Тұмар. – 2012. №2 Асқарұлы Ж. Астанаға оралған Амал 14 наурыз күні Амал жұлдызы Күнмен бір сызықтың бойында



Дата28.04.2016
өлшемі21.55 Kb.
Тұмар. – 2012. - №2

Асқарұлы Ж.



Астанаға оралған Амал

14 наурыз күні Амал жұлдызы Күнмен бір сызықтың бойында «көрісетін» көрінеді. Оның әсері жерге беріліп, көктемгі жылыну осыдан басталады екен. 14 наурыз күні Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Амал мерекесін тойлады.

Астана наурыздың 14-ін амалдың ақша қарымен қарсы алды. Бұл көктемнің келісі.Дүниенің жаңаруы.

Осы күні С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Амал мерекесін тойлады. Елорда үшін бұл таңсық дүние. Дұрысы, таңсық дүниеге айналып кеткен.

Себебі, «Амал» аталып жүрген «Көрісу» дәстүрі бұрынырақта Қазақстанның батыс өңіріне қоса оңтүстік тұрғындары ғана емес, Сыр өңірінің барлығы, Қостанай, Торғай аймағына қоса, ресейлік Ажтархан ( Астрахан), Сарытау, Самар, Орынбор облыстарының қазақтары да атап өтетін» – дегенді журналист, мәдениеттанушы Серік Ерғали айтып жүр. Осыдан білінсе керек «Амалдың» исі қазаққа ортақ мейрам екендігі.

Университетке қонақ ретінде көрісе келген қазақтың көрнекті ақыны Ф. Оңғарсынова бұл күннің мәнісін былайша түсіндірді: - Астанаға келгенімізге он жылдан асып кетті. Содан бері жастардың Амал мерекесін ұлықтап жатқандарына алғаш рет куә болып, қатты қуанып отырмын. Негізі, адамзат тарихында үш күнтізбе болған. Соның екінші күнтізбесінде осы жылдың, біздіңше, Наурыз мерекесі наурыздың 14-күні басталады. Ал үшінші күнтізбе енгізілгеннен кейін, ол мейрам наурыздың 22-сіне ауысқан. Осы кезде «Көрісу» деген жақсы дәстүр болған. Енді бұрын үлкен қалалар болмаған ғой. Бірнеше шаңырақ болып тұрған қазақ халқы жер аяғы жібіп, көк шыға бастаған кезде, «Қыстан аман-есен шықтық!», - деп бір-бірін құшақтап, қуанып амандасқан. Мінеки, осы бастаманы Астанның жастары көтеріп отыр. Бұл – аса қуантарлық жағдай. Ата-бабамаздың салт-дәстүрі жалғаса берсе, қазаққа өлім жоқ деп білемін!

Жастарға рақмет! Амал мерекесі құтты болсын!

«Амал» – күн жолының бойындағы 12 шок-жұлдыздың біріншісінің аты. 14 наурыз күні Амал жұлдызы Күнмен бір сызықтың бойында «көрісетін» көрінеді. Оның әсері жерге беріліп, көктемгі жылыну осыдан басталады екен.

Біздің танымда бұл жаңа жылдың ғана басы емес, жақсылықтың да басы. Осы күні халық таңнан тұрып, кішілері үлкендерінің үйіне барып, төс қағыстырып құшақтасып көрісіп жатады. Өкпе-реніші барлар бірін-бірі кешіреді.



Жалпы жыл басын наурыздан бастайтын бір біз емес екенбіз. Философия докторы Басшы Әзірханов «Парсылар біздің дәуірімізге дейінгі 558 жылдың 1 наурызынан басталатын «иран заманы» деген жыл санау жүйесін пайдаланады. Олар бұл жүйені 1976 жылы ресми түрде
қолданысқа енгізді. Ал қазіргі орыс шіркеулерінде біздің дәуірімізге дейінгі 558 жылдың 1 наурызынан басталатын «Дүние жаратылғаннан бері» делінетін күнтізбе бар. Орыстар пайдаланған «Дүние жаратылғаннан бері» делінетін күнтізбе – ежелгі римдіктердің көне күнтізбесі. Әлі күнге дейін қолданыста жүрген ай аттары да сол күнтізбедегі грекше ай атауларының орысшаға ауысқан түрі» - деп жазады. Бұл жазбалар амал мерекесінің тарихы тым тереңде жатқанының айқын айғағы.

Әлемнің батысы баяғыда ұмытқан, тек қазақтың батысы ғана тойлайтын көріс күнін ұлт болып ұлықтауды қайта жаңғырту – халқымыздың ғасырлар қойнауына көміліп қалған қазынасын аршып алу деп түсінген дұрыс-ау.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет