«Топырақтар географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет1/16
Дата17.04.2016
өлшемі3.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеті

Жаратылыс ғылымдар факультеті

Химия және география кафедрасы

«Топырақтар географиясы» пәнінің

оқу-әдістемелік кешені

2 курс мамандығы 5В011600 - География»

студенттері үшін

Семей қ., 2014 ж.

Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы:_____ «02»_____09___2014ж Г.К.Рахимова, аға оқытушы, химия және география кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия және география» кафедрасы отырысында


« 02 » 09 2014ж., №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Д.Р. Онтагарова
2.2 Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


«____03____» _______09_______2014 г., №1 хаттама
Төрайымы _____________________З.В.Абдишева
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«____11____» _____09_____2014 г., №1 хаттама

ОӘК төрайымы __________ Г.К. Искакова


4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны

б.


  1. Пән бойынша глоссарий 12

  2. Дәрістердің қысқаша конспектері 17

  3. Практикалық сабақтарды өткізудін әдістемелік нұсқаулары 92

  4. СӨЖ әдістемелік нұсқаулары 129

  5. Бақылау-өлшегіш әдістері 130

    1. Тесттер 130

    2. Емтихан сұрақтары 140


«Топырақтар географиясы»

  1. Пән бойынша глоссарий

Адамның өндірістік әрекеті – топырақ қасиеттері мен тәртібтерінің өзгерістерін шақырушы, табиғи топырақ түзілу әсерімен салыстырғанда тез жүретін, адамның топыраққа және топырақ түзілу процессінің дамуының қоршаған орта жағдайларының кешеңіне саналық, бағытталған әсер ету факторы.

Альбедо – топырақ бетімен шағыстырылған қысқа толқынды күн радиациясының мөлшері.

Атмосфералық климат – метеорологиялық элементтердің орташа немесе шеткі көрсеткіштерімен (температура, шашыңдар, ауа ылғалдылығы және т.б.) сипатталатын және тәуліктік, мерзімдік, жылдық өзгерістердің ауытқұлары туралы мәлімет беретін жергілікті (жер шары, құрлық, мемлекет, облыс, аудан және б.) атмосфераның орташа жағдайы.

Автоморфтық топырақтар – беткі сулардың бос ағысы жағдайында, грунт суларының терең орналасуында (6 м терең) тегіс бетінде және баурайларда қалыптасады.

Ауа өткізгіштігі – өзі арқылы ауаны өткізу топырақ қабілеттілігі.

Ауа режимі – ауаның топыраққа түсуі, топырақ кескінінде қозғалуы, топырақтың қатты, сұйық және тірі фазасымен әрекеттесуінде құрамынын және физикалық жағдайының өзгерістері, топырақ ауасы мен атмосфералық ауасының арасындағы газ алмасуы құбылыстарының бірлестігі.

Ауа сыйымдылығы – топырақтағы ауа мөлшері, көлемдік пайыз бірлігімен көрсетіледі.

Байланысқан су – топырақтың қатты бөлшектерінің бетінде бу тәрізді және сұйық судың сорбция жолымен пайда болған су. Оның мықты байланысқан және бос байланысқан түрлерін ажыратады.

Биологиялық желге мұжылу (үгілу) – ағзарадың және олардың тірішілік өнімдерінің әсерінен тау жыңыстары мен минералдардың механикалық бұзылуы және химиялық өзгерістері. Жыңыстардан ағзалар, топырақ қалыптасуына жағдай жасап, өзінің деңесін құруға қажетті минералдық заттарды алады және оларды жыңыстың беткі горизонттарында жинақтайды.

Бірінші реттік топырақ түзілу процессі – қарапайым ағзалардың (бактериалар мен балдырлар) тау жыңысына әсерімен анықталады.

Бос су – топырақ бөлшектерімен тартылу күшпен байланыспаған және өсімдіктерге жеткілікті. Оның капиллярлық және гравитациялық формаларын ажыратады.

Гидроморфтық топырақтар - беткі сулардың ұзақ тұрып қалуында немесе грунт сулары 3 м терең емес орналасқанда қалыптасады.

Гумин – гумус сығылмайтын бөлігі, 2 типті қосылыстардан тұрады: сазды минералдармен тығыз байланысты (сазды гумусты гумин) және анатомиялық құрылысы жойылған, негізінен лигниннен тұратын жартылай шіріген өсімдік қалдықтары (детриттік гумин).

Гумин қышқылдары - минералдық және органикалық қышқылдарда ерімейтін гумус қосылыстарының тобы. Жоғары молекулалық массасы жоғары, көміртек мөлшері жоғары, қышқыл сипаты төмен. Қара, қоңыр топырақтарда, кейбір сұр топырақтарда және жақсы мәдениеттелген күлгін топырақтарда басымды болады.

Гумус – ағзалардың анатомиялық құрылысы толық жойылған, топырақтың органикалық затының негізгі бөлігі. Құрамындағы заттар 2 топқа бөлінеді: арнайы органикалық қосылыстар, арнайсыз органикалық қосылыстар.

Диффузия – парциалдық қысыммен сәйкес газдардың қозғалуы.

Жаратылыс радиоактивтілік – топырақтарда және топырақ түзуші жыңыстарда жаратылыс радиоактивтік элементтердің мөлшерімен шақырылады.

Жартылай гидроморфтық топырақтар – беткі сулардың уақытша тұрып қалуында немесе грунт сулары 3-6 м тереңдікте орналасқанда қалыптасады.

Жасанды радиоактивтілік – атомдық термоядролық жарылыстардың нәтижесінде, атомдық өндірісінің қалдықтары түрінде немесе атомдық кәсіпорындарында авариялардың нәтижесінде пайда болатын радиоактивтік изотоптардың топыраққа түсуімен қамтамасыз етіледі.

Желге мұжылу (үгілу) – атмосфера, гидросфера және биосфера әсерінен тау жыңыстары мен олрадың құрайтын минералдардың сандық және сапалық өзгерістерінің күрделі және түрлі процесстерінің бірлестігі.

Желге мұжылу (үгілу) қыртысы – желге мұжылу (үгілу) процессі жүретін тау жыңыстарының горизонттары. Екі зонаға бөлінеді: беткі немесе қазіргі кездегі және тереңдік немесе көне. Топырақ түзілу процессі жүретін қазіргі үгілу қыртысының қалындығы бір неше см 2-10 м-ге дейін ауытқыйды.

Жылу өткізгіштігі – топырақтың жылуды өткізу қабілеті.

Жылу режимі – жылудың түсу, тасымалдану, аккумуляция және беру құбылыстарының бірлестігі.

Жылуды сіңіру қабілеттілігі – топырақтың күннің сәулелі энергиясын сіңіру қабілеті.

Жылу сыйымдылығы – топырақтың жылуды сіңіру қабілеті.

Зоналдық топырақтар – биоклиматтық зона үшін топырақ түзілу жағдайларымен сипатты автономдық ландшафтарда кең таралған топырақтар (қара, күрең, құба топырақтары).

Интразоналдық топырақтар – зона ішінде шекті таралған және ерекше жағдайлардың әсерінен дамуы жүретін топырақтардың типтері (шалғын топырағы,сортаңдар, кебірлер).

Катиондық алмасу сыйымдылығы – теріс зарядталған балшықтардың катиондарды алмасу сіңіруге қабілеті; топырақпен алмасу жағдайында ұсталатын катиондардың максималды мөлшері. Өлшем бірлігі м-экв./100 г зат.

Кларк – литосферада және топырақтарда бөлек элементтердің орташа мөлшері.

Макрорельеф – үлкен аймақтың жалпы көрінісін анықтайтын жер бедерінің ең ірі формалары: жазық, үстірт, тау жүйелері. Оның пайда болуы жер қыртысындағы тектоникалық құбылыстарға байланысты.

Магмалық (атылған) жыңыстар - силикатты балқыдан (магмадан) пайда болған, жер қыртысының тереңдігінде (тереңдік жыңыстар - интрузивтік) немесе Жер бетіне құйылған магмадан (құйылған жыңыстар - эффузивтік), құрылысы кристаллдық (граниттер, пегматиттер, дуниттер және т.б.). литосфераның құрамында 95 %, бірақ топырақ түзуші болып негізінен тек таулы облыстарда болады.

Мезорельеф – орташа мөлшерлі жер бедерінің формалары: құлама етектер, төбелер, алқаптар, қойнаулар, террасалар және олардың элементтері – жазық участкілер, түрлі тік баурайлар. Оның пайда болуын негізінен құрлық бөлек участкілерінің баяу көтерілу мен түсуі көп әсер етуші экзогендік геологиялық процесстер анықтайды.

Метаморфиялық жыңыстар - екінші реттік массивты-кристалдық жыңыстар, жер қойнауында магмалық немесе шөгіндік жыңыстардан терең өзгерістер нәтижесінде пайда болған (тақта тастар, гнейстер). Топырақ түзілуде мәні аз.

Микрорельеф – алаңы кішкентай (бір неше кв.дм-ден бір неше жүздік кв.м-ге дейін) жер бедерінің кіші формалары, салыстырмалы биіктігі 1 м шекарасында ауытқыйды (төмендеген орындар, төбешіктер, түсіп екетулер). Жер бедерінің тегіс бетінде төмендеп кету құбылыстарынан, мұздық деформацияларынан және басқа себептен пайда болады.

Су балансы – судын топыраққа түсуі мен топырақтан шығуының сипаты.

Су көтергіш қабілеті – капиллярлық күштердің есебінен топырақта болатын ылғалдылықты жоғарыға көтергізу қабілеті.

Су өткізгіштігі – суды сіңіру және өткізу топырақтың қасиеті.

Су режимі – топыраққа ылғалдылықтың түсуі, судың қозғалуы, топырақ горизонттарында ұсталуы және топырақтан шығуы құбылыстарының бірлестігі.

Суды ұстағыш қабілеті – суды сорбциялық және капиллярлық күштерімен ұстау топырақтың қасиеті.

Толық су сыйымдылығы – барлық саңылаулардың толық сумен толуында топыраққа сиятын судың ең жоғары мөлшері.

Топырақ ауасы – судан бос топырақ саңылауларын толтырған газдар мен ұшпа органикалық қосылыстарының қоспасы. Топырақта топырақ ауасының 3 жағдайы кездеседі: бос, адсорбцияланған, ерітілген.

Топырақ (педосфера) – 1) литосфераның маңызды компоненттерінің бірі (жалпы геологиялық және ерекше экологиялық жоспарында); 2) құнарлығы бар ерекше табиғи-тарихи деңе және құрлықта тіршілік өнделуінің айналымдық сипатын қамтамасыз ететін полифункционалды табиғи жүйе; 3) өзара қамтамасыз етілген тепе-теңдіктердің күрделі жүйесінің алғысынан химиялық элементтердің массаалмасу ғаламдық айналымдық процесстерін реттейтін планетарлық механизм; 4) өзара тығыз байланыста болатын 4 фазадан тұратын көп фаздық полидисперсті жүйе; 5) биосфераның басқа жүйелерімен үзіліссіз өзара әрекеттесуде болатын ашық динамикалық жүйе.

Топырақ-биоклиматтық немесе топырақ-биотермиялық белдеулері – жер шарын қоршайтын, еңдік белдеулер түрінде орналасқан климаттың термиялық топтарының анықталған өсімдік және топырақтар типтері.

Топырақ режимі – көп жылдық мәліметтерден шығарылған негізгі топырақ параметрлердің (температураның, ылғалдылықтың, аэрацияның, топырақ ауасы мен топырақ жамылғысының химиялық құрамының) заңдылық өзгерістері.

Топырақ сіңіру кешені – сіңіру процессіне қатысушы топырақ компоненттерінің бірлестігі.

Топырақ температурасы – жылу тәртібінің негізгі көрсеткіш, күн радиациясының келуімен және топырақтың өзінің жылу қасиеттерімен анықталады.

Топырақ түзілу процессі – топырақтың күрделі жүйелі қалыптасу кезеңдерінің ауысуы: тау жыңыстар минералдарының және топырақтың айналуы (трансформациясы), топырақта органикалық қалдықтардың жиналуы және жүйелі трансформациясы, органо-минералдық қосылыстардың күрделі жүйесінің пайда болуымен минералдық және органикалық заттардың әрекеттесуі, топырақтың беткі бөлігінде биофилдық элементтердің, біріншіден қорек элементтердің, жинақталуы (аккумуляциясы), топырақ кескінінде және оның беті бойынша су ағысымен топырақ түзуші өнімдерінің тасымалдануы (миграциясы).

Топырақ түзуші жыңыстар – топырақтың аналық негізі, оған өзінің механикалық, минералогиялық және химиялық құрамын, физикалық, химиялық, физика-химиялық қасиеттерін береді, олар болашақта топырақ түзілу процессінің әсерінен әр түрлі дәрежеде біртіндеп өзгереді.
Топырақ эволюциясы – топырақтағы оның пайда болуының басынан (ноль кезі) қазіргі күнге дейін барлық өзгерістердің бірлестігі.

Топырақтың абсолюттық жасы – топырақтың қалыптасуы басынан қазіргі уақыттқа дейін өтілген жасы.

Топырақтың буферлық қасиеті – топырақ ерітіндісінің концентрациясының өзгеруі қарсы келу топырақтың қабілеті.

Топырақтың құнарлығытопырақтың сапалық қасиеті, оны тау жыңысынан ажырататын, табиғи топырақ түзілу процессінің дамуымен және ауыл шаруашылық пайдалануда мәдениеттену процессімен анықталады. Оның түрлері: жаратылыс, жасанды, қарқынды немесе экономикалық, потенциалдық.

Топырақтың құрамындағы фазалар – қатты (минералдық және органикалық бөлшектер); сұйық (топырақ ерітіндісі); газдық (топырақ ауасы); тірі (топырақ ағзалары).

Топырақтың қышқылдығы – топырақтың құрамында қышқылдардың болуымен және гидролитикалық қышқыл тұздардыығыстыруда пайда болатын алмасу сутек иондарының және катиондардың болуымен көрсетілген топырақ немесе тұздар ерітіндісін қышқылдату қабілеті.

Топырақтың механикалық элементтері – мөлшері әр түрлі бөлшектерден тұратын топырақ және топырақ түзуші жыңыстардың қатты фазасы. Топырақтың механикалық элементтері пайда болуына байланысты минералдық, органикалық және органо-минералдық бөлшектер болады.

Топырақтың механикалық анализы – механикалық элементтерді саналық анықтау.

Топырақтың механикалық элементтерінің жіктелуі – бөлшектерді мөлшері бойынша фракцияларға топтау. Н.А. Качинский бойынша келесі фракцияларды бөледі: 1 мм кіші бөлшектер майда үлбір деп аталады, 1 мм ірі бөлшекте топырақтың қанқасы деп аталады, > 3мм – тастар, 1-3 мм – қиыршық тас, 0,05-1 мм – құмды фракция, 0,001-0,05 мм – шаңды фракция, <0,001 мм – тұңба.

Топырақтың радиоактивтілігі – топырақта радиоактивтік элементтердің мөлшерімен анықталады. Екі түрін ажыратады: жаратылыс және жасанды.

Топырақтың сілітілігі – актуалдық және потенциалдық болады. Актуалдық – топырақ ерітіндісінде немесе су сығысында гидролиттік сілтілік тұздармен анықталады. Потенциалдық – алмасу Na+ анықталады.

Топырақтың сіңіру қабілеттілігі – топрықтардың ерітілген жағдайдағы қосылыстарды немесе олардың бөліктерін, минералдық және органикалық заттардың коллоидты-шашыраңқы бөлшектерін, тірі микроағзаларды және ірі суспензияларды ұстап тұру қабілеті. Оның түрлері: механикалық, физикалық, физика-химиялық, химиялық, биологиялық.

Топырақтың сорбциялық сыйымдылығы – топырақпен сіңірілуіне қабілетті заттың максималды мөлшері.

Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимі – топырақ түзілудін жылдық айналымында топырақ кесіндісіндегі тотығу-тотықсыздану процесстерінің ара қатысы.

Топырақтың шартты жасы – топырақ түзілу процессінің жылдамдығы, топырақ дамуының бір сатысының келесі сатысына ауысу жылдамдығы.

Физикалық желге мұжылу (үгілу) – химиялық құрамының өзгеріссіз тау жыңыстары мен минералдардың механикалық бөлінуі.

Фульвоқышқылдар – гумус қосылыстарының ең ерігіш тобы, жоғары жылжымалы, молекулалық массасы салыстырмалы төмен, көміртек мөлшері төмен гумус заттарының басқа топтарымен салыстырғанда. Қышқыл қасиеттері шартты жақсы көрсетілген және комплекс- пен хелат түзілуіне жеңіл түседі. Түсі ақшыл. Топырақтардың күлгін типтерінде, қызыл топырақтарда, кейбір тропиктік және сұр майда топырақтарда кездеседі.

Химиялық желге мұжылу (үгілу) – жаңа минералдар мен қосылыстарының түзілуімен көрсетілген тау жыңыстары мен минералдардың химиялық өзгерістері және бұзылуы.

Химиялық құрамы – минералдық, органикалық және органо-минералдық заттардың бірлестігі.

Шөгіндік жыңыстар – массивты-кристаллдық жыңыстардың немесе тірі ағза қалдықтарының үгілу өнімдерінің шөгінділері. Сынық, химиялық тұңба және биогендік болып бөлінеді. Химиялық және биогендік пайда болған шөгіндік жыңыстардың арасында топырақ түзілуінде маңызды болатын – карбонатты шөгінділер (ақ тас, мергель, доломит, бор).

Ылғалдану коэффициенті – шашыңдар мөлшері мен олардың ылғалдануы арасында ара қатысының көрсеткіші.

  1. Дәрістердің қысқаша конспектері

1. Тақырыбы: «Топырақтану - топырақ туралы ғылым. Топырақ түзілу процесі.»

Дәрістің мақсаты: келесі білімдерді игеру: топырақтар географиясы түсінігі, курстың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары, топырақтану және басқа ғылымдармен байланысы; топырақ зерттеулерінің тарихы; Қазақстандағы топырақтанудың дамуы; топырақ түсінігі; топырақ түзілу факторлары; топырақ түзілу процесінің түсінігі.

Негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны:

  1. Топырақтану және топырақ географиясы ғылымдары.

  2. Курстың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары және басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Топырақ зерттеулерінің тарихы.

  4. Қазақстандағы топырақтанудың дамуы.

  5. Топырақ - биосфераның экологиялық қуысы.

  6. Топырақ түзілу факторлары.

  7. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары.

  8. Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері.

  9. Топырақ түзілу процесі, оның түсінігі.

  10. Үгілу, оның түрлері.

  11. Топырақ профилінің қалыптасуы.

  1. Топырақтану және топырақ географиясы ғылымдары.

Топырақтану – фундаменталды теориялық ғылыми пәндердің бірі, ол студенттерге топырақ – барлық биосфераның негізгі экологиялық қоймасы, оның табиғаты, қасиеттері және қоршаған ортамен байланысы туралы білім береді. Топырақ негізгі биокостық табиғи деңе. Ол геологиялық және биологиялық деңелермен тығыз байланыста. Топырақтану – топырақтардың пайда болуы, құрамы, қасиеттері және функциялары, оларды қорғау және тиімді пайдалану жолдары туралы ғылым. Топырақ ландшафтың өнімі және элементі ретінде жер шарының табиғаты дамуында маңызды орта болып табылады. Зат пен энергия арасында боисферамен және оның компоненттермен тұрақты алмасу жағдайында болып, топырақ жамылғысы планетада тіршілік дамуына қажетті барлық сфералар арасында қалыптасқан тепе-теңдіктің орыны басылмас жағдайы. Құнарлық қасиетіне байланысты топырақ өндірістің негізігі тәсілі. Сондықтан оны зерттеу географ - мамандары үшін өте маңызды.

Топырақ географиясы топырақты тұйық кеңестік пайда болуын және таралуын зерттейді.

  1. Курстың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары және басқа ғылымдармен байланысы.

Пәнді оқыту мақсаттары:

- топырақ – Жердің тірі қабаты, табиғи деңе ретінде, оның құрамы, қасиеттері, функциялары, пайда болуы, эволюциясы туралы негізгі білімдерді қалыптастыру;

- топырақ түзілу процессін зерттеу, оның жер бетінде көрсетілуі, топырақ түзілуге экофакторларының әсері;

- топырақтың табиғатта және адамның шаруашылық әрекетінде ролін, топырақ ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын зерттеу.

Курстың мақсаты мен міндеттері:

Топырақтар географиясын оқу нәтижесінде 1) білу керек:

- топырақтың адам өмірінде маңызын және биосферада ролін;

- топырақтың биоалуандылықты сақтауда маңызын;

- топырақтардың жер бетінде зоналдық таралуының заңдылықтарын және оның табиғи зоналдылықпен байланысын;

- топырақ түзілу процессін, топырақтың қасиеттерін және оларға экофакторлардың әсерін;

- топырақ құнарлығын, оның категорияларын, элементтерін және жер пайдалануда өзгерістерін;

- топырақ ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану жолдарын;

2) істей білу:

- алынған білімдерді практикада қолдану және топырақ-экологиялық зерттеу әдістерін пайдалану;

3) алу керек:

- топырақтар географиясы бойынша зертханалық-аналитикалық жұмыстарды жүргізуде теориялық және практикалық істеулерді.

Топырақтар географиясы топырақтанудың негізгі бағыттарының бірі және ол топырақтанудың басқа бағыттарымен байланысты болады. Топырақтанудың негізгі бағыттары:


  • топырақтардың қалыптасуы мен дамуы (топырақтар генезисы) туралы ілім;

  • топырақ жамылғысының тұйық кеңестік пайда болуы және оның қоршаған ортамен байланысы туралы ілім (топырақтар географиясы және экологиясы);

  • топырақ пен топырақ жамылғысының құнарлығы және оны агротехникалық және мелиоративті әдістермен реттеу принциптері туралы ілім;

Топырақтанудың фундаменталдық бағыттары:

  • топырақ массасының қасиеттері бойынша (топрықтар физикасы, топырақтар химиясы, топырақтар биологиясы және т.б.);

Топырақтанудың қолданбалы бағыттары:

- топырақтың және топырақ жамылғысының пайдалану формалары бойынша (агрономиялық, ормандық және мелиоративтік);

Топырақтар географиясының білімдері және басқа топырақтану салаларының материалдары топырақтарды картаға түсіру үшін, олардың құнарлығын сипаттау және кешеңдік бағалау, мемлекеттің біріңғай жер кадастрін құрастыру және математикалық банктерді жинақтау үшін негізгі бөлім болады.

ТОПЫРАҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫМЕН байланысты ғылымдар: геология, топырақтану, топырақтар экологиясы, геоморфология, биогеография, гидрология, метеорология климатология негіздерімен, құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД физикалық география.



3. Топырақ зерттеулерінің тарихы:

- антикалық кезеңі (егіншілермен жинақталған топырақ туралы білімдердің алғашқы қорытындысы). Мысалы: көне грек философтарының Аристотель және Теофраст шығармаларында топырақтардың өте жақсы, жақсы, құнарлы, қолайлы, кедей, құнарсыз болып бөлінуін кездестіреміз.

- XVIII ғ. аяғында - XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Европада топырақ туралы 2 көрініс пайда болды: агрогеологиялық және агримәденихимиялық (Агрогеологиялық бағытты жақтаушылар Фаллу, Берендт, Рихтгофен және б. топырақты үгілу әсерінен тығыз тау жыңыстарынан пайда болатын бос тау жыңысы ретінде қарастырады. Өсімдіктер қорек элементтерін, үглу барысында босайтын, тартып алуда пассивтік роль атқарады. Агримәденихимиялық бағыты Таер, Либих және т.б. еңбектерімен байланысты. Осы бағыттың өкілдері топырақты – қорек элементтерінің көзі ретінде қарастырды. Таер гумус теориясының авторы: өсімдіктер топырақтан органикалық затпен қоректенеді. Либих бойынша: топырақ – табиғи деңе, одан өсімдіктер минералдық қорек заттарын сіңіреді.).

- 1725 ж. Ресейде Ғылымдар Академиясы ашылды және орыс ғалымдарымен топырақтардың алғашқы зерттеулері басталды. М.В. Ломоносов бойынша: топырақтың дамуы уақыт бойында өсімдіктер мен тау жыңыстарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүреді. Ғылымдар Академиясымен мемлекеттің табиғи жағдайларын зерттеу мақсатымен экспедициялар ұйымдастырылды, олар Ресей кең территориясының жер байлықтары және ауыл шаруашылығы туралы алғашқы материалдарды берді.

- ғылыми генетикалық топырақтану немесе Докучаев кезеңі:

А) XIX ғ. екінші жартысында - жаратылыс тарихи немесе генетикалық топырақтануды құрастырушы В.В. Докучаев. В.В. Докучаев топырақтың - өздік табиғи деңе, оның қалыптасуы 5 табиғи топырақ түзуші факторлардың (климат, жер бедері, өсімдік және жануарлар әлемә, топырақ түзуші жыңыстар, мемлекеттің жасы) өзара әрекетесуінің күрделі процессі. Топырақ уақыт бойында және кеңістікте үзіліссіз өзгеруде («Русский чернозем», 1883). В.В. Докучаевтың ұсынысы бойынша, табиғаттың бөлек факторлары мен құбылыстарын ғана емес, олардың арасындағы заңдылық байланыстарды зерттеу қажет («К учению о зонах природы», 1899). В.В. Докучаев Солтүстік жарты шарының топырақтарының жіктелуі схемасын өндеді және 5 әлемдік географиялық зоналарды (бореалдық, тайгалық, қара топырақтар, аэральдық, латериттік) бөлді, әр біреуі анықталған топырақтар дамуымен, үгілу процесстерімен, грунтпен, климат жағдайларымен, өсімдік, фауна сипатымен, жер бедерімен көрсетіледі. В.В. Докучаев топырақтың зерттеу әдістерін өндеді, топырақтанудын негізін құрады, топырақ түзілудін көптеген заңдылықтарын дәлелдеді және топырақтар қарқынды құнарлығын жоғарлату практикалық шараларын ұсынды. В.В. Докучаев көп еңбектердің авторы (225 баспа еңбегін қалтырды), олардың арасында негізгілер: «Русский чернозем» (1883), «К учению о зонах природы» (1899), «Материалы к оценке земель Нижегородской губернии» (1884-1886), «Материалы к оценке земель Полтавской губернии» (1889-1894), «Наши степи прежде и теперь» (1892) және т.б.

В) XIX ғ. аяғы - В.В. Докучаевтың шәкірттерінің арасында Н.М. Сибирцев ерекше бөлінеді, ол топырақтанудың бірінші оқулығының авторы, В.В. Докучаевтың топырақ туралы ілімінің негізін дамытушы және жүйеге келтіруші, топырақ анықтамасын дәлелдеді, бірінші жоспарға климат және жер бедерінің түрлі жағдайында өсімдік пен тау жыңыстарының өзара әрекеттесуін көрсетті, топырақ түзуші факторларын биотикалық және абиотикалық топтарына бөлді. Ол топырақтар жіктелуіне маңызды ескертулерді еңгізді, топырақтардың зональдылық, интразональдылық және азональдылық бөлуін дәлелдеді, «топырақ жыңысы» түсінігін ұсынды және В.В. Докучаевтың құрғақшылықпен күресу жұмыстарын жалғастырды. В.В. Докучаевтың мектебінің дамуының жалғастырушылардың арасында П.А. Костычевпен топырақтар зерттеуі өткізілді. Ол агрономиялық топырақтанудын негізін қалаушы, топырақ пайда болуын өсімдік тіршілігімен байланыстырды және топырақты «өсімдік тамырларының негізгі массасы жететін жердің беткі қабатының тереңдігімен анықтады». П.А. Костычев топырақ құнарлығында суға тұрақтылық құрылыстың және топырақ пайда болуында гумустың ролін көрсетті. Ол агротехника жолдарын топырақ қасиеттерімен және климат жағдайларының ерекшеліктерімен тығыз байланыстырды.



- XX ғ. басы – орыс топырақтану дамуындағы жаңа кезеңі: кең масштабта докучаев әдістерінің қолдануымен топырақтардың зерттеулері өткізіледі (Л.И. Прасолов, К.Д. Глинка, С.С. Неуструев, Б.Б. Полынов, Н.А. Димо, П.С. Коссович және т.б.). Зерттеулердің ерекшелігі: топырақ генезисы тұжырымдамасына, топырақтардың жіктелуі мен номенклатурасына аймақтық қарастар. К.Д. Глинкамен тау жыңыстарының үгілуі, топырақтардың генезисы, географиясы және жіктелуі бойынша бір қатар қайталмас жұмыстар жасалған, топырақтану бойынша фундаменталдық оқулығы (1908) жазылды, В.В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының ұйымдастырушыларының бірі. П.С. Коссович – топырақтардың физикалық, химиялық, агрохимиялық қасиеттерінің зерттеудің негізін салушы. өзінің еңбектерінде «Основы учения о почве» (1911), «Курс почвоведения» (1903), «Почвообразовательные процессы как основа генетической почвенной классификации» (1910) топырақтар туралы мәліметтерді жүйеледі және топырақ түзілу, топырақтардың жіктелуі мен эволюциясы туралы сурақтар қарастырылды.

- советтік кезеңі: Ұлы Октябрьдық социалистік революциясы жаңа кезеңнің басталуын анықтады. Жинақталаған материалдардың және зерттеулердің жетекшілігін ССРБ ҒА құрылған В.В. Докучаев атындағы Топырақтану институты басқарды. Кезеңнің жетістіктері: жаратылыстық ғылымдар арасында топырақтанудын маңызын көрсетіп ССРБ ғылымдар Академиясында арнайы кафедра ашылды және 1927 ж. К.Д. Глинка алғашқы академик-топырақтанушы болып таяғандалды. 1927-1930 жж. арасында Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда, Украинада және Белоруссияда топырақ зерттеулері кең жүргізіле басталды. К.Д. Глинка басқаруымен топырақ карталары құрастырылды және топырақтардың физикасы, химиясы, биологиясы, генезисы туралы ілімі, географиясы мен каторграфиясы дамыды. К.К. Гедройц топырақтың сіңіру қабілеттілігі туралы ілімді құрастырды. Советтік кезеңнің негізгі жетістіктері:

  • топырақ-биоклиматтық белдеулер және әлемдік облыстары туралы, топырақ зоналары, фациялары және провинциялары туралы биоклиматтық негізінде жалпы топырақ-географиялық ілімнің өнделуі, ол әлемдік топырақ ресурстарының есеп базасы болады (Л.И. Прасолов, И.П. Герасимов және т.б.);

  • В.И. Вернадскийдің биогеохимиялық ойларының негізінде үгілу қыртысы және ландшафтар геохимиясы туралы жалпы ілімнің өнделуі, топырақ жамылғысының эволюциясын зерттеуде және пайдалы қазбалардың территориясын мелиоративтік бағасын берумен іздестіруде өте маңызды (Б.Б. Полынов, В.А. Ковда және т.б.);

  • Өсімдіктерді қоректендіру және тыңайтқыштарды қолдануда ірі теориялық жетістіктер, агрохимия мектебінің болашақ дамуына маңызды (Д.Н. Прянишников);

  • Топырақтың органикалық заттарының зертеулерін, агрофизикалық және мелиоративтік зерттеулерін, топырақтың физика-химиялық және химиялық қасиеттерінің зерттеулерін өткізуінде генетикалық және топырақ-агрономиялық зерттеулердің дамуы (И.В. Тюрин, И.С. Кауричев, Н.А. Качинский, А.Н. Соколовский және т.б.);

  • Топырақтардың біріңғай жіктелуі мен диагностикасын, топырақтарды картаға түсіруін, топырақ құрылысының зертеулерін, бонитировка принциптері мен әдістерін, экономикалық бағалауын жетілдіру (И.П. Герасимов, Н.Н. Розов, В.М. Фридланд және т.б.);

  • Ресей мен бірлестік республикаларының топырақиарының зерттеулерін дамыту және монографиялық қорытындылардың шығуы;

  • Субтропикалық және тропикалық белдеулердегі топырақтардың зерттеуіне советтік топырақтанушылардың кең қатысуы және монографияларды шығару (М.А. Глазовская және т.б.);

  • Топырақтардың орыс атаулары халықаралық қолдануын алды.

4. Қазақстандағы топырақтанудың дамуы.

Алғаш рет Казакстан топырактары туралы араб окымыстылары Ибн-Хардадбах, Ибн-Хаукаль, Ибн-Русте және баскалардың еңбектерінде X ғасырда айтыла бастады. Олар сор топырактар және саздар Сырдарья езенінің (Отырар маңайында) аңғарында кездесетінін көpceттi. Петр I және Екатерина II заманындағы экспедицияға катысушылардан, П.И. Рычковтан (1762), П.С. Палластан (1770), И.П. Фалькіден (1770-1771) және басқалардан өте кеңейтілген және нақты ғылыми мәліметтер түскен. И.И. Лепехин (1795), С.Г. Гмелин (1806), Э.А. Эверсман (1840), Ш.Уәлиханов (1855), П.П. Семенов-Тяньшанский (1855-1857), К.М. Беер (1856), Ф. Рупрехт (1866), Г.И. Танфильев (1902) және басқалар, топырақ-өсімдік жамылғысының зона бойынша таралатынын атап көpceттi, топырактардьң кейбір ерекшеліктерін сипаттады, жекеленген өлкелерді аудандастыруға әрекет жасады, мысалы Каспий ойпатының маңы (Борщов, 1865).

Ш.Ш. Уәлиханов Балқаш маңайындағы сор топырактарға, сор­таң сусыз Семей өлкесінің даласына, Тянь-Шань тауы бөктерінің жер өндеу ерекшеліктеріне, ол жердегі қазақ дихандарының өз егін алқаптарына "суды ағыны жылдам өзендерден, арықтар арқылы шығаратынына, тары мен бидай" егетініне көңіл бөлген.

1861 ж. Э.А. Эверсман Орал қазақ жасақтары территориясының (Батыс Қазақстан) алғашкы сызбалық топырақ картасын жасады, онда қаратопырақ, сортаңдар, жайылма топырақтары және т.б. керсетілген. Ф.Ю. Левинсон-Лессинг (1890) "Қыргыз даласының топырақтары жайлы ескертпелерінде" Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінің топырақтарына қысқаша сипаттама берді. Кейінрек А.Я. Гордягин (1894-1899) Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі (Петропавлдан Көкшетауға дейін) топырақ-ботаникалық зерттеулер нәтижесінде қаратопырақтын орманды және дала зоналарын, зона тармақтарын, оларға тән кебірлер және сұр орман топырақтарын бөліп көрсетті. 1902 ж. Г.И. Танфильев Epтic етегіндегі жазықты аралап қаратопырақты, күрең топырақты, сортаң және сорды сипаттады.

XX ғасырдың басында Ci6ip және Ташкент темір жолы салынғаннан кейін, Қазақстанның табиғи ресурстарына қызығушылық ұлғайып, кең алқаптарда жан-жақты топырақтық және биологиялық зерттеулер жүргізілді. Бұған себеп, Ресейдің негізгі жер өңдейтін аудандарында құрғакшылыктың жиілеуі мен өнімнің болмауы, соның салдарынан бірнеше рет 1901, 1905 және 1911 жылдары қайталанған аштық болды. Жұтқа ұшыраған орыс шаруаларын Қазақстанның, Орталық Азияның, Сібірдің және Қиыр Шығыстың тың құнарлы жерлеріне қоныстандыруға және ондағы топырақтарды зерттеуге мүмкіндік туды. 1906-1910 жж. Ресейдің орталық аудандарынан бұл аймақтарға 2,5 млн. шаруалар қоныстандырылды.

Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысын жүйелі зерттеу 1907-1916 жж. К.Д. Глинканың басшылығымен қолга алынды. Топырақ зерттеуге Ресейдің белгілі топырақтанушылары С.С. Неструев, А.И. Бессонов, Р.И. Аболин, МИ. Рожанец, Г.М. Тумин, В.И. Искюль, Ф.И. Левченко, Б.А. Скалов, А.И. Хаинский, А. Райкин, Н.Д. Емельянов және т.б. жұмылдырылды.

Топырақ зерттеулері Қазақстанның барлық облыстарының үлкен территорияларын қамтыды және маңызды ғылыми нәтижелер алынды. Экспедиция жұмыстарының нәтижелері бойынша алғаш рет топырақ жамылғысының географиялық таралуының жалпы заңдылықтары айқындалды және топырақ зоналарының шекаралары белгіленіп, топырақтардың нeriзri типтері мен түрлерінің мор­фологиялық және химиялық қасиеттері зерттелді, әлемдік танымға ие болған топырактардың жаңа типтері: сұр, сұр-коңыр топырақтар бөлінді. Зерттеулер бойынша топырақ зоналары және биіктік белдеулерінің құрылымы анықталды, топырақ классификациясының сызбасы белгіленді. Қазақстанның жазық территорияларында солтүстіктен оңтүстікке дәйекті ауысатын келесі топырақ зоналары: қаратопырақ, күрең, құба және сұрқұба зоналар айқындалған еді.

1909-1915 жж. К.Д. Глинка басшылығымен Л.И. Прасолов, А.И. Бессонов, Александровский, С.С. Неуструев Қазақстанның тау жүйелерініңщ негізгі биіктік топырақтық белдеулерін және топырақ типтерін анықтады.

1918-1928 жж. И.В. Ларин, Н.А. Димо, Р.И. Аболин, И.П. Гера­симов, Е.Н. Иванова, Е.В. Лобова, ТФ. Якубов, В.А. Дубянский және басқалар Қазақстанның топырақтарын, өсімдіктерін және топырақтық-ботаникалық аудандарының табиғи-тарихи жағдайларын нақты сипаттады.

XX г. 20-жылдарынан бастап Қазақстандағы топырақ зерттеулері шаруаларды ұжымдастыруға, жергілікті тұрғындарды отырыкшылдыққа көшіруге және шаруашылықтарда жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге байланысты жаңа қарқынға ие болды. Қазақ КСР-ның Жерге орналастыру Халық комиссариатының топырақтар бюросы, Су шаруашылығы басқармасы және Мемлекеттік Жерге орналастыру тресті республиканың әр аудандарында ipi масштабты топырақтық-ботаникалық және агроэкономикалық зерттеулерді іске асырды. Оған қазақстандық жас топырақтанушылар У.У. Успанов, Я.Ф. Дубовник, СП. Матусевич, И.А. Бесполуденов, А.В. Мухля, А.Ф. Большаков, В:М. Боровский, А.Г Гаель, М.С Малюгин, Е.С Останин, В.В. Федоров қатысты. 1935 ж. Қазақ тыңайтқыш және агротопырақтану институты В.Р. Вильямс атындағы Қазақ жерөңдеу институты болып кайта құрылды және мұнда М.А. Глазовская, И.П. Герасимов сияқты белгілі то­пырақтанушылар жұмыс icтеді, кейін ол ҚР ҰҒА топырақтану ин­ституты болып аталды.

Топырақтанушылар ұжымы (В.М. Боровский, М.А. Погребинский, К.Д. Қаражанов, Н.Л. Якупова, Р.Х. Киевская, ТФ. Некрасо­ва, И.К. Асанбаев, К.Ш. Фаизов, СИ. Соколов, СА. Никитин, Ж.У Аханов, Л.И. Пачикина, Н.Т. Колесникова, В.А. Корниенко, Ж.У.Мамытов және т.б.) «Қазақ ССР-ның топырақтары» сериясынан, Республика облыстарының топырақ жамылғысының кешенді сипаттамасына арналған 14 томдық монография басып шығарды, үлкен региондар және табиғи зоналар топырақтары жайлы монографиялық мәліметтер, топырақтар систематикасы мен диагностикасы құрастырылып, мелиорация, эрозия, микробиология, минералогия және басқа мәселелер жөнінде түпкілікті қорытындылар жасалды.

5. Топырақ - биосфераның экологиялық қуысы.

Топырақ (педосфера) – 1) литосфераның маңызды компоненттерінің бірі (жалпы геологиялық және ерекше экологиялық жоспарында); 2) құнарлығы бар ерекше табиғи-тарихи деңе және құрлықта тіршілік өнделуінің айналымдық сипатын қамтамасыз ететін полифункционалды табиғи жүйе; 3) өзара қамтамасыз етілген тепе-теңдіктердің күрделі жүйесінің алғысынан химиялық элементтердің массаалмасу ғаламдық айналымдық процесстерін реттейтін планетарлық механизм; 4) өзара тығыз байланыста болатын 4 фазадан тұратын көп фаздық полидисперсті жүйе; 5) биосфераның басқа жүйелерімен үзіліссіз өзара әрекеттесуде болатын ашық динамикалық жүйе.

6. Топырақ түзілу факторлары.

Топырақ түзілу факторлары туралы ілінің авторы В.В. Докучаев болады, ол топырақты – ерекше табиғи дене, келесі факторлардың тығыз өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады деп анықтады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет