«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні бойынша



жүктеу 2.02 Mb.
бет2/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

Пәннің міндеті


  • Түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылуынан жіктелуінен мәлімет беру

  • Оларды бір-бірінен ажырата білуді үйрету

  • Салыстыра оқу, зерттеу, ортақ заңдылықтарымен бірге, оларды басқа тілдік жүйедегі тілдерден ерекшелейтін белгілерін жан-жақты қарап, талдау


4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Тіл білімі негіздері.




2

Түркітануға кіріспе




3

Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис)

ЖООБП қазақ тілі «Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер»


5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

2 кредит

90

30




30

30

8 сем

Емтихан

6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.





Лекцияның тақырыбы

Лекция

Семинар

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәнінің зерттеу нысаны

1






1

2

Орта Азия түркі тілдерін салыстыра зерттеудің кейбір мәселелері

1




1

1

3

Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері

1




1

1

4

Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері

1




1

1

5

Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы

1




2

1

6

Салыстырмалы фонетика

1







1

7

Дауыссыз дыбыстар жүйесі

1




2

1

8

Салыстырмалы морфология

1




4

1

9

Зат есім

1







1

10

Тәуелдік жалғауы

1







1

11

Сын есімнің шырай кеатегориясы

1




1

1

12

Сан есім

1




1

1

13

Сан есімнің семантика-морфологиялық классификациясы

1




1

1

14

Есімдік

1




1

1

15

Етістік

1




1

1

16

Етістіктің рай категориясы

1




1

1

17

Етіс категориясы

1




1

1

18

Етістіктің шақ категориясы

1




1

1

19

Етістіктің шақ категориясы

1




1

1

20

Салыстырмалы синтаксис

1




1

1

21

Түркі тілдеріндегі жай сөйлем синтаксисі

1




2

1

22

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

1




2

1

23

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

1




1

1

24

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

1




1

1

25

Жай сөйлемдердің түрлері

1




1

1

26

Белгісіз жақты сөйлем

1







1

27

Жақсыз сөйлемдер

1







1

28

Құрмалас сөйлем синтаксисі

1




2

1

29

Салалас құрмалас сөйлем

1










30

Сабақтас құрмалас сөйлем

1







2


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті







«Гуманитарлық білім» факулътеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні бойынша


050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін

Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2008 ж.

9. Лекция сабақтары
1 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Кіріспе. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәнінің зерттеу нысаны

(1 сағат)
Жоспары :

1. Пәннің мақсаты мен міндеті.

2. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының негізгі нысаны

3. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының өзіндік ерекшеліктері.
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні

1. Тіл дамуының маңызды шарттарының бірі – тілдерді оқыту мен қызмет аясын кеңейту бүгінгі заман талабынан туындап отыр. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы арнайы пән болып, жоғарғы оқу орындарында ғылыми курс ретінде өтіліп жатқанына да біраз жылдың шамасы болды. Университеттің қазақ филологиясы факультетінің, қазақ, түрік, азербайжан бөлімдерінде оқу жоспарына сәйкес арнайы сағат бөлініп өткізіліп келеді.

Салыстырмалы грамматиканың мақсаты – түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру. Студенттерге түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беретін, туыстас тілдерінің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғызу. Ол тіл біліміне қатысты басқа пәндер секілді болашақ білімді де, білікті тіл мамандарын ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қаралуына мүмкіндік береді. Ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалардың негізінде түркі тілдерін зерттеу – сол халықтардың тарихымен тығыз байланыста жүргізілуге тиіс. Қай халық болмасын өзінің тілін, әдебиетін, этникалық тарихын жете білуді мақсат етеді. Соны танып-білудің бір жолы – тілдерді салыстыра отырып тану.

Студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылуынан (классификация), жіктелуінен, әр түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерінен мәлімет беру, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Тілдік туыстық ерекшеліктерін анықтау – салыстыра оқу, зерделеу арқылы іске асады. Салыстыра оқу, зерттеу қатаң заңдылыққа бағынады. Сонымен қатар жалпы түркі тілдерінің ортақ заңдылықтарымен бірге, оларды басқа тілдік жүйедегі тілдерден ерекшелейтін белгілерін жан-жақты қарап, талдау.

2. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының негізгі нысаны - түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы. Түркі тілдерінің жүйесіне тән оларды өз алдына жеке топтастыру ретінде ерекшелейтін белгілер: 1. Фонологиялық ерекшеліктері. 2. Морфологиялық ерекшеліктері. 3. Лексикалық қабаты. 4. Синтаксистік құрылысы.

3. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазіргі түркі тілдерінің синхрондық жағдайын білу үшін, кей тұста сөздің архитипі мен архисемасына талдау жасалынып, оны бүгінгі қалыптасу жағдайларындағы себебін (мотивін) шешу үшін, міндетті түрде түптөркін зерделеуді тарихи-салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді. Сондықтан түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы курсында сөздердің дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, тілдің лексикалық қабатындағы ерекшеліктерді, грамматикалық құрылысындағы өзгерістерді тексеру керек болады. Студенттерге жоғарыда аталған туыстас тілдердің тарихи дамуы мен ерекшеліктерінен, заңдылықтарынан хабардар болады. Ол тілдік деректерді салыстыру арқылы жүреді. Түркі тілдерінің тілдік деректерді міндетті түрде қазақ тілінің тілдік деректерімен салыстырылып берілуі тиіс.


2 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Орта Азия түркі тілдерін салыстыра зерттеудің кейбір мәселелері

(1 сағат)
Жоспары:

1. Түркі тілдерінің зерттелуі

2. Түркі тілдерінің тарихы мен диалектологиясының зерттелуі

3. Орта Азия халықтары тілдерінің бір-біріне тигізген әсері
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә Құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні

1. Қазақстан мен Орта Азия халықтары ежелден бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Ол үшін толық мүмкіншіліктерді табиғаттың өзі де жасаған сияқты. Бұлардың территориясы бір-бірімен іргелес, экономикалық байланысы ұштасып, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі, дәстүрлері көбінше ортақ болып келеді. Оның үстіне бұл халықтар генетикалық жақтан бір-бірімен жақын, түркі тілдерінде сөйлейді..

Қазіргі совет дәуірінде бұл халықтардың бір-бірімен экономикалық және мәдениет саласындағы байланыстары одан әрі күшейе түсті. Совет дәуірінің бірінші күндерінен бастап-ақ Орта Азия халықтарының тілін, тарихын, әдебиетін зерттеуге аса зор көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде Ташкентте Орта Азиялық университет, Орта Азиялық көптеген экономикалық және мәдениет ошақтары қүрылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстан халықтарының алғашқы тәрбиелік мектебі болды. Әдебиет пен тіл саласында да бірсыпыра игілікті қадамдар жасалды. Орта Азия мен Қазақстан халықтары тілі мәселесіне кірісуді алфавит пен орфографиядан, мектептерге оқу құралдарын жасаудан бастап, ғылми негізде ана тілінің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын, тілінің тарихы мен диалектологиясын т. б. мәселелерін зерттеу дәрежесіне жетті. Бұған тек қана бір қазақ тілін мысал етіп көрсетудің өзі де жеткілікті.

Бұл уақыт ішінде түркі тілдерін зерттеу, үлттық республикалардан тіл мамандарын даярлау мәселесінде Москва, Ленинград тағы басқа республикалардағы орыс тюркологтары өте көп еңбек сіңірді. Осылардың қатарында С. Е. Маловты, Н. К. Дмит-риевті, Н. А. Баскаковты, Э. В. Севортянды, А. Н. Кононовты, А. К. Боровковты, К. К. Юдахинді, И. А. Батмановты, Е. Д. Поливановты, В. М. Насиловты, А. П. Поцелуевскийді құрметпен атаймыз.

2. Орта Азия мен Қазақстан халықтары түркі тілдерінің тарихы мен диалектологиясын зерттеу мәселесіне де аса көп көңіл бөлінді. Өзбекстанда XI ғасырдың атақты ғалымы Махмуд Қашқаридың «Девону луғотит турк» атты еңбегінің үш томы өзбек тіліне аударылып (I том, Т., 1960, II том, Т., 1961, III том, Т., 1963), ал 1967 жылы осы лұғаттың индексі «Девону луғотит турк» басылып шықты. С. М. Муталлибовтың «Морфология ва лексика тарихидан қисқача очерк» (Т., 1959), А. М. Шербактың «Грамматика староузбекского языка». (М.—Л., 1962), Э. И. Фазыловтың «Староузбекский язык хорезмийские памятники XIV века (Т., 1967) деген еңбектері баспадан шықты.

Қазақ тілінің тарихына байланысты С. А. Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» (ч. I, А., 1959), Т. Р. Қордабаевтың «Тарихи синтаксис мәселелері» (А., 1964), Ғ. Мұсабаевтың «Қазақ тілінің лексикасы» (докт. дисс, А., 1960), Ж. Досқараевтың «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика, II бөлШ, А., 1955) сияқты жеке монографиялық еңбектерімен қатар басқа да көптеген кұнды мақалаларды кездестіруге болады.

Қысқасы, түркі тілінің кайсысында сөйлейтін халықтар болса да, өз ана тілін тек қана қазіргі тұрғыдан зерттеп коймай, оның өткендегі тарихына да көңіл бөледі. Осы жағдайда барлық түркі халықтары өздеріне ортақ болған, V—XV ғасырға дейін тастарда, қағаздарда жазылып сақталған ескерткіштерге назар аударады. Бұл —рун, ұйғыр, араб әріптерімен жазылған, қазір латын, орыс графикасының транскрипциясымен берілген ескерткіштер. Осы жазба көне ескерткіштерді үйрену, оның тілдік өзгешелігін зерттеу арқылы әрбір тілдің қазіргі жағдайымен салыстырғанда, оның фонетикасында, сөз құрамында, грамматикасында байқалатын езгерістердің заңдылығын анықтауға болады.

С. Е. Малов былай дейді: «Но все зти памятники или языкй всех этих памятников служат общим фоном, общей исторйческой конвой для древней истории большинства тюркских языков, осо-бенно для истории так называемңх младописьменных языков, которых у нас почти большинство и часть которых недавно еіце была вовсе бесписьменной».

Осындай тарихи-салыстырып зерттеудің нәтижесінде, басқа да түркі тілдері сияқты Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тілдері де жалпы түркі тектес қасиетін — сөздік кұрамын, грамматикалық құрылысын — сақтап қалғандығы көрініп түрады.

3. Қазіргі түркі тілдерін синхрондық планда салыстырып зерттеудегі негізгі мәселенің бірі Қазақстан мен Орта Азия халықтары тілдерінің бір-біріне тигізген әсерлері. Бүл — тілдегі өте заңды мәселе, өйткені бұл халықтар бір-бірімен көршілес өмір сүріп, экономика, мәдениет саласында байланыс жасап кана қоймай, әрбір республиканың ішінде бірнеше тілде сөйлейтін түркі тілдес халықтар өмір сүреді. Олар бір-бірімен өз ана тілінде немесе сол республиканың ұлттық тілінде сөйлёу арқылы қарым-қатынас жасайды. Осы жағдай тілдердің бір-біріне әсерін тигізуіне алып келеді. Бұған мысал етіп Өзбекстанда тұратын қазақтардың, карақалпақтардың, түрікмендердің, үйғырлардың, керісінше, Қазақстанда түратын өзбектердің, үйғырлардың, қырғыздардың тілінен байқауға болады. Бұл мәселе біраз лингвистердің зерттеу объектісі болып келеді.


3 ЛЕКЦИЯ.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет