бел­тал, Үш­та­ған, Боз­ғыл қо­ныс­та­ры ар­те­зи­ан сква­жи­на­ла­ры­мен су­арыл­ған, мұн­да су тұз­ды кү­кір­ттің дә­мі бар.

Тау жұр­нақ­ты қы­рат­тар­дан бас­қа, оң­түс­тік Арал ма­ңын­да пласт жа­зық­тар жә­не эол­ды де­ну­да­ция­лық тө­бе­шік­ті-тол­қын­ды жа­зық­тар та­рал­ған. Сол­түс­тік-ба­тыс Қы­зыл­құм шөл­де­рі­нің құм­да­ры­ның шет жа­ға­сын­да көр­се­тіл­ген құм­ды шөл­дің фун­да­мен­ті кон­ти­нен­таль­ді ал­лю­ви­ал­ды жә­не про­лю­ви­ал­ды қат­пар­лы құ­ры­лым­да­ры­мен құ­рал­ған. Сол­түс­тік-ба­тыс Қы­зыл­құм айма­ғын­да тө­бе­шік­ті-қыр­қа­лы, кейде бар­хан­ды, құм­ды-эол­ды рель­еф фор­ма­ла­ры үлес ете­ді. Олар кө­бі­не­се та­қыр­лар мен сор­ды тө­мен тү­су­лермен тү­зіл­ген. Аймақ­қа шөл­ді құм­ды то­пы­рақ­тар кең та­рал­ған. Арал те­ңі­зі­не жа­қын­да­ған сайын аса тұз­ды емес то­пы­рақ­тар­дың құ­ра­мын­да тұз кө­бейеді. Те­ңіз шет­те­рін­де жә­не Аму­да­рия дель­та­сын­да қа­зан ­шұң­қыр­лар то­пы­рақ­та­ғы су­дың ин­фильтра­ция әсе­рі­нен қат­ты тұз­дал­ған сор­ға айнал­ған. Та­ша­қыр жә­не Саз­ды­бай то­пы­рақ­та­ры­ның құм-­тас­та­рын­да гип­сті сұр-қо­ңыр то­пы­рақ да­ми­ды, ал ак­ку­му­ля­ция әсе­рі­нен саз­ды құ­ры­лы­мын­да та­қыр­лы кат­ты тұз­дал­ған то­пы­рақ­тар да­мы­ған.

Құм-­тас­ты қыр­қа­лар­дың өсім­дік жа­мыл­ғы­сы­ның ең бас­ты­сы псам­мо­фит­тер, илек­ті ақ­сек­сеуіл жә­не күйін­сүйеш­тер­мен си­пат­та­ла­ды. Тө­бе­шік құм­да­ры­на жүз­гін, қаң­ғыр­бас­шы, на­шар тол­қын­дар­да эфед­ра­лар, ал сква­жи­на­лар­дың жә­не құ­дық­тар­дың то­пы­рақ­та­рын­да ады­рас­пан­дар кез­де­се­ді. Сұр жу­сан, кав­рах, гре­бен­щик т.б. өсім­дік­тер та­рал­ған.

Сол­түс­тік-ба­тыс Қы­зыл­құм оң­түс­тік Арал ма­ңы айма­ғын­да ор­на­лас­қан жә­не эол­ды про­цестер­мен өн­ді­ріл­ген. Қа­лың емес құм­ды жа­мыл­ғы­лы жер­лер­де әсі­ре­се қа­зан­шұң­қыр­дың тү­бін­де құм­-тас­тар не­ме­се жо­ғар­ғы пли­оцен­нің саз­да­ры ашы­лып кө­рі­не­ді. Құм­дар ірі жә­не би­ік суб­ме­ри­ди­онал­ды қыр­қа­лар, бір-бі­рі­нен 1000–1300 м қа­шық­тық­та тұ­ра­ды. Олар­дың ара­ла­рын­да қа­зан­шұң­қыр­лар­мен бө­лін­ген ұсақ қыр­қа­лар ор­на­лас­қан.

Арал те­ңі­зі­нің оң­түс­тік-шы­ғыс бө­лі­гі­нің ше­тін­де қа­зан­шұң­қыр­мен қыр­қа­ара­лық тө­мен тү­су­лер­де жа­ға­дан 2–5 км қа­шық­тық­та те­ңіз су­ының фильтра­ция әсе­рі­нен әртүр­лі көл­дер қа­лып­тас­қан. Суб­ак­вал­ды ке­шен­дер құ­рақ­ты қа­мыс­тар мен ро­гоз­дар­мен қор­шал­ған. Те­ңіз­дің құр­ғауы көл­дер­дің құ­рып ке­ту­іне кел­тір­ді, ал олар­дың ор­ны тұ­зы мол ак­ку­му­ля­ци­яға ұшы­ра­ды. Кейбір қа­зан­шұң­қыр­лар­да нат­рий-хло­рид­ті не­ме­се суль­фат­ты-хло­рид­ті тұз­дар нат­рийдың үл­кен қо­ры 2000-нан 5000 т/га 0–50 см қа­бат­та қа­лып­тас­қан. Бұл көл қа­зан­шұң­қыр­лар­дың жа­ға­ла­рын­да тұз­дың қа­лың­ды­ғы 1 см-ден аса­ды. Эол­ды-кұм­ды жа­зық­тар­да өсім­дік аз емес. Бұл үл­кен қыр­қа­лар­да жә­не ірі құм­дар­да өсе­тін ақ­сек­сеуіл, қо­ян­сүйек тө­бе­шік­тің бет­кейін қор­шайды, тө­бе­шік­те жә­не құм­дар­да жүз­гін өсе­ді. Сол­түс­тік-ба­тыс Қа­ра­құм­ның та­би­ғи ке­шен­де­рі Арал те­ңі­зі­нің дең­гейінің тө­мен­деуі мен ыл­ғал­да­ну кө­ле­мі­нің азаюымен өз­ге­ре­ді. Ол те­ңіз ак­ва­то­ри­ясын­да пайда бо­лып, жел­мен шет­те­гі құм­ды шөл­дер­ге ұшып ке­те­ді. Осы­лай Арал ма­ңын­да ауа ыл­ғал­да­ну­ының қо­лайлы ре­жи­мі қа­лып­та­са­ды. Тү­бір­лі қа­бат су буы­ның кон­ден­са­ци­ясы ыл­ғал­да­нып ве­ге­та­ци­ялық эко­ло­ги­ялық жағ­дайда псам­мо­фит­тер өсу­іне жағ­дай жа­сайды. Те­ңіз дең­гейінің тө­мен­деуі грун­ттық жә­не жер ас­ты су­ла­ры­ның дең­гейіне әсер ете­ді. Арал грунт су­ла­ры­на 200 км жа­ға­лау сы­зы­ғы­нан қа­шық­та­ған­нан өзі­нің әсе­рін ти­гі­зе­ді. Сон­дық­тан жер ас­ты су­ының дең­гейі тө­мен түс­ті, ал ар­те­зи­ан су­ла­ры­ның шы­ғуы азайды.

Оң­түс­тік Арал ма­ңын­да ежел­гі ал­лю­ви­ал­ды аты­ра­улы жа­зық­тар құ­рал­ған: екеуі ежел­гі аты­рау­лар — Ақ­ша­да­ри­ялық жә­не Жа­ңа­да­ри­ялық. Ақ­ша­да­ри­яның ал­лю­ви­ал­ды аты­рау жа­зық­та­ры ежел­гі плейсто­цен­де жә­не го­ло­цен жас­та пайда бол­ған, Аму­да­рия аты­рауының шы­ғы­сы­на қа­рай со­зыл­ған. Ақ­ша­да­рия жа­зы­ғы­ның бе­ті сол­түс­тік­тен сол­түс­тік-ба­тыс­қа қа­рай құ­ла­ма­лы ор­на­лас­қан. Оң­түс­ті­гі мен шы­ғы­сы Қы­зыл­құм­мен қор­шал­ған. Сол­түс­ті­гін­де Бел­тау қы­ра­ты­мен шек­те­се­ді, сол­түс­тік-ба­ты­сын­да Аму­да­рия аты­рауымен қо­сы­ла­ды, ал сол­түс­тік-шы­ғыс­та Жа­ңа­да­ри­ямен жал­ғас­қан. Жа­зық­тың тер­рас­са­сы тек бө­лек құм-­тас­ты тө­бе­шік­тер мен қыр­қа­лар кө­те­рі­лі­сі­мен бұ­зы­ла­ды. Аты­ра­удың бе­ті те­гіс та­қыр­лы жә­не құр­ғақ өзен ар­на­ла­ры­мен кес­кін­дел­ген (Ит­қа­ра­өзек, Қа­ра­көл, Қа­мыс­ты­сай т.б.).

Жа­ңа­да­ри­яның ал­лю­ви­ал­ды-аты­ра­улы жа­зы­ғы ор­та­ша плейсто­цен­ді жас­та жә­не те­ңіз­дік оң­түс­тік-шы­ғыс жа­ға­лық зо­на­ны алып жа­тыр. Ба­ты­сын­да Арал­ға құ­ла­ма­лы, қыр­қа­лы жә­не тө­бе­шік­ті құм­дар­мен күр­де­лен­ген. Бе­ті те­гіс та­қыр­лы жә­не те­ңіз­ге жа­қын­да­ған сайын эол­ды құм­дар кө­бейеді. Көп­те­ген құр­ғақ ар­на­лар та­қыр, құм­дар, ал са­ға­лық бө­лі­гін­де қыр­қа­лы құм­дар­мен қор­шал­ған сор­лар ор­на­лас­қан. Те­ңіз дең­гейінің тө­мен­деуіне дейін жа­ға­лық қыр­қа ара­лық тө­мен­де­улер су­ға бат­ты; су фильтра­ци­ясы ар­қы­лы өтіп, Арал­дың жа­нын­да ша­ғын көл­дер ор­на­лас­ты. Қа­зір­гі кез­де олар құр­ғап, оның ор­нын­да көп­те­ген сор­лар жә­не тұз­ды жа­зық­тар пайда бол­ды.

Грунт су­ла­ры ежел­гі ал­лю­ви­ал­ды жа­зы­ғын­да өте те­рең­де жа­тыр (10–20 м тө­мен) жә­не тер­ри­то­ри­яның та­би­ғи ке­ше­нін­де да­мы­ма­ған. Тек су­ар­ма­лы жер­лер­де ға­на грунт су­ла­ры­ның дең­гейі
10–20-ға же­тіп жә­не іш­кі аты­рау бө­лі­гі­не қа­рай кө­те­рі­ле­ді.

Ежел­гі ал­лю­ви­ал­ды жа­зық­тық­тар­дың та­би­ғи ке­шен­де­рі­нің өсім­дік жа­мыл­ғы­сы үл­кен дег­ра­да­ция­ға ұшы­райды. Бұ­рын сек­сеуіл, ал Же­тім­сең­гір қо­ны­сын­да қа­ра­сек­сеуіл қо­ғам­дас­тық­та­ры бол­ған. Оң­түс­тік Арал ма­ңын­да те­гіс сор­ды жа­зық­ты дель­та­лар (аты­ра­улар) Аму­да­ри­яның те­ңіз­ді жа­зық­ты дель­та­сы­ның су­ба­ре­ал­ды бө­лі­гін­де кең та­рал­ған. Те­ңіз­дік сор­лар Қу­аң­да­рия ар­на­сы­ның шы­ғы­сы­на жә­не Жыл­тыр­бас шы­ға­на­ғы­ның оң­түс­тік жа­ға­лау зо­на­сы­нан Көк­да­рия са­ға­сы­на дейін со­зы­ла­ды. Ак­ку­му­ля­тив­ті жа­зық­тың бе­ті на­шар ті­лім­дел­ген жә­не те­ңіз­ге қа­рай құ­ла­ма­лы ор­на­ла­са­ды. Құр­ғап қал­ған көл­дер (Ата­байқұм, Ге­лей) бар. Олар­дың ар­на­ла­рын­да жы­ра­лар­мен ті­лім­дел­ген жа­зық­тар кез­де­се­ді. Көл­ді-ал­лю­ви­аль­ды жа­зық­тың дель­та­сы көл­дер­дің құр­ғап қал­ған тү­бін­де анық­тал­ған. Көл­дер­дің жә­не бат­пақ­тың үл­кен бө­лі­гі құр­ғап, сор­таң­дар­ға айна­ла­ды. Көл­ді-бат­пақ­ты қа­зан­шұң­қыр­лар саз­ды жә­не құ­майтты көл фа­ци­ясы­ның жауын-ша­шы­ны­мен то­лық­қан. Оның же­ңіл ме­ха­ни­ка­лық құ­ра­мын­да грун­ттар, құм­дар кез­де­се­ді. Грунт су­ла­ры 3–5 м жә­не одан тө­мен те­рең­дік­те ор­на­ла­са­ды. Су қойма­ның жа­нын­да­ғы ми­не­ра­ли­за­ция ти­пі хло­рид­ті-суль­фат­ты жә­не хло­рид­ті бо­лып та­бы­ла­ды. Те­ңіз­дің жа­ға­лық зо­на­сын­да құр­ғақ қал­дық­тар­дың кө­ле­мі 20–50 г/л ша­ма­сын­да. Өсім­дік жа­мыл­ғы­сы кес­кін­дел­ген, он­да қа­ра­ба­рақ, бір жыл­дық со­лян­ка­лар, құ­рақ­тар жә­не кер­мек­тер кез­де­се­ді.

Аму­да­рия дель­та­сы­ның су­ар­ма­лы же­рі те­гіс көл­ді-ал­лю­ви­ал­ды жа­зық­тық­тар­да ор­на­лас­қан. Со­ған байла­ныс­ты су­ар­ма­лы жер­лер­дің ме­ли­ора­ци­ялық жағ­дайы дель­та­ның кө­те­ріл­ген бө­лі­гін­де­гі жер­лер жағ­дайы өте жақ­сы, бас­қа­ла­ры қа­на­ғат­та­нар­лық емес. Су­ар­ма­лы жер­лер­дің бө­лі­гін­де ве­ге­та­ция ке­зең­де­рі грунт су­ла­ры­ның те­рең­де жа­туы 1–3 жә­не 2–3 м, ми­не­ра­ли­за­ция дең­гейі 2,0-ден 5,0-ге кө­те­ріл­ген. Бұл топ грун­ттар­да тұз­дар­мен айқын­да­ла­ды.

Құр­ғап кет­кен тү­бін­де Арал су­ының тер­ри­то­ри­ясы та­би­ғи ке­шен­де­рі қа­лып­тас­қан. Оның релье­фі құ­ла­ма­лы жа­зық­тар­дан тұ­ра­ды жә­не екі­ге бө­лі­ніп, бір-бі­рі­нен ерек­ше­ле­не­ді. Бі­рін­ші­сі — жа­ға-жайды қор­ша­ған эол­ды құм­дар, екін­ші­сі — бе­ті на­шар кес­кін­дел­ген сор­лар мен құр­ға­ған жер­лер. Рель­еф­тің эол­дық пі­ші­ні бар­хан, тө­бе­лі, тал­ды құм­дар­мен жә­не қа­зан­шұң­қыр­лар­мен айқын­да­ла­ды. Те­ңіз­дің құр­ғап қал­ған тү­бі­нің та­би­ғи ке­шен­де­рі құ­ры­лым­ды — мор­фо­ло­гия жа­ғы­нан өте күр­де­лі. Мұн­да бір-бі­рі­мен байла­ныс­ты ге­ожүйелер та­рал­ған. Аймақ­тың эко­жүйелік дег­ра­да­ци­ясы адам­ның ша­ру­ашы­лық әре­ке­ті­мен қи­ын­да­ты­ла­ды. Арал ма­ңы­на тех­но­эро­зия үл­кен зи­ян әкел­ді. Ол үл­кен тер­ри­то­ри­ялар­ды қор­ша­ған қо­қыс­тар жә­не ге­оло­ги­ялық зерт­те­улер мен бұр­ғы­ла­ма жұ­мыс­тар, ин­же­нер­лік құ­ры­лыс объ­ек­ті­лер­дің са­лы­ну­ымен әсер ете­ді. Тех­но­эро­зия те­рең (1–1,5 м) қа­зан­шұң­қыр­лар деф­ля­ци­ясы­ның бұр­ғы­ла­ма жұ­мыс­та­ры­ның кө­беюі т.б. өз­ге­ріс­тер әсе­рі­нен бо­ла­ды.

Арид­ті кли­мат жағ­дайын­да су­ды ти­ім­сіз пайда­ла­ну, со­ны­мен қа­тар су­ар­ма­лы жер­лер­ді ти­ім­ді жә­не ти­ім­сіз да­мы­ту Сыр­да­рия өзе­ні бас­сейні­нің су­ының азаюына әке­ліп соқ­тыр­ды. Жер бе­ті су­ла­ры­ның лас­та­ну­ын ба­қы­лау нә­ти­же­ле­рі бойын­ша Сыр­да­рия өзе­ні­нің лас­та­ну дең­гейі Оң­түс­тік Қа­зақ­стан об­лы­сын­да 2 тұс­та­ма­мен си­пат­та­ла­ды: ЛЗИ (лас­та­ну зат­тар­дың ин­дек­сі) — 3, 4; 4-класс — «лас­тан­ған». Ба­қы­лау мә­лі­мет­те­рі бойын­ша, лас­та­ушы зат­тар­дан суль­фат, мыс, фе­нол­дар­дың ШМК –сы 2–6 бол­ған. Ең қат­ты лас­та­ну көк­тем­гі ке­зең­ге сай кел­ді: мыс жә­не нит­рит­тар — 16 ШМК, суль­фат — 7 ШМК, фе­нол — 6 ШМК, мұ­най өнім­де­рі — 4 ШМК [2]. Зерт­те­уші­лер пі­кі­рін­ше, Сыр­да­рия, Шу, Та­лас, Ка­ра­тал, Ак­су, Леп­сі, Тен­тек, Көк­су өзен­де­рі­нің су­ла­ры бір­ша­ма та­за деп есеп­те­лі­не­ді. Со­ның ішін­де Сыр­да­рия өзе­ні ауыл ша­ру­ашы­лы­ғын хи­ми­ялан­ды­ру мен дре­наж­ды су­лар­мен лас­та­ну­да [3].

Қа­зір­гі кез­де Сыр­да­рия бас­сейннің эко­ло­ги­ялық жағ­дайына «Байқо­ңыр» ға­рыш айла­ғы қат­ты әсер ти­гі­зе­ді. Ға­рыш айла­ғы 0,57 млн. га ауыл ша­ру­ашы­лы­ғы­на жа­рам­ды жер­ді алып жа­тыр. Жал­пы рес­пуб­ли­ка тер­ри­то­ри­ясын­да 47 аудан­ға ра­ке­та сы­нық­та­ры түс­кен. «Байқо­ңыр» ға­рыш айла­ғы­нан ауаға 1995 ж. 30–35 мың т қат­ты жә­не газ тә­різ­дес лас­та­ғыш зат­тар ұш­қан. Ра­ке­та сы­нық­та­ры құ­ла­ған жер тек адам­ға емес, қор­ша­ған ор­та­ға да эко­ло­ги­ялық қауіпі бо­ла­ды.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі


  1. Ак­пам­бе­то­ва К.М. Ге­омор­фо­ло­гия арид­ных тер­ри­то­рий Ка­зах­ста­на: Учеб­. по­со­бие. – Ка­ра­ган­да, 2002. – 112 с.

  2. Байту­лин И.О., Байту­лин А.И., Бо­га­чев В.П., Дус­ка­ев К.К., Ро­ди­онов А.М. Эко­ло­гия Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан. – Ал­ма­ты, 2001. – 132 с.

  3. Бейсе­но­ва Ә., Са­ма­қо­ва А., Ес­по­лов Т., Шіл­де­ба­ев Ж. Эко­ло­гия жә­не та­би­ғат­ты ти­ім­ді пайда­ла­ну. – Ал­ма­ты, 2004. – 326 б.

ӘОЖ 911.3(574)

Г.Б.Тоқ­та­ға­но­ва

Қор­қыт-Ата атын­да­ғы Қы­зы­лор­да мем­ле­кет­тік уни­вер­си­те­ті



НА­РЫҚ­ТЫҚ ҚА­ТЫ­НАС­ТАР ЖАҒ­ДАЙЫН­ДА ҚЫ­ЗЫ­ЛОР­ДА ОБ­ЛЫ­СЫН­ДА
АУЫЛ­ ША­РУ­АШЫ­ЛЫ­ҒЫ­НЫҢ ДА­МУЫ МЕН ҚА­ЗІР­ГІ ЖАҒ­ДАЙЫН
ЭКО­НО­МИ­КА­ЛЫҚ - ГЕ­ОГ­РА­ФИ­ЯЛЫҚ ТҰР­ҒЫ­ДАН ТАЛ­ДАУ


Статья пос­вя­ще­на ана­ли­зу раз­ви­тия сельско­го хо­зяй­ства об­лас­ти в те­ку­щий мо­мент с эко­но­ми­ко-ге­ог­ра­фи­чес­кой по­зи­ции. Да­на ха­рак­те­рис­ти­ка про­дук­тив­нос­ти сельско­хо­зяй­ствен­ных куль­тур на по­сев­ных пло­ща­дях, а так­же жи­вот­но­вод­ству ре­ги­она.

This article is devoted to the analysis of oblasts — agricultural development at the moment with economic — geographical position. The characteristics of agricultural productivity on the fields and catllebreeding of region.
Ауыл ­ша­ру­ашы­лы­ғы ша­ру­ашы­лық­тың ма­ңыз­ды бір са­ла­сы екен­ді­гі бел­гі­лі. Сон­дық­тан ауыл ша­ру­ашы­лы­ғы об­лыс эко­но­ми­ка­сы­ның бас­ты са­ла­сы бо­лып та­бы­ла­ды [1]. Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның ша­ру­ашы­лы­ғын да­мы­ту ауыл ша­ру­ашы­лы­ғын, әсі­ре­се егіс­тік жер­лер­ді, пайда­ла­ну не­гі­зін­де қа­лып­тас­қан. Ре­фор­ма­ға дейін­гі жыл­да­ры об­лыс аума­ғын­да өн­ді­ріс өнер­кә­сіп­те­рін­де өн­ді­ріл­ген өнім­дер­ге қа­ра­ған­да ауыл ша­ру­ашы­лық өнім­де­рін өн­ді­ру әл­де қайда жо­ға­ры бол­ға­ны­мен, қа­зір­гі уақыт­та бұл өн­ді­ріс са­ла­сы ақ­сап тұр. Ауыл ша­ру­ашы­лы­ғы­ның ти­ім­сіз ор­на­ла­су­ынан, әрі бас­қа да өн­ді­ріс са­ла­ла­ры­мен байла­ныс­тың бол­мауынан жә­не мем­ле­кет та­ра­пы­нан қар­жы­лан­ды­ру­дың қыс­қа­ру­ына, не­сие ре­сур­сы­ның кө­те­рі­лу­іне, тауар­мен қам­та­ма­сыз еті­ле­тін тұ­ты­ну­шы бюд­же­ті­нің же­тіс­пеуінен тауар құ­ны едәуір өсу­де. Мы­са­лы, бұл са­ла бойын­ша 2001 ж. 67 кә­сі­по­рын бел­гі­ле­ніп, 16 кә­сі­по­рын ға­на 62 млн. 165 мың тең­ге кө­ле­мін­де, не­ме­се 23,9 %, та­быс тү­сір­се, 51 кә­сі­по­рын 281 млн. 954 мың тең­ге, яғ­ни 76,1 %, кө­ле­мін­де шы­ғын­ға ұшы­ра­ған. Ал 2002 ж. бел­гі­ле­ніп жұ­мыс жа­са­ған кә­сі­по­рын са­ны 61-ге қыс­қа­рып, оның 29-ы 76 млн. 931 мың тең­ге, яғ­ни 47,5 %, кө­ле­мін­де та­быс тү­сі­ріп, 32 кә­сі­по­рын 261 млн. 209 мың тең­ге, 52,5 %, кө­ле­мін­де шы­ғын­ға ұшы­ра­ған [2]. Сон­дық­тан об­лыс­та­ғы не­гіз­гі мін­дет — аг­рар­лық сек­тор­ды сақ­тап, же­тіл­ді­ріп, ха­лық тұ­ты­на­тын өнім­дер­ді ны­ғайтып, өнер­кә­сіп­тер мұқ­таж ауыл­ша­ру­ашы­лық ши­кі­за­ты­мен қам­та­ма­сыз ету­ді жә­не тұ­ты­ну­шы­ның сұ­ра­ны­сын қа­на­ғат­тан­ды­ру бо­лып отыр. Жал­пы об­лыс­та­ғы аг­рар­лық сек­тор­дың не­гіз­гі көр­сет­кі­ші 1-кес­те­де то­лы­ғы­мен көр­се­тіл­ген.

1-кес­те


Қы­зы­лор­да об­лы­сын­да­ғы ауыл­ша­ру­ашы­лық өні­мі­нің жал­пы құ­ны [3]

Ата­луы

Өл­шем бір­лі­гі

Жыл­да­р

1991

1996

1997

1998

1999

2000

Бар­лы­ғы

млн.

10810,6

5837,9

6129,5

6750,9

6926,3

7351,8

Оның ішін­де:

егін ша­ру­ашы­лы­ғы

мал ша­ру­ашы­лы­ғы


млн.

4440,6

6370,0


3158,2

96,79,5


3338,8

2790,7


3800,9

2950,0


3979,8

2946,5


4521,4

2830,4


Жал­пы өнім:

егін ша­ру­ашы­лы­ғы

мал ша­ру­ашы­лы­ғы


%


41,1

58,9


54,1

45,9


54,5

45,5


56,3

43,7


57,5

42,5


61,5

38,5

Ауыл­ ша­ру­ашы­лы­ғы­ның 1999–2000 жж. өнім құ­ны соң­ғы он жыл­да­ғы өнім құ­ны­мен са­лыс­тыр­ған­да 32 % тө­мен. 2000 ж. бар жо­ғы ас­тық да­қыл­да­ры 72,2 мың га жер­ге егіл­ді, оның 58,0 мың га же­рі — кү­ріш­ті ал­қап. Жал­пы об­лыс бойын­ша 196,2 мың т, не­ме­се 106,5 %, ас­тық өн­ді­ріл­ді, оның ішін­де 179,0 мың т, не­ме­се 104,6 %, — кү­ріш, 62,3 мың т, не­ме­се 129,5 %, — кар­топ, 61,1 мың т, не­ме­се 112,1 %, — кө­кө­ніс, 88,4 мың т, не­ме­се 109,3 %, — бақ­ша­лы же­міс-жи­дек (2-кес­те).

2-кес­те



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет