Төтенше жағдайлар департаменті Қр тжм шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп


Сонымен қатар Департаменттің суда құтқару қызметі мамандарын дайындау күшейтілген тәртіпте өтті



бет3/5
Дата17.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5

Сонымен қатар Департаменттің суда құтқару қызметі мамандарын дайындау күшейтілген тәртіпте өтті.

ҚР ТЖ Министрінің 2009 жылғы 11 маусымдағы №131 бұйрығымен бекітілген Орталық аппаратта, ведомстволарда, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты мекемелерде кәсіби оқытуды ұйымдастыру ережелеріне және ШҚО ТЖ департаменті бастығының 2012 жылғы 01 қазандағы «ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД және оған бағынысты мекемелер қызметкерлерінің кәсіби оқуын өткізу туралы» №148 бұйрығына және Суда құтқару қызметі бастығының 2012 жылғы 02 қазандағы «2012-2013 жылдары Суда құтқару қызметі қызметкерлерінің кәсіби оқуын өткізу туралы» № 92 бұйрығына сәйкес кәсіби оқыту басқару аппаратында және құтқару станцияларында оқу және тақырыптық жоспарларға сәйкес өткізілді. 2011-2012 жылдардағы кәсіби оқу нәтижелері туралы ШҚО ТЖД-ға 20.06.2012 жылғы шығыс № 23-15-40-02/212 ақпарат жіберілді.

Сүңгуірлік құрамның бастапқы даярлықтан өтуі Суда құтқару қызметінің курстарында жүргізіледі. Есеп беру мерзімінде сүңгуірлік жұмыстарға мамандандырудың III тобындағы 3-сыныпты 7 сүңгуірі даярланды. ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес құтқару станцияларының сүңгуірлік жұмыстарға мамандандырудың III тобындағы 1,2 сыныбына біліктілік сыныптарын жоғарылату курстары өткізілді (8 адам 1-сыныпқа, 9 адам 2-сыныпқа).

ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі «Тәлімгерлік белгілеу туралы» № 62-ө бұйрығына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, ведомстволарында, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелеріндегі тәлімгерлік туралы ережеге сәйкес жаңадан қабылданған қызметкерлерге (мамандарға – 9 адам) тәжірибелі тәлімгерлер бекітілді. Тағылымдамадан өту мерзімі бір жыл.

Суда құтқару қызметі басқару аппаратының жедел дайындығы мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ТЖ жағдайында «Орталық және жергілікті атқару органдарының, кәсіпорындар мен мекемелердің, олардың күштері мен құралдарының көктемгі мерзімдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы» 15-16 наурызда, 2012 жылғы 16 қазанда «Қатты аяздар, боран және қарлы борандар жағдайларындағы әрекеттер», 2012 жылғы 18 қазанда «Террорлық актілер қаупі төнген және туындаған жағдайдағы және олардың салдарын жою кезіндегі басқару органдарының, бөлімдердің, бөлімшелердің әрекеттері», 2012 жылғы 25 қазанда «Жер сілкіну туындау қаупі кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбындағы командалық-штабтық оқуларына қатысылды.

Құтқару станцияларының бастықтарымен және қалалар мен аудандардың оқу және алдын алу жұмыстары бойынша әдіскерлерімен ШҚО суқоймаларында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын-семинар ұйымдастырылып, өткізілді (15-16 наурыз).

ТЖ және АҚ саласындағы басшылық құрамның біліктілігін жоғарылатудың республикалық курстарында 2 қызметкер оқытудан өтті.

Кәсіби деңгейді жақсарту мақсатында 2012 жылғы наурызда, қырүйекте Алматы қ. «Республикалық азаматтық қорғаныс оқу-әдістемелік орталығында» Суда құтқару қызметінің басқару аппаратының екі қызметкері курстан өтті.

Жыл мезгіліне сәйкес ҚС жеке құрамымен жедел дайындықты арттыру үшін «Құтқару станциясында қызметті ұйымдастыру», «Суда адамдар өмірін қорғау» және «Мұзда адамдар өмірін қорғау» курстық тапсырмаларын орындау жаттығулары жүйелі түрде өткізілді.

«Ертіс» көліктік бақылау инспекциясының жоспарына сәйкес 2012 жылғы наурыздан бастап шілдеге дейін Суда құтқару қызметі қызметкерлері қатарынан 49 кеме жүргізуші даярланып, белгіленген үлгідегі сертификаттар алды.

2012 жылы 14 маусымда ШҚМУ базасында 2012 жылғы 4 мамырдағы селекторлық кеңестің балаларды жүзуге үйрету туралы хаттамасын орындауда суда құтқару қызметкерлері қатарынан жүзу бойынша нұсқаушыларды дайындау бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Жүзу бойынша барлығы 9 нұсқаушы даярланды.

2012 жылғы шілдеде ҚР ТЖМ нұсқауларына сәйкес, ШҚО Денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп, Орталық құтқару станциясы базасында СҚҚ қызметкерлері үшін ТЖ кезінде зардап шегушілерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша 6 күндік курстар өткізілді. Барлығы 15 парамедик дайындалды. Осындай курстарды бұдан әрі өткізу жоспарлануда.

ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің командасы 2012 жылғы 20 тамыздан бастап 23 тамызға дейін республикалық суда құтқару көпсайыстары бойынша «Нептун-2012» жарыстарына қатысып, жалпы командалық есепте 1-орын алды, ҚР ТЖМ Министрінің кубогымен, грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы ақпарат БАҚ-қа ұсынылды, бұл ШҚО ТЖД СҚҚ оң беделінің тұрғындар арасындағы өсуіне әсер етті.

Маневрлік-іздестіру топтары қысылтаяң жағдайлардағы жұмысқа дайын. Автокөлік техникасы, жүзу, құтқару құралдары, сүңгуірлік жарақтар оңдалған қалыпта ұсталуда. Жүйелі түрде балық ауланатын, адамдар демалатын қауіпті суайдындарда торуылдау жүргізіледі.

ШҚО ТЖД құтқару бөлімшелерімен барлығы 7442 шығу жасалған, ТЖ жою бойынша жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 742 адам, оның ішінде 195 бала құтқарылған. ТЖ аймағынан 11639 адам көшірілді.

Бүгінгі таңда ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінің күштер мен құралдар тобын жеке құрамның 2556 адамы және 588 бірлік техникасы құрайды. Техника 100% жауынгерлік дайындықта, ал бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік киім-кешекпен және жарақтармен қамтамасыз етілген

ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ және ШҚО ТЖД СҚҚ құтқарушылары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жыл сайынғы аттестациядан өтті. ШҚО ТЖД кинологиялық қызметтеріне аттестация жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін мыналар жоспарланып, өткізілді:

кәсіптік дайындық бойынша сабақтар (ай сайын):

штабтық жаттығулар -7;

5 кешенді тексеру және 5 КШОЖ өткізілді.

2 РКШОЖ , 1 – РКШЖ қатыстық.

Жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау мен қайта даярлау ШҚО ТЖД оқу орталығында және Семей қалалық ТЖБ насихат, дайындау мен халықты оқыту бөлімінде жүзеге асырылды. Оқыту бойынша жұмыс 2011 жылғы 13 желтоқсанда облыс әкімі бекіткен «ШҚО ТЖ департаментінің тыңдаушыларын жинақтау жоспары», «ШҚО-дағы 2012 жылға арналған оқу-жаттығулар мен жаттығулар жоспары» бойынша өткізілді.

Биылғы жылғы жинақтау жоспары 101 % орындалды, оқытылғандардың 53 % облыс орталығына және 47 % Семей қалалық ТЖ басқармасының насихат, дайындау мен оқыту бөліміне ( ХНД ж ОБ) тиесілі.




ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстандағы аумақтық бөлімшелерінде басшылық құрамнан 1499 адам оқытылды. Басшылық құрамды оқыту АҚ құралымдары жеке құрамының, өндірістік персоналдың ТЖ кезіндегі іс-қимылдарының практикалық машықтары мен оқыту әдістемесін жетілдіру, мемлекеттің экономикалық әлеуетін сақтау үшін жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстанның оқыту орталықтарында оқытылғандардың жалпы санының ішіндегі басшылық құрам үлесінің өсу үрдісі байқалады.




- басшы құрамы


Өскемен, Риддер қалаларын, Абай және Көкпекті аудандарын басшылық құрамды оқытуда оңды жағынан атап өтуге болады. АҚ мен ТЖ бойынша Риддерде қаланың барлық қызмет бастықтары оқытудан өткізілген. Абай ауданының өкілдері облыстық оқу орталығында жоспарланған барлық санаттар бойынша оқытудан өткізілді. Көкпекті ауданынан сабақтарға барлық дерлік селолық округтердің әкімдері келді.

Басшылық құрамды оқытудың нәтижелері туралы облыстық ТЖК төрағасына жүйелі түрде ақпарат беріліп отырады.

Облыс әкімі 2011 жылғы 13-желтоқсанда бекіткен 2012 жылға арналған оқу-жаттығулар мен жаттығулар жоспары 101% орындалды. Облыста барлығы мұндай 5406 іс-шара өткізіліп, оларға 229341-ден астам адам қатысты, оның ішінде (жоспар/нақтысы) :

- Кешенді оқу-жаттығулар – 41/41;

- Командалық-штабтық оқу-жаттығулар – 625/617;

- Объектілік жаттығулар – 469/472;

- Тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар - 347/348;

- Сейсмикалық жаттығулар – 1492/1498;

- Сел жаттығулары – 310/311;

- Апаттық жағдайлар бойынша жаттығулар – 1759/1733.

2012 жылдың өткен кезеңінде «ЖМКА» МКҚК, «№1 қалалық аурухана» МКҚК, медициналық қызметте, «ШҚО әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Қалалықгаз қалалық газбен жабдықтау» ЖШС, «ҚТЖ АҚ» АҚ ШҚ жол бөлімшесінің көлік қызметінде Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы тексерілді, оларда «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7-мамырдағы Заңының, «ҚР мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңының сақталуы тексерілді.

ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғаныстың республикалық оқу-әдіскерлік орталығында» 79 адам оқытылды. Оқуға бұған қосымша 21 адам жіберілді, олар «мемлекеттік тапсырыстан тыс» деген санатқа кіргізілді.
2012 жылдың 12 айында АҚРОӘО-да басшылық құрамды оқыту


АҚ іс-шараларының орындалуын бақылау бөлімі 28.12.2010 жылы жарияланған Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру бетінің формаларын бекіту туралы № 238 бұйрыққа сәйкес 2012 жылы мынадай тексерулер жүргізуді жоспарлаған болатын: бірінші жартыжылдықта - 63 субъекті, екінші жартыжылдықта -38 субъекті. 2012 жылы 77 субъектіде АҚ іс-шараларының орындалуы тексерілді.Оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері - 47, мемлекеттік мекемелер - 30. Оның ішінде тәуекелдің жоғары деңгейіндегісі-25, тәуекелдің орта деңгейіндегісі -34, тәуекелдің болымсыз деңгейіндегісі - 18. Тексеру беттерінің негізінде тәуекелдің жоғары деңгейіне - 1 субъект, орта деңгейіне - 7, болымсыз деңгейіне 40 бақылаудағы субъект ауыстырылды.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамағаны үшін 11 лауазымды тұлға 105170 теңге айып салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Азия Авто» АҚ электр байланысындағы, сымдық хабар таратудағы (радиоретрансляциялық желілер), радиохабарын тарату мен теледидарындағы Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары келісілді.

АҚ туралы ҚР Заңына сәйкес 4 жұмыс жобасының АҚ инженерлік-техникалық іс-шаралары қаралды және келісілді:



  1. Зайсан ауданындағы Жеменей өзеніндегі бөгет торабын жаңғырту.

  2. Өскемен қаласындағы автомобиль құрастыру зауыты;

  3. Тарбағатай ауданындағы Базар өзеніндегі бөгет гидроторабын

жаңғырту.

  1. Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын салу жобасы.

Жедел мәліметтер табельдері толық ауқымда толтырылды. Оқу-жаттығуларды өткізу барысында басшылық штабы барлығы 2330 баяндама мен мәліметті қабылдап, өңдеуден өткізді. Оқу-жаттығуларды өткізу барысында іс-шараларды орындау жөнінен қойылған міндеттерді АҚ және ТЖ барлық қызметтері орындап шықты.

Орталықтандырылған хабарландырудың автоматтандырылған жүйесінің мүмкіндігін кеңейту және жұмыс қалпында ұстау мәселелері ұдайы бақылауда тұрды.

Облыстың хабарландыру жүйелерінің тиімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электр сиреналарды кәсіпорындарға бекіту жүргізілді, Астана қаласының тәжірибесі бойынша сиреналарды және автоматы түрде қосылмайтын сиреналар үшін қолмен қосу бойынша нұсқаулықтар әзірленді. Өскемен қ. «Павиан» электрондық сиреналарды орналастыру бойынша жобалық жұмыстар жүргізулуде.

Барлық командаларды берумен хабарландыру жүйелеріне 39 техникалық тексерулер жүргізілді. Хабарлау жүйесінің техникалық құралдарының жай-күйін тексеру мақсатымен 113 теледидар арнасы қамтылды. Дербес компьютерден диктофонға дабылдарды беру арқылы теле және радиоарналарды қамту сұлбалары әзірленді.

Сонымен қатар Алтел «Далаком» және Кселл ТОО «GSM Казахстан ОАО «Казахтелеком» ұялы байланыс операторларымен СМС жіберу арқылы ТЖ қаупі туралы облыс халқын хабардар ету бойынша келісім жасалды. Қарлы борандар мен аяздарға байланысты хабарлама жолдау желтоқсан айында өтті.

Ақпараттық –талдау жұмысы, желілер мен деректер банктерінің дамуы

Барлық оқиға жағдайлары туралы шұғыл ақпараттарды жинау ұйымдастырылды.

Белгіленген мерзімде-апта сайын өңделген ақпараттар белгіленген нысан бойынша Дағдарыс орталығына жіберіледі. Сонымен қатар, Департаменттің басқарушы құрамы үшін апта сайын шұғыл ақпараттар әзірленеді, оған ТЖ бойынша көрсеткіштерді енгізіледі, былтырғы жылмен салыстыра отырып, сондай-ақ өрттер және оның салдары бойынша жинақ кесте әзірленеді.

Барлық құрылымдық бөлімшелерден жиналған шұғыл ақпараттарды жинау негізінде ай сайын өрттер бойынша талдау, ТЖ оқиғалары бойынша талдау осы кезеңде қажетті іс-шараларды көрсете отырып, жіберіледі.

Бүгінгі таңда ШҚО ТЖД-да мониторинг және бағдарлау жүйесі «Төтенше жағдайлардың туындауы және алдын алу және де жою кезінде ақпараттық алмасуды жетілдіру және үйлестіру туралы шарт» жасалған және олардың қызметтерінің спецификасына сәйкес мемлекеттік мекемелермен және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесуде ұйымдастырылған.

Маусымдылықты есепке ала отырып келіп түскен мәліметтер негізінде төтенше жағдайлардың негізгі көздеріне тәулік сайын бақылау жүргізіледі. Бірнеше жыл қатарынан облыс әкімдігі қолдауының арқасында облыс аумағында табиғи аймақтардағы өрттерге және қардың еруіне мониторинг жүргізу ғарыштық мониторинг көмегімен автоматтандырылған режимде жүргізілетіндігін атап өткен жөн. 2011 жылдан бастап Өскемен қаласында экологиялық жағдайлардың автоматтандырылған мониторингі ұйымдастырылған. Келіп түскен ақпарат өнделеді және басқару шешімдерді қабылдаудың негізі болып табылады.

Мемлекеттік басқару органдарын, ұйымдарды, тұрғындарды шұғыл ақпараттандыру мақсатында туындаған ТЖ, олардың туындау қаупі бойынша ақпарат тәулік бойы 98 аккредиттелген БАҚ-қа, ақпараттық агенттіктерге, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына жіберіледі.

Ақпараттық-талдау жұмысын жетілдіру мақсатында мына 4 бұйрықтар әзірленді және енгізілді: ақпараттық карточкаларды толтыру мен өту туралы, ҚР ТЖМ-ға ақпараттарды ұсыну туралы, ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге жауаптылар тағайындау туралы, жұмысты жоспарлаубойынша жұмыстобын құру туралы.

Бөлімшелермен жұмыс жоспарын орындалуына мониторинг жүйесі ұйымдастырылған. Тоқсан сайын құрылымдық және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекелермен белгіленген нысан бойынша есептер ұсынылады, олардың негізінде ШҚО ТЖД жұмысы туралы есеп дайындалады.

Аталған жұмыс бойынша тәжірибелік көмек көрсету үшін аудандық бөлімшелерге жұмыс жоспарын әзірлеу, ақпараттық-анықтамалық кәртішкелерді толтыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Бөлім қызметкерлері 1 бөлімшеге тәжірибелік көмек көрсетіп, тақырыптық тексеру жүргізді.

Тоқсандық кеңестердің аясында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу мәселесі бойынша бөлімшелердің бастықтарымен 3 семинарлық сабақтар өткізілді.

ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД веб-порталын, облыс әкімінің сайтын аналитикалық және есептік материалдарымен толтыру бойынша бақылау жүзеге асырылады.

Бөлімде Департамент қызметінің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді көрсете отырып, аналитикалық материалдарды әзірлеуге қатысты ұдайы жұмыс жүргізіледі. 2012 жыл кезеңінде бөлім қызметкерлерімен қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша 15 аналитикалық шолу әзірленді.

ҚР ТЖМ Алқасы, Ведомствоаралық комиссия, түрлі деңгейдегі селекторлық, есептік мәжілістерге басшылықтың қатысуы үшін АТЖБ 28материал дайындалды.

Ақпараттық-талдау жұмысы мәселесі 2012 жылы Департамент бастығы жанындағы Кеңестерде қарастыру үшін енгізілді. Бөліммен дайындалған ақпараттар бойынша 3 кеңесте ақпараттық-талдау жұмысы мәселесі қарастырылды.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жұмысты бақылау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға, ұйымдарға ұсынылған ақпараттар бойынша тоқсан сайынғы жинақ ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 226 ақпарат жолданды.

Осы жұмыстың жүргізулуін бақылау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға, мекемелер мен ұйымдарға ұсынылған ақпараттар бойынша тоқсан сайынғы жинау ұйымдастырылған. Осы жұмысты орындау шеңберінде ақпараттарды ұсыну сапасы, ТЖК жұмысы, АҚ және ТЖ мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдармен аймақтар дамуының стратегиялық жоспарларын орындау бойынша талдау жасалды.

Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 99 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың классификаторын және төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық кәртішкелерінің құрылымын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес туындаған ТЖ Бірыңғай дерекқор базасын кезең-кезеңмен құру мақсатында ТЖ есепке алу кәртішкелерін құру бойынша бұйрық дайындалды. Бүгінгі күні «ӨС ж АҚЖҚ» ММ 66 кәртішке, СҚҚ 7 кәртішке, ШААШҚЖ 1 кәртішке, АМО 1 кәртішке, АМО 1 кәртішкесі тоқсан сайынғы түзетулерімен құрылды. ТЖ бойынша 1930 ақпараттық кәртішке толтырылды.

2012 жылғы мамырда АТЖБ бастығы сертификатты алумен ҚР ТЖМ «АҚ және ТЖ Дағдарыс орталығы» жанындағы біліктілікті арттыру курстарынан қайта дайындықтан өтті. 2012 жылғы 21 қыркүйектен бастап 29 қыркүйекке дейінгі кезеңде бөлім бастығы Беларус Республикасында тағылымдамадан өтті, ал 24қыркүйектен бастап 9 өазанға дейінгі кезеңде бөлімнің бас маманы КТИ-да тағылымдамадан өтті.

Бөлімнің бас маманы А.В. Терентьев ҚР ТЖМ КАКЖ бағдарламасын енгізуге дайындау бойынша сарапшы болып тағайындалды.

2-тарау. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған іс-шаралар
ТЖ бойынша облыстық комиссия отырысы

ТЖОК отырыстарына құжаттар дайындалды және келесі мәселелер бойынша комиссия отырыстарына қатысты:



18 ақпан:

1. 2011-2012 жж. жылу беру маусымының өту барысы туралы, проблемалық мәселелер мен оларды шешудің жолдары.

2. Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы.

3. 2011-2012 жж. қысқы кезеңге облыстың автомобиль жолдарының жағдайы туралы.



13 наурыз:

1. Жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен ТЖ алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың жағдайы мен қабылданған шаралар туралы.

2. АҚ және ТЖ мәселелері бойынша халық арасында кең ауқымды үгіт-насихат жүргізу туралы.

17 ақпан:

1. 2012 жылдың өрт қауіпті кезеңінде орман дала өрттердің алдын алу мен жою бойынша шаралар туралы.



2012 жылғы 30 мамыр:

1. ШҚО аумағында ғимараттар мен құрылыстардың сейсмокүшейту бойынша қабылданған шаралар туралы.

2. Облыс суайдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен суға түсу маусымына дайындық.

2012 жылғы 24 қазан:

1. 2012-2013 жылдардың қысқы мерзіміне тіршілік қамтамасыз ету нысандарын, сондай-ақ автожолдарды дайындау.

2. ЖАО-мен азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды дайындау туралы.

3.Өзендердің арналарын нығайту, тазалау бойынша іс-шараларды дайындау туралы.



2012 жылғы 26 желтоқсанда келесі күн тәртібімен ТЖОК 6 (жоспардан тыс) отырысы өткізу жоспарлануда:

1. Көшкін қаупі туралы.

2. ШҚО хабарландыру жүйесінің жағдайы туралы.

3. Глубокое ауданының Белоусовка кентіндегі апаттық жағдайдағы үйлердегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы.



ШҚО ТЖД бастығы жанындағы кеңес отырысы

2012 жылы ШҚО ТЖД бастығы жанындағы кеңестің 4 отырысы (бұдан әрі-кеңес) өткізілген. Кеңес отырыстарында ШҚО ТЖД 2012 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қаралды. Өткізілген отырыс нәтижесі бойынша Кеңес шешімдерімен, хаттамалар дайындалып, орындауға және жұмыста басшылыққа алу үшін ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жіберілді. Сондай-ақ хаттама Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау үшін ШҚО ТЖД ішкі бақылау бөліміне жолданды.

ҚР ТЖ министрімен 2012 жылғы 30 маусымдағы № 290 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департамент жанындағы кеңес туралы Ережесінің 12, 13 тармақтарына сәйкес ШҚО ТЖД бастығы жанындағы кеңестің 2013 жылға арналған жұмыс жоспарын жасау үшін 2012 жылдың қазан-қараша айларында Кеңес мүшелерінен, құқрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларынан ұсыныстар жиналды. Кеңестің 2013 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы дайындалды және Кеңес орынбасарына бекітуге жолданды.
Техникалық кеңестің отырысы

Соңы өліммен аяқталған өндірістік жарақат алу жағдайлары мен кешенді тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 16 техникалық кеңестері өткізілді: «Востокцветмет» ӨБ Ертіс кенішінің №1 бұрғылау қондырғысы учаскесінің машинисі К. Т. Ченваевтың қлімі орын алған жазатайым жағдайды арнайы тергеу қорытындысы туралы», «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ЖТКБК жоспарлы кешенді тексеру қрытындысы туралы», ««ӨТМК» АҚ жоспарлы кешенді тексеру қорытындысы тураы» және т.б.

Кәсіпорындар мен құзіретті органдардың басшыларын шақырумен келесі тақырыптарға дөңгелек үстелдер өткізілді: ««Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Востокцветмет» ӨБ бъектілерінде зақымдану және апаттық жағдайларын талдау туралы», «Жарылғыш заттарды пайдалануды реттейтін нормативтік және құқықтық актілеріндегі бірқатар өзгерістер мен толықтырулар туралы», ««Қаражыра ЛТД» жоспарлы тексеру қорытындысы туралы», ЖШС , ««Семей цемент зауыты» ЖШС жоспарлы тексеру қорытындысы туралы», ««Қазмырыш» ЖШС РКБК, «Қазмырыш-Ремсервис» ЖШС РКБК, «Қазмырыш» ЖШС МТЖК ҮО, «Altyntau Vostok» ЖШС жоспарлы тексеру қорытындысы туралы», ««БЦК» АҚ цехтары мен бөлімшелеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына жүргізілген жоспарлы кешенді тексеру қорытындысы туралы».

Семинарлар мен дөңгелек үстелдерді өткізу

Есеп беру кезеңінде Департаменттің құрылымдық мен ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен 34 дөңгелен үстелдер мен семинарлар өткізілді, соның ішінде 26-ы қалалық, аудандық ТЖ басқармалары мен бөлімдерінің базасында:



1. Көкпекті ауданының ТЖБ

- 2012 жылғы 27 наурыз айында Көкпекті ауданының жеке кәсіпкерлерімен «Жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарастыру. Адамдар жаппай жиналатын нысандарда өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелердің сақталуы. Сыбайлас жемқарлықты, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды алдын алу мен олар үшін жауапкершілік» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



2. Катонқарағай ауданының ТЖБ

- 2012 жылғы наурыз айында Катонқарағай ауданының жеке кәсіпкерлерімен «ӨҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік тұрғыда ықпал жасау шаралары. Кандай жағдайларда шағым жасауға болады» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



3. Глубокое ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 20 наурыз айында Глубокое ауданының жеке кәсіпкерлерімен «Сауда нысандарын өрт-техникалық тексеруді жүзегеасыру тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



4. Жарма ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 25 наурыз айында Жарма ауданының жеке кәсіпкерлерімен «Өрт қауіпсіздігі саласында тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысу бойынша мәселелерді талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



5. Бородулиха ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 14 наурыз айында Тавриа ауылдық округінің жеке кәсіпкерлерімен «Жеке кәсіпкерлердің өртке қарсы қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;

6. Зайсан ауданының ТЖБ ( бір тоқсанда 2 дөңгелек үстел)

- 2012 жылғы 1 ақпан айында Зайсан ауданы әкімдігінің «Жеке кәсіпкерлер» ММ-дегі жеке кәсіпкерлермен «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;

- 2012 жылғы 30 наурызда жеке кәсіпкерлермен «ЖҚС-да өрт-техникалық тексерулер жүргізу ережелері туралы, ЖҚС-ға қойылатын талаптар мен тәуекелдердің дәрежесі туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет