Түрі: Зияткерлік ойын-сайыс Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандары, рәміздер Мақсаты



жүктеу 81.27 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі81.27 Kb.
:
Тақырыбы: «Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ»

(8-10 класс оқушыларына арналған білім сайысы)



Түрі: Зияткерлік ойын-сайыс
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандары, рәміздер

Мақсаты:
Білімділігі: Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Тәрбиелігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Қатысушылар: 8,9,10-сынып оқушылары мен пән мұғалімдері.

1Жүргізуші:
-Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ» атты тарихи кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
Тәуелсіздікке арналған өлең жолдары (Саида, Нұржан, Ельдар, Ақнұр)
1Жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды-танымдық ойыны да осыны меңзейді. Жоғарыда аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға төрелік ететін әділқазы мүшелерін шақырайық.
Алдымен, әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
АӘД пәнінің мұғалімі – Негметжанов О.С. және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдирзакова Ж.А., мектеп психологы – Абдильман З.А.
Жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі, Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім – Қазақстан, Отаным, Болашағы бізбен бірге өседі, —

дей келе, зияткерлік сайысының дарынды жастары ойыншыларымызды шақырамыз (командалар залға келеді)

8-класс оқушылары:

9-класс оқушылары:

10-класс оқушылары:



Сайыстың кезеңдері:

І. «Біз – тәуелсіз елдің тірегі» кезеңі (команданы таныстыру: аты, ұраны)

1 Жүргізуші:
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан — 2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті. Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ болу міндеті тұр.
Сонымен: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық.

Жүргізуші: ІІ. Жедел жауап (топ басшысы, білмеген жағдайда топ мүшелері көмектесе алады). Әр топ басшысына әртүрлі ғылым салаларынан 10 сұрақ қойылады, жылдам әрі нақты жауап берулеріңіз сұралады.

1 Жүргізуші

  1. Әнұранның авторлары кімдер?

(Әнін жазған:Ш. Қалдаяқов, сөзін жазған:Н. НазарбаевЖ. Нәжімеденов)

  1. Бірдей 9 ыдыста 27 кг май бар, осындай 2 ыдысқа қанша май сияды.

(9кг)

  1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары

(Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

  1. Шешендік өнер туралы ғылым қалай аталады?

(риторика)

  1. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қашан дүниеге келді?

(1940 жылы шілденің 6-шы жұлдызында)

  1. Спорт саласында “пентакампеон” сөзі қандай мағына береді?

(Бес дүркін чемпион)

  1. Астанамыз 10 жасқа қашан толды?

/2008 жыл, 10 маусым

8. Қазақстанның даму стратегиясы жазылған бағдарлама (Қазақстан - 2030)
9. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО 
бойынша қай жылы атап өтілді? (1995 жылы)

  1. Кино өнерінің салаларын ата (Көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильм, ғылыми-көпшілік кино )


ІІ топ

  1. Мемлекеттік тудың авторын атаңыз?

(Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)

  1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға

(президент)
3. «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жеті жасар баласы (Жәдігер)
4. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы

(Жақсылық Үшкемпіров)

  1. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есеге арттырғанда қандай сан шығады? (999)
    6. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті?

(қысқы Азия ойындары)

  1. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?

  • 4 маусымда.

8.Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды?

(1995 жылы 20 қараша, желтоқсанда бекітілді)

  1. Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енді? (15 қараша 1993ж)

  2. Компьютер құрылымының негізін қалаушы ғалым (америкалық математик және физик Джон фон Нейман 1945 жылы тұңғыш комьютерді жасап шығарған)


ІІІ топ

  1. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды?

(1991 жылы 1желтоқсан)

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
    3. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай?

(алтын түстес)

  1. Геральдика ғылымы нені зерттейді

(елтаңбаларды)

  1. Иіріле оралып тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы?

(медицина)

  1. Ол өзіне таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр.Оның мұшар бигінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран. Бұл қандай ғимарат?

(Ақорда)

  1. Қазақ тілін қолдау жылы. (2007 жыл)

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары кімдер? 
    (Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

  3. «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» жаңа Заңы қашан
    қабылданды? (1997 жыл 7 шілде)

  4. Кітапхана қашан, қайда пайда болған? (Б.з.б. 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталары жазылған жазбалар түрінде пайда болған)


ІІІ. «Тәуелсіз Қазақстан кеше, бүгін, ертең …» жоба қорғау.

(ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.



1 Жүргізуші: Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

2Жүргізуші: Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..

1Жүргізуші:

Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан.
Ән: .
«ІҮ. «Қызықты төрттік».

/5 оқушыға арналған/

Ең қиыны жарыстың Төрттік келді,

Мықтылары қалыпты женсін енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып алмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Оқушылар тор көздерді таңдайды.
1.Портрет. 10 10 10

2.Менің Азиадам! 20 20 20

3.Өнертану. 30 30 30

4.Аралас сұрақ. 40 40 40


1.Портрет. 10 10 10

/суреті көрсетіледі/

2.Менің Азиадам!

20 Азия ойындары қай жалдан бастап өткізіліп келеді?

20 2007 жылы 7-Қысқы Азия ойындары қай елде өтті? (Қазақстан)

20 «Астана-Алматы» Қысқы Азиадасында ойынның неше түрінен жарыстар өткізіледі?

3.Өнертану.

30 Күй тыңдалады.Күй қалай аталады? Қай фильмде кездеседі? Жауабы:«Аққу»күйі.

30 Ән тыңдалады. Ән қалай аталады?Авторы кім? Жауабы: «Қара кемпір».А.Қоразбаев.

30 Фильмнен үзінді көрсетіледі. Фильм қалай аталады? «Менің атым Қожа»

4.Аралас сұрақ.

40 Бокстан олимпиада чемпионы болған тұңғыш қазақ кім? /Бекзат Саттарханов/

40 «Біріңді қазақ, біріңді дос, Көрмесең істің бәрі бос!»,-кімнің сөзі. /Абай/

40 Кімдер бір-біріне бөле болады? /апалы-сіңлілі қыздардың балалары/


Ү. Шарықтау. Жанкүйерлер сайысы

  1. Қар жана ма?/ Иә. Қалауын тапса, қар жанады/

  2. «Қара Көже» атанған кейіпкер қай шығармадан? / «Менің атым Қожа» Б.Соқпақбаев/

  3. Қазақ әліпбиінде қазаққа тән неше дыбыс бар? /9/

  4. «Ханнан қырық туғанша, қарадан бір-ақ тусайшы» кімнің өлеңінен үзінді?/Махамбет/

  5. Қышқыл, жасуша, метафора, квадрат-қандай сөздер?/термин/

  6. Әлемдегі Екінші Ұстаз. /Әль-Фараби/

  7. Бір қазанға қандай бастар сыймайды?/бір қазанға екі қошқардың бас сыймайды/

  8. Ердің сыншысы-... /ел/

  9. Кім қартаймайды? /анасы бар адам қартаймайды/

  10. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?Мұхаммед Хайдар Дулати

  11. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер? Қозыбасы

  12. Қазақ халқының ұраны болған сөз. Алаш

  13. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық Моңғол шапқыншылығы

  14. 1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.Қарақұм

  15. Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?80

  16. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:1731жылы


1Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан жеңімпазды білейік, олай болса өзіңнің ой-пікірің, тілегің білдіру үшін әділ-қазылар мүшелеріне ортаға шақырамыз.

2Жүргізуші: Барлық сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалыңдатып биік шыңда жүрерін – дей отырып,
Көк тудың желбірегені әні

Осымен бүгінгі білім додасы аяқталды, қашанда Тәуелсіздігіміз қуатты, күніміз шуақты, жастарымыз намысты болсын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

Қызылтаң орта мектебі

«Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ»



(Тарихи кеш)
Өткізген. Байсеитова А.Б.


2015-2016 оқу жылы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет