Тоқтар зікірин ізденіс іздері сайрап жатыр



жүктеу 49.69 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі49.69 Kb.
: files -> user
user -> Гүлмира Темірова
user -> «Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> «Менің Kcell» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2013 жылдың 1-31 желтоксан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
user -> Тезисы по докладу руководителя Управления Росприроднадзора по Республике Марий Эл
user -> Он алтысында от кешкен
user -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
user -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Тоқтар ЗІКІРИН
Ізденіс іздері сайрап жатыр
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын шын ықыласпен тыңдады. Өйткені, онда республикамыздың әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тұжырымдамада отандық ғылымға айрықша көңіл аударылып, зор үміт артылып отырғаны оларды осынау жауапты істе ғылыми ізденістерге жігерлендіреді. Ел Президенті Үкіметке ғылымды қаржыландыруды бүтіндей елдің инновациялық қуатын көтеруге бағытталған нақтылы жұмыстары мен жаңалықтары үшін  кезең - кезеңімен арттыруды тапсырды.

Елбасы міндеттеген индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға біздің университеттің ғылыми кадрлық қуаты жеткілікті. Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу және жаңашаландыру арқылы бәсекеге қабілетті ғылыми жұмыс жүргізуге, еліміздің және Қазақстанның солтүстік өңірінің индустриялық - инновациялық стратегиясын жүзеге асыруға, жоғары білім берудің сапасын арттыруға бағытталады. Ғылыми зерттеулер еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша жүргізіледі. Университетте құрамына 7 ғылыми орталық және 12 ғылыми-зерттеу зертханасы енетін кең ауқымды ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы жұмыс істейді. Олар әдеттегі оқу-танымдық зерттеу жұмыстарынан басқа, астрофизика және Жерді қашықтықтан байқау (ЖҚБ), ақпараттық технологиялар, машина механикасы мен роботтық техникалар, жоғары молекулярлық қосылыстар химиясы, өсімдіктер өнімдері негізіндегі дәрілік заттар, электр үнемдеуші технология және қуат экологиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу зерттеулерін де жүргізеді. Үш жылға берілетін мемлекеттік гранттар арқылы қаржыландырылатын 15 инновациялық жоба бойынша жұмыс биыл да жалғасуда. Оған өткен екі жылда 244,7 миллион теңге қаржы бөлініп, толық игерілді, – дейді университеттің ғылыми жұмыс пен сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Лаура Қайыржанова.

Сондай-ақ проректордың айтуынша, университетте жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір жерде жинақтап, олардың үнемі назарда болуы үшін оқу орнының 10-шы корпусының 5-ші қабатында ғылыми-технологиялық парк ашылған. Яғни, оқу орнындағы барлық ғылыми ізденістер сол жерде тоғысады деген сөз. Университеттегі 54 патент иесінің барлығы дерлік осы паркпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өздерінің ғылыми ізденістерін жетілдіріп, грант берілетін инновациялық жобаларға енуге күш салады. Ал, олардың арасында өндіріске тиімді, назар аударарлық ғылыми жаңалықтар аз емес. Оған бір ғана мысал келтірер болсақ, ғылыми қызметкер Қыдырма Тоқмұрзин жолға төселетін қиыршық тас пен битумның жабысуын жақсартатын “ПЭЛАРМ” реагентіне патент алған, ал оны жол құрылысы ұйымдары өндіріске енгізер болса, ұтылмасы анық.

Университеттегі ғылыми зерттеулерге профессорлық - оқытушылық құрам, қатардағы қызметкерлер, магистранттар мен студенттер, барлығы 270-тен астам адам қатысады. Соның ішінде ғылымға бет бұрғандардың 60 пайызын жастар құрайтыны қуантады. Олар осызаманғы жоғары технологиялық тың ізденістерге бейім. Оқу орнында ғылымға ынта қою студенттер арасында да белең алуда, оған дәлел – 59 студенттік ғылыми қоғамның жұмыс істеп отырғаны. Міне, осылардың бәрі қосыла келгенде зор ғылыми әлеуетке ие болары анық. Мұндай жағдайда жақсы индустриялықинновациялық жобалардың тумауы мүмкін емес.

Грант алған жобаларымыз биыл да қаржыландырылып, зерттеу жұмыстары жалғасатын болса, олардан айтарлықтай нәтижелер күтуге болады. Олардың ішінде Сергей Сартиннің Жерді қашықтықтан бақылау қондырғысы мен Қайрат Көшековтің көлбеу астық қоймасы жобалары өндірістің қажеттілігін өтеуге біртабан жақын тұр. Биыл тәжірибелік үлгісі сынақтан сәтті өтсе, оларды тиісті салалардың пайдаланылуына ұсынуға болады. Ал жалпы жоғарыда аталған жобалардың үштен бірі университеттің астрофизикалық зерттеулер орталығында жүзеге асырылуда. Осы жылдар ішінде зерттеулер ауқымы кеңи түсті, соған сәйкес қаржыландыру да артып отыр, – дейді Лаура Советқызы.

Сонымен бірге зерттеу үдерістерінің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріле түсуде. Мысалы, былтыр осызаманғы тамаша құрал – көпмақсатты ұшқышсыз ұшақ аппаратын сатып алдық, ол жоғары өнімі кластер буданы десе болады, онда жинақы фотометрлік кешен, интерактивті интерфейс геопорталы орнатылған. Олар биіктен жердегі зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Сергей Сартиннің Жерді ғарыштан қашықтан бақылау зерттеулеріне Берлиннің техникалық университеті мен Штернберг атындағы мемлекеттік академиялық институты қызығушылық танытуда. Бүгінде олармен бірлесе зерттеу жүргізу ұсынысын қарастырудамыз. Ал Қайрат Көшековтің көлбеу астық қоймалары жобасының қазірде сыйымдылығы 5 мың тонналық сынақ-тәжірибелік үлгісі жасалуда. Ондағы өзекті жаңалық – астық сақтауда элеватордың бұрынғыдай тік емес, көлбеу технологиясын енгізу болып табылады. Ол, әсіресе, майлы және бұршақты дақылдарды сақтауға қолайлы. Дақылдың тегіс жайма элеваторда сақталуы оны езіліп-жаншылудан қорғайды. Аз қуат жұмсалады, желдетіп, кептіріп отыру да жеңіл. Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін қазіргі дәстүрлі элеваторлардан көп артықшылығы бар. Әрине, біз оны әлі де болса дәлелдеп, іске асыруға тырысамыз. Жалпы біздегі қайсы инновациялық жобаны алсақ та, көңіл аударлықтай жаңалықтарымен көзге түседі. Олардың республикалық деңгейде танылып, гранттар алып отырғаны сондықтан, – дейді проректор.

Университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры айтса айтқандай, білім ордасында жүргізіліп жатқан ғылыми-ізденіс жұмыстары ұшан-теңіз. Онымен профессорлардан бастап, студенттерге дейін айналысады. Көптеген инновациялық жобалар мен патенттердің иесі атанып отырғандары да сондықтан. Оқу орнының біз әңгіме етіп отырған инновациялық жобаларының екеуі іргелі, ал қалғандары қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. Онда жоғарыда аты аталғандардан басқа, Виктор Ивель, Тимур Зверяченко, Марианна Лежнева, Андрей Солодовник, Зарқын Тайшыбай, Дінмұхаммед Шайкин, Алексей Репнев және Юлия Герасимова сияқты ғалымдар сан саланы қамтитын жұмыс істеп жүр.

Жаңа ғылыми міндеттерді жүзеге асыру үшін ғылыми орталықтар құру жұмысы жүріп жатыр. Олар: “Судың аймақтық орталығы”, “Жерді қашықтықтан байқаудың аймақтық орталығы”, “Роботтық техника, микроэлектроника және қуат экологиясының аймақтық инженерлік зертханасы”, “Рекреациялық әрекет пен туризм орталығы”. Осы жобалардың бірқатары жақын арада облыстың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізіледі.

Ғылымның өндіріске тигізер ықпалын арттыру мақсатында университет облыстың “Мұнаймаш” АҚ, “ПАМЖ зауыты” АҚ, “С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ, “ЗИКСТО” АҚ, “Көпсалалы құрал-жабдықтар зауыты” АҚ, “Ремплазма” АҚ, “Изолит” АҚ, “Петропавл құбыр зауыты” ЖШС, “Ауыл шаруашылығы техникалары зауыты” ЖШС сияқты ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық байланыста жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге жоғары оқу орны проректорының әңгімесінен университеттің шетелдік серіктестері қатарында Ресейдің байланыс және автоматтандыру ғылыми-зерттеу институты, “Промтехэкспорт” ЖШҚ, “Вагоны” FЖЕО және “ХИМПЭК” Урал холдинг компаниялары барын білдік. Оқу орны 2 халықаралық консорциум, 7 халықаралық қауымдастыққа қатысушы, Ресей, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Түркия, ОАР, Швеция сияқты алыс, жақын шетелдердің 60-тан астам халықаралық ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан.


// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 1 наурыз



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет