ТҰРҒын үй көмегін алуға кімдердің құқығы бар?



жүктеу 20.1 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі20.1 Kb.
ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ


Тұрғын үй көмегін алуға кімдердің құқығы бар?

Тұрғын үй көмегі белгілі бір мекен-жайда тұрақты тұратын, жеке меншігіндегі немесе пайдалануындағы тұрғын үйге тіркелген (жалдаушы, жалға алушы), егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары отбасы бюджетінде тұрғын үй алаңының нормалары мен коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері шегінде, осы мақсатқа жұмсалатын шығындардан асып кеткен жағдайда төленеді. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарының шекті деңгейі отбасының жиынтық табысыынң 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

талаптары


Тұрғын үй көмегін алуға егер жұмысқа жарамды жұмыс істемейтін, күндізгі оқу орнында оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалардың құқығы жоқ, күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектер күтімімен айналысатын немесе үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп бала тәрбиесімен айналысатын және кішісі бірінші сыныпты бітіргенше төрт немесе одан да көп бала тәрбиесімен айналысатын (9 жастан аспау керек), асыраушысынан айрылу себепті өзіне және кіші баласы 8 жасқа толғанша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалардан басқа.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері


Тұрғын үй көмегінің мөлшері айына тұрғын үй көмегін алушының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалануға өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, қалалық телекоммуникация желілері телефон абоненттерінің абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу сомасымен және тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасы шығындарының шекті деңгейінің аарсындағы айырмасы ретінде есептеледі.

Қажетті құжаттар тізбесі


  • Өтініш иесінің жеке куәлігі;

  • өтініш иесінің СТН-і;

  • жекешелендіру, сатып алу-сату шарттары, ордер немесе пәтерді жалға алу жөніндегі шарттар және т.б.;

  • азаматтарды тіркеу кітабы;

  • барлық отбасы мүшелерінің тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы кірістері туралы анықтама (еңбекақы, шәкіртақы, алименттер, зейнетақы, мүгедектігі үшін жәрдемақы);

  • отбасы жағдайын куәландыратын құжат;

  • Өтініш иесінің қалалық телекоммуникация желісінің абоненті болып табылатынын растайтын құжат (телекоммуникация қызметі үшін жасалған шарт немесе түбіртек);

  • жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға ықпал ету бөлімінен анықтама тапсырады;

  • соңғы айдың жылу, ыстық су, суық су және кәріз, газ бен қоқыс шығару бойынша жеке есепшот түбіртектері.



: files -> kaz -> socprog
kaz -> Қарағанды қаласы әкімінің. №
kaz -> Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
kaz -> Қазақстан Республикасының Заңы «Азаматтық қорғау туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
kaz -> Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы
kaz -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
kaz -> Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
kaz -> Казахский язык
kaz -> Тас дәуірі Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі. Тобыр
socprog -> Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы Қазақстан Республикасының 17. 07. 2001ж. №246-ii «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет