Тұрақты комиссияның 2015 жылғы 4 маусымдағы



жүктеу 49.74 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі49.74 Kb.
: UserFiles -> 2015 -> postanovlenie
UserFiles -> Технические правила
UserFiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
UserFiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
UserFiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
UserFiles -> Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
UserFiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
UserFiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі
postanovlenie -> Тұрақты комиссияның 2015 жылғы 24 ақпандағы


Тұрақты комиссияның

2015 жылғы 4 маусымдағы

қаулысы

Астана қаласында азаматтық

хал актілерін тіркеу органдарының

халыққа қызмет көрсету

жөніндегі жұмысы туралы
«Астана қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы» ақпаратты тыңдап және талқылап, қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппаратындағы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдер азаматтық хал актілерін тіркеу жөнінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізетінін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді.

«Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппаратында құрылған азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - АХАТ бөлімдері) азаматтық хал актілерін тіркеудің 7 түрін жүзеге асырады, атап айтқанда, олар: неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), әке болуды анықтауды, бала асырап алуды, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды, қайтыс болуды, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруді мемлекеттік тіркеу және де мемлекеттік қызметтің 9 түрін көрсетеді.

Отбасы мәртебесін көтеру және негізгі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында АХАТ бөлімдері мерекелік күндері Қазақстан Республикасының Конституция күніне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Халықаралық балаларды қорғау күні қаладағы перинаталдық орталықтарда және Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында жаңа туған перзенттерді тіркеу рәсімі өтеді. Неке қию, қырық және елу жыл отбасы құрған азаматтарды құрметтеу рәсімі бойынша салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады. Отбасылық тәрбиелеу орталығында жас отбасы мен 20 жылдан астам тұрып жатқан отбасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек» үстелдер, тренингтер өтеді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы барлық жазбалар «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне уақтылы енгізіледі, азаматтық хал актілерінің жазбаларына түзетулер, өзгерістер енгізу туралы өтініштер қаралып отырады.

Шетелдік мемлекеттердің аумағынан азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттарды сұрату бойынша өтініштер жолданады, жүйелі түрде консультациялар беріледі. «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп «АХАЖ» ТП базасының барлық әлеуетін тиімді қолдану және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы есептіліктерді пайдалану үшін мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

Өтініштерді қайтару мен оларды қабылдаудан (орындаудан) бас тарту фактілеріне жол бермеу мақсатында АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығында (бұдан әрі - ХҚКО) тұрғындарға олардың құқықтары жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізеді және ХҚКО қызметкерлерін мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша оқытады.

Туу туралы, әке болуды анықтау, неке қию, аты-жөнін ауыстыру туралы азаматтық хал актілерінің тіркелу саны өскені байқалады. Мысалы, 2015 жылдың І тоқсанында Астана қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері 12307 акт жазбасын тіркеген.

Астана қаласы АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері ұдайы «Астана», «Қазақ радиосы» радиостанцияларының эфирінде сөйлейді, «Қазақстан», «Евразия», «Хабар» телеарналарында сұхбат береді. Веб-сайттарда «Секреты гармонии для молодоженов», «Волшебные узы брака» и «Любовь и собственность» тақырыптарында мақалалар жарияланды. Тақырыбы мен мазмұны түрлі «дөңгелек» үстелдер, акциялар мен семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, тұрақты комиссия емдеу мекемелері туу және қайтыс болу туралы медициналық куәліктерге тегін, аты мен әкесінің атын жазғанда орфографиялық қателер жіберетінін атап өтеді. Туу туралы куәлігінің жоқ болуынан кейбір балаларды мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерге орналастыру кезінде проблемалар орын алуда.

«Қазпочта» акционерлік қоғамы басқа өңірлерден келіп түсетін құжаттарды уақтылы жеткізбейді, тиісінше аудан әкімдіктерінің АХАТ бөлімдері оларға жүгінген азаматтарға құжаттарды кешіктіріп беруде.

ХҚКО келіп түсетін және жолданатын құжаттарды қабылдау тізілім бойынша қолмен жүзеге асырылады, бұл айтарлықтай қолайсыздықтарға әкеп соқтыруда және көп жұмыс уақытын алуда.

Жылдан жылға құжатайналымының өсуіне байланысты штрих-код бойынша құжаттарды уақтылы қабылдау мен ХҚКО-ға жолдау үшін анықтауыш сканер сатып алу мен орнату мәселесін қарау қажет.

Штат санының жетіспеушілігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына теріс әсер етуде.

Осы уақытқа дейін қалада тегін салтанатты рәсімдер өткізу үшін Неке қию сарайы жоқ.

Жоғарыда жазылғанның негізінде, Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. «Астана қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы» ақпарат назарға алынсын.

2. «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппаратындағы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне:

- қаланың құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелермен тығыз өзара байланыста азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету және белгіленген үлгідегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді уақтылы беру жөніндегі жұмысты жандандыру;

- «АХАЖ тіркеу пункті» жүйесі бойынша өтініштерді уақтылы өңдеу мен орындау жөнінде шара қабылдау;

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына, оларды қайтару мен орындаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара байланыс орнату жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылсын.

3. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, Қаржы басқармасына АХАТ бөлімдерінде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін олардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға (анықтауыш сканер, кеңсе жиһазын, компьютерлер сатып алу мен орнату) қаражат бөлу мәселесін қарау ұсынылсын.

4. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппаратындағы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штатын кеңейту мәселесін зерделеу ұсынылсын.

5. Құрылыс басқармасына, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына неке қиюды тіркеудің тегін салтанатты рәсімін өткізу үшін Неке қию сарайын салу мүмкіндігі мәселесін қарау ұсынылсын.



6. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрақты комиссия мүшесі Гүлнар Аманжолқызы Данбаеваға жүктелсін.


Тұрақты комиссия төрағасы Н. Мещеряков





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет