Тогжанова Б. Д ақтөбе облысы,Ойыл ауданы Қараой мектеп бала бақшасының



жүктеу 110.26 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі110.26 Kb.
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»

Тогжанова Б.Д

Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы Қараой мектеп – бала бақшасының

биология пәнінің мұғалімі
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы, қоршаған ортаның химиялық ластануынан жер шарында «жылу эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл жаңбырлар», «фотохмиялық у түтін» сияқта дүниежүзілік экологиялық мәселелер жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі байқалып отырған қуаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады. Бұл мәселелер- Арал теңізіне де тән.

Арал тенізі - Қазакстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.


Арал өңірінін тұрғындары 1970 жылдарга дсйін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көші. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2/2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артгы. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет ететін күріш пен мақта есіру ісі қарқындап дамыды.
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға

1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесіндс, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған керсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану

10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.


Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шандар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.


Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қонысаударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпс-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал апатына себеп болған факторлар:



  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Серіктік суреттер:

сол жақта - 1989;

оң жақта - 2007 жж.

Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында 186,3 мың халық бар 178 елді-мекен тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:


  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

  5. Жер асты суларын пайдалану.

  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстапқалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;

2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;

3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;

4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;

5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

Ол шара Аралдын шипалы суын калпына келтіріп, балығын халыққа үйіп-төгіп бергеннен соң, барлық шығынды өтейді. Әрі асау Каспий де біраз тынышталып, Орта Азияның негізгі екі өзеніне көмектесіп, Аралдың мың жылдық әсемдігін тағы да 1 000 жылға оздырмақ.

Қазіргі Арал теңізінің экологиялық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Негізінен, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдар мен қарасақ, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ең енді бөлігі 292 шақырым. Орташа тереңдігі 16,1 метр. Теңіздің шығыс бөлігі тайыз деп саналған. Тек жағадан 60 шақырым ұзағанда барып, оның терендігі 10 метрге жеткен. Судың тұздылығы 10-11 пайыз. Теңіздің су балансының кірісіңде өзен суларының үлесі 52 текше шақырым 5,3 текше шақырым. Ал, маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 сантиметр деп есептелінген, ал оның көп жылдығы 3 метрден. Демек, 1960 жылы Арал теңізінің абсолютті биіктігі 53,4 метр болса, ал 1967 жылы 51,66 метрге дейін төмендеген.

1985 жылы Сырдария мен Әмудария өзендері Арал теңізіне құюын мүлдем тоқтатты. 1967-1985 жылдары Арал теңізі 800 текше шақырым суды кем алды.

Яғни, екі өзеннен Арал теңізіне құйған судың көлемі 1960 жылы 46 текше шакырым, 1970 жылы 35,6, 1980 жылы 10 және 1985 жылы 5 текше шақырым. Ал, 1986 жылы екі өзеннің ағысы теңізге жете алмай егіс далаларындағы атыздарга тарап тоқтады.

Демек, 25-30 жылдың ішіне бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағы 6 миллион гектарға созылған, терендігі 68 метр теңіздің жоғалып кетуі адам сенбейтін жағдай. Өйткені, теңіздің деңгейі төмендеген сайын зерттеушілердің мөліметтеріне карағаңда, оның бір шаршы шақырым кепкен орнында 7 мың тонна тұз қалады екен.

Бұрынғы теңіздің астауын сақтап келген қысым бірте-бірте азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл процесс негізінен екі бағытта яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен.

Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. Сонымен бірге бұл аймақта жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына.

Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты. Өйткені қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкандағы әлемге әйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді.

Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нәтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді.

Ал, біз болсақ, сол кайғылы тәжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн.

Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен, демек Арал теңізінің айдын беті кезінде мұхит деңгейінен 48 метр биік болған. Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20 метр төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.

Сондай-ақ, Каспий теңізінің тереңдігі 944 метр, ал Арал теңізі ең терең жері небәрі 68 метр ғана. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының құпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ. Алайда Арал мен Каспий егіз болғанымен, мінездері кереғар. Өйткені, Каспийде су көбейсе, Арал да азаяды. Ал, Аралда су көбейсе Каспий шегінеді. Демек, осы екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал Қорқыт дәуірінен бері алға тартылып келеді.
Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз алдағы жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

Аралдың кайғылы тағдыры мен ызғарлы зардабы қазір аймақ шеңберінен асып, бүкіл әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің казіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге әбден болады.

Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе - құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін қалайда бәсеңдету. Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу жұмыстарын айрықша назарға алған жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі проблемаларға орай, халыкаралық қорлар мен ұйымдардың каржылары мен мумкіншіліктерін жұмылдыру қажет-ақ.

Егер де жоғарыда аталған жұмыс көлемдері толық іске асырылған жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына оң жағдай туар еді.Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.


Қолданған әдебиеттер:





  1. "Зерде" республикалық ғылыми-көпшілік журнал.

№ 9. 2002 ж.

  1. "Атамекен" газеті 1 қаңтар 2001 ж.

  2. Ғаламтор мәліметтері




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет