Төтенше жағдайлар департаменті Қр тжм шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп



бет4/5
Дата17.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5

7. Беқарағай ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 12 наурыз айында жеке кәсіпкерлермен «Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге негіздер мен мерзімділігі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



8. Абай ауданының ТЖБ

- 2012 жылғы 30 қаңтар айында жеке кәсіпкерлермен «Жеке кәсіпкерлердің өрт қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



9. Курчатов қаласының ТЖБ

- 2012 жылғы 12 наурыз айында жеке кәсіпкерлермен «Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге негіздер мен мерзімділігі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



10. Аягөз ауданының ТЖБ

- 2012 жылғы 5 наурыз айында адамдар жаппай жиналатын орындарда, атап айтқанда жеке кәсіпкерлермен сауда алаңдарында «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және тексерулер жүргізу тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



11. Зырян ауданының ТЖБ

- ТЖБ қызметкерлері дөңгелек үстелдерді өткізудің 2012 жылға арналған жоспарына сәйкес 2012 жылдың наурыз айында жеке кәсіпкерлермен «Дөңгелек үстел» өткізу керек болатын. ТЖБ кәсіпкерлер кәсіподағы төрағасының қолдауы бойынша «Дөңгелек үстел» өткізілмегендігі туралы хат жолдады. Зырян ауданының кәсіпкерлері кәсіподағы төрағасымен келісу бойынша «Дөңгелек үстелді» өткізу 2012 жылдың сәуір айының бірінші онкүндігіне ауыстырылды. Іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша хаттама ШҚО ТЖД ҚҚБ-ға қосымша жолданатын болады».

- 2012 жылғы 13-18 ақпан айында кәсіподақ мүшелері мен кәсіпорын басшыларымен «2012 жылғы 7 сәуірден бастап күшіне енетін өрт қауіпсіздігі ережесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;

12. Cемей қаласының ТЖБ

- 2012 жылғы 28 наурызда Семей қаласының білім беру нысандарының өкілдерімен «Семей қаласының білім беру нысандарын өрт –техникалық тексеру қорытындысы бойынша Семей қаласының ТЖБ МӨББ жұмысы бойынша жасалған талдау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



13. Тарбағатай ауданының ТЖБ

2012 жылғы 13 наурызда жеке кәсіпкерлермен «Сауда нысандарында өрт-техникалық тексеруді жүзеге асыру тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



14. Күршім ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 27 наурызда Күршім ауылдық округінің әкімдігімен «Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру жүргізу кезіндегі өзекті мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



15. Шемонаиха ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 14 наурызда аудан прокуратурасының және аудандық әкімдіктің өкілдерімен «Шемонаиха ауданының шаруашылық жүргізуші субъектілердің және тұрғындар жаппай жиналатын нысандардың, сауда үйлердің және де базарлардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



16. Ұлан ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 26 наурызда Бозанбай ауылдық округінің шағын және орта бизнес өкілдерімен «Өрт қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



17. Үржар ауданының ТЖБ

-2012 жылғы 12 наурызда адамдар жаппай жиналатын орындарда, атап айтқанда сауда орындарында жеке кәсіпкерлермен «Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және тексеру жүргізудің тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



18. Өскемен қаласының ТЖБ, ШҚО ТЖД ҚҚБ мен ШҚО ТЖД МӨББ

- 2012 жылғы наурызда ШҚО ТЖД Өскемен қаласының ТЖБ ШҚО ТЖД ҚҚБ және ШҚО ТЖД МӨББ бірлесіп «ЖҚС өрт-техникалық тексеруді жүзеге асыру тәртібі. Олардың тәуекел дәрежесін анықтау, ЖҚС-ға қойылатын талаптар» тақырыбында «Гелиос» ЖШС, «Sinoil» ЖШС, «Металлинвест» ЖШС өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.



19. ШҚО ТЖД ТЖжӨҚМББ

- ШҚО ТЖД ТЖжӨҚМББ 2012 жылғы ақпан айында «Шығыстүстімет» ӨБ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, ШҚО бойынша ЕжХӘҚМ департаменті, «ТМҚТҒЗО» ЕМК өкілдерінің қатысуымен ««Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Шығыстүстімет» ӨБ объектілерінде зақымдану және апаттық жағдайларын талдау туралы» тақырыбана дөңгелек үстел өткізді;

- ШҚО ТЖД ТЖжӨҚМББ 2012 жылғы 27 ақпанда кәсіпорын мен мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Жарылғыш заттарды пайдалануды реттейтін нормативтік және құқықтық актілеріндегі бірқатар өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді;

22. Тарбағатай ауданының ТЖБ

- 2012 жылдың мамыр айында жеке кәсіпкерлердің қатысуымен "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" атты Қазақстан Республикасның техникалық регламенті» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді;



23. ШҚО ТЖД ҚҚБ

- 2012 жылдың маусым айында ШҚО ТЖД ҚҚБ ШҚО ТЖД Өскемен қаласының ТЖБ бірлесіп сауда нысандары мен шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі ережелеріне 2012 жылы енгізілген өзгертулер аясында Өскемен қ. базарлар мен сауда нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Шаруа қожалығы объектілерін өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзушылықтарды жоюға дейін пайдалануды тоқтату бойынша өндірістік талапты түсіндіру»тақырыбтарына дөңгелек үстел өткізді.

24. ШҚО ТЖД ҚҚБ

- 2012 жылғы қаңтарда ШҚО ТЖД ҚҚБ ШҚО ТЖД Өскемен қаласының ТЖБ бірлесіп шаруа қожалықтарының өкілдерімен «Шаруа қожалықтарының аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



25. Тарбағатай ауданының ТЖБ

- 2012 жылғы қыркүйекте жеке кәсіпкерлермен «Адамдар жаппай жиналатын нысандарда өрт-техникалық тексерулерді жүзеге асыру тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді;



26. Өскемен қаласының ТЖБ

- 2012 жылғы желтоқсанда жеке кәсіпкерлермен «Нарық базарларында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.ТЖ жою департаментінің директоры Д.Д. Сатылғановтың басшылық етуімен ШҚО ТЖД базасында ҚР ТЖМ құтқару бөлімшелерінің басшыларымен семинар-кеңес өткізу ұйымдастырылды, онда олар ШҚО ТЖД қарамағында тұрған құтқару құралдарымен, жауынгерлік техникалармен танысты.Күн тәртібінде құтқару жасақтарының (РШҚЖ), сонымен қатар суда құтқару қызметтерінің (СҚҚ) басшылары өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, оқу орындарын, халықаралық және республикалық жарыстардағы ара қашықтықтарды жетілдіру бойынша. Шұғыл құтқару жасақтары мен суда құтқару қызметінің жұмысын жетілдірудің жолдарына қатысты бірқатар проблемалық сәттер қозғалды. Сондай-ақ қатысушылар ШӨАЖҚЖ, ШҚО ТЖД СҚҚ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына, сонымен қатар Белоусовка кентіндегі әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағына барып қайтты.

Нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаларды жетілдіру

ШҚО ТЖД қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын тексеру нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (бұдан әрі МАЭС) объектілердің өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары бұзушылықтарын жойғанға дейін уақытша тоқтату туралы 180 талап арыз жолданды, 147 талап арыз қанағаттандырылды, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары бұзушылықтары жойылғанына байланысты 1 талап бас тартылды және 2 талап қараусыз қалдырылды, 10 талап арыз сот өндірісінде.

2012 жылы құқықтық қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерімен 17 қызметтік тексеруге қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттарында бөлім қызметкерлерімен 390 сот отырыстарына қатысу болды.

Кәсіби даярлық мектебінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаларға түсінік беруе қатысты 39 сабақ жүргізілді, конспектілер дайындалды.

2012 жылғы наурызда ШҚО ТЖД Өскемен қаласының ТЖБ ШҚО ТЖД ҚҚБ және ШҚО ТЖД МӨББ бірлесіп «ЖҚС өрт-техникалық тексеруді жүзеге асыру тәртібі. Олардың тәуекел дәрежесін анықтау, ЖҚС-ға қойылатын талаптар» тақырыбында «Гелиос» ЖШС, «Sinoil» ЖШС, «Металлинвест» ЖШС өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

2012 жылғы қыркүйек айында ШҚО ТЖД ҚҚБ Өскемен қаласының ТЖБ бірлесіп, шаруа қожалықтарының өкілдерімен «Шаруа қожалықтары аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

ШҚО ТЖД құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен ШҚО ТЖД 402 бұйрығының және ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ 308 бұйрық жобаларының дұрыс әзірленгені және ондағы заңдылықтың сақталуын тексерді.

2012 жылғы 16 мамырда Астана қаласында Республикалық заңгерлер съезіне қатысу болды.

Сондай-ақ бөлім қызметкерлері басқа облыс ТЖД 4 талап арызы бойынша 12 сот дауына қатысты.

Бөлім қызметкерлерімен 2012 жылға тұрғын үйді жалдау бойынша шарттардың мерзімі ұзартылды.

Жабдықтаушылардың мемлекеттік сатып алулардың талаптарын жауапсыз орындау фактілері бойынша 26 талап арыз берілді. Үшінші тұлғалардың талап арыздары бойынша соттың 7 істі қараушылығы болды.



Кадрлармен жұмыс істеу, адами ресурстарды басқару, оқыту, біліктілікті арттыру

2012 жылғы 19 желтоқсаны жағдайына ШҚО ТЖ департаментінде қызметкерлердің штаттық саны 297 адамды құрайды: оның ішінде 114 әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымы, 26 әскери лауазым және 157 Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымы. Қазіргі уақытта Департаментте әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 5 бос орны, Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің 14 бос орны, әскери қызметкердің 1 бос орны бар.

2012 жылғы 19 желтоқсаны жағдайына ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ штаттық саны – 2144 адам, оның ішінде 475 аға және орта басшы құрамы, 1669 кіші басшы құрамы. 51 бос орын жабдықталмаған, оның ішінде 25 аға және орта басшы құрамы.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС ж АҚЖҚ» ММ штаттық құрам саны 2144, оның ішінде орта және аға басшы құрамнан - 475, кіші басшы құрамнан - 1669, азаматтық қызметшілер -74. Жинақталмау 15 бос орынды, оның ішінде 4- аға және орта басшы құрамын, 1 кіші басшы құрамын және 10 азаматтық қызметшілерді құрайды. 2012 жылдың басынан 87 адам: оның ішінде 20-сы ауыстыру арқылы, 67 адам жаңадан қабылданды.

Суда құтқару қызметінде штат бойынша барлығы 106 адам (штаттық саны ҚР ТЖМ Министрінің 2010 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен бекітілген), қызметтің жабдықталуы - 106 адам (100%), олардың 14-і әйел адамдары. Бос орын жоқ.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны жағдайына Аймақтық аттестациялық комиссиясынан 2072 қызметкер сөйлесуден өтті (оның ішінде 536-ы орта және аға басшы құрамының қызметкерлері -26 %, 1536-ы кiшi басшы құрамының қызметкерлері - 74 %),

121 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдау үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады -5,8 % (оның ішінде орта және аға басшы құрамының 7 қызметкері - 60 %, кiшi басшы құрамының 48 қызметкері - 40%),

1912 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келеді (оның ішінде орта және аға басшы құрамының 44 қызметкері- 23 %, кiшi басшы құрамының 1471 қызметкері – 77 %),

16 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады - 0,8 % (оның ішінде орта және аға басшы құрамының 9 қызметкері - 56 %, кiшi басшы құрамының 7 қызметкері –-44 %),

18 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және құқық қорғау органынан қызметтен босатуға ұсынылады 0,9 % (оның ішінде орта және аға басшы құрамының 8 қызметкері - 44 %, кiшi басшы құрамының 10 қызметкері – 56 %),

5 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыруға ұсынылады -0,2 % (барлық орта және аға басшы құрамы).

Аймақтық аттестациялық комиссиясы мүшелерінің қорытындысы мен іс-әрекеттеріне шағымдар және арыздар, сонымен қатар жағымсыз ақпараттар келіп түскен жоқ.

ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ теріс қылықтары бойынша қызметтен босаған, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа араласқан адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында, үміткерлерді зерделеу бойынша жұмыстар «Сыбайлас жемқорлық және басқа да құқықбұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлердің жеке есебін жүргізу және пайдалану бірыңғай тәртібі туралы» нұсқаулыққа, Ұлттық қауіпсіздік департаментінде міндетті тереңдетілген арнайы тексеруден өтуге сәйкес ұйымдастырылған. Сондай-ақ қызмет бойынша жоғарлауға байланысты қызметкерлерге олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтары туралы мемлекеттік қызметкерлер туралы сұраным ШҚО ҚРжБПҚСжАЕКБ –ға жолданады.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ барлық қызметкерлері 2012 жылғы 5 наурызға дейінгі мерзімде жеке қосымша құн салығы бойынша кірістері туралы декларацияны тапсырды.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттырудағы үздіксіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылдың 04 қазанынан бастап 30 маусымға дейінгі аралықта кәсіби оқу уадрбойынша сабақтар өткізіледі, оқу процесі бекітілген оқу–тақырыптық жоспарға және ұсынылған тақырыптарға сәйкес жүзеге асырылады. Оқу жылының қорытындысы бойынша қызметкерлер сынақ тапсырады.

ШҚО ТЖД 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 127 бұйрығымен Департаментте тәлімгер кеңесі құрылды, олар тәлімгерлердің жұмысына бақылау мен басшылықты жүзеге асырады.Тәлімгерлердің жұмысыбойынша құжаттама Ережеге сәйкес жүргізіледі (күнделіктер жүргізіледі, тәлімгерліктің қорытындысы бойынша жас маманға мінездеме дайындалады).

Өткен кезеңде ШҚО ТЖД–ға мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандарға 9 тәлімгер бекітілді, 4 қызметкерден тәлімгерлік алынды. Тәжірибелі тәлімгерлердің бірі болып табылады: Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы қазандық және газ шаруашылығы, көтергіш құрылыстар, нан өнімдері объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы Юрий Михайлович Постнов, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы химиялық және металлургиялық өнеркәсіпті бақылау бөлімінің бас маманы Нурмолда Кенжебайұлы Нұрғалиев, төтенше жағдайлардын алдын алу бөлімінің бас маманы Вера Ивановна Кравченко.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын бітіргеннен кейін қабылданған әрбір қызметкерге, сонымен қатар жаңадан қабылданған қызметкерлерге лауазымға тағайындауға құқығы бар бастықтың бұйрығымен аса тәжірибелі қызметкерлердің санынан тәлімгерлер тағайындалады. 2012 жылы жаңадан келген қызметкерлерге 14 тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлік тәлімгер әзірлеген және бөлімшенің бастығы бекіткен жоспарға сәйкес жыл ішінде жеке оқыту әдісімен жүзеге асырылады. Дайындау жоспарына сәйкес заң актілерін, басшылыққа алатын құжаттар, нұсқаулар, ШҚО ТЖД мен ҚР ТЖМ бұйрықтарын зерделеу, сонымен қатар функционалдық міндеттерді зерделеу бойынша сабақтар өтеді. Жалпы тәлімгерлік институты жас мамандарды саяси-идеялық тәрбиелеу мен кәсіби қалыптасу процесінде оң нәтижелерге қол жеткізді.

Білімді насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында ШҚО ТЖД, ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде қызметкерлердің құқықтық білім алуына көп көңіл бөлінеді. 2012 жылы жеке құраммен 38 сабақ өткізілді. Құқықтық оқытуды жүзеге асыру және құқықтық қамтамасыз ету үшін ШҚО ТЖД аппаратының басқармалары мен бөлімдерінде заңнама базасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға ықпалын тигізетін «ЮРИСТ» анықтамалық құқықтық жүйесі орнатылды.

Құқықтық бөлімінің қызметкерлері ШҚО ТЖД мен ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ барлық бөлімшелеріне олардың қызметтерінен туындайтын мәселелер бойынша құқықтық көмек және кеңес көрсетіледі. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және қызметтегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Департаменттің және ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ барлық бөлімшелерінде көрнекті және қол жетімді жерлерде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы азаматтардың арыздары мен үндеулеріне арналған жәшіктер орнатылған.

Барлық өтініштер қаралып, оларға ҚР заңнамасымен қарастырылған мерзімде шешім қабылданады. 2012 жылдың 19 желтоқсандағы жағдайға өтініштерді қарау мерзімінің бұзушылықтары орын алған жоқ.

Ай сайын Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ШҚО бойынша басқармасымен қылмыстық (сыбайлас жемқорлық) және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар бойынша тексеру өткізіледі, 2012 жылдың 19 желтоқсаны жағдайына ШҚО ТЖД, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ және ШҚО ТЖД СҚҚ қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар тіркелген жоқ.

2012 жылғы 1 қарашада Зырян ауданы прокуратурасының ШҚО ТЖД Зырян ауданының ТЖБ тау-кен бақылау бөлімінің бастығы Ю.Д. Хакимжанов, ШҚО ТЖД Зырян ауданының ТЖБ тау-кен бақылау бөлімінің бас мамандары В.З. Назыров пен Г.К. Асаинова қатысты заңдылық бұзушылықтарын жою туралы 2012 жылғы 23 ақпандағы № 7-05-291-12 ұйғарымы бойынша сыйбайлас жемқорлық қылмыстың 2 фактісі тіркелді. «Қызметтік тергеу жүргізу туралы» ШҚО ТЖД 2012 жылғы 19 наурыздағы № 41 бұйрығына сәйкес, Департаментте заң бұзушылықты жою туралы Зырян ауданы прокуратурасының 2012 жылғы 23 ақпандағы № 7-05-291-12 ұсынысында көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Қызметтік тергеу нәтижесінде Зырян ауданы прокуратурасының заңдылық бұзушылықтарын жою туралы 2012 жылғы 23 ақпандағы № 7-05-291-12 ұйғарымында Зырян ауданы прокуратурасымен ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Зырян ауданының ТЖБ тау-кен бақылау бөлімінің лауазымды тұлғалары ШҚО ТЖД Зырян ауданының ТЖБ тау-кен бақылау бөлімінің бастығы Ю.Д. Хакимжанов, ШҚО ТЖД Зырян ауданының ТЖБ тау-кен бақылау бөлімінің бас мамандары В.З. Назыров пен Г.К. Асаинова (бала қарауға байланысты демалыста) тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12 бабы 1 тармақтың 4 тармақшасымен қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасау фактілері көрсетілгендігі анықталды.ШҚО ТЖД Зырян ауданының ТЖБ тау-кен бақылау бөлімінің бас маманы В.З. Назыров «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12 бабы 1 тармақтың 4 тармақшасына және 2 тармағына сәйкес 2012 жылдың 03 тамызынан бастап жұмыстан босатылды. ШҚО ТЖД Зырян ауданының ТЖБ тау-кен бақылау бөлімінің бастығы Д. Хакимжанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12 бабы 1 тармақтың 4 тармақшасына және 2 тармағына сәйкес 2012 жылғы 10 тамыздан бастап жұмыстан босатылды.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысты жергілікті атқарушы органдармен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қызметкерлерге баспанаға мұқтаж қызметкерлерді кезекке қою жағдайлары мен тәртібі түсіндірілді және қажетті құжаттардың тізімі берілді.

Жергілікті биліктің қолдауының арқасында соңғы жылдары Департаменттің бірқатар қызметкерлері әкімдіктердің тұрғын қорынан қызметтік баспаналармен қамтамасыз етілді. Мысалы, Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Таукебаев Департаменттің қызметкерлеріне төрт баспана бөлу туралы шешім шығарды. Зайсан ауданында аудан әкімі С.З. Зайнолдин екі қызметтік баспанабөлді, онда отбасымен 43-ӨСБ қызметкерлері тұрып жатыр. Курчатов қаласының әкімі А.Н. Генрихтың шешімі бойынша Курчатов қаласының ТЖБ қызметкерлерінің тұруы үшін бір баспана бөлінді. Осы кезеңде Курчатоы қаласының ТЖБ бастығы өртке қарсы қызметтің подполковнигі Е.Т. Есимхановқа қызметтік баспана бөлу туралы мәселе шешілуде. Катонқарағай ауданында әкім А.И.Бекбосыновпен қызметтік баспана бөлінді, онда Катонқарағай ауданының ТЖБ бастығы өртке қарсы қызметтің бастығы С.М. Жеңісқанов отбасымен тұрып жатыр. 2012 жылдың қазан айында Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж. Токтаров Шемонаиха ауданының ТЖБ өртке қарсы қызметтің майоры М.В. Дятловқа қызметтік баспана бөлді.

Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үнемі бақылауда және осы мәселелерді шешуде Департамент басшылығы облыс әкімі Б.М. Сапарбаевпен тікелей әрекеттеседі.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ барлық мерекелік іс-шаралары қызметкерлерден тұратын үрмелі аспаптар оркестрінің қатысуымен өтеді.

ШҚО ТЖД кадрлық қызметі ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқудың мәртебесін насихаттау және өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтің маңыздылығы мен басымдылығын түсіндіру бойынша мектеп түлектері арасында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ШҚО ТЖД, ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ қалалық және аудандық құрылымдық бөлімшелеріне нұсқаулар әзірлеп, жолдады.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ШҚО оқу орындарында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсу тәртібі мен ережесін түсіндіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызметтің келешектегі дамуы туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Облыс бөлімшелерінің кадрлық қызметінің үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде 2012 жылы ҚР ТЖМ КТИ-ге түсуге 67 түлек тілек білдірді.

2012 жылғы 25 мамырда ӘДК нәтижелері бойынша 30 үміткер жарамды болды, БҰТ нәтижелері бойынша 18 үміткер өту балын жинаған жоқ.

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде Департамент және ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бойынша Республикалық біліктілікті жоғарлату курстарында 20, Қазақстан Республикасының КТИ біліктілікті жоғарлату курстарында 16 оқудан өтті. Беларусь Республикасының ТЖМ қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату институтында 8 адам оқытылды.Өткен кезеңде біліктілікті жоғарлату үшін қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату аймақатық орталығына 11 қызметкер және Қазақстан Республикасы ТЖМ ҚР ТЖМ «ӨҚҰҒТО» АҚ Ш филиалында 4 қызметкер жіберілген. Беларусь Республикасының ТЖМ қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату институтында 5 адам оқытылды.

ШҚО ТЖД 3 қызметкері Ресейдің ТЖМ Санкт-Петербург МӨҚ универститетінің сырттай бөлімінің тыңдаушысы болып табылады, Департаменттің 1 қызметкері Мәскеу қ. Ресей федерациясының ТЖМ Азаматық қорғаныс академиясын бітірді, 1 қызметкер оқып жүр.

Тиісті кәсіби шеберлікті, дене-күш дайындығы және қажетті моральдік-еріктік қасиетін тудыруды қамтамасыз ету мақсатында спорттық іс-шараларды өткізуге үлкен роль бөлінеді.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен дене даярлығы бойынша сабақ қызметтегі уақытта жылына көлемі 100 сағат аптасына 2 рет жүйелі түрде өткізіледі. 2012 жылы ШҚО ТЖД спортшылары Өскемен қаласында ҚР ТЖМ қысқы аймақтық спартакиадасында 1-ші орын, Көкшетау қаласында ҚР ТЖМ қысқы спартакиадасының ақтық жарыстарында 2-ші орын, сонымен қатар Қарағанды қаласында ҚР ТЖМ жазғы аймақтық спартакиадасында жазғы спорт түрлері бойынша 2-ші орынды иеленді.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық ХII спартакиадасы мен «Динамо» ДШСҚ ШҚОФ спартакиадасының қорытындысы бойынша біздің құрама жалпы командалық 1-ші орынды иеленді. 2012 жылдың желтоқсанында біздің спортшылар үстел теннисі бойынша мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық ХIII спартакиадасына қатысып, жалпы командалық 1-ші орынды иеленді. ШҚО ТЖД бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрама командасына кіреді.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде белгілі жұмыстар үнемі өткізіліп, жетілдіріліп отырады. ШҚО ТЖД ардагерлер Кеңесі белсенді жұмыс істейді. Ардагерлер ұйымының қатарында 569 ардагер бар, олардың 7-еуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 63 тыл жұмысшылары. Ардагерлер Кеңесі өздерінің күнделікті жұмыстарын кадрлық жұмыс бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесе атқарады. Ардагерлер барлық мерекелік іс-шараларға шақырылады, бөлімшелердің жеке құрамына ардагерлермен кездесулер өткізіледі. 2012 жылдың 6 мамырында Жеңіс күніне және Батыр күніне орай Департаменттің барлық бөлімшелерінде ардагерлердің шақырылуымен мерекелік іс-шаралар өткізілді. ҰОС барлық қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне бағалы сыйлықтар берілді және мерекелік түскі астар ұйымдастырылды.

2012 жылы Жеңіс күніне орай, мерейгерлерге, науқасқа шалдығу бойынша 155 ардагерлерге материалдық қайырымдылық көмек көрсетілді.



Бақылау- тексеру іс-шаралары

Қызметтік жұмысты бақылау аясында ШҚО ТЖД 2013 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының бекітілген жиынтық жоспарына сәйкес 2012 жылы 10, соның ішінде 3 тоқсанда 2 тақырыптық тексеру жүргізілді:





Атауы

Бұйрық

Нәтижесі

1.

ШҚО ТЖД ҚҚБ тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы № 5 бұйрығы

(Жиынтық жоспарды бекіту)



2012 жылғы 31 қаңтардағы ұсыныстармен қоса ұсынылған актісі, методикалық және тәжірибелік көмек көрсетілді.

2.

ШҚО ТЖД Глубокое ауданының ТЖБ тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы № 5 бұйрығы

2012 жылғы 28 ақпандағы ұсыныстармен қоса ұсынылған актісі, методикалық және тәжірибелік көмек көрсетілді. Бұзушылықтар анықталды, 2012 жылға 10 наурызға дейінгі мерзімде бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспары мен 2012 жылғы 10 сәуірге дейінгі атқарылған жұмыс туралы есепті ұсыну мерзімі белгіленді. Глубокое ауданының ТЖБ іс-шаралар жоспары ұсынылды.

3.

ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы № 5 бұйрығы

2012 жылғы 31 наурыздағы актісі

4.

ШҚО ТЖД МӨББ қызметтік жұмысына тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы №5 бұйрығымен бекітілген, ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының жиынтық жоспарының 9 тармағы

2012 жылғы 24 сәуірдегі ұсыныстармен актісі, методикалық және тәжірибелік көмек көрсетілді.

5.

«ШҚО ТЖД СҚҚ» ММ қызметтік жұмысына тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы №5 бұйрығымен бекітілген, ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының жиынтық жоспарының 8 тармағы

2012 жылғы 24 сәуірдегі ұсыныстармен қоса ұсынылған актісі, методикалық және тәжірибелік көмек көрсетілді. Іс-шаралар жоспары мен атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынылды.

6.

ШҚО ТЖД ҚҚжМТДБ қызметтік жұмысына тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген, ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының жиынтық жоспарының 2 тармағы

2012 жылғы 30 сәуірдегі актісі

7.

ШҚР ТЖД АҚБ қызметтік жұмысына тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы №5 бұйрығымен бекітілген, ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының жиынтық жоспарының 21 тармағы

2012 жылғы 30 мамырдағы актісі; бұзушылықтар анықталды; Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтың жобасы дайындалды.

8.

ШҚО ТЖД Ұлан ауданының ТЖБ бақылау тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы №5 бұйрығымен бекітілген, ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының жиынтық жоспарының 29 тармағы

2012 жылғы 4 маусымдағы актісі

9.

Риддер қ. ТЖБ тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы №5 бұйрығымен бекітілген, ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының жиынтық жоспарының 18 тармағы

2012 жылғы 29 тамыздағы актісі. Бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, есепті ұсыну мерзімі анықталды.

10.

Шемонаиха ауданының ТЖБ тақырыптық тексеру

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 06 қаңтардағы №5 бұйрығымен бекітілген, ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының жиынтық жоспарының 19 тармағы

2012 жылғы 14 қыркүйектегі актісі. Бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, есепті ұсыну мерзімі анықталды.

Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет