«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша



жүктеу 2.14 Mb.
бет1/9
Дата25.04.2016
өлшемі2.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> 2008-2009
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
2008-2009 -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
2008-2009 -> Үстірт (Маңқыстау)
2008-2009 -> Лекциялар конспектісі 1 бөлім Құрастырғандар б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков. Ассистент Нұрмағанбетов Н
2008-2009 -> Лекция: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
2008-2009 -> Лектор: аға оқытушы Сариева Ш. Ж
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті


ПЕДАГОГИКА-ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
«Тарих» кафедрасы

«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша

050114 - «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін


Оқу-әдістемелік кешен

(Силлабус)

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3, кредит саны 3

Лекция: 30 сағат

Семинар: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

ОБСӨЖ: 45 сағат


Барлық сағат саны: 135 сағат

Қорытынды бақылау: емтихан V семестр


Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша) 3

Барлық балл саны: 100 (кредитке)

Жетісай-2007 ж

Құрастырған: аға оқытушы Орынбаева Гүлмира Өскенбайқызы.


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша

050114 - «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 2007 ж

050114 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны




  1. Алғы сөз …………………………………….....................................................

  2. Жалпы мәліметтер ……………………………................................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………….....................

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....………….............................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ....................................... ............................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………................................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………........................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………......................................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны .......................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары .................................................................... СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..............................................................

  3. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ........................................................

  4. Студенттердің білімін бақылау түрлері: .........................................................

а) бақылау сұрақтары

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) тест сұрақтары


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...............

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………................................


Алғы сөз

Оқу әдістемелік кешен «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 050114 «Тарих» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


2. Жалпы мәліметтер.

Аға оқытушы Орынбаева Г.Ө.


«Тарих» кафедрасы №1 корпус, 3-этаж, 35 кабинет

Телефон: - 219

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00
Өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Орынбаева Гүлмира Өскенбайқызы.


Уақыты __________

Ауд ______________




Уақыты _______

Ауд _________



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3. Пәнді оқытудың мақсаты
Студенттерге ерте заманнан бастап “түркі” атауының шығуынан бастап қазірге дейінгі кезеңдегі саяси ,мєдени тарихын жан-жақты талқылап өту.Хұндардың, түркілердің, монғолдардың этникалыќ ќұрамы, мекендеген жерлері, ұлттыќ даму кезеңдері ,діни сенімдері,єскери-демократиялыќ ұйымдары,жаугершілік жорыќтары мен оның себептері ,түркілермен монғолдардың басќа мемлекеттермен ќарым-ќатынастары,ислам дінінің таралуы,түркі халыќтарының адамзат өркениетіне ќосќан үлесін жан-жаќты баяндау.

Сондай-аќ Русь пен Түркі халыќтарының тарихына ќысќаша шолу жасай отырып Алтын Орданың саяси-мєдени тарихын Аќ Орда ,Көк Орданың саяси тарихы,Орта жєне Орталыќ Азиядағы мемлекеттер ,Кіші Азияда түркі халыќының ќалыптасуы жєне Осман империясының ќұрылуы мен нығаюын жан-жаќты баяндау.


Пәнді оқытудың міндеттері.
Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру:

- адам мен дүниежүзілік ғылымының дамуындағы жалпы тарихи объективті заңдылықтарды;

- қоғам мен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуында білімінің маңыздылығы;

- қоғамдық процестердің дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін оқыту.


4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Этнология

Қазақстанның жаңа заман тарихы

2

Алғашқы қауымдық құрылыс

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

3

Әлеуметтану

Саясаттану

Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы


Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.



5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

№1кредит

135

10

5

15

15

5 сем

Емтихан

№2кредит




10

5

15

15

№3кредит




10

5

15

15








6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарындастудент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы.

Лекция

Семинар

С.Ө.Ж.

ОБСӨЖ

1

Түркі халықтар түсінігі, олардың саны, тілі, діни сенімдері және қоныстанған аумағы.

1

1

1

1

2

Түркі халыќтарының түп тамыры.

1




2

2

3

Сақтар.

1




1

1

4

үйсіндер,Ќаңлы мемелекеттері.

1

1

2

2

5

Азия мен Еуропадағы Хундар империясы.

1




1

1

6

Түркілер империясы мен мемлекеттерінің ќысќаша тарихнамасы.

1

1

2

2

7

Түркі тайпалары мен халыќтарының шығу тегі.

1




1

1

8

Исламға дейінгі ежелгі түркі халыќтарының мєдениеті.

1

1

2

2

9

Исламға дейінгі ежелгі түркі халыќтарының мєдениеті.

1




1

1

10

Түркілердің бірнеше дербес мемлекет болып ќалыптасуы.

1

1

2

2

11

Түркілердің бірнеше дербес мемлекет болып ќалыптасуы.

1




1

1

12

Түркілердің бірнеше дербес мемлекет болып ќалыптасуы.

1

1

2

2

13

Түркілердің ислам дінін ќабылдағаннан кейінгі мєдениеті (10-12ғғ).

1




1

1

14

Түркілердің ислам дінін ќабылдағаннан кейінгі мєдениеті (10-12ғғ).

1

1

2

2

15

Шыңғыс хан империясы жєне түркі халыќтары(12-13 ғғ).

1




1

1

16

Шыңғыс хан империясы жєне түркі халыќтары(12-13 ғғ).

1

1

2

2

17

Шыңғыс хан мұрагерлері кезіндегі түркілер(13-14 ғғ)

1




1

1

18

Шыңғыс хан мұрагерлері кезіндегі түркілер(13-14 ғғ)

1

1

2

2

19

IX-XIII ғасырлардағы Русь жєне түркі халыќтары

1



1



1

20

Алтын Орданың ќоғамдыќ-саяси ќұрылысы жєне ыдырауы мен ќұлауы

1




2

2

21

Алтын Орданың ќоғамдыќ-саяси ќұрылысы жєне ыдырауы мен ќұлауы

1

1

1

1

22

Алтын Орданың ќоғамдыќ-саяси ќұрылысы жєне ыдырауы мен ќұлауы

1




2

2

23

Кавказдың түркі халыќтары.

1

1

1

1

24

Аќ Орда мен Көк Орданың ыдырауы жєне тєуелсіз хандыќтардың ќұрылуы

1




2

2

25

Аќ Орда мен Көк Орданың ыдырауы жєне тєуелсіз хандыќтардың ќұрылуы

1

1

1

1

26

Жошы,Шағатай ұлыстарының ыдырауынан кейінгі Орта жєне Орталыќ Азияда ќұрылған тєуелсіз мемлекеттер

1




2

2

27

Жошы,Шағатай ұлыстарының ыдырауынан кейінгі Орта жєне Орталыќ Азияда ќұрылған тєуелсіз мемлекеттер

1

1

1

1

28

Жошы,Шағатай ұлыстарының ыдырауынан кейінгі Орта жєне Орталыќ Азияда ќұрылған тєуелсіз мемлекеттер

1




2

2

29

Кіші Азияда түрік ұлтының ќалыптасуы жєне Осман империясының ќұрылуы мен нығаюы.

1

1

1

1

30

Кіші Азияда түрік ұлтының ќалыптасуы жєне Осман империясының ќұрылуы мен нығаюы

1

1

2

2


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Педагогика-тарих» факультеті


«Тарих» кафедрасы

«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша


050114 - «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін

Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2007 ж




9. Лекция сабақтары

I-лекция.
Түркі халықтар түсінігі, олардың саны, тілі, діни сенімдері және қоныстанған аумағы.
(1 сағат)
Жоспары:

1.Түркі халықтар түсінігі.

2.Түркілердің саны, тілі, діни сенімдері және қоныстанған аумағы.

3.Түркі халықтарының антропологиялық құрамы.

4.Ғылымының алдына қойылған мақсаттар.
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. 3-кітап. Алматы, «Білім». 2005 ж. 350-353-бет.

2.Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап. Алматы, «Білім». 2005 ж. 222-бет.

3. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.


б) қосымша

5.Қазақстан тарихы. I-III томдар. Алматы, 1998-99 жж.

6.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

Лекцияның мәтіні:

1. Ежелгі тарихы тағдырлас, тілі туыс, әдет-ғұрпы мен салт-санасы бір-біріне көбіне ұқсас болып келетін түркі халықтары да әлемдік мәдениетінің алтын қорына өзіндік үлес қосқаны мәлім. Осыған орай өзінен өзі бірнеше сауал туады. „Түркі тілдес” /яки „түркі тектес”/ дейтін топқа қайсы халықтар енеді? „Түркі” және „түрік” деген ұғымдардың бір-бірінен қандай айырмасы бар? Неге біз „түркі тілдері” және „түрік тілі” деп бөліп айтамыз?

Түркі тілдес халықтар мыналар: әзірбайжандар, башқұрттар, қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар, құмықтар, қарашайлар, қарайымдар, ноғайлар, татарлар, түрікмендер, түріктер, өзбектер, ұйғырлар, балқарлар, гагауыздар, хакастар, алтайлар, сахалар, саларлар, шорлар, үрімдер, чуваштар және т.б. Бұлардың әрқайсысы түркі тілдерінің белгілі бір түрін ғана өздерінің ана тілі деп біледі. Мәселен, қазақтар – қазақ тілі, өзбектер - өзбек тілін өздерінің ана тілі санайды.

Сонымен, жоғарыда аталған халықтардың бәрін қосып, жалпылама айтқанда „түркі тілдесхалықтар” деген термин сөзді қолданамыз.

„Түркі” және „түрік” деген этноним – ұғымдардың айырмасы: ғылымда „түркі” сөзі – бүкіл түркі басын қосатын, тобын білдіретін жалпы атау ретінде қолданылады. Сонымен бірге, „түркі” сөзі түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың /немесе ежелгі этностық бірлестіктердің/ бәріне бірдей қатысты, бәріне бірдей ортақ деген ұғымды білдіреді. Ал, „түрік” сөзі Түркия мемлекетінде жасайтын жергілікті халықтың ұлттық атауы мен олардың ана тілін /яғни түрік тілін/ білдіретін термин болып табылады.

2.1991 жылғы деректер бойынша, дүние жүзіндегі түркі тілдес халықтардың жалпы саны 153 миллион 553 мың 800 адам болған екен. Ал олардың қазіргі мекендейтін жалпы аумағы – 10 миллион 125 мың 900 шаршы километр. Соның ішінде 7 миллион 635 мың 100 шаршы километрі кешегі Кеңес Одағының аумағында, 1 миллион 600 мың шаршы километрі Қытайдағы Шығыс Түркістанда, 110 мың 200 шаршы километрі Оңтүстік Әзірбайжанда және 780 мың 600 шаршы километрі Түркияда болатын.

Түркілердің арасында миллионнан асатын халықтар: түріктер, әзірбайжандар, өзбектер, қазақтар, қырғыздар, татарлар, башқұрттар, ұйғырлар, түркімендер, чуваштар.

Ал, 100 мыңнан астам адамы бар түркі халықтары: қарашайлар, Қырым татарлары, құмықтар, тувалықтар, якуттар /сахалар/, 100 мыңнан кем адамы бар түркі халықтары: алтайлықтар, ноғайлар, балқарлар, саларлар, шорлар, қарайымдар, Бараба татарлары болды.

Жалпы алғанда, барлық түркі тілдес халықтардың қазіргі тілдік жүйесі оғыз /әзірбайжан түркілері, түріктер, түркімендер, гагауыздар/, қыпшақ /қазақтар, қырғыздар, алтайлықтар, ноғайлар, балқарлар, Қырым және Қазан татарлары, башқұрттар, құмықтар, қарайымдар, қырымшақтар/, қарлұқ – ұйғырлар /өзбектер, қарақалпақтар және сары ұйғырлар/, ұйғыр-оғыз /тувалықтар, тофалар, хакастар, Бараба және Чулым татарлары/ және чуваш-якут топтарына бөлінді.

Соның ішінде оғыз тобына жататын түркі тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны 94 миллион 543 мың 400 адам. Олар 1 миллион 465 мың 500 шаршы километр аумақты мекендейді. Ал қыпшақ тобына жататын, түркі тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны 24 миллион 530 мың 400 адам. Олар 3 миллион 295 мың 100 шаршы километр аумақты мекендейді. Қарлық-ұйғыр тобында сөйлейтіндер – 31 миллион 570 мың адам, мекендейтін аумағы – 2 миллион 47 мың шаршы километр. Ұйғыр-өғыз тобында сөйлейтіндер – 321 мың адам, мекендейтін аумағы – 232 мың 400 шаршы километр. Чуваш-якут тобында сөйлейтіндер 2 миллион 224 мың адам, мекендейтін аумағы – 3 миллион 121 мың 500 шаршы километр.

Түркі тектес халықтардың Еуропа мен Азияның орасан зор аумағын қоныстанып, атамекендерінің бір-бірінен алшақ жатуына байланысты, әуел бастағы бір негізді дамыған түркі тілінің қазір 27 тармағы бар деуге болады.

Түркі тектес халықтардың басым көпшілігі ислам дінін ұстайды. Енді бір бөлігі /чуваштар мен гагауыздар/ христиан дінінде, бір тобы /қарайымдар мен қырымшақтар/ иудаизм дінінде, ал және бір тобы /сары ұйғырлар/ буддизм дініңде. Түркі тектес халықтардың тілдік негізі бір бола тұрса да, діни сенімдердің әр түрлі болуы – оларды жаулаушылардың бір-бірінен алыстатып, өзара қырқыстырып, іргелерін аулақ салуға итермелеп келуінен. Ендігі мақсат – олардың арасында діни сенімге байланысты алауыздыққа берік тосқауыл қою.

3.Түркі тайпаларының антропологиялық құрамына келсек, қазақ пен қыррғыздар оңтүстік, Сібір не болмаса Тұран антропологиялық тобына жатады. Бұларға қарақалпақ, ноғай, карағаш (Астрахань түркілері) жақын.

Өзбектер еуропа нәсілінің памир-фергана типтеріне жатады. Ұйғырлар антропологиялық еуропалық нәсілінің шығыс Түркістан тобына жатқызылады. Түрікмендер деЕуропа тектестердің Жерорта теңіз антропологиялық тобына кірді. Солтүстік-батыстағы башқұрттарда Орал типінің ерекшеліктері мен оңтүстік-сібір типінің қасиеттері жиі ұшырайды. Қырым татарларының көпшілігі Еуропа тектестердің динарлар тобына жатады. Балқарлар мен қарашайлар арасында еуропа типі тараған. Құмықтардың ішінде Кавказдық типтің қасиеттері жиі кездеседі. Әзірбайжандар Еуропа нәсілінің каспийлік антропологиялық тобына жатады. Анатолия үстіртінде тұратын түріктер мен қашқай, айсарлар арасында Еуропалық, Алдынғы Азиялық антропологиялық ерекшеліктер тараған. Македон түріктері балкан-кавказ типінің балкан тобына жатады. Гагауздар да осы топқа кіреді. Балтық теңізінің жағалауындағы аздаған қарайымдар да Еуропа нәсіліне жатады. Жалпы бұл айтылған түркі тайпаларының антропологиялық құрамы 10-15 ғғ. қалыптасты деп бағалауға болады.

4. Қорыта келгенде, түркі тектес халықтардың барлығын бір-бірімен неғұрлым жақындастыра түсіп, тығыз топтастыру үшін алдағы кезде қыруар жұмыстар атқаруға тура келеді. Бұл жөнінде, мысалы, жазушы С. Асылбекұлының сөзіндегі ұсыныстар көңілге қонады: 1) түркі халықтарының мекендеген жер аумағының картасын жасап шығару;2) „Түркі халықтарының тарихы мен этнографиясы” атты көп томдық ғылыми еңбекті жарыққа шығару және ол барлық түркі тілдеріне аударылуға тиісті;3) „Түркі халықтарының таңдаулы әдебиет үлгілерінің” көп томдық антологиясын жүзеге асыру.Олар шамамен мынадай түрде топталады: „Еуропа түркілерінің /түрік, гагауз т.б./ таңдаулы әдебиет үлгілері”, „Сібір түркілерінің”/якут, тува, т.б./, „Еділ-Жайық түркілерінің”/татар, башқұрт, ноғай, чуваш т.б./, „шығыс Түркістан түркілерінің”/ұйғыр, сары ұйғыр, т.б./, „Орта Азия түркілерінің”/қырғыз, түркімен, өзбек, қазақ/ таңдаулы әдебиет үлгілері”;4) түркі халықтарының екі тілді, көп тілді сөздіктерін /мысалы, түрікше-қазақша, өзбекше-қазақша-қырғызша,т.б./ жарыққа шығаруды жүзеге асыру және т.б.

II- лекция.



Түркі халыќтарының түп тамыры.
(1 сағат)
Жоспары:

1.Еуразия ќұрылығындағы ұлы даланы мекендеген алғашќы адамдар.

2.Ариліктер дєуірі.

3.Саќтар дєуірі.



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Түркі халыќтарының тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2.Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. I том. Алматы, 1998ж.


б) қосымша

4.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.

5.По следам древних культур Казахстана. Алматы, 1970.

6. Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и

Казахстана. Алматы, 1986.

Лекцияның мәтіні:
1.Түріктер –Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі, оның тарихында маңызды рөл атқарған және қазірде сол дәстүрді жалғастырып келе жатқан түркі халықтары.Тарихи аренада түркілер кейінгі кезде V-VI ғасырда пайда болғанымен ,түрік этностарының көне екендігін дәлелдейтін археологиялық ескерткіштер мол.

Біздің заманымызға дейінгі XII мыңжылдықтан бастап, III мыңжылдық арасында Еуразияның ұлы даласы қазіргі қалпын ,табиғи бітімін қалыптастырып үлгерді.Сол даланың төсіндегі адамдары мал ұстап, жерге дән егіп ,тау-кен жұмыстарына бейімделіп ,шаруашылықпен айналысып отырды.

Біздің жыл санауымызға дейінгі III мыңжылдықтың өзінде-ақ көші-қонға қолайлы малтүлігінің түрлері қолға үйретіліп, сұрыпталып үлгерді.Бұған Балқаштың солтүстік шығысындағы Сексеуілді тұрағынан ,Солтүстік Қазақстандағы Ботай қыстағынан табылған мал сүйектері айғақ бола алады.Еуразия даласында көшпелі мал шаруашылығы б.з.д IX-VIII ғасырларда толық қалыптасып ,төрт түліктің тұяғына ілескен көшпелілердің маусымдық қоныстары,көш жолдары сараланып үлгерді.

2.Б.з.б 3 мыңжылдықтың басында Еуразия даласында ,Қазақстанмен Орта Азия жерінде ,төменгі Еділ мен Алтайда ,Батыс Сібір мен Шығыс Азияда алтайлық тайпалар өмір сүрді.Бұл тайпаларды “алтайлық” деп шартты түрде ғана атайды; олардың мекендеген жерлері Алтайдың шығысын ,Сібірдің керемет кең оңтүстігін ,Енисеймен Тынық мұхиттың арасын ,Монғол ,Манчжурия және қазіргі Қытайдың солтүстік провинцияларын қамтыған еді.

Алтайлықтарға б.з.б 2 мыңжылдықтарда арилік тайпалар келіп араласа бастады.

Үнді –еуропа (иран) тілінде сөйлеген ариліктер қазргі Иран жерінен шығыс елдеріне немесе Алтай тайпаларының жеріне көшіп келген.

Б.з.б. 1800-1600 жылдары шығыс Азияға келіп қоныстанып ,Қазақстанмен оңтүстік Сібірде орналасқан жеріне қарай ,Енисейде Андронов елді мекеніне байланысты андроновтар мәдениетін құрайды.

.Авеста -өлең-гимн(бағыт беру немесе мадақтау ).Ол өлең күн мен айға ,отқа тауға табынушылардың діни талабымен жазылған.Жазған адам-Заратуштра .Ол өлген соң ,абыздарды қасиетті текстерді ұрпақтарға ауызша жеткізіп отырған.

Ариліктер Күн құдайы “Митраға” сенді.Бұл туралы Авестаның ең көне бөлімі “Яштада” былй дейді:

Біз Митраға табынамыз ,кең тұяқты ашулы аттары

Соғысқан елдің қанішер әскеріне шабады.

Ол майданды бастайды, майданда өлмейді

Өзі келмей ,майданда әскер қатарын күйретеді

Қолында жүз есе өткір балты, жүз соққы беретін дротикті ұстайды

(Авеста 44-б)

Сонымен Авеста арилер мәдениетін бейнелейтін ірі шығармалардың бірі болып саналады.

3.Қазақ тарихын зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог, археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте заманда ( заманымыздан бұрынғы 7-4 ғасырларда) Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді. Әйгілі ғалым Н.А.Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Ол: «қа-зақ» деген сөз ерте замандағы « қаспи» және «сақ» деген екі тайпа-ның қосылуынан шыққан, яғни қаси- сақ, қас-сақ-қазақ болған деп тұ-жырымдайды. Тарихшы М.Ақынжанов қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (тайпа аты) дегеннен шыққан. «Қазақтар- түрік, моңғол тектес халықтың екі бұтағынан (һұн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дейді.

Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары ту-ралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Ежелгі грек тарихшылары оларды «Азиялық скифтер» деп атаса, парсы тарихшылары оларды «сақ» деп атаған.

Ахменид иранның сына жазу текстерінде, оның ішінде накши-ростемдегі жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварга сақтары (хаомо ішімдігін істейтін сақтар), парадария сақтары (теңіздің ар жағындағы сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекен еткен.

Ол заманда «сақ» немесе «скиф» деген жалпы атпен аталған ха-лықтың ішінде әрқайсысының өзіне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшілігі көшпенді мал шаруашылығымен, бір бө-легі егіншілікпен шұғылданған.

Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сактардың бір-сыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: масагет, яксарт, дай, не-месе дахи, фарат, көмар, аскатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, тағы басқалар.

Масагет, яксарт тайпалары: Көк теңіздің (Арал теңізінің) оңтүс-тік және шығыс солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан (ерте заманда Сырдария «Яксарт» деп аталған.

Дай немесе дахи тайпасы: Сырдарияның төменгі жағын, Көк теңіздің қолтығын мекендеген.

Аби тайпасы: Қаратау бойын, Сырдарияның алқабын қоныс-танған. Фарат тайпасы: Талас Алатауын және Қа-ратаудың солтүстік, шығыс-солтүстік бөлігін мекендеген.

Көмар тайпасы: Келес, Шыршық, Ангрен өзендерінің бойларын-да және Тянь-Шань тауларының батыс сілемдерінде болған.

Асқатағ тайпасы: Шу өзені мен Талас өзенінің аралығында, қыр-ғыз Алатауының орта етегінде тұрған.

Исседон немесе асси тайпасы: Іле өзені мен Шу өзенінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген.

Аримасип тайпасы: исседондардың солтүстік және шығыс сол-түстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгеі жерлерде тұрған.

Сармат тайпасы: Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Жем өзеніне дейінгі, Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрған.

Каспий тайпасы: Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекен-деген.

Ежелгі грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар өте ба-тыр жауынгер, «қасқа қатал, досқа адал» халық болған. Олар қастас-қан жауын аямаған. Соғыста өлтірген жауларының бас сүйегін ішім-дік ішетін ыдыс еткен. Жауларының жон терісінен шылбыр жаса-ған. Олар батыр жауынгерді ардақтап құрмет еткен. Жыл сайын үл-кен мерекелер жасалып, бұл мерекеде ортадағы ортақ ыдыстан тек жауды өлтірген жауынгерлер ғана ішімдік іше алатын болған. Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы болған. Хандардың әмірі күшті еді. Хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан. Ханның өлігін көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құ-лағын қанатып, шашын жұлып, бетін жыртып, көзін тырнаған

Ежелгі заман тарихшыларының деректемелеріне қарағанда, б. ж. с. дейінгі 7-4-ғасырларда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен - Ассириямен, Мидиямен қарым-қатынас жасап отырған. Заманымызға дейінгі 6-ғасырда сол замандағы әлемге әйгілі ірі ел-дердің бірі Парсымен қарым-қатынаста болған. Сол кездегі ірі тарихи оқиғаларға қатынасып отырған. Заманымызға дейінгі 529—558-жыл-дарда патшалық еткен Парсы патшасы Кир сақтармен соғыс бдағын жасасқан. Ол Лидия патшасы Крезбен соғысканда сақтардан көмек алған. Бірақ Кир патша бұл одақты місе тұтпай, сақ-массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін оларға шапқыншылық жасап, жаулап алу жорығын жүргізген. Осы сәтте сақтар жұмыла аттанып, Парсы патшасы Кирдың шапқыншылығына қиянкескі қарсылық көрсетіп, оның жорығын жеңіліске ұшыратқан. Осының нәтижесінде Парсы патшасынын шапқыншы әкерлері тас-талқан болып, Кир патша соғыста өлген. Осы қиян-кескі шайқас жөнінде ежелгі грек тарихшысы Геродот былай дейді: «Массагеттердін әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды жеңгеннен кейін, жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын салып, «аңсағаның қан еді, іш енді соны!» деп тұлыпты дарияға лақтырған».

Заманымызға дейінгі 521-486 жылдарда өмір сүрген парсы пат-шасы Дари-І сақ тайпаларып өзіне бағындыру үшін үнемі жаулап алу жорығын жасап отырған.

Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен бірдей белсене қатынасып, ерлік көрсетіп отырған. Грек авторы Ктеси: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді» дейді. Алимент Александр былай деп жазады: «Соғыс ісімен ерлерден кем шұғылданбайтын сармат әйлдерін білемін, ерлермен бірдей садақтан оқ ататын басқа да сақ әйелдерін білемін». Б. ж. с. дейінгі 6-ғасырда сақ-массагеттердің Томирис деген әйел патшасы болған.

Сақтар ата-бабаларының аруақтарына, аспан жыныстарына, планеталарға, күн көзіне табынған, оған жылқы сойып құрбандық беретін болған. Ал отырықшы сақтар жерді «ана тәңірі» деп табынған. Сақтар соғыс тәңіріне де сыйынып, қылышты жерге шаншып қойып, оның үстіне сүт немесе қан құйып тәуіп еткен.

Сақтар өлген адамды өте жақсы киім кигізіп жерлеген, елікпен бірге қару-жарақ, тамақ тағы басқа тұрмысқа керекті заттарды қойған. Кейде оның аты да бірге көмілген. Мұның үстіне топырақтан яки тастан оба үйіліп, оның төңірегіне дөңгелектеп тас қалаған. Археологиялық зерттеулер осындай молалардан күміс ыдыс, тарақ, тағы басқа заттарды тапқан. Бұл заттарға аттарды ұстап тұрған көшпенді сақтардың тұрмысын бейнелейтін суреттер салынған екен.

Сақтар өздері тұтынған құралына: қару-жарақ, ыдыс –аяқ, тағы басқа нәрселеріне малдар ине аңдардың, қошқардың, текеің, аттың, түйенің, қодастың, арыстанның, аюдың суретерін салып әшекейлеген. Қанжардың сабы, қазанның бұты, айылбас, тағы басқа нәрселер әр түрлі хайуандарға ұқсатылып жасалған.

1969—-1970-жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік өзенінің сол жақ жағалауынағы Есік обасынан ежелгі замандағы

Жетісу сақтарының экономикалық өмірі мен өнер-мәдениетін бейнелейтін мол мұра табылған. Бұл қабырға басын батысқа беріпшалқасынан жатқан 17—18 жастағы сақ жауынгері жерленген. Ол басына 200-ден астам алтын әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік (65—70 см) тымақ киген. Бұлардың көбі барыстың, тауте-кенің, арқардың, аттың, құстың кескінімен өрнектелген. Бас киімнің маңдайшасы теке мүйізді қос аттың мүсінімен және ұзын екі қос жапырақпен, басқа да бедерлі шеттікпен безендірілген. Мойнына таққан бұралған алтын алқаның ұшында жолбарыс бастары бедер-ленген. Оның сыртына киген қызыл былғары бешпеті үш мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Оның ішінен матадан тоқылған іш-көйлек киген. Беліне кесек алтынмен әшекейленген қайыс белбеу буынып, оң жағына ұзын темір семсер, сол жағына алтынмен әдемілеп апталған темір қанжар асынған. Бұл қабырдан 30-дай ыдыс шыққан. Олардың ішіндегі күміс зеренің сыртына 26 әріптен құралған екі жол жазу жазылған. Бұл жазу «Есік жазуы» деп аталған. Зерттеген ғалымдардың айтуынша, «Есік жазуы осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз жазумен (таңбалармен) жазылған. Есік жазуы ерте замандағы Қазақстан тұрғындары бұдан 2300—2500 жыл бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін көрсетеді.

Есік обасынан табылған «Есік жазуының» жұмбағы әлі шешілген жоқ. Сақ тайпаларының өз заманында қай тілде сөйлегені бізге беймәлім. Олардың тілі жөнінде нақтылы дерек жок, Тек ерте заманда жұңго, грек, парсы тарихшылары жазған деректердегі жалқы есімдер, ру-тайпа аттары, жер аттары және адам аттары ғана біздің заманымызға жетіп отыр. Осындай тіл материалдарын талдау арқылы «Қазақстан территориясын біздің заманымыздан бұрынғы 6—4-ғасырларда мекендеген сақ тайпаларының солтүстік тобы түркі тілдес болған да, оңтүстік тобы иран тілінде болған», деген болжам айтылады.

Б. ж. с .дейінгі 2-ғасырда һұндердің жасаған жорығынан жеңіліп, Чиланшан тауы мен Дүнхуан аралығынан батысқа қарай қоныс аударған ұлы иозылар бұдан бұрын Іле алқабы мен Жетісу өңірін мекендеген сақтарға келіп тиісіп, бұл өңірді басып алды. Сақтардың патшасы оңтүстікке қарай қашты. Сақ тайпаларының одағы ыдырап, әлде-неше елге сіңісіп кетті. Олардың бір бөлегі өздерінің бұрышы қоныс-тарында қалып қойды. Бұдан соң шығыс жақтан келген үйсіндер ұлы иозылерді талқандап, Іле алқабы мен Жетісу өңірін жаулап алды да, ұлы иозылерді Амудария алабына қарай ығыстырды. Сөйтіп сақ тайпалары мен ұлы иозы тайпаларының бұл өңірде қалған бөлегі үйсін бірлестігінің құрамына қосылды.

Осы мезгілде бұрынғы сақ тайпалары мекендеген өңірде үш ірі тайпалық одақ, үйсіндердің, қаңлылардың және аландардың тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңірлерде қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, сол атымен аталатын болды.




III- лекция.

Сақтар.
(1 сағат)
Жоспары:


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет