Төлеу ақын (туғанына 100 жыл толуына)



Дата28.04.2016
өлшемі56.31 Kb.
Төлеу ақын

(туғанына 100 жыл толуына)
Елге аты ертеден мәлім болған, өрен жүйрік, әйгілі халық ақыны – Төлеу Көбдіковтің туғанына биыл 100 жыл толады.

1943 жылы Семейге келген сапарында Мұхтар Әуезов төлеу ақынды көріп, оның айтысын тыңдаған еді. Сол жылы жазған бір хатында былай дейді:

«...Жол-сапарымыздың соңғы күндерін біз Семейде өткіздік. Онда ақындар айтысы болды. Облыста, бұрын неге көрінбегенін кім білсін, төлеу деген ірі ақын бар екен. Оның тума шежіресі өте қызық. Ата-бабасынан сонау алтыншы атасынан бері қарай тұқым қуалаған белгілі ақындар. Ал шешесі көпке әйгілі Қуандық. Қуандық Абаймен айтысқа түскен, әрі оның нақ сүйері болған кісі. Менің бірінші кітабымда осы жай суреттелген-ді. Сонымен несін айтасың, Төлеу ақсақалды көргенде мен Қуандықпен кездесіп-жүздескендей күйге келдім. Төлеудің басқа қарт ақындардан өзгеше бір қасиеті - өлеңді жазып та, ауызша ад шығаратындығы және өлеңіне көлденеңнен бір де бір жол енгіздірмейтіндігі. Ол жазған, ол шығарған нәрсеге хатшы ақынның қол жүгіртуінің қажеті жоқ көрінеді.»

Нұрлыбек ақынмен 1943 жылғы бір айтысында, жоғарыда Мұхтар Әуезов айтқан жайды, яғни өзінің тұқым қуалаған ақын екенін Төлеу өзі де айтады:

Мен неге сөйлер сөзден тоқталайын,

Қазынаның аузын ашып ақтарайын.

Шарықтап өрттей шалқып өрге жүзіп,

Азырақ сөз алдында мақтанайын.


Ақындық айт дегенде тоқталмаса,

Шыға ма сөз қазынасы ақтармаса,

Ақынның ауызына сөз түспейді,

Азырақ топ алдында мақтанбаса.


Туысым атам Керей, Төлеу атым,

Сөзге бай, сөйлегенде тілім батым.

Ескіше Қарқаралы дуанымыз,

Жондағы Жобалай деп шыққан даңқым.


Ауданы осы күнгі Шұбартаудың,

Малға бай, қысы жылы, жазы салқын.

Нағашым Найман асқан Ақтайлақ би,

Кенжесі Сарыбайдан шыққан затым.


Керейде ер Жәнібек ел бастаған,

Ел үшін еңбек еткен ата салтым.

Мен дағы социализм заманында

Қадірлі халқым үшін болдым ақын.

Қай күнде барған мақтан жарасады,

Болмасам да өзім кәрі, сөзім алтын.

Төлеудің туған нағашы атасы Ақтайлақ шешеннің кенжесі тарихқа мәлім, атақты ақын – Сабырбай. Сабырбайдың қызы – Қуандық ақын – Төлеудің шешесі.

Төлеудің нағашы атасы Сабырбай мен шешесі Қуандықтың Абаймен терең ұғысқан достық қарым-қатынасы «Абай жолы» романында шыншылдықпен көркем бейнеленген. Жазушы Сабырбайдың есімін сәл ғана өзгертіп, Қадырбай деп атайды.

Сөйтіп, Төлеудің нағашы жұрты ақындық өнердің ордасы болған. Байғарадан суырылып шыққан 17 саңлақ ақынның аты ежелден елге әйгілі. Төлеу 12 жасында ақындық өнер жолына түсіпті.

Жүргем жоқ біреуді алдап, біреуді арбап,

Өлеңді үнем көріп жүрек жалғап.

Тілді қылыш, жырымды оқ қып атып,

Мақсатым еңбекші елге олжа салмақ.
Халықтың көңілін көтер, көмек бер деп,

Шығарған елім қалап әдейі арнап.

Басшымыз айқын тудай алып Жамбыл,

Өлеңмен көп ақын жүр отан қорғап.


Сөдері қардай борап майданда жүр,

Бермеген топтан торай ылғый саңлақ.

Оғындай ақ переннің айтқан сөзім,

Дұшпанды ататұғын көзден қармап.


Нар кескен ақ алмастай өткір тілім,

Өкпеден өтетұғын қанды қармақ!

Шығыпты нағашымнан он жеті ақын,

Солардың аруағы жүрген шолғап.


Өзімде он екімде аян берген,

Жүрген сөз содан бері жүреккке орнап.

Ертістің толқынындай төгіледі,

Қолға алсам домбырамды бір аз толғап.

Менімен тар кезенде таласқандар

Шыңға ермей қалатұғын босқа сорлап!

деп дарынды ақын айтыс үстінде асқақтата сөз нөсерін төгіп, шабыттана, шалқи жырлайды.

Төлеу бұрынғы Қарақаралы уезі, Дағанды облысы, 2-ауылда, Мұзбел деген жерде (қазіргі Семей облысы, Шұбартау ауданы) 1874 жылы дүниеге келіпті. Әкесінің аты Көпжер екен. Кейін паспорт алғанда қате жазылып, «Көбдік» болып кетіпті. Көпжер мен Қуандықтан 5 ұл, 5 қыз туыпты. Үлкені Есенғара, екіншісі Төлеу, үшіншісі Мұқаш, қыздары Мәкіш.

Төлеудің шешесі Қуандық ақын 1928 жылы 15 майда 84 жасында қайтыс болыпты.

Төлеудің шешесі Қуандық Абай дүниеден қайтқанша достық қарым-қатынасын үзбей, сыйласып өткен. Төлеудің өзі де Абай үйінде төрт рет болып, ұлы ақынның әңгімесін естіген.

Төлеу ақынның ертеде ауызша шығарып айтқан өлеңдері әлі түгел жиналып, зерттелген жоқ. Ақынның тұңғыш баспа жүзін көрген шығармасы 1916 жылдың уақиғасына арналған жыры. Ол өлеңі 1916 жылдан бері ауызша жатталып, сақталып келіп, 1936 жылдан бері баспа жүзіне шықты. 1916 жылғы патша үкіметінің июнь жарлығына байланысыт ел басына туған ауыртпалық, күйзелушілікті ақын терең толғанып, тебірене жыр етеді, халық қайғысына қабырғасы қайысып толғайды.
Июньде жиырма бесінші шықты жарлық,

Жарлықты есіткен соң естен тандық.

Жар қылды үш-ақ күнде жиылсын деп,

Болады бұдан артық қандай тарлық?


...Кісіден құтыламыз жиып берсек,

Тіл де жоқ пәлен дерге айуанға есеп,

Военный положение оқылады,

Бір арыз ауызша айтып пәлен десек.


Әркіммен теңдңс туған аталықпыз,

Арғыдан келе жатқан қатар-ақпыз.

Қаршыға, тұрымтай да жем қылуға,

Біз қалай осыларға жапалақпыз.


Жақсылар өзі білер нұсқаласа,

Тоқтау жоқ өтірікке қысқаласа

Бұл жерде талай арман айтылмады,

Заман тар тілді қысқа ұстамаса.


Шықпаған момын қазақ үйірінен,

Қамалап жол таба алмай иірілген,

Баласын бауырындағы тұтас алып,

Теңселді оқ тигендей бүйірінен –


дей келіп, кір жуып, кіндік кескен жерімен қоштасқан азаматтардың сезім-сырын, ел басына туған ауыр күнді ақын былай суреттейді:
Сарыарқа қаламысың өскен жерім,

Кір жуып, кіндігімді кескен жерім,

Бұрынғы қан төгісіп атам қонған,

Жеті жұрт бізден бұрын көшкен жерім!


Айырылып Сарыарқаның саласынан,

Болар ма қазақ аты өшкен жерің.

Сарыарқа ойың толы бұлақ еді,

Сені өксіп талай халық жылап еді.

Сылдырап аз зәмзәмдай тастан аққан,

Кірі жоқ аққан суың сынап еді...


Ақтабан шұбырынды аштық көрген,

Тозған ел басын жаңа құрап еді.

Қалуың қарындастан қиын болды,

Аумақ боп ел жайлаудан құлап еді.


Қайран ел, қайран жерден кетеміз бе?

Мұратқа бұдан артық жетеміз бе?

Қауіпті су, қатерлі кезеңдер бар,

Жол тауып аман-есен өтеміз бе?


Қазаққа патша қысым салған жері,

Мал түгіл басты тізіп алған жері,

Қызықты жас бойдақтың бәрі кетіп,

Түрленген бәйшешектің солған жері.


Аман бол бір туысқан бауырларым,

Қарындас қазақ атты қауымдарым.

Жел шайқап, өзен толқып суға кетті,

Миуалы пісіп тұрған қауындарым.


Ақсауыт, оқ өтпейтін қаруларым,

Белгісіз қандай жерге баруларың,

Тірідей жесір болып қала берді,

Алған жар – Ақжүністей аруларың.


Шырылдап тірі жетім балаң қалды,

Атаң мен жер таянып анаң қалды,

...Түскендей шабындыға ауыл қалды,

Үйде өліп, арман қылып ауырғанды.


Жақыннан тірі айырылмақ қиын екен,

Елжіреп ет-жүректер, баыр қалды.

Өрт еді қазақ көңілі қаулап тұрған,

Жаңбыр боп патша кәрі басып салды.

Алдынан үміт етіп отырамыз,

Ұзатып ұлы жолға қолда барды –

деп, ақын ер басына туған күнді, азаматтардың күйінішін, елдің қайғы-қасіретін көркем тілмен егіле жыр ете отырып, келешектен күдер үзіп, мүлдем сары уайымға салынып кетпейді: «Алдынан үміт етіп отырамыз» - дейді.

Ақынның, еңбекші қазақ халқының алдан күткен үміті ақталды. Енді бір жыл өткенде, 1917 жылы, Октябрь революциясының жеңісі салтанат құрды.



Төлеу ақынның Октябрь революциясының жеңісінен соңғы, елге ең әйгілі өлеңі 1922 жылы туды. Сол жылы Қазақстан Автономиялық советтік республикасының құрылғанына 2 жыл толу құрметіне арналған Қарқаралыда үлкен мерекелі той өткізілген еді. Осы тойға қатынасқан Төлеу ақын қазақ халқын еркін өмірге жеткізіп, ерікті ел еткен,
Каталог: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Байғали Досымжанов
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ақын әрі әкім досқа жауап
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ШАҒабутдин маржани
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Танант дегеніміз мінез
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай қос қайырым мағауияның БӘйтерегі
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТҰҢҒыштар тынысы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тамырлас тағдырлар
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай нағыздың нығызы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет