Товма Н. А. Аудиттің мәні мен қажеттілігі



жүктеу 67.13 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі67.13 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Товма Н.А.
Аудиттің мәні мен қажеттілігі
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латыннның "аиdіо" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" едп атаған. Бір қызығы сол, алые, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Екіншіден "тыңдаушы" мен саған "сенемін" деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудитқызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді" - деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда - бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда - шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесіне тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-акпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым - қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:

• инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;

• кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;

• кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;

• кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, "коммерциялық құпияны" сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.

Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған.

Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян математигі Лука Пачолли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның "Счеттар мен жазбалар туралы трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және кіммен көп жерлерде көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Пачолли. өйткені, біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес.

Осы кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып, өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.

1773 жылы Шотландия астанасы - Эдинбургтің адрестік кітабында жеті аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А. Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында" - дейді.

Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды.

Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ

компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. №2732 1995 жылдың 26-желтоқсанында Заң күшін иемденетін, ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп жөнінде» жарлығы.

2. 1998-2000 жылдарға ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы жөнінде №3838 1998 жылдың 28 қаңтарындағы ҚР Президентінің жарлығы.

3. 1996ж.12.10. бухгалтерлік есеп жөнінде ҚР-ның Ұлттық комиссиясының дайындығы мен ұсынысы үшін акцептуалдық негіз №2 «ҚР бухгалтерлік есеп стандарты» - Алматы,-1996ж.

4. Бухгалтерлік есеп стандарты. ҚР Ұлттық комиссиясы. -Алматы,1996ж.

5. Методикалық кеңес берулер мен стандарттау және ҚР-ның бухгалтерлік есебі. -1997ж.

6. 14.01.97.ж. өзгерісі және толықтығымен Қаржы министірлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқамасы.

7. 1993ж. 24.08. министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған ҚР-ның ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс-сапарлық қызметі жөнінде нүсқамасы.

8. Фирма іскерлігін қаржылық талдау., М. Ист-Сервис.1994ж.

9. Абрютина А. «Кәсіпорынның іскерлігін қаржы-экономикалық талдау» Оқу құ-ралы -М:Изд-во «ЧС и сервис», 1998ж.

10. Алборов Р.А. «Өнеркэсіптік сауда АПК ұйымдарындагы аудит»: Оқу құралы., 2000ж.

11. Кэсіпорын мен ұйымның төлеу қабілеттілігін талдау.

12. Арене Э.А. «Аудит»: Оқу құралы

13. Артеменко В.Г. «Қаржылық анализ»: Оқу құралы - «ДИС»басылымы 1997ж.

14. Байдибеков Ж.М. «Кредиторлық жэне дебиторлық борыш балансындагы айналым құралдарының тиімді жұмыс істеуі мен пайдалануы жэне есеп айырысу саясатын ақылмен реттеу есебімен кәсіпорынның өндірістік іскерлігінің дамуы», «Қаржы -қаражат»-2000\5-6.

15. Барышников Н.П. «Бухгалтер мен аудиторлық көмегіне хаттама» методикалық құралдар, нормативтік құжаттар, коментариялар, проводкалар, мысалдар/ Н.П.Барышников- М:басылым «Филинъ»1998ж.

16. Глазунов 13.11. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» -1999ж-2.

17. Данилевский В. «Аудит практикасы» Оқу қүралы.



18. Дүйсембаев К.Ш. «Қаржылық есеп беру аудит! мен талдау» -Алматы-1998ж.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет