Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»



жүктеу 63.61 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі63.61 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
cont -> Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.

Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес құрылыс салушы және үлескер тараптардың келісімімен айқындалатын шарттарда үлекерлердің қаражатына қатынасы бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте, құрылыс салушының үлескерлер алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сақтандырудың ерікті түрі болып табылады.

Ерікті сақтандыру – тараптардың өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары және тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.  

Үлескерлер алдында құрылыс салушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру үлескерлерді құрылыс салушының үлескерлер алдында өз міндеттемелерін орындамау тәуекелінен қорғауды көздейді. Басқаша айтқанда сақтандыру ұйымы үлескерлер шеккен шығынды өтеуге міндеттенеді.

Бұдан өзге, үлескердің өзі тұрғын үй құрылыс объектілеріне ақша салу барысында өзінің қаржылық шығындарын сақтандыруға құқылы. Бұл ретте, мұндай сақтандыру сақтандырудың ерікті түрі болып табылады.

Үлескерге үлестік қатысу туралы шарт жасалғанға дейін құрылыс салушының сақтандыру ұйымымен жасаған азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының, сондай-ақ тиісінше Сақтандыру ережесінің талаптарымен мұқият танысуы қажет. Құрылыс салушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты жасалған жағдайда және үлескер өзінің қаржылық шығындарын сақтандырған жағдайда мынадай сақтандыру шартының талаптарына баса назар аудару керек:


  1. шарт бойынша сақтандыру жағдайы не болып табылады;

  2. сақтандыру жағдайларына енгізілмейтіндер;

  3. франшизаның болуы (сақтандырушыны белгілі бір шамадан аспайтын залалдарды өтеу міндеттемелерінен босату);

  4. сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын сақтандыру сомасының мөлшері;

  5. сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;

  6. сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушының (сақтандырылушының) міндеттемесі, оның ішінде құрылыс салушы немесе үлескер (бұл мәселенің қалай анықталғандығына байланысты) сақтандыру ұйымын сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлауы тиіс мерзім;  

  7. сақтандырушының (сақтандыру ұйымының) сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі және шарттары;

  8. сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту негіздемесі.

Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, үлескер сақтандырушыға сақтандыру шартымен көзделген сақтандыру төлемін төлеу туралы талапты тікелей қоюға құқылы.

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы үлескерге құрылысқа үлестік қатысу туралы шартпен көзделген міндеттемелерді сақтанушының (құрылыс салушының) тиісінше/ойдағыдай орындамау нәтижесінде мүліктік зиян келтіру фактісі болып табылуы мүмкін, мыналардың салдарынан:



- сақтанушының банкрот болып танылуы (егер құрылыс салушы сот тәртібімен банкрот болып табылған жағдайда, үлескер өтемақы алуға құқылы);

- тұрғын үй объектісі құрылысының аяқталмауы және құрылыс салушының үлескердің қатысу үлесін қайтару үшін меншікті активтерінің болмауы;

- үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес құрылыс объектісінің пайдалануға берілу мерзімінің мынадай себеп бойынша бұзылуы:

- құрылыс салушының контрагенттерінің құрылыс материалдарын жеткізу және/немесе дайындау мерзімдері, көлемі және сапасы бойынша міндеттемелерін бұзуы;

- өрт, жарылыс, найзағайдың соғуы, табиғат апаттары: жер сілкінісі, дауыл (боран), бұршақ, сел, көшкін, тау жыныстарының құлауы, тасқын, топырақ астындағы сулардың шығуы және сақтандыру шартымен тікелей көзделген өзге жағдайлардың нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектісінің жойылуы.

Сақтандыру жағдайы басталғанда пайда алушыларға (үлескерлерге) ақшаны сақтандырушы (сақтандыру ұйымы) қайтаруы тиіс.

Осындай тәсілмен, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасамастан бұрын өз салымдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өзінің үлескерлер алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыратын құрылыс компанияларына сенім артқан жөн.

Бұл ретте, үлескерге азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттары құрылыс салушы банкрот болған және өрт және өзге табиғат апаттары нәтижесінде тұрғын үйдегі үлесі жойылған жағдайда ғана құрылыс салушының тәуекелдерін жиі өтейтіндігіне назар аудару керек. Құрылыс салушының жауапкершілігін сақтандыру шарты қатысу үлесінің шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған, құрылыс мерзімдерін бұзған жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асырмайды. Сақтандыру шарты көрсетілген тәуекелдерді өтеу үшін оларды сақтандыру жағдайына енгізуді көздеу керек.

Үлескер үлестік құрылыс шартынан туындайтын өз қаржылық тәуекелдерін жеке сақтандырған жағдайда, үлескер сақтандыру шартын жасау бойынша шығыстарды өзі көтереді.

Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төмендегідей оқиғалармен туындаған сақтанушының (үлескердің) қосымша шығыстарын немесе кірістерінің ысырабын өтеу міндетін көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы:

- мәміле бойынша кредитор (құрылыс салушы) болып табылатын сақтандырылған тұлғаның контрагентінің шарттық міндеттемелерін орындамауы (тиісінше орындамауы);

- бірнеше тұлғаның пәтерлерінің (қатысу үлесі объектісінің) біруақытта сатылуы;

- құрылыс ұйымының объектіні меншікке беруді тиісінше ресімдемеуі;

- объектінің өрттің, табиғат апатының салдарынан жойылуы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі-ҚР АК) 819-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы және ол сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының жауапкершілігінің (сақтандыру төлемінің) шекті көлемін білдіреді.

Ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру сомаларының мөлшері шартпен белгіленеді.

ҚР АК 820-бабының 4-тармағына сәйкес мүлікті және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайының басталу нәтижесінде сақтанушы (сақтандырылушы) шеккен нақты зиянның мөлшерінен аспауы тиіс.

Осыған байланысты, сақтандырушы сақтандыру шартымен белгіленген жауапкершілік көлемінің шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

Келтірілген зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда, үлескер сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы құрылыс салушыға өтету үшін сотқа жүгіне алады.

Сақтанушы (үлескер) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы өзіне белгілі болғаннан кейін оның басталғандығы туралы сақтандыру шартында негізделген мерзімде және онда көрсетілген тәсілмен сақтандырушыға немесе оның өкіліне хабарлауы міндетті.

Егер ерікті сақтандыру шартымен басқаша көзделмесе, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады, бірақ сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан басталғанда ғана:

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтік уланудың ықпалынан;



    1. соғыс іс-қимылдары;

    2. азаматтық соғыс, түрлі сипаттағы халық толқулары, жаппай ретсіздіктер немесе ереуілдер.

Сақтандыру шартымен көзделген сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту негіздемелеріне баса назар аудару керек.

ҚР АК 839-бабымен сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін жалпы негіздемелер белгіленген:

1) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы жалған мәліметтерді әдейі хабарлауы; 

2) сақтандыру жағдайынан келген залалды кеміту бойынша шараларды сақтанушының әдейі қабылдамауы;

3) сақтанушының залалды келтіруге кінәлі тұлғадан мүліктік сақтандыру бойынша залалға тиісінше өтемді алуы; 

4) сақтанушының сақтандырушыға келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуде және сақтандыру жағдайы басталған жағдайды зерттеуге кедергі жасауы; 



  1. сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауы.

ҚР АК 835-бабының 3-тармағына сәйкес сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабар бермеуі, оған сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуға құқық береді, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы білгені дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәліметтің жоқтығы сақтандыру төлемін жүзеге асыруда оның міндеттеріне әсер етпейтіндігі анықталса;  

6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап ету құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқықтарына өту үшін қажет құжаттарды беруден бас тартуы. Егер сақтандыру өтемақысы төленіп қойса, сақтандырушы оны қайтаруды толық немесе ішінара талап етуге құқылы; 



  1. сақтандыру шартымен көзделген басқа жағдайлар. 

Сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін ҚР АК 353-бабына сәйкес жауапкершілікті көтереді, егер, жауапкершіліктің бұдан да жоғарғы мөлшері сақтандыру шартымен көзделмеген жағдайда.

Сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізделмеген бас тарту алған жағдайда және басқа даулы мәселелер бойынша сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру ұйымына, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне не жауапкер – сақтандыру ұйымының орналасқан жері бойынша сотқа жүгінуге құқылы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет