Төрт түлікке қатысты ұғымдар Төрт түлік пірлері



жүктеу 33.06 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі33.06 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары





Төрт түлікке қатысты ұғымдар
Төрт түлік пірлері
Халқымызда әр малдың иесі, атап айтқанда, пірі болады деген ұғым бар.

Олар: Түйенің пірі – Ойсыл қара.

Жылқының пірі – Қамбар ата (Жылқышы ата)

Сиырдың пірі – Зеңгі баба.

Қойдың пірі – Шопан ата. Ешкінің пірі – Сексек ата.

Ата – бабаларымыз осы пірлерге сиынып, малының көп болып өсіп-өнуін тілеген.

Қазақ халқында малды топтап бағады.

Топ атаулары : Түйенің тобы – келе.

Жылқының тобы – үйір.

Сиырдың тобы – табын.

Қойдың тобы – отар.

М а л д ы к і м б а ғ а д ы ?

Түйені – түйеші.

Жылқыны – жылқышы.

Сиырды – бақташы.

Қой мен ешкіні – қойшы (шопан).
Төрт түлік пірлері туралы өлеңдер
Ойсыл қара Қамбар ата
Шаруаның бір пірі – Ойсыл қара, Шаруаның бірі пірі – Жылқышы ата,

Түйені өсір – жарылқап, болсын пана. Тілегенде өзің бер ақтан бата.

Ит-құс, пәле індеттен аман сақтап, Үйір – үйір жылқыны шұрқыратып,

Топ – топ қылып боталат аруана. Ойдан – қырдан армансыз әкеп мата


Зеңгі баба Шопан ата
Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба, Малды берсең, қойды бер,

Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама. Ұлды берсең, бойлы бер.

Кең өріске шұбыртып өзің бағып, Жұртқа ақыл салғандай,

Кешке жақын қораға әкеп қама. Ақылы ортақ ойлы бер.




Сексек ата


Қойды көсем бастайын,

Өткелден үркіп, саспайтын.

Қарағай мүйіз серкелі,

Шүйке жалды, желкелі,

Сексек ата баласы:

Ешкі бассын үйіңді,

Ешкі басса үйіңді

Кешке бассын үйіңді.


Жан – жануарлар төлінің атаулары
түйе – бота жылқы – құлын сиыр, қодас – бұзау қой – қозы

қойөгіз – қодық таутеке, ешкі – лақ есек – қодық құлан – қодық

арқар – қозықа киік – құралай бұғы – бұғышақ қоян – көжек

аю – қонжық доңыз – торай қасқыр – бөлтірік ит – күшік

мысық – соқыр аққу – көгілдір марал – лақ тауық – шіби, шөже

жолбарыс – шөнжік қаз, үйрек – балапан түлкі – жаутаң, мыршай


Жан – жануарлар қалай дыбыстайды


Түйе боздайды.

Жылқы, құлан кісінейді.

Айғыр арқырайды.

Сиыр, қодас, бұғы мөңірейді.

Бұқа күжілдейді, өкіреді.

Қой, ешкі, киік, арқар маңырайды.

Қошқар мекіренеді.

Теке бақылдайды.

Есек ақырады.

Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды, қыңсылайды.

Күшік шәуілдейді, қыңсылайды.

Доңыз қорсылдайды.

Арыстан ақырады.

Жолбарыс, піл күркірейді.

Аю өкіреді, ақырады.

Мысық мияулайды, пырылдайды.

Тышқан шиқылдайды.

Бүркіт шаңқылдайды.

Сұңқар саңқылдайды.

Аққу сұңқылдайды.

Қаз қаңқылдайды.

Торғай шырылдайды.

Қарлығаш шықылдайды.

Сауысқан шықылықтайды.

Тауық қыт-қыттайды.

Әтеш шақырады.

Жапалақ барқылдайды.




ЖҰМБАҚТАР
Күні бойы тынбайды, Қанаты бар, Паналайды үңгірді,

Дәмді тағам жинайды. Қауырсыны жоқ. Іздемейді тасаны.

(Бал арасы) (Жарқанат) (Аю)
Өзі жуас, өзі момын, Ызындап ән салып, Мүйізінен таралған,

Бір шешпейді тонын. Лас жерге қонады. Жанға шипа дәрі алған

(Қой) (Шыбын) (Марал)

Өзі ала, сұр, Таңдайлары тақылдап,

Тілінің ұшында уы бар. Шулайтын кім шалшықта.

Ол не ? Бірін-бірі мақұлдап ?

(Жылан) (Бақа)
Есек емес, Тастан – тасқа секіреді

Жылқы емес. Қалқиып қос құлағы,

Екеуінің ұқсастығы Ойын болып көкірегі,

Береді тұрқы елес. Аула оның тұрағы.

(Құлан) (Лақ)
Ызыңдап ән салады, Ат басты,

Жұп – жұқа қанаты. Бөрі кеуделі,

Тәттіге тамсанып, Бөкен санды.

Қоқысқа қонады. (Шегіртке)



(Шыбын)

Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет