Төменарық ауылы №53 А. Д. Романов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жұмабаева Болған Мұхамеджанқызы



жүктеу 40.65 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі40.65 Kb.
түріСабақ
: 2016
2016 -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
2016 -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
2016 -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> Махамбет аудандық білім бөлімі Тақырыбы
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Тақырыбы: Абай Құнанбаев Сабырсыз, арсыз, еріншек
2016 -> Қосымша 1 «1 наурыз – Алғыс айту» күнін мерекелеу бойынша
Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Төменарық ауылы

53 А.Д.Романов атындағы орта мектебінің



тарих пәнінің мұғалімі

Жұмабаева Болған Мұхамеджанқызы

Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 02.03.2016ж Сыныбы : «9а»

Сабақтың тақырыбы: §44. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Сабақтың мақсаты: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

1.Білімділік: Желтоқсан оқиғасының түрткі болған оқиға, басталуы мен себептері, салдары, сипаты, жаппай жазалау, қорытындылары мен тарихи маңызын ашу, баға беру, талдау.

2. Дамытушылығы: Өзіндік ізденісін, шығармашылық әрекетін дамыту, тақырып бойынша қосымша құжаттармен, әдебиеттермен жұмыс жасату.

3. Тәрбиелік: Елінің тағдыры мен болашағы үшін алаңға ақ пейілімен шығып, саяси сауаттылық, адамгершілік пен адалдықты, бостандықты талап еткен жазықсыз қаны төгілген қазақ жастарының ерлігін насихаттау, құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар ойларын жүйелі жеткізе біледі, топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.

Сабақта қолданылатын ресурстар: Қазақстан тарихы 9-сынып оқулығы, сұрақ-жауап, үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, парақшалар, кестелер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Бағалау түрі: Топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

Сабақ басында және сабақ соңында өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдіреді. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Психологиялық дайындық жасау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Доп ойнау» әдісі.

1 топ:

1. Қазіргі мектеп реформасы қай жылы басталды?

2. «Адамға табын, Жер енді» поэмасының авторы?

3. 1978 жылы республикада қанша мыңнан астам кітапхана болды?

2-топ:

1. 12 томдық «Қазақ совет энциклопедиясын» шығару аяқталған жыл?

2. «Атаманның ақыры» киносын қоюшы-режиссер кім?

3. Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынған жыл?

3-топ:

1. 1980 жылдардың ортасында республикадағы ЖОО-ның саны?

2. «Құс жолы» повесінің авторы?

3. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танымал ансамбль?

Үй тапсырмасын қорытындылау. (10 минут)

Топқа бөлу:

1-топ: «Жас ұлан» тобы

2-топ: «Алау» тобы

3-топ: «Жас тұлпар» тобы.

Әр топ басшысын және мүшелерін сайлау.

І тапсырма: Видеоролик (5 минут)

«Ой қозғау» стратегиясы Бұл кім? (Д.Қонаевтың суретіне қарап түсіндіру)



Постермен жұмыс. Үш топқа тапсырма беру. (10 минут)

1-топ: Желтоқсан оқиғасының басталуы, сипаты.

2-топ: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы

3-топ: Бұрқасын-86 операциясын түсіндір.

Бағалау. 2-кретерий арқылы бағаланады.

1.Тақырыптың ашылуы, мазмұны

2. Топтық ұйымшыл

ІІ тапсырма: Суреттер сөйлейді. (5 минут)

Қайраттың, Ләзаттың, Сабираның суреттеріне қарап оқушылар толықтыруы керек.



ІІІ тапсырма: Дәптермен жеке жұмыс. (5 минут)

1-топ: Тарихи диктант

Топтың аты:_____________________

Аты – жөні:________________________________

І топ: Тарихи диктант

__________________таза басым бар,

Жиырма______________жасым бар,

Бозторғайдай жаным___________________,

Алам_________________алыңдар,

_________________деген атым бар,

_________________затым бар,

«____________________тоқты құрбандық»,

Атам________________атыңдар.

ІІ топ: Баламалы тест

Топтың аты:_____________________

Аты – жөні:________________________________

Сұрақтардың жауабын «иә» немесе «жоқ» сөздері арқылы белгілеу.

1. Желтоқсан қозғалысы Алматыдағы Брежнев алаңында болды ма? «иә» немесе «жоқ»

2. Д.А.Қонаевқа «ұлтшылдық» деген айып тағылды ма? «иә» немесе «жоқ»

3. КСРО халық депутаты М.Шахановты КОКП ОК-ның Ульяновқа обкомның І хатшысы етіп тағайындады ма? «иә» немесе «жоқ»

4. Желтоқсан оқиғасындағы шеру бейбіт түрде тарқады ма? «иә» немесе «жоқ»

5. «Менің уақытым туралы» атты кітаптың авторы Д.А.Қонаев па? «иә» немесе «жоқ»

ІІІ топ: Сандар сөйлейді

Топтың аты:_____________________

Аты – жөні:________________________________

Тәуелсіздік шежіресі------1991ж------1995ж------1993ж-----1998ж-----1992ж

Ата заң Тәуелсіздік жылы Президент сайлауы Валюта Астана

Үш топты бағалау.

Топ басшысы____________________



Аты жөні

Жеке жұмыс

1

2

3

4







IV.Қорытынды: Пікірталас

1. 1986 ж Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасын кандай?

2. Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

3. Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

VI. Кері байланыс:

1. Нені үйрендік

2. Не алдық

3. Не білдік

VIІ. Үйге тапсырма: §44 оқу. Әр оқушы эссе жазып келу.

Мұғалімнің оқушыларды жеке-жеке бағалауы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет