Төрлет жаңа жылым әз Наурызым. Уақыты: 20. 03. 2015ж



жүктеу 69.7 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі69.7 Kb.
Төрлет жаңа жылым әз Наурызым.

Уақыты: 20.03.2015ж.

Бөлме безендірілген .

Жүргізуші:



- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 

Босқа қарап тұрмаңыздар. 

Наурыз тойы басталды 

Көргендер де армандар, 

Көрмегендер де армандар, 

Қызықтан тыс қалмаңдар! 

Жаңарғаны сананың 

Ұмытады мұны кім. 

Ата салтын бабамның 

Алып келіп Ұлыс күн. 

Бір анадан туғандай, 

Бір ұядан ұшқандай, 

Бір аспанның астында, 

Бір дастархан басында, 

Береке-бірлік болсын, - деп 

Көпкөжеден дәм татып, 

Күшейтейік бірлікті. 

Еңбек пенен тірлікті. 

Салт-дәстүрмен жараса, 

Қайта құрып жаңаша, 

Жарыса өнер көрсетіп, 

Той тойлайық тамаша! 



Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

         Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

         Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

         Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

 Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

 

/Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/ Мекен Данагул



 

Қар:


Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

 

Күн:



Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?

 

Қыс:



Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,

Жаздың несі керемет?

 

Күн:



Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет?

 

Қыс:



Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?

Күн:

Жарайды енді жол менікі маған бер.



 Қыс:

Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!

Балалар орындарына отырады.

Бір-бірінің артынан шығып тақпақтарын айтып береді.

Камила:


Гүлім:

Ұлболсын:

Ділназ:

Рустем:


Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, тал егіп, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан.

Осының бірі – тұсау кесер тойы.

 

/Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/:



 

Беліңе қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын,

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын!

 

/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/:



 

Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,

Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,

Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.

 Тәй, тәй, тәй, тәй!

Қаз, қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/

Тойға шашу шашылсын!

Халқымның нұры тасысын!

Шашу шашылады.

Би «Көңіл толқыны» орындайтындар Камила Гүлім Ұлболсын Ділназ

Жұмбақ

* * * * * * 



Шықпайды үйден,
Тоны -— жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.
                                        (Мысық)

 * * * * * *

Басы — тарақ, арты — орақ.
                                           (Қораз)

* * * * * *

Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.
                                          (Шалбар)

 * * * * * *

Тұрса, үйдей,
Жатса, қояндай.
                                         (Ертоқым)

 * * * * * *

Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
                                        (Жұмыртқа)
 

 * * * * * *

Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.
                          (қыс, көктем, жаз, күз)

 * * * * * *

Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
                                         (ыдыс)

* * * * * *  

Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.
                                        (ұршық)

* * * * * *  

Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
                                       (Сандық)

 * * * * * *  

Жүз мүйізібар,
Үстінде киізі бар.
                                       (Киіз үй)

 * * * * * *  

Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....
                                        (домбра)

Ән «Астана» орындайтындар Мекен Данагул

Ойын: «Аударыспақ»

Ойын: «Арқан тартыс»

Ойын: «Соқыр теке»

Түскі сағат 12.00-ді соққанда Наурыздың салтанаты басталады екен.

«Малдар төлдеп, қой қоздап, 

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты, 

Молшылыққа аңыз боп, 

Басталыпты Наурыздан! 

Көгімде күн өрлетіп, 

Төрт түлігін төлдетіп, 

Қаймақ сүтін көлдетіп, 

Ыризық-құтын селдетіп, 

Келді Наурыз – Ұлыс күн! 

Ақ қар кетіп, қыс өтіп, 

Шырайлы шуақ жаз жетіп, 

Шаруаның бұл кенелген 

Күн мейрамы ежелден, 

Құтты болсын, бұл Наурыз! 

Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған. Олай болса дастарханға тақап «Наурыз көжеден » дәм алайық

Жүргізуші:

Ұлыс күні қазан болса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.

 ************/бата тілейді/***************

 

 Ата :



Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат-бәлекет!

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарханың мол болсын!

Абыройың зор болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!


Жүргізуші:

Ал құрметті қонақтар құттықтау сөзді балабақша



меңгерушісі Шегебаева Р Т береміз.

Ән: “ Туған жер ”. 
1. Жайлау гүлге тұнатын, 
Атам, әжем тұратын 
Мен ауылды, мен ауылды сүйемін. 
Мен ауылды, мен ауылды сүйемін. 

2. Көше гүлге тұнатын, 
Папам, мамам тұратын. 
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін. 
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін. 

3. Папам, мамам тұратын, 
Атам, әжем тұратын 
Туған жерді, туған жерді сүйемін. 
Туған жерді, туған жерді сүйемін. 
Сүйемін. 


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет