Тістердің анатомиясы, тістердің қатты тіндерінің гистологиясы. Тістердің рентгенанатомиясы. Тіс үлпа және периодонт құрамының анатомо-физиологиялық және гистологиялық ерекшеліктері



жүктеу 106.8 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі106.8 Kb.
:

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ




Модуль – терапиялық стоматологияның пропедевтикасы

Пән, пәннің коды - терапиялық стоматологияның пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық - 051302 «Стоматология»

«ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ»

ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Тақырыбы: Тістердің анатомиясы, тістердің қатты тіндерінің гистологиясы. Тістердің рентгенанатомиясы. Тіс үлпа және периодонт құрамының анатомо-физиологиялық және гистологиялық ерекшеліктері.


Оқу сағаттың саны – 30 сағат
Курс - 4

Семестр - 7

Алматы, 2011
Дәріс жинағын дайындағандар: д.м.н. проф. Баяхметова А.А., к.м.н. доц. Кунанбаева Т.С., к.м.н. доц. Баскакова И.В., к.м.н. доц. Сагатбаева А.Д.,
Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «___31___» __тамыз___________ 2011 ж.


Модульдің жетекшісі

М.ғ.д., проф. _________________Баяхметова А.А.

3 дәріс
Тақырыбы: Тістердің анатомиясы, тістердің қатты тіндерінің гистологиясы. Тістердің рентгенанатомиясы. Тіс үлпа және периодонт құрамының анатомо-физиологиялық және гистологиялық ерекшеліктері.

Мақсаты: Тістердің анатомиясын, тістердің қатты тіндерінің гистологиясы, тістердің рентгенанатомиясын, тіс үлпа және периодонт құрамының анатомо-физиологиялық және гистологиялық ерекшеліктерін оқып білу.

Дәрістің тезистері

Тістердің анатомиясы, қатты тіндерінің гистологиялық құрылымы. Тістердің рентгенанатомиясы. Тіс ұлпасы мен периодонттың анатомиясы мен физиологиясы және гистологиялық құрылымдарының ерекшеліктері

Адамның тістері өмірінде бір-ақ рет ауысады. Ауысатын тістерді уақытша немесе сүт тістері деп атайды. Бес-алты жастан бастап тұрақты тістер шыға бастайды да 13жаста сүт тістері толығымен тұрақты тістермен алмасады да тұрақты тістем қалыптасады. Тұрақты тістем қатарында 32 тіс болады.

Сүт және тұрақты тістердің мынандай бөліктерін ажыратады: тіс сауыты, мойны және түбірі. Әрбір тістің ішінде қуыс бар (полость зуба), екі бөліктен тұрады: сауыт қуысы немесе ұлпа камерасы түбір бөлігі немесе түбір өзегі (корневой канал), түбір ұшында түбірұшы тесігімен аяқталады.

Тістер сауыттарының бірнеше беті бар: алдыңғы тістердің беттері ерін жақ, тіл немесе таңдай жақ, медиальды жақ және дистальды жақ.

Ерін жақ және тіл (немесе таңдай) жақ беттерінің қиылысуынан пайда болған түзу аймақ кесу (немесе тістеу) қыры деп аталады.

Азу тістерде мынандай беттерді ажыратады: ұрт жақ, тіл немесе таңдай жақ, медиальды жақ, дистальды жақ және шайнау беті.

Әрбір тісте жақ сүйегінің оң жағына, сол жағына жататындығын анықтайтын айрықша белгілер бар. Оларды ажырату белгілері деп атайды:

1) тіс сауытының дөңестік белгісі

ұрт немесе ерін жақ бетінің дөңестеу аймағы оның медиальды (алдыңғы) бөлігінде орналасқан.

2)Тіс сауытының бұрыш белгісі.

Алдыңғы тістердің медиальды (алдыңғы) беті тістеу қырымен өткірлеу бұрыш жасап қосылады, ал дистальды жақ беті доғалдау бұрыш жасап қосылады.

3) Түбір белгісі

күрек және сүйір тістердің түбірлері тістердің тік осінен артқа және дистальды бағытта ауытқыған, кіші жіне үлкен азу тістердің түбірлері артқа қарай немесе өздері тұратын жаққа қарай ауытқыған.

Жоғарғы жақ орталық күрек тістері ең ірі тістер, пішіндері қашауға ұқсас. Ерін жақ беттері аздап дөңестеу, кейде 2-3 сай орналасуы мүмкін. Екі жанасу беті үшбұрышқа ұқсас. Таңдай беттері үшбұрышқа ұқсас және ойықтау. Үшбұрыштың екі қабырғасы біліктермен шектелген, тістің мойнына жақындағанда тіс төмпешігін құрайды. Тістеу қырлары таңдай және ерін жақ беттерінің қиылысуы нәтижесінде құрылған, алғашқы кезінде үш төмпешігі болады. Түбірлері конусқа ұқсайды, көлденең кесіндісі үшбұрышқа ұқсайды. Тістердің сауытының дөңестік және бұрыш белгілері жақсы дамыған.

Жоғарғы бүйір күрек тістер орталық күрек тістерден кішілеу. Ерін жақ беттері дөңестеу, сауытының медиальды бұрышы тіктеу бұрышқа жақын, дистальды бұрышы доғал болып келеді. Таңдай беті ойық, тіс төмпешігі жақсы дамыған, ылдиында терең ойық орналасқан және ол «тұйық тесік» (слепая ямка) деп аталады. Түбірі екі бүйірінен қысылған, көлденең кесіндісі сопақ пішінді.

Төменгі орталық күрек тістер көлемдері кішілеу. Ерін жақ беттері сәл дөңестеу, тіл жақ беттері аздап ойықтау, іс төмпешігі дамымаған. Түбірлері екі жағынан қысыңқы және тік сайлар орналасқан, дистальды бетіндегі сай тереңдеу.

Төменгі бүйір күрек тістер көлемі жағынан үлкендеу, пішіндері орталық күрек тістерге ұқсас, дистальды бұрышы тік бұрышқа жақын, медиальды бұрышы аздап сүйірлеу, түбірлері екі жағынан да қысылыңқы.

Жоғарғы сүйір тістердің пішіні конусқа ұқсас. Тістеу қыры бір-бірімен қосылып бұрыш немесе тістеу төмпешігін жасайтын екі бөліктен тұрады және медиальды бөлігі қысқалау. Ерін жақ беті дөңес, тік білікпен екіге бөлінген. Әрбір бөлігінің беті ойықтау. Түбірі жақсы дамыған, конусқа ұқсас, бүйір беттерінде онша көрінбейтін сайлар бар. Бұрыш және түбір белгілері жақсы дамыған.

Төменгі сүйір тістер. Көлемдері кішілеу, пішіндері жоғарғы сүйір тіске ұқсас. Ерін беті дөңестеу, бірақ білігі жоқ. Тіл жақ беті ойықтау, тіс төмпешігі анық білінеді. Түбірі екі жағынан қысыңқы және жақсы дамыған сайлары бар.

Жоғарғы бірінші кіші азу тістің пішіні тікбұрышқа жақындайды, ұрт жақ беті кеңдеу саймен бөлінген, екі шайнау төмпешігі бар – ұрт және таңдай. Түбірі екі жағынан қысылған, түбір ұшында жақын екіге бөлінеді.

Екінші жоғарғы кіші азу тіс біріншіге ұқсас, көлемі аздап кішілеу, түбірі біреу.

Төменгі бірінші кіші азу тіс домалақ пішінді, шайнау бетінде екі төмпешігі бар – ұрт және тіл, бір-бірімен сай арқылы бөлінген, тіл төмпешігі кіші және аласалау. Түбірі біреу, сопақ пішінді, екі бүйірінде сайлары бар.

Төменгі екінші кіші азу тіс көлемі жағынан үлкендеу. Шайнау бетінде терең саймен бөлінген бірдей дамыған екі төмпешігі бар. Түбірі біреу.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тіс пішіні ромбыға ұқсас, төрт шайнау төмпешігі бар – екі ұрт, екі-таңдай, бір-бірімен «н» әрпіне ұқсас сайларымен бөлінген. Кейде медиальды-таңдай төмпешігімен қатарласа қосымша Карабелли төмпешігі орналасуы мүмкін. Түбірі үшеу – таңдай, медиальды-ұрт, дистальды ұрт.

Жоғарғы екінші үлкен азу тіс көлемі біріншіден кішірек. Түбірі үшеу. Сауытының пішіні әртүрлікке ие және 4 варианты бар:

1) бірінші үлкен азу тіске ұқсас;

2) таңдай-ұрт бағытында созылған ромбыға ұқсас;

3) шайнау бетінде үш төмпешік бір сызықтың бойында орналасқан, тіс сауыты таңдай-ұрт бағытында созылған;

4) шайнау бетінде үш төмпешігі бар, үшбұрыш жасап орналасқан (бір таңдай, екі ұрт).

Бірінші үлкен азу тіс ең ірі тіс. Пішіні тікбұрышқа ұқсас, шайнау бетінде «ж» әрпіне ұқсас сайлармен бөлінетін 5 төмпешігі бар (3 ұрт, 2 тіл). Тісте екі түбір бар (медиальды және дистальды).

Төменгі екінші үлкен азу тіс, пішіні кубқа ұқсайды, шайнау бетінде «+» белгісіне ұқсас сайлармен бөлінген 4 төмпешігі бар.Түбірі екеу. Азу тістерде түбір және сауыт белгілері жақсы дамыған.

Үшінші жоғарғы үлкен азу тіс. Пішіндері мен көлемдері әртүрлі болады, шайнау бетінде 3,4 кейде 5-6 төмпешіктер болуы мүмкін, тіпті бір-ақ төмпешікті, пішіні штифтке ұқсас болуы мүмкін. Түбірлер саны да тұрақсыз - біреу кейде бірнешеу болады.

Төменгі үшінші үлкен азу тіс. Шайнау бетінде 4 немесе одан да көп төмпешіктер болады. Түбірлері көбіне екеу, кейде бірігіп кетіп, конусқа ұқсас болады. Тете дамымаған бірнеше түбірлер де кездеседі.

Тістердің рентгенанатомиясы

Тістердің рентгенанатомиясы рентгенографиялық зерттеу негізінде алынады. Зерттеу әдісі әртүрлі тығыздықты тіндердің рентген сәулесін өткізуі және өткізбеу қасиеттеріне негізделген. Рентген сәулелерінің жолындағы тығыз тіндер сәулені өткізбей жұтып қояды. Сондықтан сәулелер рентгенпленкаға (рентгенжарғаққа) жетпейді де тіннің суреті (негатив) ақшыл-жарық құрылым немесе көлеңке түрінде түседі. Жұмсақ тіндерден рентген сәулелері өтіп кетеді де олардан қараңғы құрылым немесе көлеңке береді, дентин мен цемент тығыздығы аз ақ көлеңке береді. Тіс қуысы сауыт ортасындағы тығыздығы аздау көлеңкенің контуры (шекарасы) арқылы анықталады.

Тістің қатты тіндерінің гистологиялық құрылымы

- кіреуке (эмаль)

- дентин

- цемент


Кіреуке (эмаль)

Тістің сауытын жауып тұрады да дентин мен ұлпаны сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен қорғайды.

Тіс кіреукесі өте жоғары минералданған ең қатты тін (қаттылығын жұмсақ болатпен салыстыруға болады).

Бірақ өте сынғыш.

Кіреукенің тіс сауыты бетіндегі қылыңдығы әртүрлі, тістердің шайнау төмпешіктеріндегі кіреукенің қалыңдығы – 2,3-3,5 мм. Шайнау төмпешіктерінен басқа аймақтардағы кіреукенің қалыңдығы 1,5-1,7 мм. Мойын бөлігінде кіреукенің қалыңдығы 0,01мм.

Тіс кіреукесі өте жоғары минералданған қатты тін - 95% минералды заттар, 1,2% -органикалық заттар, кристаллдармен және органикалық компоненттермен байланысқан және бос су - 3,8 %.

Кіреукенің минералды компоненттері:

Фосфорлы қышқылды кальций

Көмір қышқылды кальций

Фторлы кальций

Фосфорлы қышқылды магний

20 микроэлементтер (фтор, қалайы (олово), темір (железо), мырыш және т.б.).

Кіреукенің минеральды заттары

Кіреукенің минеральды негізі болып аппатит кристалдары келеді:

1) Гидроксиапатит – 75%

2) Карбонатапатит - 6 %

3) Фторапатит – 4 %

4) Хлорапатит

Кіреукеде клеткалар жоқ, зақымдалған кіреуке қайта қалпына келмейді, регенерация қабілеті жоқ. Бірақта кіреукенің екі жаққа да өткізгіштік қасиеті бар және зат алмасу процесстер өтеді (көбінесе дентин, ұлпадан және сырттан, сілекейден иондар өтеді ). Иондардың кіреукеге енуін реминерализация деп атайды, кіреукеден шыққанды – деминерализация деп атайды.

Кіреуке кіреуке призмалардан және призмаарлық заттардан құралады. Олар тіс бетіне тік (перпендикулярлы) орналасқан және бағыттары түзу емес, «S» әрпіне ұқсас иілімдер құрады және шоғыр құра орналасады. Жұқа кесілген кіреуке шлифінде призмалардың көлденең және тік кесілуіне сәйкес жарық және қараңғы жолақтар қатарласа орналасады (Шрегер жолақтары-полосы Шрегера).

Кіреуке призмалары тығыз орналасқан кристаллдардан тұрады.

Кіреуке призмалары бір біріне қосылып шоғырларды құрайды (10-20 дана)


Көлденең кесіндісінде кіреуке призмаларының пішіні сопақша, полигональды немесе көбінесе аркатәрізді (құлыптың кілт салатын тесігі), диаметрі 3-5 мкм.

Призмалар қатарымен орналасады, созылған жағы төмен жақта орналасқан призмаларының бастарының арасында жатады.

Кіреукеде тангенциальды бағытта орналасқан Ретциус жолақтарын анықтауға болады.Тістің көлденең кесіндісінде олар сары немесе қоңыр түсті шеңберге ұқсап орналасады және кіреукенің минералдану реттілігін көрсетеді.

Кіреуке призмалары арасында органикалық заттар кіреуке шоғыры (эмалевые пучки), кіреуке пластинасы (эмалевые пластинки) және кіреуке ұршықтары (эмалевые веретена) түрінде кездеседі.

Дентин

Дентиннің құрамына сүйек сияқты 70-72% кальций тұздары кіреді. Дентиннің негізгі затын коллаген құрайды да, кальций тұздары олардың бойын қуалай шөгеді және ұсақ шар пішіндес құрылымдар түрінде орналасады. Шарлар арасында органикалық заттардан тұратын минералданбаған кеңістік шарлараралық кеңістік (интерглобулерное пространство) деп аталады.



Дентиннің құрылымдық бірлігі болып дентин өзекшелері (түтікшелері) саналады. Олар жіңішке трубкаларға ұқсас, тіс ұлпасынан кіреуке мен цементке радиальды бағытта «S» әрпіне ұқсас иілімдер құра және тармақтана орналасады. Дентин өзекшелерінде одонтобласттардың ұзын өсінділері орналасқан. Кейде дентин өзекшелері ондағы өсінділерімен бірге кіреуке қабатына өте аяқталады және ұштары қалыңдап ұршыққа ұқсас құрылым жасай бітеді және олар кіреуке ұршықтары (эмалевые веретена) деп аталады.

Дентиннің ұлпаға қараған ішкі бетінде жұқа минералданбаған белдеу бар және ол предентин деп аталады.

Дентинде коллаген талшықтары екі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатында радиальды бағытта Корф талшықтары (жабынды дентин), ұлпаға жақын қабатында тангенциальды бағытта Эбнер талшықтары (ұлпа маңындағы дентин).

Дентинді бөледі:

Біріншілік дентин – тіс даму кезінде пайда болатын дентин,

Екіншілік дентин (орынбасушы) – адамның өмір бойы пайда болатын дентин,

Үшіншілік дентин (орынбасушы немесе иррегулярлы) – қысқа мерзімде пайда болады, ұлпада немесе тістің қатты тіндеріндегі патологиялық үрдістерге жауап ретінде пайда болатын дентинді үшіншілік дентин деп атайды. Коллаген талшықтары мен дентин түтікшелері ретсіз орналасуымен сипатталады.

Цемент


Тіс түбірін жауып тұрады, сүйекке ұқсас тін. Цементтің қалың қабаты түбірлер айырығында және ұштарында анықталады. Негізгі заты коллаген талшықтары өтетін органикалық зат. Талшықтар әртүрлі бағытта, көбінесе радиальды бағытта орналасқан. Радиальды бағытты талшықтар периодонтқа өтіп, альвеола сүйегінде аяқталады және Шарпив талшықтары деп аталады.

Цементтің екі түрін ажыратады: клеткасыз және клеткалы. Клеткалы цементте цементоциттер кездеседі, ол түбір ұшында түбір айырықтарында орналасады

Тіс ұлпасы

Ол көп тінді құрылым, тіс қуысында орналасқан. Қантамырлар шоғыры мен нерв талшықтары ұлпаға түбірұшы тесігі арқылы енеді.

Ұлпада клеткалы, талшықты құрылымдар бар және негізгі затқа бай. Ұлпада төрт қабатты ажыратады:

шеткей немесе одонтобластық қабат;

клеткалар аз немесе клеткасыз Вейл қабаты;

3) клеткаларға бай қабаты;

4) орталық қабат. Орталық қабатта гистиоциттер, фибробластар және плазмоциттер орналасқан.

Периодонт



Периодонт тіс цементінің және альвеоланың арасында орналасқан тығыз дәнекер тін. Коллаген талшықтарына бай. Коллаген талшықтары тістің мойын бөлігінде көлденең, түбірдің орта бөлігінде қиғаш, түбір ұшында радиальды және тік бағытта орналасқан. Клеткалық құрылымдары дәнекер тіндерге тән. Сонымен қатар эпителиальды клеткалар шоғыры немесе Маляссе аралшықтары (островки Маляссе) кездеседі.


беттің беті





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет