«ТҮрік бірлігі» идеясы және исмаил гаспыралы



Дата25.04.2016
өлшемі55.32 Kb.
«ТҮРІК БІРЛІГІ» ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ИСМАИЛ ГАСПЫРАЛЫ
Камишева Гүлнұр Аббасқызы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты


Жәдидшілдік (арабша ﺠﺩﻴﺩ- жаңа, жаңа тәсіл- ﺍﻠﺠﺩﻴﺩ ﻮﺼﻭﻝ )- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Повольже, Қырым және Орта Азия мұсылмандарының мәдени-реформаторлық, саяси-қоғамдық қозғалысы. Бұл сол уақыттағы мұсылмандардың қоғамдық-саяси өміріндегі негізгі қозғалыс. Жәдидшілдік тек таза діни немесе дүниауи бағыт қана емес, білім жүйесін, қоғамдық-философиялық ой-сананы, этикалық нормаларды қамтыған синтетикалық ағым болды. Жәдидшілдік қозғалысы Ислам дінін ағартушылықпен, ғылыммен үйлесімді қолдана білді. Осы жаңа оқу (усули-жәдит) үлгісі туралы идеяны ең алғаш ұсынған парсы ағартушысы-мырза Мәлкім хан екенін есте тұтқанымыз жөн. Бұған шығыстанушы ғалымдар Е.Э.Бертельс, И.Брагинский, Д.Комиссаровтардың еңбектеріндегі мәліметтер толық дәлел бола алады [1,81]. Мырза Мәлкім хан- парсының ағартушы-реформаторы, иран драматургиясының негізін салушы, публицист, дипломат. Ол 1863 жылдан бастап араб жазуын реформалау жобасымен айналыса бастайды. Ол араб жазуын парсы тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне қарай бейімдеп, ыңғайлаған. Бұлайша алфавитті реформалауды прогрестің қозғаушы күші ретінде таныған Мәлкім хан «Мұсылман елдерінде өмір сүре жүріп мен бұл мәселемен 20 жыл бойы айқастым. Ислам халықтары өз алфавиттерін қазіргі заманғы еуропалық техникаға бейімдегенде ғана даму жолына түсетіндігін 20 жыл түсіндірдім»,- дейді [2,14]. Дегенмен, бұл өзгерістер мұсылман дінбасылары тарапынан қарсылыққа ұшырап, қолдау таппады. Сөйтіп, Мәлкім ханның реформасының жобасы жүзеге аспай қалды. Бірақ ол өзі ұсынған жеңілдетілген графика негізінде бірнеше кітаптар шығарған. Мырза Мәлкім ханның бұл идеясын әзірбайжанның ағартушы-жазушысы Мырза Фатали Ахундов қолдаған. Оның Мәлкім ханға жазған бір хатынан мынандай жолдарды кездестіреміз: «Борясь за идею реформы письменности мы выполнили свой долг перед человечеством и сделали все, что было в наших силах для распространения просвещения (цивилизации). Наши имена навсегда войдут в историю и будет прославлены потомками» [3,73-74].

Бұл идея мұсылмандар арасына татардың атақты ағартушысы, педагогы, жазушысы әрі саяси-қоғамдық қайраткері И.Б.Гаспринский арқылы таралды. Ол Қырым татарлары арасында заманауи идеяларды таратушы, олардың дәстүрлі ислами мәдениетінің модернизаторы. Исмаил Гаспринский Ялта уезі Таврия губерниясында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келді. Ол алғаш рет білімді этноконфессиялық мектепте алады. Кейіннен оқуын Симферопольдың қазыналық ер балалар гимназиясында, Воронеждің әскери оқу орнында, Мәскеудің №2 әскери гимназиясында жалғастырып, соңғы оқу орнын аяқтамай Қырымға қайтып келіп, қалалық бастауыш мектепте сабақ береді. 1871 жылдары Францияда, 1874-1875 жылдары Түркияда тұрады. И.Гаспринскийдің шетелдік сапарлары оның дүниеге көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Осы кезеңдерде ол мұсылмандардың рухани өмірінде өзгерістер керектігін түсініп, діни принциптерді сақтай отырып, ғылыми-техникалық прогреске негізделген реформа жасауды ойға алады. Осы мақсатқа жету үшін И.Гаспринский Қырым таталары және орыс тілдерінде шығатын алғашқы ұлттық газет «Териджиманды» (Аудармашы) шығара бастайды. Бұл газет ұзақ уақыт бойы Ресей империясында шығатын жалғыз түркітілдес басылым ретінде танылып, ХХ ғасырдың бас кезінде әлемдегі ең көне мұсылман газеті ретінде саналды. «Терджиман» газеті 35 жыл бойы қызмет етіп, 1918 жылы жабылады. Жәдидшілік идеясы мен түрік бірлігі осы газет арқылы көптеген елдерге таралды. Мұхтар Әуезовтың айтуынша, Абай «Терджиман» газетін жаздырып, үзбей оқыған екен.



Жалпы Исламдық шығыстағы ағартушылық қызмет Исмаил Гаспринскийдің атымен тығыз байланысты. Өйткені ол жәдидшіліктің жалпы әлемдік қозғалысқа айналуына бірден бір себепкер болған кісі. Осы идеяның негізінде бүкіл түркілер бірлігі идеясы таратылды. Түрікшіл жәдидшілердің ықпалымен сол кездегі заманауи ғылым мен біліммен қаруланған, инновациялық сипат алған медреселер ашылды. Ол медреселердің аттары бүкіл мұсылман әлеміне танымал болды. Мысал ретінде Қазанда «Мұхамедия», Уфада «Ғалия», Троицкіде «Расулие», Орынборда «Хұсаиния», Семейде «Ахмет Риза» медреселерін айтуға болады.

1905 жылы Исмаил бек Гаспринский Ресей мұсылмандарының 1 съезіне делегат болып сайланып, 1911 жылы «Келісім және прогресс» атты түрік партиясының орталық комитетіне мүше болады. Ол өз әдістемесін тарату үшін көптеген елдерді аралайды. Мысырда халықаралық мұсылман конгресін ұйымдастыру мақсатында, Үндістанда сол жақтың білім жүйесін зерттеу мақсатында болып,өз әдістемесі бойынша сабақтар да жүргізеді. Рухани бостандық пен ұлт-азаттық рухты, адамзатқа ортақ игілікті насихаттағаны үшін Исмаил бекті Үндістан, кейіннен Франция Нобель сыйлығына да ұсынған. Бұл ұсынысты әлемнің көптеген газет-журналдары қолдайды, бірақ өкінішке орай, бұл идея жүзеге аспайды.



Реформатор ретіндегі негізгі қызметінің басында И.Гаспринский өзінің басты назарын Түркістанға, жергілікті мұсылмандық қоғамға, сол аймақтың әлеуметтік және қоғамдық проблемаларына, тарихы мен мәдениетіне аударды. 1905 жылдан бастап сол Түркістан қоғамының әлеуметтік және мәдени аспектілеріне көп көңіл бөлді. Кейіннен ол Түркістан аймағындағы саяси жағдаймен де айналыса бастады. Түркістандағы мұсылман қауымның өміріндегі келеңсіздіктердің барлығына сол өңірлердің хандары мен бектері кінәлі деп санады. Гаспринский өзінің әдеби кейіпкері мулла Аббас және утопиялық, фантастикалық шығармаларының сюжеттері арқылы ХІХ ғасырдағы Түркістандағы саяси-экономикалық жағдайларды көрсетті. Ол осылайша жалпы Түркістан аймағының Ресейге саяси-экономикалық тәуелділігін ашып көрсетіп, одан құтылудың жолдарын да айқындап берді. Ол жол тек түркілердің бірлігінде екендігіне тоқталды.

И.Гаспринский түркі халықтарының бірлігі рухани, тілдік, мәдени ынтымақта болып, «Тілде, пікірде, істе бірлік» ұранын өмірінің басты кредосы етіп алды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Балканнан Қытайға дейінгі аралықтағы түркілерге түсінікті ортақ тіл қолдану басты шарт болып табылды. Мұндай ортақ тіл «Терджиман» газетінің беттерінде пайдаланылды. Бұл түрік тілінің стамбулдық варианты, яғни осман тілі болды. Газет тілі түркі халықтарының білімді азаматтарының барлығына түсінікті еді.

Түркістандық жәдидшілер үшін И.Гаспринский мұсылмандық көшбасшылықтың жаңа символы болды. Оның мұсылман қоғамын реформалаудың идеялық концепцияларын, түркі халықтарының мәдени, саяси, тілдік және тарихи тамырластық пен тағдырларының ортақтығы Түркістандық жәдидшілердің дүниеге көзқарасына қатты әсер етті. Олар бқл идеялармен негізінен «Терджиман» газеті арқылы таныс болды. Олар жәдид идеясын тек ағартушылық бағытта ұстанды. И.Гаспринский қалаған саяси жағдайларды өзгертуде, түркілердің бірлігінтнығайтуда белсенділік танытпады. Түркістандық жәдидшілердің бұл әрекеті Исмаил бек тарапынан сынға ұшырағанымен, олардың ағартушылық бағыттағы белсенділіктері басқаларға үлгі болды.

Исмаил бек Гаспринский арқылы бүкіл түркі әлеміне таралған жәдитшілдік-сан-салалы құбылыс. Империя құрамындағы мұсылман ұлттары арасындағы ол әртүрлі деңгейде көрінді. Алайда, оның бәрінде ортақ сипаты- біріктірушілік күш еді... Әдебиет, мәдениет-жалпы руханият атаулы елді жаңа арнаға, жаңа талғам мен танымға бұрды.

Қазіргі таңда «Тілде, істе, пікірде бірлік» ұранын басшылыққа алған түрік елдері осы ынтымақтастықты берік ету үшін көптеген интеграциялық одақтар құрды. Бас Хатшылығы Стамбулда орналасқан Түркі Кеңесі ресми түрде құрылды және жұмысын жалғастыруда. Ғылыми салада Түркі Академиясы Астанада, ал түркі елдері мәдени ынтымақтастығы ТҮРКСОЙ Анкарада, Парламенттер арасындағы ортақ іс-қимылдар ТҮРКПА Бакуде табысты жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы қызметінде «Түрік бірлігі» идеясын үнемі басшылыққа алады. Бұл Исмаил Гаспринскийдің идеясының ХХІ ғасырда да өміршеңдігін көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Сүтжан С. Рухани алмасу арналары- Павлодар мемлекеттік университеті, 2003ж.

  2. Исаев М. // Сто тридцать равноправных: о языках народов СССР // Издательство «Наука», 1970г.-С.191.

  3. Шойтов А.М. Идеи просветительства в персидской литературе конца ХІХ века. // В кн. Просветительство в литературах Востока, М., 1973.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет