ТӨлем карточкасын шығару және оған қызмет көрсету туралы біріктіру шарты осы біріктіру шарты (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі»



жүктеу 333.81 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі333.81 Kb.
: content -> admin
admin -> Өтелген аккредитив шығаруға өтініш нысаны аккредитив шығару туралы шартты бекітуге өтінім-оферта
admin -> «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да Құжаттамалық операциялар жүргізу және
admin -> «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»
admin -> Заңды тұлғалар /жеке кәсіпкерлер үшін «Мобильдік банкинг» жүйесі қызметтерін ұсыну талаптары
admin -> Жеке тұлға және өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және жсн алу бойынша жадынама
admin -> Алдын ала төленген төлем карточкасының біріктіру шарты осы Шартта (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі»
admin -> Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ақысы алдын ала төленген карточкаға ақша қабылдау бойынша қаржылық қызмет көрсету және Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Басқармасының сырттай отырысының

2014 жылғы 5 наурыздағы №142 хаттамасына

1-қосымша



ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ БІРІКТІРУ ШАРТЫ
Осы біріктіру шарты (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) пен Клиент (жеке кәсіпкер болып табылмайтын, Шартқа біріктіру туралы өтініш берген жеке тұлға) арасында бекітілді.

Банк пен Клиент бұдан әрі бірлесіп – «Тараптар» деп, ал әрқайсысы жекелей «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталуы мүмкін.




  1. Терминдер сөздігі

Шартта қолданылатын терминдер Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Карточканы пайдалану ережесінде (бұдан әрі – Ереже) қолданылатын терминдерге сәйкес келеді, Клиент олармен танысады және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өтінішке қол қою арқылы келіседі.


  1. Шарттың мәні

  1. Шарттың талаптары мен тәртібіне сәйкес Банк Клиентке карточкалар базасындағы ағымдағы шотты (бұдан әрі – Шот) ашады және Клиентке карточка шығарып, береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Шартқа және Банктің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже мен Банктің ішкі ережелеріне сәйкес Шот пен карточка бойынша банктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Клиент карточканы алғаннан кейін карточка ұстаушы болып табылады.

Банк Клиенттің атына ашылған Шоттың нөмірін Шот ашылғаннан кейін Клиент Банкке келген кезде Клиенттің сұрауы бойынша Клиентке берілетін, Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын Карточкалар базасындағы ашылған 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарламада көрсетеді. Хабарлама үшін Шарттың қосымшасындағы нысан пайдаланылады.

  1. Клиент карточканы Ережеге және Шартқа сәйкес қабылдап алуға және пайдалануға, Шотқа, карточкаларға қызмет көрсету бойынша Банктің қызметтерін төлем жүргізілетін күнгі қолданыстағы Тарифтерге сәйкес уақытында ақы төлеуге міндеттенеді.

  2. Клиент төлем карточкасын шығару туралы өтінішке өзінің қолын қою арқылы Шартқа қосылады. Клиенттің төлем карточкасын шығару туралы өтінішін Банктің қабылдауы Клиенттің Шартқа қосылғандығын білдіреді.

  3. Егер Клиентке Банк пен Клиент арасында бұрын бекітілген, осы Шарт болып табылмайтын шарттың негізінде карточка ауыстырылатын болса, онда Клиент карточканы ауыстыруға өтінішке қол қою кезінде бұрын бекітілген Шартқа сәйкес жаңа редакцияда берілгендігімен және Шарт талаптарының карточканы бастапқы шығарған күні туындаған Тараптардың қарым-қатынастарына қолданылатындығымен келіседі.

  4. Клиенттің қалауы бойынша оның өтініші негізінде Банк Клиенттің өтінішінде көрсетілген тұлғаның/тұлғалардың атына қосымша карточка (-лар) шығаруы мүмкін. Мұндай тұлға немесе тұлғалар қосымша карточканы ұстаушы (-лар) болып табылады. Клиент пен қосымша карточка ұстаушы Шарт талаптарының орындалуы үшін Банк алдында ортақ жауапкершілік арқалайды.

  5. Клиенттің өтінішімен карточкалар базасындағы жәрдемақыға арналған арнайы ағымдағы шот (бұдан әрі – Жәрдемақыға арналған арнайы шот) ашылған жағдайда, Банк жәрдемақыға арналған арнайы шотты тек мынадай операцияларды жүргізіп, оған қызмет көрсетумен байланысты банктік қызметтерді көрсетеді:

2.6.1.Клиентке Жәрдемақыға арналған арнайы шоттан ақшаны қолма-қол береді немесе Жәрдемақыға арналған арнайы шоттан ақшаны Клиенттің төлем тапсырмалары бойынша Банкте ашылған оның ағымдағы шотына/карточкалар базасындағы ағымдағы шотына ғана аударады;

2.6.2. Жәрдемақыға арналған арнайы шотқа тек мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақы сомасы және/немесе әлеуметтік сақтандыру бойынша Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді ғана есепке алады. Клиенттің Банкте ашылған және басқа банктерде ашылған шоттарынан аударатын ақшасын, сондай-ақ Клиенттің пайдасына басқа тұлғалар аударатын, мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақы сомасы және (немесе) әлеуметтік сақтандыру бойынша Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлем сомасы болып табылмайтын ақшаны Банк Жәрдемақыға арналған арнайы шотқа есепке алмайды (қабылдамайды) және ақшадан бас тартып, жөнелтушіге кері қайтарады.

2.6.3. Жәрдемақыға арналған арнайы шоттан шығыс операцияларын үшінші тұлғалар тек Клиенттің атынан берілген, нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде ғана жүргізе алады, сондай-ақ бұл операцияны қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіппен, Клиенттің заңды өкілдері, қамқоршылары және асырап алушылары да жүзеге асыра алады.

2.6.4. Осы тармақтың 2.6.1. – 2.6.3 тармақшаларында сипатталмаған басқа операциялардың барлығына тыйым салулы.


3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  1. Клиенттің:

  1. карточканы Ереже мен Шарт талаптарына сәйкес пайдалануға;

  2. Шот бойынша үзінділер алып отыруға;

  3. Ереже мен Шартта қарастырылған тәртіпке сәйкес карточканы оқшаулау /карточкадан оқшаулауды алып тастау туралы Банкке ауызша және/немесе жазбаша өтінішпен баруға;

  4. сыйақы негізінде (Тарифтерге сәйкес) Шот бойынша түрлі Төлем карточкалары жүйелерінің карточкаларын ресімдеуге;

  5. карточканың қолданылу мерзімі аяқталғанда Банкке оны ауыстыруға өтініш жасауға;

  6. Шот бойынша орындалмаған талаптар болмаған жағдайда қозғалыссыз Шоттар қатарына жатқызылған Шоттағы ақша қалдығының сомасын талап етуге;

  7. Ереже мен Шартта қарастырылған талаптар негізінде «Телебанкинг» жүйесінің қызметін пайдалануға;

  8. «Телебанкинг» жүйесінде парольді ауыстыруды шектеусіз жүргізуге;

  9. Виртуалды карточка бойынша – Шот бойынша операция жүргізілген күннен бастап 40 (қырық) күнтізбелік күннен кешіктірмей Интернет жүйесінде жасалған және үзіндіде көрсетілген операциялардың 5-і (бесеуі) бойынша дауласу (үзіндіде көрсетілген операциялар бойынша аталған мерзім ішінде Банкке жазбаша кінәрат қойылмаған жағдайда бұлар расталған болып есептеледі және одан әрі шағымдануға жатпайды). Көрсетілген нормадан тыс операциялар бойынша кінәрат талаптарын Банк Виртуалды карточканы жоғалту/ұрлану себебіне байланысты ауыстырылған жағдайда ғана қарастыруға қабылдайды.

  10. Банкті жазбаша хабардар ете отырып, белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі карточкалық операциялардың жекелеген түрлеріне және карточка бойынша қолжетімді ең жоғары сомаға шектеулер қоюға;

  11. Банкке Жәрдемақыға арналған арнайы шотынан Клиенттің Банкте ашылған ағымдағы шотына/карточкалар базасындағы ағымдағы шотына ғана аударуға ұзақ мерзімді тапсырма беруге;

  12. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін Ережеде және Шартта қарастырылған талаптарға сәйкес пайдалануға;

  13. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдаланудан бас тартуға құқылы.

  1. Клиент:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасының, Шарттың және Ереженің талаптарын орындауға;

  2. карточка көмегімен жүргізілген, карточка ұстаушының қолымен немесе ДСН-кодын теру арқылы куәландырылған операциялар бойынша және/немесе Интернет желісінде тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу кезінде 3D Secure/SecureCode паролін дұрыс теру және/немесе CVV2-кодын немесе CVC2-кодын көрсету арқылы толық көлемде есеп айырысуға;

  3. Банк қызметтері үшін төлем жүргізілетін күнгі қолданыстағы Тарифтерге сәйкес ақы төлеуге;

  4. карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда Ережеде қарастырылған тәртіпке сәйкес карточканы оқшаулау туралы ауызша немесе жазбаша өтініш жасап, Банкпен дереу хабарласуға;

  5. карточканың (Виртуалды карточкадан басқа) сақталуын қамтамасыз етуге;

  6. өз деректемелерінің (Т.А.Ә., тұратын жерінің мекен-жайы және т.б.) өзгергені туралы Банкке 5 (бес) банктік күн ішінде жазбаша хабардар етуге. Егер Клиент Шарттың 3.3. тармағының 3.3.18. тармақшасына сәйкес сұратуды байланыстың ашық арналары бойынша жасаған жағдайда, Шот бойынша ақпарат алу үшін пайдаланылатын деректемелердің өзгертілгені туралы Банкті дереу хабардар етуге міндетті;

  7. Банктен тиісті жазбаша хабарламаны немесе SMS-хабарламасын алғаннан кейін карточкалар бойынша алаяқтық операциялардың алдын алу мақсатында карточканы пайдалануды тоқтатуға;

  8. Шотқа қате есептелген ақшаны, сондай-ақ Шотты дұрыс жүргізбеген кезде Шотқа есептелген ақшаны Банкке дереу және толық көлемде қайтаруға;

  9. салық органдарымен есеп айырысудың барлығын өздігімен дербес жүргізуге;

  10. карточканы кәсіпкерлік мақсатта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған басқа да заңсыз мақсаттарда, оның ішінде тауарларға, жұмыстарға және/немесе қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланбауға;

  11. Шартты бекіткен кезде клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға жататындығы туралы ақпарат беруге;

  12. Шот бойынша соңғы операцияны жүргізген күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік айдан астам уақыт бойы Шотта ақша болмаған жағдайда және Карточкамен қызмет көрсетудің екінші және кейінгі жылдары үшін сыйақы төлемеген жағдайда Банкке осыған байланысты туындаған берешекті толық көлемде төлеуге;

  13. Қазақстан Республикасынан тыс елдерге баратын кезде Банктің www.halykbank.kz электронды мекенжайында орналастырылған фродо-қауіпті елдер (карточкалар бойынша алаяқтық операциялар тәуекелі жоғары елдер) тізімімен танысып алуға және Банкке қажетті мәліметтерді (сырт жерде тұратын кезеңі, баратын елі) және Клиентпен байланыс жасап тұру үшін байланыс телефонын беруге;

  14. Клиенттің кінәсінен және/немесе Карточканы оқшаулауға байланысты Банк шеккен ақылға қонымды шығыстарды және сот шығындарын сөзсіз өтеуге;

  15. Шоттағы өз ақшасынан артық және кредит лимитінен артық соманың жұмсалуына (бұдан әрі – Овердрафт) жол бермеуге. Овердрафтқа жол берілген жағдайда Клиент жол берілген Овердрафт сомасын дереу өтеуге (жабуға) және Овердрафт орын алған сәттен бастап Овердрафт толығымен өтелген күн бойынша есептелген, Овердрафтқа жол берілген күнгі Банк белгілеген мөлшерде жол берілген Овердрафт үшін Банкке тұрақсыздық айыбын төлеуі тиіс.

  16. «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалануды ұсынумен байланысты Банк тарапынан қойылатын талаптарды орындау;

  17. «Телебанкинг» жүйесіндегі өздерінің сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) туралы ақпаратты жария етпеуге/басқаларға бермеуге. Бұл кезде осы жағдайға байланысты туындауы мүмкін шығыстар мен шығындардың барлығын Клиент өзі өтейді және оның Банктен шығынды өтеуді талап етуге құқығы жоқ;

  18. пароль жария болған жағдайда, «Телебанкинг» жүйесінде бөгде адамның парольді рұқсатсыз пайдалануын болдырмау мақсатында, дереу «Телебанкинг» жүйесінің тиісті менюі арқылы парольді ауыстыруға; Олай болмаған жағдайда Банк Клиенттің пароліне рұқсатсыз қол жеткізген адамдарға ақпараттың берілгені үшін жауапкершілік арқаламайды.

  19. Виртуалды карточка бойынша:

3.2.19.1. Виртуалды карточканы Интернет желісіндегі тауарлар мен қызметтерге (кейін Виртуалды карточканы ұсыну талап етілмейтін) ақы төлеу үшін ғана пайдалануға (авиа/театр билеттеріне, қонақ үйлерге, автомобильдерге бронь жасау);

3.2.19.2. Интернет желісінде тапсырыс берілген және Виртуалды карточка арқылы ақысы төленген тауардан/қызметтен бас тартылғанда, кәсіпкерден сатылым құнын қолма-қол ақшасыз тәртіппен, ақшаны Шотқа есепке салу арқылы қайтаруды талап етуге (өтеу сомасы қолма-қол ақшамен берілмейді);

3.2.20.3. карточканың құпия деректерінің және CVV2-кодының сақталуына қисынды шаралар қолдануға;

3.2.20.4. Виртуалды карточканы заңсыз пайдаланудың алдын алу үшін Банктің нақты шеккен, құжатпен расталған шығысы мөлшеріндегі Банк шығыстарын өтеуге;

3.2.20.5. Шотқа бөгде адамдардың рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері болғандығы анықталған жағдайда және Шартта және Ережеде қарастырылған жағдайларда Виртуалды карточканы пайдалануды тоқтатуға және Банк нұсқауларына сүйене отырып әрекет жасауға (оның ішінде тиісті хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) банк күні ішінде Виртуалды карточканы Банкке қайтаруға);

3.2.21. ISIC Кобрендинг карточкасы бойынша:

3.2.21.1. карточканы шығару/ауыстыру үшін Клиент Банкке өзінің жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқитындығын растайтын ЖОО-дан берілген құжатты және түрлі-түсті фотосуретін (5 х 6 см) тапсырады, сыртқы бетінде Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні көрсетіледі;

3.2.21.2. ISIC қауымдастығына тиесілі Карточканың шығарылғаны үшін сыйақы төлеуге;

3.2.22. Жәрдемақы алуға арналған Арнайы шот бойынша өзінің жеке кәсіпкерлік қызметімен байланысты операцияларды жүргізбеуге. Аталған міндеттеменің орындалмағаны үшін Клиент заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу, салықтық есепке қою мәселелерін реттеу туралы заңнама талаптарының бұзылғаны үшін жауапкершілік сияқты қолданыстағы заңнамада қарастырылған жауапкершілік арқалайды;

3.2.23. «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялар жүргізу үшін қол жеткізу құқығын берумен байланысты Банктің қоятын талаптарын орындауға;

3.2.24. «Интернет-Банкинг» жүйесінде жүргізілетін операциялар үшін Банктің қолданыстағы тарифтеріне сай комиссиялық сыйақы төлеуге;

3.2.25. жеке авторизациялау параметрлері (пайдаланушының аты, пароль) туралы ақпаратты басқа тұлғаларға жария етпеуге/бермеуге. Бұл ретте осы жағдайға байланысты туындауы мүмкін шығыстар мен шығындардың барлығын Клиент өзі өтейді және оның Банктен өтеуді талап етуге құқығы жоқ;

3.2.26. Клиенттің банк шоттарына рұқсат етілмеген қол жеткізу фактілері немесе рұқсат етілмеген қол жеткізудің күдікті әрекеттері анықталған жағдайда, «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізуге қол жеткізуді оқшаулау мақсатында Банкті дереу «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы хабардар етуге;

3.2.27. «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалануды «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану туралы нұсқаулыққа толық сәйкестікте іске асыруға;

3.2.28. қауіпсіздік ережелерін орындауға және «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану ережелеріне сүйенуге, әрбір жұмыс сеансынан кейін «Интернет-банкинг» жүйесімен жұмыс істеу үшін ашылған Интернет желісімен қосылу сессияларының барлығының жабылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді;

3.2.29. осы арқылы Клиент сақтандыру сертификатын Банк арқылы ресімдеген жағдайда өзінің жеке мәліметтерін сақтандыру компаниясына беруге сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

3.2.30. Осы арқылы Клиент 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң), Клиент Банкен осы Шартты жасау және орындау мақсатында Банкке Клиенттің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін береді, атап айтқанда, Клиенттің дербесе деректерін «Халық» тобына кіретін ұйымдарға беруге, Клиенттің дербес деректерін трансшекаралық беруге, сондай-ақ, Заңның 16-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар, ҚР заңнамасына және (немесе) Банктің ішкі құжаттарына сәйкес осындай дербес деректерді жинауға және өңдеуге қажеттілік туған жағдайларда келісімін береді. Банк Клиенттің дербес деректерін жинауды және өңдеуді ҚР заңнамасына қайшы келмейтін әдістермен жүзеге асырады.

3.2.31. Осы арқылы Клиент Банкке төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету мақсатында Банкке жүгінген кезде, Банктің автоматты синхрондау рәсімін жүргізетініне сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Синхрондау дегеніміз – Банктің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер бойынша клеинттің деректерін жаңарту болып табылады;

3.2.32. «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - БЖЗҚ) түсетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен Зейнетақы жинақтарының шотына есептеу үшін, зейнетақы төлем карточкасын немесе жалақы алуға арналған төлем карточкасын («Жалақы» өнімі) қолдану. «Жалақы» өнімі бойынша төлем карточкасы болмаған және «Стандарт» өнімі бойынша ашылған Шоты бар жағдайда, Клиент БЖЗҚ-мен берілген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің жыртылмалы талонын Банкке ұсынуға міндеттенеді (Шот өнімін өзгерту үшін).

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан түсетін қолма-қол ақшаны міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен Зейнетақы жинақтарының шотына шешуге қолма-қол ақшаны Шоттан Банк комиссиясынсыз шешіп алу үшін Банкке тиесілі/оның Банкке тиесілі екенін көрсететін банкоматтарды немесе Банктің бөлімшелерінде орнатылған POS-терминалдарды пайдалану қажет.




    1. Банк:

  1. бір жақты тәртіппен мыналарды (өз филиалдарында/бөлімшелерінде/Банктің веб-сайтында www.halykbank.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарландыру жариялау арқылы Клиентке кейіннен хабарлай отырып):

  • Ережелер мен Тарифтерді;

  • Ережелерде анықталмаған банктік қызмет көрсетудің өзге талаптарын өзгертуге;

  1. Клиенттің қосымша келісімінсіз Шоттан және/немесе Клиенттің Банкте ашылған кез келген банктік шоттарынан, тікелей дебеттеу жүргізу арқылы мыналарды:

  • карточкалық операцияның сомасын (тек Шоттан алынады);

  • Шотқа қате есептелген ақшаны (тек Шоттан алынады);

  • Клиенттің Шотына қызмет көрсетілгені үшін сыйақыны төлеу бойынша берешегін;

  • Клиенттің Банк алдындағы өзге де берешек түрлерін;

  • Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шоттағы ақша сомасын оқшаулау мерзімі ішінде Шотқа түскен ақшаны (тек Шоттан алынады) алуға. Осындай ақша сомасының алынғаны туралы Банк Клиентті Шоттан ақша алынған күні электрондық почта/мобильді байланыс/факс/хабарламаны жеке табыстау/курьерлік қызмет/тапсырысты хат арқылы хабардар етеді (Клиенттің қандай қызметтерге қол жеткізе алатынына және Банктің пікірі бойынша Клиентке ең қысқа мерзімде жеткізілетін жеткізу тәсіліне байланысты).

  1. Шот валютасынан басқа валютамен Банкке түскен ақша сомасын Банкте белгіленген ағымдағы бағам бойынша Клиенттің қосымша келісімінсіз айырбастауға;

  2. карточкалық операция жүргізілген күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн өткен соң сондай-ақ егер карточканы пайдаланумен жүргізілген төлем рұқсат етілмеген болып табылса, Клиенттің/қосымша карточка ұстаушының карточкалық операция бойынша ұсынған талап-арызын қарастыруға қабылдамауға,;

  3. Клиент карточканың қолданылу мерзімі аяқталған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң Банкке Шартты бұзу /Шарттан бас тарту туралы жазбаша өтініш ұсынған жағдайда, төлем карточкасына қызмет көрсетілгені үшін төленген сыйақыны Клиентке қайтармауға;

  4. карточканы мынадай жағдайларда (оның ішінде оны кейіннен алып қою және Шарттан біржақты тәртіппен бас тарту құқығымен):

  • Клиент/қосымша карточка ұстаушы Шарт талаптарын және/немесе Ережені бұзған жағдайда;

  • Клиенттен карточканың жоғалғаны/ұрланғаны туралы хабарлама алған кезде, сондай-ақ Шотқа рұқсатсыз қол жеткізілгенде;

  • Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері/қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцептсіз ақша алып алу құқығына ие үшінші тұлғалардың нұсқаулары түскен жағдайда;

  • Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге жағдайларда;

  • алаяқтық операциялар жүргізу әрекеттері орын алған жағдайда;

  • Клиенттің жалақылық жоба шеңберінде жұмыстан шығарылғаны туралы ұйымның (Клиентке жұмыс берушінің) хаты негізінде оқшаулауға;

  1. өз талаптарын қанағаттандыру мақсатында Шотты тікелей дебеттеу арқылы Шоттағы ақшадан құн өндіріп алу құқығымен Шотты мынадай жағдайларда (оның ішінде Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату арқылы):

  • Клиент /қосымша карточканы ұстаушы Шарт талаптарын және/немесе Ережені бұзған жағдайда;

  • Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері/қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцептсіз ақша алып алу құқығына ие үшінші тұлғалардың нұсқаулары түскен жағдайда;

  • Клиенттің Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша берешегі болған жағдайда;

  • Клиенттің Шотына ақша қате есептелген жағдайда;

  • Шартта және /немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге жағдайларда оқшаулауға;

  1. Мынадай жағдайларда:

  • карточка /қосымша карточка шығарылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) айдан астам уақыт бойы Клиент/қосымша карточканы ұстаушы карточканы /қосымша карточканы алуға Банкке келмеген жағдайда;

  • жоғалған немесе ұрланған карточка оқшауланған күннен бір және одан артық ай өткенде;

  • алаяқтардың карточка деректемелерін (карточка нөмірін, қолданыс мерзімі мен басқа да деректерді, кейбір жағдайларда ДСН-кодты) құпиясыздандырғаны туралы ХТЖ-нен хабарлама келіп түскен кезде карточка оқшауланған күннен бір және одан артық ай өткенде;

  • Шарттың 3.3.6.тармақшасында көзделген карточка уақытша оқшауланған күннен алты және одан артық ай өткенде карточканы/қосымша карточканы жоюға және карточкаға көрсетілген қызмет үшін төленген сыйақыны Клиентке қайтармауға;

  1. Шартты бекіткен кезде Клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға жататындығы туралы ақпаратты талап етуге;

  2. Шот бойынша шығыс операциялары Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оларды жүргізуге тыйым салуға;

  3. өзінің қарастыруы бойынша Клиентке карточка шығарудан бас тартуға;

  4. сыйақы негізінде (Тарифтерге сәйкес) Шот бойынша өнім талаптарымен анықталған түрлі Төлем карточкалар жүйелерінің карточкаларын ресімдеуге, сондай-ақ Банкте белгіленген нысанмен үшінші тұлғаларға Шот бойынша қосымша карточкаларды ресімдеуге;

  5. алаяқтық операцияларды болдырмауға және Клиентті Шотқа рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау мақсатында Карточкалық операция түрлеріне және берілетін қолма-қол ақшаның ең жоғарғы сомасына шектеулер белгілеуге;

  6. Шот бойынша соңғы операцияны жүргізген күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік айдан астам уақыт бойы Шотта ақша болмаған жағдайда/Шотқа қызмет көрсетудің екінші және кейінгі жылдары үшін сыйақы төлемеген жағдайда/ карточканың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты және Шот бойынша орындалмаған талаптар болмаған кезде, Банктің талаптарын қоспағанда, карточканы ауыстыруға өтінішті Банкке 2 күнтізбелік ай ішінде бермеген жағдайда Шарттан бас тартуға;

  7. Клиенттің Шотты жабуға өтінішінсіз, Шотқа қатысты орындалмаған талаптар бар болғанына қарамастан мынадай жағдайларда:

Шотқа қызмет көрсетілген екінші және одан кейінгі жылдар үшін сыйақы төленбеген жағдайда/Банкке карточканың қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты ауыстыруға өтінім бермеген жағдайда және Банк талаптарынан басқа, Шотқа қойылған орындалмаған талаптар болмаса, Шарттан бас тартуға;

      1. Шотқа қойылған орындалмаған талаптардың болуына қарамастан, мына жағдайларда:

Шот бойынша соңғы операция күнінен бастап Шот бойынша 12 (он екі) айдан астам уақыт өткеннен кейін Шота ақша қозғалысы (кіріс және/немесе шығыс төлемдер және ақша аудырым) болмаса, Клиентке Шоттағы ақша қозғалысының болмауы және оны жабылатыны туралы тиісті хабарлама жіберу арқылы, егер хабарландырылған күннен бастап үш күнтізбелік ай өткеннен кейін – Клиент хабарланған күннен бастап үш ай ішінде Шот бойынша операцияны жаңартпаса;

Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда Клиенттің Шотты жабуға өтінішінсіз-ақ жабуға;

3.3.17. Клиент немесе Шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк 12 ай бойы шығыс операцияларын жүргізбеген болса (операциялар тізімі Банктің: www.halykbank.kz электронды мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған), шоттағы қалдық сомасына қарамастан, Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесін беруге. Қозғалыссыз шот мәртебесі Present карточкаларына, Кредиттік карточкаларға және Виртуальды карточкаларға ашылған Шоттарға берілмейді.

Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілгеннен кейін және осы шотқа ашылған барлық карточкалар жабылған жағдайда, келесі айдан бастап және Шотта ақша қалдығы бар болған жағдайда, Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Шоттан тікелей дебеттеу жолымен ұстап қалуға, бұған Клиент өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын есептен шығару:

Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілгеннен кейін және бұл ретте Шотқа ашылған барлық карточкалар қозғалыссыз шот мәртебесі берілгенге дейін жабылғаннан кейін;

Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесімен ашылған соңғы карточка жабылғаннан кейін жүргізіледі;

Шотқа ақша түскен жағдайда, қозғалыссыз шотты жүргізгені үшін Банктің комиссиялық сыйақысының есептен шығарылуын берілген қозғалыссыз шот мәртебесін алып тастамай 12 ай мерзімге тоқтатуға, бұл ретте Шоттың мәртебесі өзгермейді. Шотқа ақша аудырлағаннан кейін кіріс/шығыс операциялары жүргізілмеген (операциялар тізімі Банктің: www.halykbank.kz электронды мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған) жағдайда, аударуды жаңартып, қозғалыссыз шоттың жүргізілгені үшін комиссияны есептен шығарады.

Қозғалыссыз шот мәртебесін іске қосылған шотқа ауыстыру Клиенттің төлем карточкасын және ДСН-кодын пайдалануы арқылы операцияларды (операциялар тізімі Банктің: www.halykbank.kz электронды мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылған) жүргізуі жолымен өзгертіледі.

3.3.18. егер Клиент жалақысын Шот арқылы алатын болса, Клиенттің жұмыс берушісіне Шарт талаптары туралы, Клиенттің СТН-і /ЖСН-і туралы ақпаратты, сондай-ақ банктік құпия болып табылатын, ашылған Шот нөмірі туралы, жалақыны есепке алу үшін қажетті мәліметтерді береді, ал Клиент бұған осы арқылы өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді.

Бұл ретте Клиент банктік құпия болып табылатын мәліметтерді ашу үшін Банкке беретін жазбаша келісімі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа біріктіру туралы өтінішке Банкке өзі келген сәтте қол қою арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен берілгендігін растайды;

3.3.19. Клиент карточканы жабуға/Шартты бұзуға өтініш берген күннен кейін 30 (отыз) күннің ішінде түскен ақша сомасын өтеуді талап етуге және аталған соманы Клиенттің Банкте ашылған кез келген шотынан (Шотты қоса алғанда) алуға, ал Клиент бұған осы арқылы өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

3.3.20. егер Клиент Банкке сұратуды ашық байланыс арналары бойынша жіберген немесе Шот бойынша мәліметтер жіберу жөнінде нұсқауды осындай байланыс арналары арқылы жөнелткен болса, Шот туралы мәліметтерді байланыстың ашық арналары (оның ішінде SMS-хабарламасы, е- mail, факс, телефон арқылы) бойынша жіберуге. Осы арқылы Клиент осы тармақшаға сәйкес Банктен ашық байланыс арналары бойынша жіберілетін ақпаратқа үшінші біреулердің рұқсатсыз қол жеткізу тәуекелі бар екендігін түсінетіндігін растайды және мұндай тәуекел қаупі үшін жауапкершілікті қабылдайды;

3.3.21. Клиентке «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін ұсынуды мына жағдайларда:

- сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) туралы ақпараттың үшінші тұлғаларға берілгені анықталғанда. Бұл ретте Банк Клиенттің өз паролін уақытында ауыстырмағаны үшін жауапкершілік арқаламайды;

- парольді енгізу әрекеті 3 (үш) рет қатарынан дұрыс болмағанда және клиент парольді өзгерткенге дейін немесе парольді дұрыс термеген есептеуіш нөлге айналдырылғанға дейін мұны қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы ретінде қарастыруға;

- «Телебанкинг» жүйесінің жұмысы бағдарламалық жасақтаманы ауыстыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін тоқтатылғанда кідіртуге немесе тоқтатуға;

3.3.22. Клиент шоттары туралы үшінші тұлғаларға ақпарат берілгені және Клиенттің «Телебанкинг» жүйесіндегі сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) бөтен адамға жария етілгені үшін кінәрат талаптарын қабылдамауға;

3.3.23. ISIC Кобрендинг карточкасы бойынша: Клиент Банкке өзінің жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқитындығын растайтын жоғары оқу орнынан берілген құжатты және сыртқы бетінде Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні атап көрсетілген түрлі-түсті фотосуретін (5х6 см) тапсырмаған жағдайда Клиентке Карточканы шығарудан/ауыстырудан бас тартуға;

3.3.24. қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын тексеру мақсатында, сондай-ақ Банктен жүргізілетін операцияға қатысты Банкте жоқ мәліметтерді, түсініктерді немесе құжаттарды беру жөнінде сұраныс түскен жағдайда Клиенттен қосымша ақпарат пен құжаттарды талап етуге;

3.3.25. Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтеріне қол жеткізуіне уақытша оқшаулау қою немесе операцияны орындауды мына жағдайларда:

- егер, Банктің пікірінше, мұндай шара «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болса;

- Клиент авторизациялаудың жеке параметрлері (пайдаланушының аты, пароль) туралы ақпаратты басқа тұлғаларға берілгені анықталған болса тоқтата тұруға. Бұл кезде Банк мұндай ақпараттың басқа тұлғаларға берілгені анықталғанға дейін Клиент жүргізген операциялар үшін жауапкершілік арқаламайды, өйткені бұлар Клиенттің өзі жүргізген операциялары болып есептеледі;

3.3.26. операциялардың орындалуын мынадай жағдайларда:

- Клиенттің шотындағы ақшаға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыйым салынған болса немесе ол бойынша операцияларды Клиент тоқтатқан болса;

- жүргізілген операция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмесе;

- жүргізілген операцияға Банктің сыйақысын төлеу үшін тиісті банктік шотта ақша жеткіліксіз болса;

- Клиент жүргізілетін операцияның деректерін дұрыс көрсетпесе, оны жүргізу кезеңі сақталмаса, жүргізілген операция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмесе;

- Клиенттің ағымдағы шоты/Карточкалық базадағы ағымдағы шоты/жинақтаушы шоты оқшауланғанда/жабылғанда;

- Банктің пікірінше «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздік амалдары бұзылса немесе бұзуға әрекеттер болса тоқтата тұруға;

3.3.27. бағдарламалық жасақтаманы, жоспарланған және жоспарланбаған алдын алу және техникалық жұмыстарды толығымен, сол сияқты бір бөлігін ауыстыру, жүргізу үшін «Интернет-банкинг» жүйесінің жұмысын уақытша тоқтата тұруға;

3.3.28. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шотқа ақша түскен жағдайда Шоттағы ақшаны түскен ақша сомасы мөлшерінде оқшаулауға құқылы. Шоттың дұрыс жүргізілмеуі – бұл Банктің Шотқа қызмет көрсеткен кезде туындайтын және Шотқа бір соманы екі рет есепке салуды, операция кодын дұрыс термеуді, валюталар бағамын дұрыс ауыстырмауды, операцияны соңына дейін аяқтамауды, бухгалтерлік қателіктерді (баланстық жазбалардың дұрыс көрсетілмеуі, рұқсат етілмеген баланстық жазбалар) білдіретін жағдайлар болып табылады. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шоттағы ақша сомасы оқшауланған жағдайда Банк Шоттан ақша сомасын алып қояды, Шот бойынша түзетулер, түзету жазбалары жүргізеді. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шоттағы ақша сомасының оқшауланғаны туралы Банк Клиентті Шот оқшауланған күні электрондық почта/мобильді байланыс/факс/хабарламаны жеке табыстау/курьерлік қызмет/тапсырысты хат арқылы хабардар етеді (Клиенттің қандай қызметтерге қол жеткізе алатынына және Банктің пікірі бойынша Клиентке ең қысқа мерзімде жеткізілетін жеткізу тәсіліне байланысты). Клиент осы арқылы Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Банктің Шотқа түскен Шоттағы ақша сомасын оқшаулауына сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін білдіреді. Шоттағы ақша сомасын оқшаулау мерзімі Шоттың дұрыс жүргізілмеуі анықталған сәттен бастап бір операциялық күннен аспауға тиіс;

3.3.29. Егер мұндай бас тарту немесе тоқтату - әрекеті Банк пен Клиентке таралатын кез келген елдің (мысалы, OFAC) немесе халықаралық ұйымның (оған қоса, бірақ мұнымен шектелмей ФАТФ мен БҰҰ) юрисдикциясына сәйкес салынған санкцияларға сай болса, Банк клиенттің кез келген операциясын жүргізуден бас тартуға немесе жүргізілуін тоқтатуға құқылы және Клиент мұнымен сөзсіз келіседі.

3.3.30. Банк «Стандарт» өнімі бойынша ашылған Шотқа БЖЗҚ-нан түсетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есептеуден бас тартуға құқылы. Шот өнімін өзгерту үшін Клиент БЖЗҚ-мен берілген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің жыртылмалы талонын Банкке ұсынуы керек.

3.3.31. Банк Клиенттің қосымша келісімінсіз, жалақылық жоба шеңберінде Клиенттің жұмыстан шығуы туралы ұйымның (Клиенттің жұмыс берушісінің) бұйрығы негізінде карточка өнімін «Жалақы» өнімінен «Стандарт» өніміне өзгертуге құқылы.

3.3.32. Банк «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-на, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на клиенттің ең аз қажет етілетін дербес деректерін, клиенттің банктік құпия болып табылатын, Банктің көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынмен және «БЖЗҚ» АҚ-мен бекіткен Шарт талаптарын орындау үшін қажетті мәліметтерін (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН нөмірі, зейнетақы мен жәрдемақы үшін ашылған шоттың/арнайы шоттың нөмірі туралы мәліметтер, сондай-ақ күні көрсетілген соңғы шығыс операциялары туралы ақпарат) беруге құқылы. Осы арқылы Клиент Банкке осындай мәліметтерді аталған үшінші тұлғаларға беруге өзінің сөзсіз және кері шақырылмайтын келісімін береді. Бұл ретте Клиент осы келісімнің Банкке Клиент Банкке жеке өзі келген сәтте Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қоюы арқылы жазбаша түрде берілгенін растайды;

3.3.33. Банк Клиентке/қосымша карточка ұстаушыға карточкалық операциялар жүргізгенге дейін, сондай-ақ жүргізгеннен кейін де жиналған бонустар көлемі туралы ақпаратты POS-терминалдың (оның ішінде мобильдік) көмегімен беруге рұқсатты Банкпен Карточкаларға қызмет көрсету туралы шарт бекіткен Кәсіпкерге беруге құқылы және Клиент/қосымша карточка ұстаушы мұнымен сөзсіз келіседі.



3.4. Банк:

  1. өтініш алынған күннен бастап 15 (он бес) банк күні ішінде және клиент Тарифтерге сәйкес карточканы шығару және Шотқа қызмет көрсету сыйақысын төлегеннен кейін Клиентке Шот ашу, карточканы және оның ДСН-конвертін (карточка басылған ДСН-конвертімен шығарылған жағдайда) Клиентке немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім жүктелген тұлғасына беруге;

  2. Шотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына, Шартқа және Банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережесі мен Банктің ішкі ережелеріне сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;

  3. Банкке ақша түскен және тиісті түрде ресімделген төлем құжаттарының көшірмелерін алған күннен кейінгі банк күнінен кешіктірмей Клиенттің пайдасына түскен ақшаны Шотқа салып отыруға;

  4. жазбаша сұрату алынған күннен бастап 10 (он) банк күні ішінде Клиентке қосымша үзінділер беруге;

  5. Шартта, Ережелерде, фродо-қауіпті елдер тізімінде, Тарифтерде болған барлық өзгерістер туралы Клиентті Банк филиалдарында/бөлімшелерінде ілінетін/ Банктің веб-сайтындағы www.halykbank.kz электрондық мекенжайда орналастырылатын хабарландыру арқылы хабардар етуге;

  6. карточка Банк бастамасымен оқшауланған жағдайда оқшаулау қойылған немесе өзгерту жасалған күннен бастап 10 (он) банк күні ішінде Клиентке жазбаша хабарлама немесе SMS-хабарлама арқылы хабарлауға;

  7. «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін ұсыну кезінде, оның ішінде телефондық сұрату негізінде Шоттың жай-күйі туралы мәлімет берілетін кезде, Клиент тиісті сәйкестендіру параметрлерін енгізгеннен кейін, тиісінше қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

  8. Клиент «Интернет-Банкинг» жүйесінде тіркелгеннен кейін Банктің web-сайтының (осы сайт арқылы қызмет көрсетіледі) тиісті түрде функционалдық қызмет істеуін қамтамасыз етуге;

  9. Клиенттің «Интернет-Банкинг» жүйесіне қол жеткізуін тоқтатуы мүмкін және жүйеде операциялар жүргізуіне кедергі келтіретін техникалық жұмыстар туралы Клиентті Банктің web-сайтында тиісті ақпарат орналастыру арқылы хабардар етуге;

  10. Клиент осы Шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын орындаған жағдайда Клиенттің электронды құжаттарын орындап отыруға;

  11. Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жасалған ақша аударымдары туралы электрондық құжаттарын Банкке келіп түскеннен кейін келесі банк күнінен кешіктірмей орындауға. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабы 7) тармақшасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын аудару үшін Банк салықтар мен міндетті бюджеттік төлемдерді салық төлеуші-Клиенттің банк шотынан ақшаны есептен шығарылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жібереді;

  12. алынған, жүргізілген және бас тартылған электрондық төлем құжаттарын электронды тіркеу журналында тіркеп отыруға;

  13. қажетті анықтамалық материалды Банктің web-сайтында орналастыру арқылы Клиентті «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану нұсқаулығымен таныстыруға;

  14. Клиенттің бастамасымен қызмет көрсетуді тоқтатуға;

  15. Клиенттің, соның ішінде төлем карточкасын пайдаланумен байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде Клиенттің өтінішін қарастыруға, алайда мұндай өтінішті алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды.

Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк желісінде төлем карточкасын пайдалану арқылы операцияларды жүргізген жағдайда, Клиенттің өтініштері алынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн мерзімінен асырып қарастырылуы мүмкін, алайда көп дегенде бірінші отыз күндік мерзім өткен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды, бұл жайында Клиентке қарастыру мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жазбаша нысанда хабарлама жіберіледі.

3.5. Осы арқылы Клиент тұрақсыздық сомасын, шығыстарды және алымдарды, соның ішінде Шарттың 3.3. тармағының 3.3.2, 3.3.7, 3.3.19 тармақшаларында көзделген жағдайларды қоса алғанда, Шарт бойынша берешек сомасының барлығын, сондай-ақ Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шотқа аударылған ақшаны Клиенттің Банкте ашылған барлық шоттарынан, оған қоса Шоттан Банктің тікелей дебеттеу арқылы алуына, сондай-ақ Банктің заңды иелігіндегі/пайдалануындағы мүлікті Банктің Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында және/немесе Банк пен Клиент арасында бекітілген тиісті шарттарды белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұстап қалуына өзінің сөзсіз және кері қайтарылмайтын келісімін білдіреді.




  1. Есеп айырысуды жүргізу талаптары

  1. Шот теңгемен/АҚШ долларымен/евромен /Ресей рублімен/юаньмен жүргізіледі.

  2. Шот бойынша көрсетілетін қызметтер үшін Банк Тарифтерге сәйкес белгіленген мөлшерде сыйақы ұстап қалады.

  3. Банктің карточкалары үшін Төлем карточкалары жүйесімен есеп айырысу валютасы АҚШ доллары/евро болып табылады. Төлем карточкаларының жүйесі арқылы жүргізілген Карточкалық операцияның сомасы осы карточкалық операция бойынша Банкпен есеп айырысатын күні Төлем карточкаларының жүйесінде белгіленген бағаммен АҚШ долларына/евроға айырбасталады.

  4. Ай сайынғы үзінді Клиентке немесе Клиенттің берген сенімхаты негізінде әрекет етуші оның сенім жүктелген тұлғасына Клиентке қызмет көрсетілетін Банк филиалында тапсырылады, «Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша немесе өзіне өзі қызмет көрсетуші электронды құрылғылар (банкоматтар, киоскілер) арқылы жіберіледі. Арнайы құрылымдық бөлімшелердің клиенттері үшін ғана ай сайынғы үзінді электрондық почтамен жөнелтілуі немесе қолма-қол берілуі мүмкін.

  5. Клиент ай сайынғы үзіндіні алған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде Банк одан талап-арызын алмаған болса, бұл Клиенттің ондағы көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растағаны болып саналады.

  6. Авторизация сомасы Клиенттің Шоттағы қол жетімді ақшасынан және осы Шартта қарастырылған негіздеме бойынша Шоттан осы соманы алып қойғанға дейін немесе Банк Авторизация сомасына төлем жүргізілмегені туралы растама алғанға дейін шығарылады.

  7. Карточкалық операция валютасын Шотты жүргізу валютасына айырбастау тәртібі:

4.7.1. егер Шотқа түсетін ақша валютасы Шот валютасынан өзгеше болса, Банк Шотқа түсетін ақшаны Банкте белгіленген ағымдағы күнгі ақша айырбастау бағамы бойынша айырбастайды;

4.7.2. Шот бойынша карточкалық шығыс операциясы Шот жүргізілетін валютадан басқа валютамен жүргізілетін жағдайда Банк алынатын ақша сомасын карточкалық операция жүргізілетін валютаға айырбастауды Банкте белгіленген ағымдағы күнгі ақша айырбастау бағамы бойынша жүзеге асырады.




  1. Тараптардың жауапкершілігі

    1. Банк:

  • Банк құпиясын жария еткені үшін - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;

  • Клиент пайдасына Банкке келіп түскен ақшаны Шотқа есепке алуды кешіктіргені үшін – әрбір кешіктірілген күн үшін уақытында есептелмеген соманың 0,02 %-ы мөлшерінде;

  • Шот бойынша қате жүргізілген операцияға. Бұл жағдайда Банктің жауапкершілігі қателесіп жүргізілген операцияны болдырмаумен шектеледі;

  • Клиенттің карточканы жоғалту, ұрлану немесе карточканы рұқсатсыз пайдалану туралы хабарламасы күшіне енген соң, оның кінәсінен жасалған рұқсат етілмеген төлемді жүргізгені үшін жауапкершілік арқалайды. Рұқсат етілмеген төлемді жүргізумен байланысты залалы Банктің Шотқа рұқсат етілмеген төлемді және рұқсат етілмеген төлем жасалғаны үшін комиссия сомасын қайтаруы арқылы өтеледі.

    1. Банк:

  • үшінші тараптың карточкаға қызмет көрсетуден бас тартқаны;

  • карточка бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің сапасы;

  • карточка бойынша үшінші тарап белгілеген, Клиенттің/қосымша карточка ұстаушының мүддесіне ықпалы етуі мүмкін лимиттер, шектеулер мен қосымша сыйақылар;

  • Клиенттің/қосымша карточка ұстаушының жоғалған/ұрланған карточканы /қосымша карточканы оқшаулау туралы Банкке уақытында өтініш бермеуінің салдары;

  • Клиент банк қызметкерлеріне белгісіз болып табылатын және «Телебанкинг» жүйесін пайдаланатын уақыттың ішінде құпияда сақталуға тиіс парольді жария еткені;

  • Клиент Банкті өзінің «Телебанкинг» жүйесіне қол жеткізу үшін жеке сәйкестендіру параметрлерінің жоғалғаны (жария етілгені) туралы уақытында хабарламаудың салдары;

  • Интернет-банкинг жүйесінде операциялар жасау үшін «SMS-парольдерді жеткізу» қызметіне бөтен телефон нөмірін қосу салдарынан Клиенттің/қосымша карточка ұстаушыға келтірілген залал үшін Клиентке/қосымша карточка ұстаушыға келтірілген залалдың толық көлемінде;

  • Клиент Жәрдемақыларға арналған арнайы шот ашпаса, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметті сақтандыру қорларынан төленетін жәрдемақылар Шотқа түскен жағдайда, Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардан және/немесе лауазымды тұлғалардан Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдер/қаулылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцептсіз ақша алуға құқығы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары түскенде Шоттың/карточканың, соның ішінде Шот бойынша шығыс опреацияларын тоқтатып және Шоттағы ақшаны өндіріп алу арқылы оқшаулау салдарына;

  • Шарттың 3.3. тармағының 3.3.29-тармақшасында көзделген санкцияларға байланысты Клиенттің төлемдік нұсқауын орындаудан бас тартқаны немесе орындалуын тоқтатқаны, сондай-ақ Клиентке осымен байланысты келтірілген залалдар үшін;

  • Клиенттің Интернет жүйесінде карточкалық операциялардың жүргізілуіне шектеулерді өшіру салдары үшін жауапкершілік арқаламайды және осы жағдайда Шоттан санкциясыз алынған ақша сомасын Клиентке өтеп бермейді.

5.3. Клиент:

- жоғалған/ұрланған карточканы оқшаулау туралы өтінішті Банкке уақытында бермеуінің салдарынан – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Шотқа қате есептелген ақшаны Банкке қайтармағаны үшін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;

- Шот бойынша ақшаның жұмсалуын жеткіліксіз бақылағаны, Ережені және Шарт талаптарын сақтамағаны үшін – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Verified by Visa/MasterCard SecureCode бағдарламаларына қатыспайтын Кәсіпкерде жүргізілген карточкалық операцияларды қоспағанда, Интернет желісінде расталмаған 3D Secure/SecureCode паролі теріліп, карточкалық операциялардың жүргізілгені үшін;

- Клиенттің/қосымша карточка ұстаушының кінәсінен Банк шеккен шығыстар мен сот шығындары үшін – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Клиент карточкасының, карточканың ДСН-кодының, Клиенттің «Телебанкинг» жүйесіндегі сәйкестендіру параметрлерінің (логин, пароль), 3D Secure/SecureCode паролінің, CVV2-кодының немесе CVC2-кодының үшінші тұлғаларға берілуіне байланысты Банкке/Карточка ұстаушыға келтірілген шығын үшін – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Клиенттің, сондай-ақ қосымша карточка ұстаушылардың фродо-қауіпті елдерге барып келгеннен кейін карточканы қайта шығару/ауыстыру жөнінде Банкке уақытында өтініш жасамау салдары үшін, сондай-ақ Банк фрод-қауіпті елге барып келген Клиентті/ қосымша карточка ұстаушыны карточканы қайта шығару/ауыстыру қажеттігі туралы хабардар еткен кезде Клиенттің (кез келген негіздеме бойынша) мұндай карточканы қайта шығарудан/ауыстырудан бас тартуының салдары үшін. Бұл ретте Банк жоғарыда айтылған жағдайларда Шоттан рұқсат етілмеген ақша сомасының алынып қойғаны үшін жауапкершілік арқаламайды және соманы өтемейді;

- Банктің сұратуы бойынша даулы жағдайды қарастыруға өтінішті және/немесе даулы жағдайға қатысты құжаттарды (мысалы, тауар/қызмет ақысын қолма-қол ақшамен төлегені туралы чек, Клиенттің даулы жағдайды дербес реттеу әрекеттерін дәлелдейтін Интернет-кәсіпкермен хат жазысулары туралы материалдар және т.б.) бермегені немесе уақытында бермегені;

- Шартты бекіткен кезде Клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға жататындығы туралы ақпараттың берілмегені немесе сенімсіз ақпарат берілгені;



  • Интернет-банкинг жүйесінде операциялар жасау үшін «SMS-парольдерді жеткізу» қызметіне бөтен телефон нөмірін қосу салдарынан Банкке/ карточка ұстаушыға келтірілген залал үшін Банкке/ карточка ұстаушыға келтірілген залалдың толық көлемінде;

  • Интернет-банкинг жүйесінде операциялар жасау үшін банкоматтан алынған біржолғы парольдер тізімін үшінші тұлғаларға беру салдарынан Банктің/Клиенттің шеккен залалы, Банктің/Клиенттің шеккен толық көлемдегі залалы үшін;

  • Интернет желісінде карточкалық операциялардың жүргізілуіне шектеулерді алып тастау салдарынан Банкке/клиентке келтірілген толық залал көлемінде;

  • Карточкалар базасындағы карточкадағы/ағымдағы шоттағы ақшаны пайдалану үшін орнатылған Мобильдік қосымшалар үшін, карточкалар базасындағы карточкадағы/ағымдағы шоттағы ақшаны пайдалану үшін Мобильдік қосымша орнатылған мобильді телефонды/планшет/девайсті жоғалтқаны үшін және Мобильдік қосымшаға қосылған карточканың/карточкалардың оқшауланғаны туралы Банкті дер кезінде хабардар еткені үшін жауапкершілік арқалайды.

5.4. Тараптар міндеттемелерінің ішінара немесе толық орындалмауы еңсерілмейтін дүлей күш жағдайларының салдарынан: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, электр энергиясы көздеріндегі ақаулар және Тараптардың бақылауынан тыс болатын басқа да жағдайлар салдарынан болса, Тараптар мұндай жағдайлар әрекет ететін кезең ішінде жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте Тараптар өз міндеттемелерін тиісінше орындау үшін жағдайды неғұрлым тез арада қалпына келтіруге барынша күш салуға және қолдан келетін шараларды қолдануға міндеттенеді.


  1. Дауларды шешу тәртібі

6.1. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

    1. Келісім арқылы қол жеткізілмеген даулардың барлығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында шешілуі тиіс.

    2. Тараптар даулы мәселелерді шешу кезінде дәлел ретінде ақпаратты машиналық тасымалдаушылардағы, сондай-ақ электронды түрдегі (операциялар электронды түрде куәландырушы орталықтан берілген тіркеу куәлігі болған кезде электрондық цифрлық қолды пайдалану арқылы жасалса) операциялар туралы деректерді тану жөнінде келіседі.

    3. Жазбаша хабарламалар екінші Тарапқа оған қол қойғызып тапсырылған немесе карточканы алуға өтініште көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда (почта түбіртегі болса) екінші Тарап алды деп есептеледі.

6.5. Клиенттің шығындарын Банк негізді деп мойындаған жағдайда, Банк оларды Банк пен Клиент арасындағы келісіммен анықталған нысанда және мерзімде төлейді. Клиент шығындары соттың шешімі арқылы мойындалған жағдайда, Банк оларды соттың шешіміне сәйкес орындайды.


  1. Шарттың қолданылу мерзімі, оны бұзу, тоқтату және өзгерту талаптары

    1. Шарт клиент Банкке Клиент төлем карточкасын шығару туралы өтінішті берген және Шарт талаптарымен танысқан күннен бастап күшіне енеді. Шартты бұзу және тоқтату Шарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.

    2. Шарттың кез келген өзгерістері мен толықтырулары Банк филиалдарында /бөлімшелерінде немесе Банктің веб-сайтындағы www.halykbank.kz электрондық мекенжайда орналастырылған немесе бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 (он) күннің ішінде күшіне енеді.

    3. Егер Шарт бойынша орындалмаған міндеттемелері жоқ болса, Клиент Банкке тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып және Шарт шеңберінде шығарылған карточкалардың барлығын Шартты бұзу болжанған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын өткізу арқылы Шарттан бас тартуға құқылы.

    4. Банк Шартта көзделген жағдайларда, Шартты болжамды бұзатын күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Клиентке тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы SMS-хабармен хабарландыру жолымен Шарттан бас тартуға құқылы.

    5. Шарт бұзылғанда:

  • Шотқа қызмет көрсетілгені үшін Клиенттің төлеген сыйақысы қайтарылмайды;

  • Клиент Банк алдындағы берешегін өтегеннен кейін Шоттағы ақша қалдығы егер Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қарастырылмаса, Клиентке қолма-қол ақшамен беріледі немесе Клиенттен түскен жазбаша нұсқауға сәйкес оның банк шотына аударылады;

  • Клиент Банкке оған және қосымша карточка ұстаушыларға шығарылған барлық карточкаларды қайтаруға міндетті.

7.6. Шарттың қолданылуы Тараптар арасындағы өзара есеп айырысу толығымен аяқталғаннан кейін тоқтатылады. Шарттың бұзу және қолданылуын тоқтату Клиенттің Шотын жабу үшін негіздеме болып табылады.

7.7. Шот бойынша соңғы операция жүргізілген күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік айдан астам Клиенттің Шотында ақша болмаған жағдайда Шарт өз қолданысын тоқтатқан болып саналады.

7.8. Тараптар Шартта көзделмеген қалған барлығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Ережені басшылыққа алады.
Төлем карточкасын шығару және

оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына

қосымша








Карточкалар базасындағы ашылған 20 таңбалы ағымдағы шот туралы ХАБАРЛАМА

Хабарлама Төлем карточкасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартының ажыратылмас бөлігі болып табылады


_________ қ. 20__ жылғы «___»_____________
Құрметті клиент_________________________________________!

(Т.А.Ә. толық мәліметтері)

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Сізді карточкалар базасындағы ашылған ағымдағы шот(тар) туралы хабардар етеді:




Шот валютасы

Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттың №

Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа карточканың №










Назар аударыңыз!

Сізді карточкалар базасындағы ашылған 20 таңбалы ағымдағы шот туралы:



    • Жалақы алған жағдайда:

жұмыс берушінің ұйымын;

    • Зейнетақы алған жағдайда:

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты;

    • Басқа жағдайларда:

карточкалар базасындағы 20 таңбалы ағымдағы шотқа қосымша карточка ұстаушыларды хабардар етуіңізді сұраймыз.

Қосымша ақпаратты Сізге қызмет көрсетуші Банктің құрылымдық бөлімшесінен немесе Банктің Байланыс орталығының мына телефондары +7(727)2590777 бойынша алуға болады.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет