Төтенше жағдайлар департаменті Қр тжм шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп



бет5/5
Дата17.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5

2012 жылы барлығы 22 қызметтік тексерулер жүргізілді, соның ішінде 4 тоқсанда 10 қызметтік тергеулер жүргізілді:

- ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ МӨББ инспекторларына қатысты Семей қ. Прокуратурасының 2012 жылғы 02 қазандағы № ЗТС – 2988 хаты бойынша. Семей қ. прокуратурасына 2012 жылғы 12 қазанда № 23-15-05/3441, Өтініш беруші - Н.В. Сабусоваға 2012 жылғы 11 қазандағы № 23-15-04/2374 ЖТ жауаптар жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ;

- Өскемен қ. ТЖБ қызметкерлеріне қатысты Өскемен қаласының Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі , 16 үй тұрғындарының 2012 жылғы 04 қазандағы № ЖТЧ-К-172 өтініші бойынша. «Нұр Отан» ХДП ­Өскемен қалалық филиалына және азаматша В.А. Кучминаға 2012 жылғы 10 қазандағы № 23-15-05/3440 жауап жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ;

- Көкпекті ауданының Самар аулындағы «Достық» дүкенінің ғимаратындағы 2012 жылғы 13 қазандағы өрт фактісі бойынша М. Чакпантаеваның 2012 жылғы 16 қазандағы № ЖТЧ-179 өтініші бойынша. Өтініш берушіге 2012 жылғы 23 қазандағы № 23-15-03/2444 жауап жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ;

- «Магистраль» Садоводческое общество пожара ЖШС азаматтардың ұжымдық өтініштеріне жауаптың ұснылмау фактісі бойынша азаматша Ю.В. Байбактың 2012 жылғы 18 қазандағы № Б-3 өтініші бойынша. Өтініш берушіге жауап 2012 жылғы 29 қазандағы № 23-15-05/2486 ЖТ жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ;

- ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ іздестіру иттерін сапасыз дайындалған фактісі бойынша ҚР ТЖМ ТЖЖД директорының у.а.м. 2012 жылғы 29 қазандағы № ВН-04-02/584 хаты бойынша. Қызметтік иттер 2012 жылы аттестациядан өткен. ҚР ТЖМ ТЖЖД-ге 2012 жылғы 09 қарашада № ВН-04-02/584 жауап жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ;

- «Қауіпті өндірістік нысандардағы өндірістік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану мәселесі бойынша ШҚО прокуратурасының 2012 жылғы 23 қазандағы № 2-15-12-10190 ұсынысы бойынша. Жауап 2012 жылғы 09 қарашада № 23-15-05/3741 жолданды. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды: ШҚО ТЖД ТЖжӨҚМББ бастығы А.Р. Закирьянов – ескерту;

- Азаматша М.А. Попованың өртке қарсы нормалары мен ережелерді бұзу фактісі бойынша азамашта В.Ф. Курьяновичтің 2012 жылғы 23 қазандағы № ЖТ К-183 өтініші бойынша. Өтініш берушіге жауап 2012 жылғы 23 қазандағы № 23-15-05/2574 ЖТ жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ;

- Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сансыз бұзушылықтар фактісі бойынша ШҚО прокуратурасының 2012 жылғы 15 қазандағы № 2-15-12-09761 ұсынысы бойынша. Жауап 2012 жылғы 15 қарашада № 23-15-05/3801 жолданды. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды: Жарма ауданының ТЖБ бастығы Т.С. Ахметкаримов, Курчатов қ. ТЖБ бастығы Е.Т. Есімханов;

- Шұғыл кезекшілер телефонына келіп түскен өтініш фактісі бойынша ҚР ТЖ Министрі блогына келіп түскен өтініш бойынша. ҚР ТЖМ Баспасөз қызметіне жауап 2012 жылғы 16 қарашада № 23-15-05/3229 жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ.

- Өскемен қаласы, Астана көшесі 16 үй, 30 пәтер мекенжайы бойынша өртті сөндіру фактісі бойынша ШҚО ТЖД сенім телефонына С.С. Ковалевтің 2012 жылғы 09 қарашадағы ЖТ К-6 келіп түскен өтініші бойынша. Өтініш берушіге жауап 2012 жылғы 20 қарашада № 23-15/2637 жолданды. Фактілер дәлелденген жоқ.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің 2012 жылға арналған Жұмыс жоспарына және ҚР ТЖМ ӨҚК орынбасарының 2012 жылғы 23 қарашадағы № 35 бұйрығы сәйкес мемлекеттік өртке қарсы бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру, құрылысы салынып біткен объектілерді пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссиясының қатысу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 781 қаулысын орындау, өртке қарсы насихаттау мен тұрғындарды оқытуды ұйымдастыру, сонымен қатар қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру, орман-дала өрттердің алдын алу мен жою Жоспарын орындау, өртке қарсы ерікті құрылымдар құруды ұйымдастыру, жер учаскелерін резервте ұстау бойынша іс-шараларды жоспарлау, сметалық есепті қалыптастыру, өртке қарсы қызметтің объектілерін күрделі жөндеу мен салу бойынша инвестициялық ұсыныстар, өрт сөндіру қызметтерінің құрылыстары мен ғимараттардың техникалық жағдайы мәселелері бойынша қызметтік жұмысына тақырыптық тексеру жүргізілді.

Тексеру актісінде (2012 жылғы 06 желтоқсандағы) жұмыстағы кемшіліктер ұсынылып, ШҚО ТЖД кызметіндегі анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеудің мерзімдері анықталды.

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 221 ж/қ бұйрығына сәйкес аталған тексеру қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД мен «ӨСжАҚЖҚ» ММ –нің 12 қызметкері ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, 2012 жылғы 12 айда:

- 22 қызметтік тергеу жүргізілді, 14 қызметтік тергеулерде фактілер дәлелденген жоқ;

- қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тәртіптік жауапкершілікке 10 қызметкер тартылды (ескерт -8; сөгіс-2), соның ішінде 4 тоқсанда – қызметкер (ескерту-3);

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде тексерулер мен қызметтік тергеулерді жүргізу ережесінің 50-тармағына қызметтік тергеу жүргізусіз 15 қызметкер, (сөгіс-3, ескерту-12), соның ішінде ШҚО прокуратурасының заңдылық бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымдары бойынша 4 тоқсанда 5 қызметкер (ескерту-3, сөгіс -2) тәртіптік жауакершілікке тартылды;

- Зырян ауданының ТЖБ екі қызметкері «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 2 тармақтың 5 тармақшасы бойынша 2012 жылғы 08 тамыздағы № 147 ж/қ бұйрығына сәйкес - Ю.Д. Хакимжанов; 2012 жылғы 08 тамыздағы № 145 ж/қ бұйрығына сәйкес - В.З. Насыров жұмыстан босатылды.

2012 жылы барлығы 37 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту -27, сөгіс – 10, жазбаша ескерту – 6).

2013 жылы тексеру жүргізген мемлекеттік құрылымдар:

- Облыс, қала, аудан прокуратуралары -13;

- ШҚО ҚРжБПҚСжАЕК– 7;

- ШҚО бойынша ҰР ҰҚК – 1;

- Табиғатты қорғау прокуратурасы - 1;

- Көлік прокуратурасы- 1.

ҚР ТЖ Министрінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 290 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы жанындағы кеңес туралы Ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ІББ ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің шешімдерінің тапсырмаларын орындау мерзімін ұзарту және орындалған тапсырмаларын бақылаудан алу мәселесі бойынша құрылымдық бөлімшелердің онан әрі жұмысы туралы нұсқау дайындалды.

ШҚО ТЖД бастығы жанындағы кеңес шешімдерін орындау ІІБ бақылауында. Құрылымдық бөлімшелер белгіленген мерзімде белгіленген тәртіпте жетекшілік етушінің бұрыштамасымен тапсырмалардың мерзімін ұзарту мен бақылаудан алу туралы қызметтік жазбалардың көшірмелерін ұсынады. Бақылауда 53 іс-шара тұр, 2012 жылдың 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 19-ы бақылаудан алынды. 2012 жыл аяқталғаннан кейін құрылымдық бөлімшелері бастықтарының ақпараттары бойынша 2012 жылғы мерзімдері көрсетілген іс-шаралар, белгіленген тәртіпте бақылаудан алынады.

ҚР ТЖМ алқасының қаулыларын орындау ІББ бақылауында болады. ҚР ТЖМ Алқасының қаулыларын оқып зерделеу үшін барлық құрылымдық бөлімшелерге жолданады. Департамент бастығы жанындағы мәжілісте басқармалар мен бөлімдер бастықтарының қатысуымен ҚР ТЖМ Алқасының қаулыларын орындауға жауапты тұлғалар белгіленеді. Алқа қаулыларын орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, Департамент бастығының орынбасарымен келісіледі, Департамент бастығымен бекітіледі. Өйткені ҚР ТЖМ Алқасының 26 қаулысы бойынша тапсырмалар бақылауда.



ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Ресей Федерациясымен шекаралас облыстармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ҚР ТЖМ Операциялық жоспарының және ШҚО ТЖД жұмыс жоспарының іс-шараларын орындау үшін 2012 жылдың 27 ақпаннан бастап 5 наурыз аралығында ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тобы Барнауыл қаласына Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ББ-ға және Горно-Алтайск қаласына Алтай Республикасы бойынша РФ ТЖМ ББ-ға жұмыс сапарымен барды.

Ресейлік әріптестермен өткен жұмыс кездесулер нәтижесінде осы мәселелер бойынша жемісті жұмыс өткізілді, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелеріндегі екіжақты қарым-қатынастарды жетілдіру және дамытуға бағытталған бірлескен бірқатар құжаттар әзірленіп, қол қойылды. Мәселелерді талқылау тікелей Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ББ бірінші басшысы генерал-майор И.В. Горбатенко және Алтай Республикасы бойынша РФ ТЖМ ББ басшысы полковник И.А. Букиннің қатысуымен өтті.

Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ББ және Алтай Республикасы бойынша РФ ТЖМ ББ-мен табиғи және техногендік сипаттағы трансшекаралас ТЖ туындау кезіндегі өзара әрекеттесу жоспарына қажетті барлық түзетулер енгізілді. Барлық мәселелер келісілгеннен кейін Жоспарларға Қазақстан және Ресей ТЖМ трансшекаралас бөлімшелерінің бірінші басшылары қол қойды. ШҚО тарапынан Жоспарды ТЖ бойынша комиссия төрағасы – облыс әкімнің орынбасары А.С. Шерубаев бекітті, Алтай өлкесінің губернаторы Я.Н. Ишутин, Алтай Республикасы Алтай өлкесінің губернаторына бекітуге жіберілген.

ШҚО ТЖД және Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ББ бөлімшелері арасындағы байланыс құралдары мен ақпараттық алмасуды жетілдіру мәселелерін қарастыру кезінде «Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының дағдарыс жағдайларын басқару орталығы» федералды қазыналық мекемесінің Қазақстан Республикасы ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өзара ақпараттық әрекеттесуі туралы» Келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ бас басқармасы арасында шекаралас аумақтарындағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы ақпарат алмасу Регламенті әзірленіп, қол қойылды.

ҚР ТЖМ жоспарын орындау, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы арасындағы өзара әрекеттесу жоспарын өтеу мақсатында, 2013 жылдың 16 мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің шекаралас аумағында өрт-техникалық жаттығу өткізілді.

Аталған оқу-жаттығуларда күш пен құралдарды басқару органдарының шектес мемлекеттердің аумақтарында туындайтын табиғи өрттерді сөндіруге ден қою бойынша өзара әрекеттесуі өтелді.

Ресей Федерациясының Алтай өлкесі Губернаторының орынбасары Я.Н. Ишутиннің шақыруымен және ҚР ТЖ Министрі В.К.Божконың өкімі негізінде 2012 жылдың 25 маусымынан бастап 27 маусымға дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлер тобы «Техногендік сипаттағы ТЖ зардаптары тәуекелдерін төмендету мен зардаптарын жеңілдету – Алтай өлкесінің тұрғындары мен аймақтарының техногендік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттары» тақырыбы бойынша VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты. Конференция Барнаул қаласының Алтай педагогиялық академиясының базасында өтті.

Конференцияда «Алтай аумақтық ТЖРЖ ішкі жүйесімен байланыс түрлері мен мониториг жүйелері бойынша шұғыл ақпараттармен алмасу мәселерінде шекара бойындағы аумақтардағы ірі техногендік апаттар мен зілзалалардың зардаптарын жою кезіндегі өзара әрекеттесу» тақырыбымен Шығыс-Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің телекоммуникациялар жүйелер және байланыс бөлімінің бастығы В.Н. Флусов сөз сөйледі.

Жоба зілзалалардың қаупін азайтуға, өскелең ұрпақтарды қауіпсіздік негізіне оқытуға бағытталған.

ШҚО ТЖД қызметкерлері семинар жұмысына әділ қазылар ретінде, сонымен қатар бейнематериалдарды дайындауда тәжірибелік көмек көрсетуде де белсеңе қатысты.

АҚ оқыту бойынша мамандары -«DIPECHO VII» «Зілзала қауіптерін төмендету» жобасының ашылуына қатысты. Кездесудің мақсаты Шығыс Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары өкілдерін ДИПЕКО-7 жобасын жүзеге асыру, жобаның әкімшілік, қаржылық жақтарын талқылау, мониторинг жүргізу туралы Шығыс Қазақстанның мемлекеттік құрылымы өкілдерін хабардар ету болып табылады.

Ресей тараптарының сұранысы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы мен қаупі кезінде Қазақстан Республикасы ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының өзара әрекеттесуінің 2013 жылға арналған жоспары және жоспардың 5 қосымшасына түзетулер жүргізілді.

«Вертолёты России» БАҚ өкілдері жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен кездесіп, негізінен іздеу-құтқару сипатындағы ресейлік өндірістің вертолет техникаларының үлгілік қатарларының презентациясы болды. Кездесу қорытындысы бойынша ТЖК төрағасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану реттеу басқармасына, жолаушы көлік және автомобиль жолдары басқармасына, облыс әкімінің әуе бөлімшелеріне Шығыс Қазақстан облысының авиациялық паркін жаңартуға ұсынылған нұсқауларды қарастыру бойынша тапсырмалар берді.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қорының өкілі Мэтью Номан келді. Кесдесудің арқауы болып өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде денсаулыққа келтірілетін зардаптар мен балалардың өлім-жітім мәселесі табылды. ШҚО ТЖД қызметкерлері ЮНИСЕФ өкіліне статистиканы ұсынды және онымен балалар өлімінің профилактикасы мен алдын алу жоспарындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

ҚР ТЖМ қызметкерлерімен жүргізілген тақырыптық тексеру қорытындысы бойынша осы бағыттағы Департаменттің жұмысы жоғары деңгейде қойылғандығымен бағаланды.



Департаменттің оң келбетін қалыптастыру бойынша жұмыс

ТЖ алдын алу және жою, зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жұмыстар ұдайы жергілікті және Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарынан жарыққа шығарылды.

Барлығы өткен мерзімде 4307 сөз сөйлеу, соның ішінде: радиодан – 2392 материал, телеарнадан – 540 бейнематериал, баспасөзден 1375 мақала. Құтқару жұмыстары жайында телеарналарда көрсетілген барлық дерлік материалдарды ШҚО ТЖД Баспасөз қызметінің қызметкерлері ТЖ болған жерден түсірді.

ШҚО ТЖД бөлімшелерінің негізгі қызметі жайлы қызметтің оң келбетін қалыптастыру мақсатында ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі бейнекешенінде 22 бейнефильм монтаждалды. Департаменттің барлық бөлімшелері сандық фотоаппараттармен, бейне аппараттармен жабдықталған және олар өз беттерінше түсірілім жүргізеді.

2012 жылы ТЖ министрлігінің қолдауымен облыстық кабельді жүйесінде (ТВК-6, «АСТАНА» телеарналары) Өскемен, Семей қалаларында маусымды ТЖ алдын алу бойынша бейнероликтерді үнемі көрсету ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 269 материал көрсетілді.

ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайлы 141378 дана жаднама шығарылды.

Төтенше жағдайлар жайлы халықты хабардар ету мен алдын алуға арналған ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жетілдіру, өрт сөндіруші-құтқарушы кәсібін жария ету мен беделін көтеру, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету мәселесінің әдістері мен үлгілерін іздестіру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арасында ШҚО ТЖД бөлімшелері жайлы үздік бейне сюжет пен мақалаға конкурс жариялады.

ТЖ қызметінің және құқық қорғау органдарының қызметі жайлы, облыс әкімдігі мен ШҚО ТЖД бастауымен облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында «Ант», «Ой Саптау», «Талдау, Баға, Түсініктеме» тематикалық бағдарламаларының шығарылымы қайта жалғастырылды. Эфирге шығу кезеңі 2 аптада 1 бағдарлама. Бүгінгі күні эфирге ШҚО ТЖД қызметі жайлы кең ауқымды 22 бағдарлама шықты.

Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру және «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы» Жарлығын орындау мақсатында ШҚО ТЖД ведомствалық веб-сайтында арнайы айдар ашылып, онда алдағы өтетін кезектен тыс аттестаттау жайлы толық ақпарат жарияланған. Бұл айдарда өткізілетін аттестаттаудың нормативтік-құқықтық негіздері орналастырылған, сонымен қатар онда атестацияның өтуі бойынша үнемі ақпараттар жаңартылып тұрады.

Тәжірбиеге әртүрлі ТЖ жайлы баспасөз конференциялары мен журналистер қатысқан кездесулер өткізу енгізілді. Бүгінгі күні «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Востокцветмет» өкілдері қатысқан өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 6 баспасөз –конференциясы өткізілді.

ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер сайттарына 1033 материал жолданды.

ҚР ТЖМ «Пожарный и Спасатель» журналына жариялауға жүйелі түрде материалдар дайындалады. Жылдың басынан бері «Пожарный и Спасатель» журналына 35 мақала жолданып, оның 13-і жарық көрді. Сонымен қатар «Взрывное дело», «Безопасность в промышленности», «Охрана труда Казахстан» журналдарына ғылыми-танымал мақалалар жолданады.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 2012 жылы 7 тамызда Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен облыстық кеңес өткіліп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық құжаты талқыланды.

Жоғарыда аталған мақаланы ақпараттық ілесу мен түсіндіру бойынша ҚР ТЖМ іс-шаралар жоспарына бекітілгендерді орындау үшін және кеңесте мақаланы талқылаудың қорытындысында Департаменттің іс-шаралар жоспары жасалды және бекітілді, және оны Департаменттің құрылымдық бөлімшлері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшыларына белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру үшін жолданды.

Департаменттің іс-шаралар жоспарына сәйкес тамыз айында ШҚО ТЖД сайтында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты айдар жасалды. Осы айдарда тапсырманы жүзеге асыру барысы туралы ақпарат үнемі жанартылып отырады.

2012 жылғы 21 тамызда Шығыс Қазақстан облысы «Нұо Отан» ХДП филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасымен Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық құжатын талқылау кездесудің тақырыбы болды. ШҚО ТЖД сайтының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты айдарында өткізілген осы кездесу туралы мақала орналасқан.

ШҚО ТЖД Баспасөз қызметкерлерімен 12 айда «Жер сілкінісі», «Судағы қауіпсіздік», «ӨӨҚ пен өрт кезінде өзінді қалай ұстау керек» деген тақырыптарға пласталиннен 3 мультипликациялық фильмдер монтаждалды. Қазіргі таңда

Осы уақытта «Боран, және өзінді қалай ұстау керек», «Электр тұрмыс құралдары» сериялары іске асырылып жатыр.

12 айда ШҚО ТЖД Баспасөз қызметкерлерімен

Жоспарлау және есептілік жүйесін жетілдіру

ТЖ Министрлігінің 2012 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес, Департаменттің құрылған жұмыс тобы ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған Жұмыс жоспарын әзірлеп, ТЖ Министрі бекіткен. Аталмыш жоспарға сәйкес бөлімшелердің орындауына 91 тармақ жазылған.

Жоспардың орындалуына бақылау ұдайы жасалды. Ай сайын ағымдағы айдың 25 күні барлық құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелер орындалған тармақтар бойынша есеп жасады. Тармақтарды орындауға үнемі мониторинг жүргізіледі.

Есептер Министрліктің орталық аппаратының бөлімшелеріне бекітілген сұлба бойынша жіберілді. Қазіргі күні Департаменттің жұмыс жоспарының барлық тармақтары орындалған, орындалмаған тармақтары жоқ.Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық жұмыс қорытындысы бойынша облыстық кеңестер ұйымдастырылып, өткізілді. Кеңес шешімдерін орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Бекітілген мерзімде бекітілген нысан бойынша барлық құрылымдық бөлімшелермен орындау туралы есептер ұсынылады. Сонымен, 2012 жылғы 12 айында бақылауда тұрған 99 тапсырмалардың, 42 тапсырмасы бекітілген мерзімде бақылаудан алынды. Жұмыс қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД кеңесі дайындалып өткізілді. Кеңес жұмысына ҚР ТЖМ АБД директоры В.В. Пранге қатысты. Негізгі баяндамен ШҚО ТЖД бастығы Р.З. Нұрбатчанов сөз сөйледі және құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен 2012 жылы орындалған барлық іс-шараларға толық тоқталып өтті. 2013 жылға арналған ҚР ТЖМ Операциялық жоспары мен ШҚО ТЖД Жұмыс жоспарының іс-шараларына, ҚР ТЖМ Алқа Қаулыларына сәйкес 2013 жылға міндеттер қойды.

Бөлімшелердің 2013 жылға арналған жұмысын жоспарлауды дайындау бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Жұмыс тобын құру туралы ШҚО ТЖД 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 140 бұйрығы енгізіліп, бөлімшлерге жұмысты жоспарлау бойынша нұсқау дайындалды.

Жұмыстарды жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдардың талаптарына сәйкес, ШҚО ТЖД Жұмыс жоспары ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық мемлекеттік мекемелерімен ұсынылған ұсыныстарының негізінде жүзеге асырылды. Департаменттің құрылған жұмыс тобымен үсыныстар қарастырылып, 125 тармақтан тұратын 2013 жылға арналған Жұмыс жоспары жасалып, ҚР ТЖ министрі В.К. Божкомен 2012 жылғы 15 желтоқсанда бекітілді.

ШҚО ТЖД 2013 жылға арналған бекітілген Жұмыс жоспарының негізінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелері өздерінің 2013 жылға арналған Жұмыс жоспарларын әзірлейді.

Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану және пайдалану

2012 жыл ішінде ай сайын құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданылуы деңгейіне бақылау жүзеге асырылады, бұл мемлекеттік тілді дамыту бойыша жұмыстың басты бағытының бірі болып табылады, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, мемлекеттік тілде құжатттарды сауатты орындау бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне 327 кеңестер берілді. Мемлекеттік тілде орындалған 500 параұтағы құжаттарға редакциялық-лингвистикалық сараптама жүргізілді. 29 ақпанда құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен және қызметкерлерімен тікелей орындарда іс жүргізу барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша құрылымдық бөлімшелерде түсіндіру жұмысы жүргізілді, мемлекеттік тілде өздігінен іс жүргізе алатын қызметкерлер тізімі жасалды, атқарылған жұмыс қорытындылары басшылыққа жеткізілді.

ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілдің қолдануын қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы 2012 жылғы 14 мамырда № 71 бұйрығы дайындалып шығарылды. Жұмысқа өолдану үшін осы бұйрық ШҚО ТЖД барлық құрылымдық бөлімшелеріне таратылды.

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша қызметтерге арналған 2012 жылғы 21 қаңтардағы №6, 2012 жылғы 08 ақпандағы №12, 2012 жылғы 08 ақпандағы №13, 2012 жылғы 08 ақпандағы №14, 2012 жылғы 20 ақпандағы №27, 2012 жылғы 20 ақпандағы №28, 2012 жылғы 20 ақпандағы № 29 келісімшарттардың және «Қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту туралы» ШҚО ТЖД-ның 2012 жылғы 20 ақпандағы №23 бұйрығының негізінде ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік тілге оқыту басталды, облыс бойынша барлығы 2012 жылы мемлекеттік тілге 58 адам оқытылып және желтоқсан айында ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме қызметкерлері оқыту курсын тәмәндады және сынақтарды сәтті тапсырды. 2013 жылы 864 мың теңге сомасына 44 қызметкерді оқыту жоспарлануда.

2012 жыл ішінде оқыту кезінде ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің ұсынған рапорттарына сәйкес ай сайын мемлекеттік тіл бойынша сабақтарға қатысу мониторингі жүргізілді. ШҚО ТЖД басшылығына баяндау үшін мониторинг бойынша рапорттар дайындалды. Мемлекеттік тіл бойынша сабақтарға қызметкерлердің қатысуына бақылауды жүзеге асыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен және себепсіз жағдайлармен сабақтарға қатыспаған қызметкерлермен әңгіме жүргізілді.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуына бақылау жасау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының (бұдан әрі-ТЖК) бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2012 жыл ішінде 4 отырыс өткізілді, онда «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын жүзеге асыру бойынша көкейкесті мәселелер қарастырылды.

2012 жылғы 24 сәуірде ҚҚж МТДБ қызметкерлері ШҚО ТЖД және оның ведомстволық бағынысты мелекеттік мекемелерінің жауапты лауазымдық тұлғаларының қатысуымен іс жұргізу және мемлекеттік тілді дамыту бойынша облыстық семинар-кеңес дайындалып өткізілді.

2012 жылғы 27 тамызда ҚР ТЖМ ӘЖД МТДБ бастығы А. Кендірбекұлының және ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік тілді дамытуға жауапты тұлғаларының қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамытудағы кейбір мәселелер» тақырыбында семинар-кеңес және Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу қарсаңында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» өзге ұлт өкілдері арасында байқау өткізілді. ҚР ТЖМ ӘЖД МТДБ бастығы А. Кендірбекұлының жұмыс сапары барынсында ҚР ТЖМ жүйесінде тарату үшін ШҚО ТЖД-дағы мелекеттік тілді дамытудағы оңды тәжірибелеріне арналған «Шырайлы шығыстағы шұрайлы істер» кітапшасына материалдар берілді. 2012 жылғы 029 тамызда құрылымдық бөлімшелер арасында Қазақстан халқының ұлттық тағам байқауы өткізілді, онда Қазақстан халқының тағам түрлері ұсынылды. ҚҚ ж МТДБ ұсынылған материалдары бойынша ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД сайтына 2 материал, «Менің өлкем» газетіне, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасына бейнесюжет дайындап, орналастырды.

ҚР ТЖМ аппарат басшысының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 07-02/1560 нұсқауын орындау үшін 2012 жылғы 14 қыркүйекте «Тілдарын» республикалық байқауына қатысу үшін үш тілді еркін меңгерген қызметкер ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкері өртке қарсы қызметтің капитаны Жанар Әсенқызы Тырнақбаева қатысып, 3-ші жүлделі орынды иеленді.

Қарағанды қаласының «Казлингофон» Қазорталық» ЖШС-мен жасалған 2012 жылғы 11 наурыздағы № 130 келісімшартқа сәйкес 1 млн.650 теңгеге ілеспе аударма жасау аппаратурасын сатып алынды. «Казлингофон» ЖШС қызметкерлері 2012 жылдың шілде айында аппаратураны орнатып кешенмен жұмыс істеу бойынша үйретті.



Қаржы қызметі.

2012 жылға арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың анықталған жиынтық жоспарымен 2012 жылдың 12 айында 613005,5 мың.теңге сомасына қаржы көзделген, 612925,6 мың.теңге сомасы игерілді, бұл 99.99 пайзды құрайды.

Есеп беру кезеңінде өте ескіргендік пен тозған себебі бойынша есептен шығару актінің және ҚР ТЖМ 2012 жылғы 19 қаңтардағы №10-02/3731 келісілген хатының негізінде 74196,3 мың. теңге сомасындағы актив шығып қалды. ТЖМ 2012 жылғы 15 қазандағы №1 алыс-беріс актісінің негізінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ –ге 71996,9 мың. теңгеге КШМ автокөлігі берілді.

Бюджеттік қаражаттардың тиімді пайдалану және департаменттің үздіксіз жұмысын және қызметін қамтамасыз ету үшін 2012 жылғы 4-ші тоқсанда ҚР ТЖМ-ға қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім ұсынылды. Қаржыландыру жоспарының және жоспарға енгізілген өзгерістер негізінде жұмысты және қажетті нормаларды қамтамасыз ету үшін ЖЖМ, кеңсе тауарлары, компьютерлік техникаларына шығындау материалдары, шаруашылық тауарлар, автомобильдерге және компьютер техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алынды.

Жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттар тексерілді, ТЖД қызметкерлерінің еңбек ақылары, және заңнамалармен белгіленген барлық аударымдар уақытында есептелді және аударылды.

ҚР ТЖМ-ға, салық басқармармаларына, статистика органдарына апта сайынғы және ай сайынғы есептер дайындалып тапсырылды.



Осылайша, орындалған жұмысты объективті талдауды есепке алғанда, жалпы Департаменттің 2012 жылдағы жұмысы белгіленген талаптарға қатаң сәйкестікте ұйымдастырылып өткізілді және Министрлік тарапынан ұдайы көрсетілген көмегі мен қолдауына, жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған өзара әрекеттестікке сүйенген.

Бірақ, орын алған ТЖ кейбір зардаптары облыста бірқатар өзекті мәселелер бар екендігіне көрсетті.

Ең бірінші кезекте ТЖ мен зардап шеккендердің жалпы санының төмендеуіне қарамастан облыс аумағында 2012 жылы өртте 84 адамның мерт болуы тіркелді, бұл 2011 жылғы ұқсас мерзімдегіден 16 %-ға артық, бұл ретте қаза болғандардың 10-ы балалар болған.

Жүргізілген талдау, тұрғындардың отты абайсыз қолдануы, атап айтқанда масс күйлерінде темекі шегуі, адамдардың қайғылы өліміне алып келетін өрттердің туындауының негізгі себепшісі болып отырғанын көрсетті.

Ағымдағы жылы алкогольдік мас күйінде қаза болғандардың саны жалпы саннан 60%-ды құрайды. Балалардың мерт болуы бірінші кезекте олардың үлкендермен қараусыз қалғандығы себепші.

Үйдегі өрттер тұрғын қордың тозумен, ішімдік сусындарды асыра пайдаланумен қоса алғандағы тұрғындардың күнкөріс деңгейінің төмендігі өзекті мәселелермен байланысты болып отыр, сондықтан да бөлімшлердің басшыларына жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыс орната отырып өрттерде адамдардың мерт болуын алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырудың қажеттілігі туралы нұсқаулар берілді және ол үшін мыналарды қарастыру қажет:

- қала, аудан әкімі жанындағы кеңесте өрттерде адамдардың мерт болуын алдын алу бойынша мәселені талқыға салу;

- жергілікті атқарушы органдармен баспанадағы өрттерді насихаттау мен үгіттеу үшін қаржы бөлу туралы мәселені қарастыру (кітапшалар, жадынамалар, баннерлерді орнату);

- Білім беру басқармасымен бірлесіп өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша аймақ мектептерінде жүйелі сабақтарды өткізу туралы мәселені пысықтау;

- ІІББ мен АІІБ басшыларымен келісіп жоспарлы негізде тәрбиеленуде жас балалары бар тұрмыс жағдайы нашар жанұяларға бірлескен рейдттер жүргізуді ұйымдастыру;

- жергілікті атқарушы органдардың баспанадағы өрттерді насихаттау мен үгіттеу үшін қаржы бөлу туралы мәселені қарастыру (кітапшалар, жадынамалар, баннерлерді орнату);

- әлеуметтік қызмет қызметкерлерінжәне осындай қызметтердің бақылауында тұрған егде жастағы және ару адамдардың үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша және хабардар ету;

Сонымен қатар өзекті мәселелер болып облыстағы жылумен және сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апат жағдайлар табылады. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен облыс аумағында үлкен пайызбен тозуына байланысты олардың туындауы аса жоғары (Семей, риддер, Өскемен к.), жылу мен су құбырларын ауыстыру бойынша іс-шаралар белсенді жүргізулуде.



Қорытындылай келе және атқарылған жұмыс пен анықталған бұзушылықтарды назарға ала отырып 2013 жылы орындауға жататын мынадай приоритетті іс-шараларға тоқтала кетуді жөн көрдік:

  1. ҚР ТЖМ Операциялыө жоспарының, ҚР ТЖМ алқа қаулыларының іс-шараларын, Министрдің нұсқаулары мен өкімдерін, Департаметтің жұмыс жоспарын мүлтіксіз және толық орындау.

  2. Жергілікті атқарушы органдардың, мекемелердің және ұйымдардың тарапынан ТЖ бойынша облыстық, қалалық және аудандық комиссияларының шешімдерін орындауға бақылауды жұзеге асыру бойынша жұмысты белсендіру.

  3. Жауапты ұйымдардың ТЖ алдын алуға және жоюға қатысты мәселелерді қамтитын аймақтық, салалық бағдарламаларды орындау дәрежесін ұдайы бақылауға алу.

  4. Авариялық-құтқару құрамаларының, объектілердің және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттк емес өртке қарсы құрамаларының нақты өзара әрекеттестігін және дайындығын бақылауды ұйымдастыру.

  5. Бақылаудағы объектілердің басшыларына өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі нормаларын орындау тұрғысынан қолданыстағы заңнаманың барлық шараларын қолдану.

  6. Бөлімшелердің жеке құрамын даярлықтан өткізу, орта және аға командалық құрамды қайта даярлау кезінде іскерлігі мен шеберлігін әрі қарай жоғарлату.

  7. Горнизонның техникасы мен жарақтарын техникалық жарамды жай-күйде ұстау.

  8. Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша нысаналы жұмысты жүргізу қажет.

  9. Күш кадр саясатына жаңа көзқарасты қолдана отырып сыбайлас жемқорлыққа жүйелі түрді қарсы тұруға бағытталсын.



ШҚО ТЖД


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет