ТӨребай би с



жүктеу 50.81 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі50.81 Kb.
ТӨРЕБАЙ БИ
Сыр бойында Төребай деген шешен, би болған. Би бір күні арнайы адам жұмсап, Оңғар Дырқайұлын, Жиембай Дүзмембет ұлын, Тұрымбет Салқымбайұлын шақыртып алады. Бұлар халықтың атағы елге танымал, бұлбұл жыраулары еді. Оңғар мен Жиембай хат танымайды, ал Тұрымбет арабша шала сауатты кісі еді.

Төребайдың жырауларды шақыртқандағы мәнісі: екі ағайынды туысқан ел болыстық пен ауылнайлыққа таласып, бірін-бірі көрмей араздасқандарына үш жыл болған көрінеді. Арада барымта, ұрыс-жанжал болған. Бұл жай Төребайдай ел ағасын ашындырады. Ол бірнеше барып билік айтса да, әлгілер тоқтамаса керек. Ақыры Төребай би болған жайды үш жырауға баяндайды. Жыраулар би сөзін үнсіз тыңдайды. Айтатын сөзді бір ұйқаспен және бір адам айтқандай етіп үйлестіріп, араздасушыларды бірлікке шақыруы керек. Өлең айту бұларға үлкен сын. Би әдейі сынап отыр. Өнерпаз жыраулардың сөзі ғана бұл жанжалды баса алады. Жыраулардың ең үлкені Оңғар, кішісі Тұрымбет екен, жас та болса сөзге жүйрік, өте елгезек. Сөз басы жасы үлкен Оңғар жырауға тиеді.


О, жақсылар, өтіңдер,

Екі жақты ойланып.

Өмір деген шоп-шолақ,

Ойласаңдар ойға алып.

Біреу жарлы, біреу бай,

Өткен жоқ ешкім бірқалып.

Бақытты біреу, бақытсыз,

Жүрмін деме құр қалып.

Соңына еріп жастықтың,

Өртеңге ойды бұрмалық.

Еркің бар етсең ерлерім,

Атымтайдай мырзалық.

Аз өмірдің ішінде,

Болмашыға таласып,

Ретсіз етпе қызбалық.

Пендеге нелер кездеспес,

Көргеніңнің бәріне

Еткенің мақұл ырзалық.

Ер шаңырақ, ел уық,

Үстемдік етпе сұрланып.

Көп — құдайдың бір аты,

Сыртыңнан сынап жүр халық.

Шөлдететін мезгілсіз,

Жемейік, ерлер, тұз балық,

Әркім кетіп бетімен,

Халықтың ғұрпын бұзбалық.
Жиембай жырау

айтыпты:

Анық болса әділдік,

Ағайын тұрар қорғанып,

Елім теңіз шалқыған,

Жарайды етсем жорғалық.

Қайыршы да күн көрген,

Қолына түрлі дорба алып.

Бастағы бақсаң бақытты,

Жақсы көріп достарың,

Сыртыңнан жүрер қуанып.

Әуелден жанды жаратты,

Бір-біріңе дос етіп,

Дұшпандық етпе ұрланып.

Жамандық жанға ойлама,

Жамандық етсең үлестен,

Жүрерсіңдер құр қалып.

Елемей елдің өсиетін,

Жүрген көп сөніп, бір жанып.

Жұртқа болса сенімің,

Жүрерсің күндей нұрланып.

Өлсең де молаң сайланар,

Халыққа етсең қызмет,

Бар әліңше тырбанып.

Екілік жоқ халықта,

Шындап алса ортаға,

Болмаймыз ба біз ғарып.

Халқым шебер сынауға,

Ержеткізді ата-ана,

Жүрмейік, ойсыз бей парық.

Уақытымыз біткенде,

Өліп кетіп күл болып,

Жатармыз жерде, уа, дарих.

Ерлерім, аз өмірде,

Сыйласып өтші жалғаннан,

Атанбай жұртқа сөзі арық.
Тұрымбет жырау

айтыпты:

Өлмек,тумақ ежелден,

Айтқан сөзім бұл анық.

Өлімнің жайын айттың деп,

Осы отырған аға-інім,

Қалмасын кеулің қабарып.

Қай жерде азар көрмейсің,

Әр істен жүрсең тазарып.

Көңілден аршып шеменді,

Болғаның жақсы таза арық.

Сөйле-сөйле, тіл мен жақ,

Ұшатын құстай қомданып.

Қас жүйріктің белгісі,

Жай шабатын соң қалып.

Бір шұқанақ толмай ма?

Теңселсе теңіз қозғалып.

Неше бір ерлер өткен жоқ,

Артында нұсқа сөз қалып.

Отыратын жандар бар,

Би билігін қызғанып.

Маңайға жан жолай ма,

Отырсаңдар сызданып.

Басыңда бақыт тұрмайды,

Ат пенен атан жетектеп,

Жүрсең де жүйрік жорға алып.

Бір күні ғайып боларсың,

Кеткендей болып жоғалып.

Отырған осы ағайын,

Ақсақалдар құралып,

Келе алмайсың дүниеге,

Екі айналып оралып.

Баста бақыт тұрғанда,

Өрттей жанып қаулалық.

Бассаң қадам ұмытпа,

Есіңде болсын таубалық.

Біткен кезде уақыт,

Халық қазған қаумалап,

Жер ошаққа ауналық. —

дегенде, төрде отырған Төребай би қызып кетіп:

Ой, пәлі! Тұрымбетжан! Мөнтеңдет, бала, мөнтеңдет! Төтеле, бала, төтеле,— деп айқайлап жібереді. Сонда Тұрымбеттің екінші ырғаққа салып айтқаны мынау екен:

Әуреленбе, жігіттер,

Болдырам деп болмасты.

Дүние үшін шатасып,

Егескен жан оңбас-ты.

Ағайыннан жат болсаң,

Ерге бақыт қонбас-ты.

Өкінгенмен өткенге,

Орны оның толмас-ты.

Ренжіскен талайлар,

Қадыры деген зор бақыт,

Естілер, шатпа құр басты.

Ағайын таппай еңіреп,

Ағызбаңдар көз жасты.

Аз ғана күн көрмесе,

Көргенше адам асығар,

Бауырлас пен құрдасты.

Келіңдер, бектер, келіңдер,

Қай пенде алдын болжапты.

Өздеріңе жақсылар,

Ұласып сөзім жалғасты.

Айырылған азып ақымақтың,

Талайы болған албасты.

Қосылған озып көркейіп,

Тойдырған неше қарны ашты.

Біршілікте береке,

Қайда ұшсаң талмас-ты.

Сөйле, тілім, шалықта,

Қолға алып сөзден алмасты.

Кесе бір сөз болмасын,

Қадамыма алғашқы.

Аруақты тербесем,

Оятармын жан-жақты.

Әумиін десең қол жайып,

Сөзім жерде қалмас-ты.

Туысқандар бірлессе,

Демейді ешкім алжасты.

Бауырларың Тұрымбет,

Біршілік тілеп өмірлік,

Қолдарыңа жармасты.—

деп бала жырау атанған Тұрымбет домбырасын тастай беріп, жедел жағалай отырған халықтың қолдарын ала бастағанда, үйге кіре алмай, далада есіктен сығалап тұрғандар лап беріп, ішке ұмтылады. Кім-кімнің қолын алып жатқаны белгісіз, араздасқан туыстар да шұрқырасып көрісіп жатады. Мына сәтті іске қуанған Төребай би жыраулар мен халыққа алғыс айтып, бұлақтай таза сөздердің көзін ашқан, екі туысты татуластырған үш жырауға үш нар мінгізіп, үш жібек шапан жапқан екен.


( Н.Төреқұлов,

М.Қазбеков.

Қазақтың би-



шешендері”,

Алматы:

Жалын”



баспасы,

1993 жыл.)
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 0d44ddbd8452aaad4625711000117ee0 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Место помилования в системе уголовного права




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет